Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физкультура / Конспекты / Спорттық зияткерлік эстафеталық ойын.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Физкультура

Спорттық зияткерлік эстафеталық ойын.

библиотека
материалов

ОЙЛАН ТАП

Денешынықтыру пәнінің мұғалімі

Сабақтын тақырыбы: «Ойлан тап
Сайыстың түрі: Спорттық зияткерлік эстафеталық ойын.
Сынып: 3 сыныптар арасы.
Қатысушылар: 7 оқушыдан қүралған 3 топ, бір сыныптан үш қыз бала, төрт  ұл бала және сынып жетекшісі қатысуы міндетті.

Мақсаты: Оқушылардың зерделігі мен ептілігін бақылай отырып, салауатты өмір салтын насихаттау және зияткерлі тұлғаны қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: Денешынықтыру, ана тілі, дүниетану және математика.
Жабдықтар мен құралдыр: Гимнастикалық  орындықтар,nобруч, доптар, секіргіш, ысқырық, секунда санағыш және А4 форматы.

Топтарға қойылатын талаптар: Спорттық киім, топ ұраны, топ эмблемасы.

Әділқазылар алқасымен таныстыру.

Сайыскерлер өз топ аттарымен, ұрандарымен таныстырады.

1- айналым «Жас математик»
Ойынын мақсатыоқушылардың тапқырлығымен, жылдамдығын бақылау
Ойынын ережесі:

·Үш топтың ойыншылары, есепті дұрыс шығаралыса сол алмаға ие болады;
·
Қай топ дұрыс шешім шығармаса бірақ эстафетаны бірінші болып аяқтаса сол бір алмаға ие болады;
·
Қай топ есепті дұрыс шығарып, эстафетаны бірінші аяқтаса, сол топ екі алмаға ие болып жеңіске жетеді.
Спорттық тапсырма:Топтың бірінші ойыншы алға  сөреден шығады,шапшаң жүгіріп,гимнастикалық орындыққа жатып ішпен сырғанап өтуге тиісті,қолмен тартылып болғаннан кейін,обручті аяқтан бастап бүкіл денеден өткізу қажет және туннельден өтіп,жатқан маркерді алып дұрыс есепті жазуға,тақтаға жазу кажет.                                                                                                                  Интеллектуалдық тапсырма:
Берілген есептерді дұрыс шығар10 -4 =?  20+12=?……………..
А4 қағаздағы есептің дұрыс жауабын жазу керек.

2. Айналым аты «Тапқыр болсаң, тауып көр»
Ойынын мақсатыоқушылардың зерделілігімен, тапқырлығы, шап-шаңдығын бақылау
Ойының ережесі:
Әрбір топ  доптардағы әреіптерді дұрыс жинақтап, жасырылған сөзді табу қажет; мысалыА -1ші доп,С -2ші доп,Т -3ші доп,А -4ші доп,Н -5ші доп,А -6шы доп.Сонда АСТАНА сөзі шығады.
Зияткерлік тапсырманы аяқтағанда ойыншылар сол жолмен допсыз өз орындарына жылдам қайта оралу қажет.
Қай топ тапсырманы дұрыс орындап, бірінші келсе бір алмаға ие болады

Спорттық тапсырма: жарыстын алдында капитандар үш А4 қағаз тапсырманы кезекпен таңдап аладыТоп ойыншылары тізбектеп тұрады, бірінші ойыншы сөреден шығып,секіртпемен секіріп өтеді де,тоқтап допты таңдап алып аяқ ортасына қысып,төсеніш үстімен домалап өту керек және кедергілер арасымен секіріп өту қажет.
Зияткерлі тапсырма:
Допты гимнастикалық орындықа қойіп, тандап алған сөзді шығару керекАстанаМектеп, Дәптер

3- Айналым аты «Зерде»
Ойынын мақсатыоқушылардың зерделілігімен, тапқырлығы арқылы отансүйгіштігін бақылау
Ойының ережесі:
Оқушылардың алдында төрт кесте тұрады. Әр бір топ мүшесі осы кестеніңсандарын таңдайдығ ал сандарда тапсырмалар бар. Сайыскерлер сол тапсырманы дұрыс  жауап берсе бір алмаға ие болады.

РК Мемлекетік мейрамдары

10- 16желтоқсан

20-

  22наурыз

30-

7мамыр

40-

 30тамыз

Казақстан Респулика Қалалары

50-

Астана

60

Алма-ата

70-

  Актау

80-

Актөбе, Атырау

Қазақ батырлары

90-

Баян

100

Богенбай

101

Қобыланды

102

Наурызбай

  • Спорттық тапсырма: ойыншылар тізбектеп тұрып бірінші ойыншы сөреден шығып екі бөлік картон қағазды аяқ астына төсеп жүруі керек. Екінші ойыншы гимнастика орындығына шығуы керек үстінен өтіп, төсеніште домалап конверттегі тапсырма қағазын алып, қайта орына жетуі   керек  ойыншыға қай сан түссе сол санның сұрағы  беріледі.  Эстафетаны  бірінші аяқтаған топ бір алмаға ие болады және бірінші сүраққа жауап берген ойыншыға қосымша алма ұтып алады.

Зияткерлі тапсырма: бірінші тақырып Қазақстан мемлекеттік мейрамдары, елдің ірі қалалары, қазақ батырлары.

4Айналым аты «Кроссворд»»
Ойынын мақсаты: оқушылардың зерделілігімен, тапқырлығы арқылы елсүйгіштігін қалыптастыру
Ойының ережесі: үш топ тізбектеліп сөреден шығады. Бір бірінің белінен ұстап гимнастикалық орындықтан аттап өтіп,  тосеніш үстінде тіземен жүріп алдындағы орынықтан маркерді алу қажет.
Зияткерлі тапсырма: бірігіп түрып қабырғада ілінген крассворты шешуге  қажет. Тапсырманы аяктаған кейін өз орындарына қайта, тізбекпен оралу қажет. Тапсырманы бірінші аяқтаған, мәреге бірінші боп жеткен  топ жеңмпаз деп есептеледі.

1.
Қ
2. А  Й Р А Н
З
3.Ш А Н Ы Р А Қ
Қ
С
4.      Қ Ұ Р Т
А
5 А С Т А Н А
1)  Мемлекет
2) Сүттен жасалған ұйытқы
3) Кигіз үйдің төбесі
4) Ірімшіктен жасалған сүзбе
5) Біздің елорда
3- Қорытынды бөлім
Жүргізушілер алмалардың жалпы санын шығарады.
Топтың жалпы ұпай санын шыққанша «Қара жорға» биін билеу.
Марапаттау қезеңі: Сайысқа қатысушыларды бәрлығы және жетеқшілер мен бірге ортаға шығады мақтау қағаздары мен марапатталады.





















ӨМІР ҚОЗҒАЛЫСТЫ ТАЛАП ЕТЕДІ

 Денешынықтыру пәнінің мұғалімі

Тақырыбы: «Өмір қозғалысты талап етеді»

Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Міндеті:Оқушылардың дене бітімінің қалыптасуына көңіл бөлу. Спорттың денсаулыққа пайдасы зор екенін түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Түрі:Зияткерлік  -эстафеталық ойын

Өтілетін орны: Спорт залы

Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, баскетбол доптар, кедергілер,секірмек доптар, жалаушалар,ысқырық, уақыт өлшеуіш,матадан жасалған кедергі,жәшіктер.

Құрметті мұғалімдер,оқушылар  бүгінгі «Өмір қозғалысты талап етеді»сайысына қош келдіңіздер!
Көңілді жарысқа 4 сыныптар қатысады.
Ендеше жарысқа қатысушыларымызды ортаға шақырамыз.
      _______________________________________
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып,ешқашанда мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып,қарсы алайық қане,халқым!
-Сайысты бастамас бұрын,сайсымызға әділ баға беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырайық.

Денешынықтыру пәнінің мұғалімі:
Нүрпеиісов Бахыт Сақташұлы

Денешынықтыру пәнінің мұғалімі:

Істлеу Мамай Тұрысбекұлы     
Денешынықтыру пәнінің мұғалімі:
Абденов Даулет Насанбайұлы
(Әр команданы ортаға шақыра, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық.)
-Спорттық сайысымыз 5 балдық жуйемен бағаланады.
Ендеше құрметті оқушылар сайысымызды бастайық!
I-сайысымыз «Таныстыру!»
I-топ  «Жігер» тобын  ортаға шақырамыз!
Ал,қанекей балалар топтың ұранын таныстырып өтсеңдер!
Топ ұраны:…
I I – топ «Топ жарған» тобын шақырамыз!
Ал,сіздердің ұраныңыз қандай екен?!
I I I-топ «Намыс» тобы ортаға келеді!
Ұраны
Сайыскерлердің «Таныстыру » кезеңімен  қаншалықты жақсы орындағанын көру үшін әділ-қазылар алқасы өз бағасын берсін!
I I-кезең «Аталар сөзі – ақылдың көзі» демекші «Мақалдың жалғасын тап!»кезеңі
Ойынның шартын түсіндірсек:әр ойыншының мақсаты секірмек доптың үстіне отырып,кедергілердің арасымен  өтіп,мақалдың жалғасын толықтыру!қайтарда кедергілердін арасымен келіп,келесі оқушы жалғастырады.
Енді,құрметті әділ-қазылар алқасы бағаларыңызды беріп кетсеңіз
Ендігі кезең (3) «Тунель»   
Шарты:Әр оқушы баскетбол добымен  кедергілердін арасымен жүргізіп  матадан жасалған тунельдін қасына допты қойып,тунельдін арасынан өтіп,белгіленген жерге келіп,есепті шығарып!қайтарда баскетбол добымен кедергілердін арасымен  допты жүргізіп өтіп келу
Кезеңді қорытындылап,топтарымыздың ұпайларын білсек…
Келесі (IV) кезең «Ана тілі!»
 «Ана тілің-арың бұл,
Ұятың болып тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте»
 дей келе сайысымызда оқушыларға  қораптардан жасалған әріптерден сөз құрастыру қажет.Әр топқа 2 минут уақыт беріледі.Іске сәт!

1.Бірлік болмай, …….болмас (тірлік)             

2.денсаулық-зор …….(Байлық)

3.кет сөзінің антонимі (қал)

4.жылқы жасы ……(Тай)

5.Өлі табиғат,……табиғат (Тірі)

6.Лас сөзінің синонимі (Кір)

7.Еңбекақы (айлық)

1…тас жарады,тас жармаса бас жарады (Тіл)
2.Қосмекенді (Бақа)
3.Құлыпты ашатын құрал (Кілт)
4.Ұят сөзінің синонимі (Ар)
5.Адамның қанаты не? (Ат)
6.Қара- … (ала) Күрделі сын есім
7.Асан мен Үсеннің әңгімесі.Асан кімнің баласы? (бай) 

1.Ешкінің төлі (лақ)
2.Ақ сөзіне антоним (қара)
3.Шаш тарайтын құрал (тарақ)
4.Әдепті бала,арлы …(бала)
5.Бала тілі-… (бал)
6.Адамдар суда немен жүзеді?
7.Кел өзінің антонимі (Бар)

Осы сайыс бойынша әділ-қазылар алқасы өз бағаларын көрсетіп кетсе…
V-кезең «Жол ережесі» деп аталатын бөліміне ат басын тіредік.Бұл бөлімде әр сайыскер өз сандарын тауып алып шарды жарып,берілген сурет бөліктерін құрастырады.Шыққан жол ережесі белгісін әр топтың басшысы түсіндіріп,қорғайды.Орындауға 3 минут беріледі.
Ал,келесі (VI)«Тапқырлар! »кезеңі
Сайыс шарты:барлығыңызға ортақ жұмбақтардың жауабын табу мен сөзжұмбақтарды шешу!Бұл сайыста топтардың белсенділігі мен шапшандығы бағаланады.

Жүз мүйізі бар,

Үстінде киізі бар. (қазақ үй)

 

Қос құлақты,жүз түсті,

Жүзінен бір –ақ із түсті (ара)

 

1санға өзірді

Өзі қалып орнында,

Бізді алға көшірді.(сынып)

 

Қалқиып 2 құлағы,

Елендеп қорқып тұрады.(қоян)

 

2 аяқпен кезек-кезек тебеді,

Ол тынысымсыз домалап,

Зыр жүгіре береді (доп)

 

Соңғы кезеңіміз ертеңгі мейрамға байланысты сұрақ-жауап! Ал сайыскерлер,келе жатқан мейрамды білеміз бе?!Тәуелсіздік күні!тұғырлы еліміздің.
Ал сұрақтар келесі:
1-сұрақ:Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіздік алды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
2-сұрақ:Елтаңбаның авторын атаңыз?(Жандарбек Мәлібеков,Шотаман Уалиханов)
3-сұрақ:Қазақша жыл басы қалай?(наурыз)
4-сұрақ:Тудың авторын атаңыз.(Шәкен Ниязбеков)
5-сұрақ:Елбасымыздың алғаш сайланған жылы,айы,күні(1991ж 1 желтоқсан)
6-сұрақ:Еліміздің дербестігіне биыл неше жыл?!(21ж)
7-сұрақ:Соңғы ата-заң қабылданған жыл (1995ж)
Қорытынды бөлім:
Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділ-қазы сайысты әділ бағалар,

Құрметті оқушылар ендеше әділ –қазылар өз бағаларын есеп тегенше,тамаша би тамашалайық
– сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып,жеңімпаздарды анықтайық!

Әділ-қазылар алқасына сөз берсек

Ендеше үшінші орынға ие болған қоманданы марапаттау үшін

Денешынықтыру пәнінің мұғалімі:
Нүрпеиісов Бахыт Сақташұлы ортаға шақырамыз
Ендеше екінші орынға ие болған қоманданы марапаттау үшін

Денешынықтыру пәнінің мұғалімі:

Істлеу Мамай Тұрысбекұлы ортаға шақырамыз

Ендеше бірінші орынға ие болған қоманданы марапаттау үшін

Денешынықтыру пәнінің мұғалімі:
Абденов Даулет Насанбайұлы ортаға шақырамыз

Осымен жарысымыз аяқталды қатысқан оқушыларымызға рахмет!

Кош сауболыныздар!!!























«ЭСТАФЕТАЛЫҚ ОЙЫНДАР»

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

 Сабақтың тақырыбы:  «Эстафеталық ойындар»

Мақсаты:

  1. 1.     Оқушыларды салауатты  өмір салтына беімдеу және  дене шынықтыру сабағына  қызығушылығын арттыру.

  2. 2.     Эстетикалық және этикалық  тәрбиеге үйрету.

  3. 3.     Шапшаң қимылдауды, жарыса жүгіруді дамыту.

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: таяқша, баскетбол добы, секіртпе

 

Сабақтың барысы:

  1. 1.     Ұйымдастыру

-Сәлемдесу

-Оқушыларды түгендеу

-Оқушыларды сабаққа дайындау

-Бой жазу жаттығулары:

1) 5 минут жүру және жүгіру

2) Басты оңға, солға қозғалту

3) Қол жаттығулары

4) Бел жаттығулары

5)  Аяқ жаттығулары т.б.

     2. Сыныпты  2 топқа бөлу.

 Қызықты эстафета

Әр командадан бір-бір оқушы ортаға шығады. Олар сол аяғын артына бүгіп, аяғының мойынынан ұстап алады да, межелі жерге дейін сығар аяқтап  секіріп барып, қайта келгенде жүгіріп жарысып келеді де, саптың соңына тұрады, келесі бала ойынды жалғастырады.

 

Доппен жарыс

Бірінші бала екі баскетбол добын қолтығына қысып алып, межеге жүгіріп барады да, бір допты қалдырып, екінші допты келесі ойыншыға әкеліп беред. Келесі ойыншы бір доппен барып, екінші допты ала келеді. Ойын осылай жалғаса береді.

 

 

 

Сыңар аяқ ойыны

Екі команда  ойыншылары бір-бірден шығып, сыңар аяқпен шеңберден бірін-бірі итеріп шығару.

 

Таяқща және секіртпемен секіру ойыны

Бірінші ойыншы  қолына таяқша алып, залдың ортасында жатқан секіртпеге дейін жүгіріп барып, таяқшаны қойп, серітпемен секіріп межені айналып сол жерге дейін келіп, секіртпені тастап, таяқшаны алып келесі балаға береді. Ойын осылай  жалғаса береді.

 

Бір-бірінің үстінен секіру ойыны

Сапта тұрған  балалардың барлығы еңкеійп отырады да, соңғы бала  олардың  үстінен  аттап-секіріп, алдына келіп отыра қалады. Қалған ойыншылар да  осылай жалғастырады. Қай команда межеге бірінші жетеді, сол команда жеңеді.

 

Негізгі эстафеталық ойын

Бұл ойынға  әр коандададн үш ойыншыдан шығады. Залдың екі жағында  тұрып, бір-бірден  залды айналып  жүгіріп, келесі ойыншыға  таяқшаны береді. Қай команда этафетаны бұрын аяқтайды, сол команда жеңске жетеді.

  1. 2.     Қорытынды

 Жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, тиісті бағаларын қою.

 





























ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫНЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 Волейбол ойынының ережелері

Мақсаты:

  1. Оқушыларды салауатты  өмір салтына беімдеу және  дене шынықтыру сабағына  қызығушылығын арттыру.

  2. Эстетикалық және этикалық  тәрбиеге үйрету.

  3. Ойын ережесін сақтап, ойын барысында қолдана білуге үйрету.

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: Волейбол добы, сетка, ысқырғыш т.б

Сабақтың барысы: /10 минут/

  1. 1.     Ұйымдастыру.

-Сәлемдесу

-Оқушыларды сабақа дайындау

-Бой жазу жаттығулары.

  1. 5 минут жүру және жүгіру

  2. Мойын, желке жаттығулары

  3. Қол жаттығулары

  4. Бел жаттығулары

  5. Аяқ жаттығулар т.б

 

  1. 2.     Волейбол ойынының ережесін түсіндіру. /5минут/

  2. Допты жоғарыдан қабылдау

  3. Допты төменнен қабылдау

  4. Допты жоғарыдан ойынға қосу /Подача/

  5. Допты төменнен ойынға қосу /Подача/

  6. Ойын ойнар алдындағы  ойын алаңында орналасу және орын ауыстыру тәртібі. /20 минут/

  7. 3.     Қорытынды: /5минут/

Жақсы қатысқан оқушыларды бағалап тиісті бағаларын қою















«ӘКЕМ,ШЕШЕМ ЖӘНЕ МЕН» ОТБАСЫЛЫҚ СТАРТ

Сабақтың тақырыбы: «Әкем,шешем және мен» отбасылық старт.

Мақсаты:   1. Ата-аналарды, оқушыларды салауатты өмір салтына  бейімдеу.

2.Эстетикалық эәне этикалық тәрбие беру.

3. Шапшаң қимылдауды, жарыса жүгіруді дамыту.

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: ысқырғы, картоп немесе доп, баскетбол добы

Сабақтың барысы:

  1. 1.     Ұйымдастыру

Сәлемдесу

Ойын 6 бөлімнен тұрады:

1. Таныстыру

  1. 2.     «Сигналды тыңда» дене қыздыру жаттығуы

  2. 3.     «Картоп отырғызу» ойыны

  3. 4.     «Қай команда алысқа секіреді?»

  4. 5.     «Допты ыдысқа түсіру » ойыны

  5. 6.     «Қызықты эстафета » ойыны

Ойынға қатысушылар: 2А, 2Б,  3Б. 3В, 4Б  сыныптарынан бір оқкшы ата-анасымен қатысады.

Әділқазылар алқасын тағайындау:

  1. 1.     Тулеова Ләззат Бопанқызы-оқу ісінің меңгерушісі

  2. 2.     Хасихан Елік-тәрбие ісінің меңгерушісі

  3. 3.     Моншақ Ермек- дене шынықтыру пәні мұғалімі

  4. 4.     Муса Таңат-дене шынықтыру пәні мұғалімі

2- Негізгі бөлім

         1-бөлім

         Таныстыру.  Әр командада өз мүшелерін таныстырады. Командасына ат қояды.

(5 ұпай)

2-бөлім

«Сигналды тыңда» ойыны.

Ойыншылар бір қатарлы колоннада сап құрып жүріп бара жатады. Ойын басқарушы алақан соғып немесе ысқырып сигнал береді. Егер ойын басқарушы  алақанын бір рет соқса, ойыншылар жүрісін тоқтатып тұра алады, ал екі рет соқса  жүрісін тоқтатпай жүре береді. Үш рет соқса жүгіруге тиіс. Бұл сигналдан жаңылып қалған ойыншылар ойыннан шығады                                                                                                    (5 ұпай)

3-бөлім.

«Картоп отырғызу» ойыны.

Ойыншылар 5 командаға бөлініп, бірінің соңынан бірі тізіліп, 5 қатар сапқа тұрады. Сапың алдында  ойын бастаушылар тұрады.Олардың ішіне картоп немесе доп салынған дорбалары болады. Әр команданың алдыңғы жағынан 10-15 м  қашықтықта бір-біріне жалғас  бес кішікене шеңбер сызылады. Ойын басқарушының  берген сигналы бойынша  ойын бастаушылар  жүгіріп барып дорбадағы картоптарын әр шеңберге  бір-бірден отырғызады да, кері айналып дорбаны келесі ойыншыға береді. Ол бос дорбаны алады да, отырғызылған картоптарды жинап әкеледі. Ойын соңында қай команда картопты бұрын отырғызып үлгерсе, сол команда жеңіске жетеді.

(10 ұпай)

4-бөлім.

«Қай команда алысқа секіре алады?»  ойыны

         Ойыншылар 5 командаға бөлініп, бірінің соңынан бірі тізіліп, сапқа тұрады. Төреші командаларды бір-бірден секіртіп, нәтижесін есептейді. Алдыңғы ойыншының  секіріп түскен жері сызықпен белгіленеді де, келесіт ойыншы әлгі сызықтан ары қарай  жалғастырып секіреді. Барлық командалар түгел секіріп болған соң қорытындысы шығарылады. Қай команда алысқа секірсе, сол команда жеңіске жетеді.

(10 ұпай)

5-бөлім.

«Допты ыдысқа түсіру» ойыны

Ойыншылар 5 команда бойынша  бірінің соңынан  бірі тізіліп, сапқа тұрады. Әр команда екі-екіден  доп алып, оны көздеп баскетбол сақинасына лақтырады да, саптың соңына  келіп тұрады. Ойын соңында допты баскетбол сақинасына ең көп түсірген  команда жеңіске жетеді.

(10 ұпай)

6-бөлім.

«Қызықты эстафета» ойыны

Әр командадан бір-бір ойыншы ортаға шығады. Олар жүрелеп отырып алады да, межелі жерге дейін жарысып барып, жарысып қайтады. Бұл шартты барлық ойыншылар  түгел орындайды. Шартты мүдірмей орындап, әр кезектен озып келген ойыншы өз командасына 5 ұпайдан әкеледі. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

(Әр ойыншыға 5 ұпайдан)

3. Қорытынды.

Командалардың ұпайларын есептеуге әділ қазыларға сөз беру.

Жеңімпаз атанған командаға арнайы марапат қағазын тапсыру.

Осымен ойынымыз аяқталды, қатысқандарыңызға көп-көп  рахмет.

Сау болыңыздар!!!


Дене шынықтыру сабағында қолданылатын қауіпсіздік ережелері

Дене шынықтыру сабағында қолданылатын қауіпсіздік ережелері

Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.
Сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;
Сабақ басталарда оқушы денесінің ыстығы көтеріліп т. б. аурулармен ауырып тұрса мұғалімге өз денсаулығы жайында ескерту керек.
Спорт залда, алаңда дене тәрбиесі пәні мұғаліміне тағайындалған ойындар мен жаттығуларды орындамау керек.
Спорт залдағы электр розеткалары мен электрощиттеріне тиіспеу керек;
Спорт, алаңда орнатылған, құрылған спорт құралдарын мұғалімнің рұқсатынсыз тиіспеу керек;
Гранат, кіші доп т. б. құралдары алысқа және нысанаға лақтырған кезде қауіпті алаңға, сырттан адам, не мал кіріп кеткен кезде жаттығуды тоқтату керек.

Жеңіл атлетика
1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.
2. Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.
3. Ойлы - қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т. б.) аспай - саспай өтуді есте сақтаған жөн.
4. Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
5. Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т. б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.
6. Спорт құралдарын (граната, диск, найза т. б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.
7. Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.
8. Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
9. Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.
10. Жауын - шашында күндері лақтыратын құрал - жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.

Гимнастика сабақтарында
Белгілі бір спорт жабдығында гимнастикалық жаттығуларды бірнеше оқушы бір мезгілде орындауда жарақаттанып қалудан сақтану керек. Мысалы, 2, 3 бала бірден барып кермеге асылуға болмайды;
Спорт құралдарында (үлкен және кіші ағаш ат, бөрене, керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т. б. жаттығу орындағанда) секіргенде жерге міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп түсу керек;
Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың дұрыстығын тексеріп алу керек.
Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды;
Мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегінсіз спорт құралдарында күрделі жаттығулар орындауға болмайды;
Дене шынықтыру жаттығулармен шұғылданатын, спортпен айналысатын бала әр уақытта басқаларға үлгі болу керек.
1. Денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайтындығы есте ұстаңдар.
2. Гимнастикалық құрал - жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек.
3. Жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды.
4. Секіріп түсетін жерлерге гимнастикалық төсеніш төсеу қажет.
5. Спорт жабдықтарынан (ат, бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек.
6. Біріңнен соң бірің жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау кезінде ара қашықтық қатаң сақталсын.
7. Гимнастикалық құрал - жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттілігін ұмытуға болмайды. Құрал - жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтарын бекітілуі мұқият тексерілсін.
8. Арқан бойымен төмен түскенде екі қолымен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.
9. Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды.
10. Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.

 





















Краткое описание документа:

Денешынықтырупәнініңмұғалімі

Сабақтынтақырыбы: «Ойлантап
Сайыстыңтүрі: Спорттықзияткерлікэстафеталықойын.
Сынып: 3 сыныптарарасы.
Қатысушылар: 7 оқушыданқүралған 3 топ, бірсыныптанүшқызбала, төрт  ұлбалажәнесыныпжетекшісіқатысуыміндетті.

Мақсаты: Оқушылардыңзерделігіменептілігінбақылайотырып, салауаттыөмірсалтыннасихаттаужәнезияткерлітұлғанықалыптастыру.
Пәнаралықбайланыс: Денешынықтыру, анатілі, дүниетанужәнематематика.
Жабдықтарменқұралдыр: Гимнастикалық  орындықтар,nобруч, доптар, секіргіш, ысқырық, секундасанағышжәнеА4 форматы.

Топтарғақойылатынталаптар: Спорттықкиім, топұраны, топэмблемасы.

Әділқазыларалқасыментаныстыру.

Сайыскерлерөзтопаттарымен, ұрандарыментаныстырады.

1- айналым «Жасматематик»

 

Автор
Дата добавления 15.01.2015
Раздел Физкультура
Подраздел Конспекты
Просмотров837
Номер материала 302101
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх