Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Спортивный конкурс "Әкем,шешем және мен,спортшымыз шетінен"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Спортивный конкурс "Әкем,шешем және мен,спортшымыз шетінен"

библиотека
материалов

Жүргізуші: -Сәлеметсіздер ме, аяулы аналар, ақ жаулықты әжелер, қызғалдақ қыздар,қадірлі ұжым! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана-гүл, Ана-жыр, Ана-өмір шуағы!» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.

Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің,

Ақындардың өлең арнар жырысың.

Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға,

Ғасырларға жалғасады бұл ісің.



Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған,

Шапақтарың бар әлемге таралған

Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсын

Орындалсын жүректегі бар арман!

-Осы мерекемізді «Тұлпар» тобының балаларын қол соғып қошеметпен ортаға шақырайық!

Балалардың жүректермен биі, аналарына шарды барып сыйлауы.

Балалар хормен: Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,

Құрметпенен сіздерге, бас иеміз!

Балалардың өз орындарына отыруы.

Жүргізуші:Балалар бүгін біз қандай мерекені атап өтеміз?

Балалар: Аналар мерекесі

Жүргізуші:Аналар мерекесі қай мезгілде тойланып жатыр?

Балалар: Көктем мезгілінде

Жүргізуші:Көктем айларын атап беріңдерші

Балалар: Наурыз, сәуір, мамыр

Жүргізуші:Олай болса, аналар мерекесіне арнаған шашу жырдан бастайық

Алимдар: Құшағыңа кіргенде

Жылынамын бір демде

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннен де

Үн қатасың бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым

8-ші наурызбен!

Айым: Ана дейміз бәрімізде аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген-бәйтерегі өмірдің

Ана деген-алтын қазық, алтын бақ.

Ана деген-асыл жандар болаттай

Ана деген-мөлдір жандар бұлақтай

О, адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай

Е.Әнел: Дүниеде ең кемеңгер дананы

Ана табады, аялайды бағады

Сол үшінде құдіретіңе бас иіп

Құрметтейік қасиетті ананы.

Жүргізуші: -Бүгін мереке алдында Мақта қыздың үйінде бір оқиға басталып кетіпті, қане барлығымыз осы уақиғаны тамашалайық.

-Ерте,ерте, ертеде Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті.Мақта қыз үстел үстін реттеп, ыдыстарды жинастырған кезде, мейіз тауып алады.

Мақта қыз(Дариға ):-Мияуым менің қайдасың? Тарғылым менің келе ғой, мен саған мейіз беремін. Келмесең келмей-ақ қой.(мейізді жеп қояды)

Мысығым-ау, мысығым,

Тарғылы жақсы түсінің

Таңертең де, кешке де

Бетін жуған пысығым.

«Міш-міш»десем,келе ғой,

Айтқаныма көне ғой

Шақырғанда «міш-міш» деп,

«Мяу» деп дыбыс бере ғой.

Мысық(Алимдар): Менің атым- мысық

Екі көзім қысық

Тышқан аулап отырамын

Сүт көжемді ішіп.

-Неге шақырдың?

Мақта қыз: -Айтпаймын!

Мысық: -Ендеше мен сенің сүтіңді төгемін.

Мақта қыз: -Ой,ой! Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! (Құйрығын кесіп алады)

Мысық: Мақта қыз құйрығымды берші.

Мақта қыз: Бермеймін! Сүтімді қайтарып бер.

Жүргізуші:Қане, балалар біз мысықтың жолын қысқарту үшін барлығымыз ән айтайық

Ән «Песня мамонтенка»

Сөйтіп мысық сиырға келеді.

Сиыр(Досжан): Менің атым-сиыр,

Өрісім алыс қиыр

Етім үшін, сүтім үшін

Адамдар оған үйір.

Мысық:- Мяу, сиыр,сиыр сен маған сүт берші?

Сиыр:-Сен маған шөп әкеліп бер, менің қарным ашып тұр.

Мысық: -Енді не істедім?

Жүргізуші: -Қане балалар өзіміздің тақпақтарымызды айтып берсек

Досжан: Өмірде ана-бұлақ, ана-пана

Өмірді өркендетер ана ғана

Өсірген талай көсем, талай шешен,

Талай ер, талай ақын, талай дана,

Ана! Ол-біздің елде ардақты адам,

Кіші де, үлкен де оны ардақтаған

Өзінің аяулысы-отанды да

«Ана»деп біздің халық текке айтпаған

Дариға: Шөп-шөп сүйген көзімнен

Аумай қалған өзіңнен

«Бір белгісі»-дейсін сен

Менің бала кезімнен

Көңілімді бағасын

Жүрек кілтін табасын

Дақ түсірмей жаныңа

Жүз жасашы анашым!

Жұлдызай: Жұмақ-құшақ панам

Күндей нұрлы санаң

Қызығын көр ұл-қыз

Еңбек сүйгіш анам!

Жыртылмастан жағаң

Шарықтасын жаңа ән

Арманыңа жетші

О, періште анам!



Сөйтіп мысық шөпшіге келеді.

Мысық : -Ассалаумағалейкум, шөпші аға,маған шөп беріңізші.Мяу!

Шөпші (Саят): - Ух, шаршадыммен шөлдеп тұрмын. Сен маған су әкеліп берсең ,мен саған шөп шауып беремін.

Сөйтіп мысық су іздеп жолға шығады.Балалар осы жолда біз ата-аналарымызға өз өнерімізді көрсетейік.

Домбыра шерту

Мысық келе жатса алдынан су тасып жүрген қыздар шығады

Қыздар (Айым, Әнел): Су-тіршілік негізі,

Онсыз өмір сүрмейсің.

Тазалықтың негізі

Су деп және білгейсің

Мысық: -Мяу,қыздар, маған су беріңдерші.

Қыздар: -Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз.

Жүргізуші:-Әй, мысықтың жолы болмады,олай болса, өз тақпақтарымызды айтайық

Дильназ: Сүйікті анашым

Аштыңыз көзімді

Бір сағат көрмесем

Сағынам өзіңді

Анашым, анам

Ризамын саған

Тіліңді алам

Ақылды болам!

Ұлдар биі



Алтынай: Қуанамыз, сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Аналарды құттықтап

Жырдан шашу арнаймыз,

Жүре берсін қасымда

Әйбат анам, ай анам

Ботам деген даусыңнан

Мен мәз болып оянам!

Н.Анель: Наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөзі баланың

Анаға айтар лебізі

Анасыз бір жоқ күнің

Әжесі бір жоқ күнің

Ұсынамыз біз бүгін

Сөздің сұлу шоқ гүлін



Жанарыс: Апа деген көп шығар

Апамдай жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі

Ертегі қандай көп еді

Күнде айтып береді

Қуанатын балаша

Апам менің тамаша!

Жүргізуші:-Сөйтіп мысық дүкеншіге келеді.

Мысық: -Мяу-мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз беріңізші.

Дүкенші (Жұлдызай) -Сен мысық маған жұмыртқа әкеліп берсең, сонда ғана мен саған сағыз беремін.

Жүргізуші:- Ал, балалар мысық әбден шаршаған болар, қане барлығымыз сергіп алу үшін ойын ойнап алайық

Ойын «Қызыңа гүл сыйла»

Жүргізуші: Мысық сергіп алған секілді, енді ол жұмыртқа іздеп тауыққа келді.

Тауық(Алтынай):- Мен тауықпын,

Өзім қақсауықпын

Күніне бір жұмыртқа табам,

Осыған жетеді шамам.

Мысық:-Мяу, тауық маған жұмыртқа берші.

Тауық: -Сен балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз.

Мысық: -Енді жемді қайдан тапсам екен

Жүргізуші:-Қане ,мысық ойланғанша біз аналарымызға өз тақпақтарымызды айтып берсек:

Саят: Құтты болсын аналардың мейрамы!

Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары

Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,

Бақыт берсін әр көктемнің айлары!

Заңғар: Мен деп кірпік қақпаған

Менсіз тағам татпаған

Бақыты үшін балаңның

Аман-сау жүр, ақ мамам!

М.Темірлан: Ардақты ана,аяулы ана, қымбаттым

Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтін

Кең құшағың аясындай гүл бақтың

Ернұр: Анам менің- аялаған ақ гүлім

Анам менің-бақытым мен шаттығым

«Анашым»-деп балаң жырын арнаған

Неге ғана естімеген тәтті үнін

Анам менің-өмірдегі тірегім

Анам менің- кеудемдегі жүрегім

Егер менің қасымда сен болмасаң

Бұл өмірде қалай ғана жүремін

Ж. Темерлан: Баланың да тірегі

Дананың да тірегі

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі

Ануар: Титтей бөбек кезімнен

Еркелетіп күлгізген

Әлдилеген емізген

Алғаш ана дегізген

Қыздар биі «Көктем гүлдері»

Жүргізуші:- Мысық ойға батып, басын ұстап, не істерін білмей келе жатады. Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.

Тышқан: Мен тышқанмын

Өзім дән екпеймін

Егістен ұзап кетпеймін

Айналам толы ән,

Қоймам толы дән,

Дәнді тастап кетпеймін

Ән айтып жүрген тышқанды мысық бас салады.

Мысық:-Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе сені жеп қоямын.

Тышқан: -Жемеші, бір уыс дән берейін.

Жүргізуші: Тышқан мысыққа бір уыс дәнін береді. Мысық тышқанға рахметін айтып,тауыққа келеді.тауық мысыққа жұмыртқа береді,жұмыртқаны мысық дүкеншіге апарып,дүкеншіден сағыз алады. Сағызды қыздарға береді, қыздар су береді.Суды шөпшіге, шөпші шөп шауып береді.Шөпті сиырға береді, сиыр сүтін береді.

Мысық:- Мақта қыз міне сенің сүтің, енді мені кешірші.Алда келе жатқан мейрамыңмен құттықтаймын,енді сені тыңдап, бұзық болмаймын, мяу!

Мақта қыз:- Жарайды кешірейін!Енді екеуіміз тату өмір сүрейік!

Жүргізуші: Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып

Мәпелеген ақ мамамды

Жүрсем деймін шатттандырып-дегендей осы ертеңгіліміздің соңын аналарға арнаған әнімізбен аяқтаймыз.

Ән «Ана»



Автор
Дата добавления 03.05.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров76
Номер материала ДБ-065154
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх