Инфоурок Философия КонспектыСРС : К.Поппердің концепциясын гносеологиялық және әдіснамалық негіздеу

СРС : К.Поппердің концепциясын гносеологиялық және әдіснамалық негіздеу

Скачать материал

 

         К.Поппердің концепциясын гносеологиялық және әдіснамалық негіздеу

Жоспары:

1.     Карл Поппер  шығармашылығы

2.     Поппердің әлем танымы

3.     К.Поппердің концепциясын гносеологиялық және әдіснамалық негіздеу

4.     Қорытынды

 

     Карл Поппер (1902-1994) шығармашылығы XX ғасырдың философиясының дамуының бір бағыты болып табылады. Қазіргі кезде де оның аты философияның маңызды мәселелері жайлы дискуссиялардың ортасында. Поппер еңбектері неопозитивизмнің орнына келген және постпозитивизм деген атқа ие болған ғылым философиясының дамуының жаңа кезеңін ашты. XX ғасырдың бірінші жартысында философия қатаң критикалық шабуылдарға ұшырады. Неопозитивистер метафизиканы философиялық білім ретінде жоққа шығарды. Неопозитивизм метафизиканы шынайы мәселелерді қоя алмауында жауапқа тартты, ал оның принциптері мен ұғымдарын мағынасыз деп сипаттады. Поппер метафизика мен философияны жақтап шықты. Оның осы мәселелер бойынша позициясын келесілер арқылы көрсетуге болады: метафизика ғылым болып табылмайды, бірақ ол мағынасыз емес, және ғылымда позитивті және негативті рөлдерді ойнауы мүмкін. Поппер ғылыми білімнің дамуындағы метафизиканың рөлін анықтайды; ғылым және метафизиканың шекаралық критерийі болып фальсификациялық принцип табылады; философия мен ғылым тығыз байланысты. 30 Демаркация проблемасы. Бір жағынан эмпирикалық ғылымдардың арасындағы, екінші жағынан математика, логика, сондай-ақ «метафизикалық» жүйелер арасындағы айырмашылықтарды анықтау үшін қажет құралдарды беретін философия мен ғылым шекаралығын немесе критерийлерді табу мәселелерін Поппер демаркация мәселелері деп атайды. Поппер бұл мәселені индукция мәселесімен қатар таным теориясы үшін негіз деп санайды. Мұнда таным теориясының басқа да көптеген мәселелерінің негізі жатыр. Позитивистер, Поппердің көзқарасы бойынша, «тәжірибеден алынатын» немесе сезімдік тәжірибенің элементтеріне логикалық түрде жатқызылатын ұғымдарды ғана ғылыми деп таниды. Жаңашыл позитивистер (неопозитивистер) ғылымды ұғымдар жүйесі ретінде қарастырмайды, керісінше тұжырымдамалар жүйесі ретінде қарастырып, «қабылдау ойларының», «хаттамалық сөйлемдердің» тәжірибесі туралы жай тұжырымдамаларға жататын ойларды ғылыми, мағыналы деп таниды. Демаркацияның осындай критерийлері неопозитивистермен верификация деп танылады. Верификация индукциямен байланысты, өйткені «тәжірибелер мен бақылаулар нәтижелерінің есебі» болып табылатын жай тұжырымдардан әмбебап тұжырымдарды шығаруды ұсынады. Неопозитивистердің демаркацияларының критерийлеріне Поппер мағынаның догмасы ретінде мінездеме береді. Поппер метафизикалық тұжырымдар хаттамалық тұжырымдарға сәйкес емес деген неопозитивистердің қорытындысымен келіседі. Бірақ оның айтуынша ғылыми тұжырымдар мен заңдар және теориялық құрылымдар да верификациялық емес. «Ортақ заңдар оларды қатаң сақтау кездерінің кез келген соңғы сандарының шегінен шығады». Бұл тұжырым индукция мәселесімен байланысты. Поппер индуктивті әдісті қатаң сынға салады және оны ғылымда жоқ деп санайды. Индуктивті қорытындылар белгілі болғандай қиыншыл. Бақылаудың соңғы сандарының негізіндегі ортақ қорытынды күмәнді деп есептеледі. Олардың эмпирикалық дәлелдері негізіндегі ортақ тұжырымдардың шынайылығы жайлы қорытынды да негізделмеген. Поппердің есептеуінше, эмпирикалық дәлелдеулер біздің теорияларымыздың шындығын анықтауға мүмкіндік бермейді. Жұлдызнамаға, өмірбаянға, бақылауларға сүйенетін үлкен эмпирикалық материалдары бар астрологияны қарастырсақ, бақылаулардың және дәлелдемелердің үзіліссіз ағыны ғылыми емес теорияларды «верификациялауы» мүмкін. Псевдотеориялар тәжірибеге сүйене отырып, ғылыми формада болуы мүмкін, бірақ ғылымға қарағанда ертегілермен ортақ болады. Поппер осындай 31 теорияларға З. Фрейдтің психоанализін, А.Адлердің жеке психологиясын, К.Маркстің тарих теориясын жатқызады. Верификациялау принципі ғылым мен метафизиканы ажыратуға мүмкіндік бермеді. Бірақ одан қандай да бір пайда бар ма? Верификация принципінің мақсаты ғылым мен метафизиканың демаркациясы ғана емес, соның ішінде метафизикамен күрес болып және осы мақсатқа қол жетті. Тілдік анализ философиясының өкілдері, Л.Витгенштейннің арқасында, әсіресе Б. Расселдің көмегімен мағынасыз бос сөзбен мінезделетін көптеген философиялық шығармалар жоққа шығарылғандығын Поппер мойындайды. Поппердің ойынша, «метафизиканы жоюда позитивистер басқа антиметафизиктерге қарағанда үлкен жетістікке жетті». Жаңашыл зерттеушілердің айтуынша, логикалық позитивизмнің басым болған кезінде ғылым философтарының арасында философияға деген қызығушылық өшіп қалды. Егер верификация принципі метафизика мен ғылымды шектей алмаса, онда олардың демаркациялануының критерийі болып не табылады? Поппер верификациялау принципінің орнына фальсификациялау принципін алға қояды. «Демаркацияның критерийі ретінде жүйенің верификациялануын емес, фальсификациялануын қарастыру керек». Жүйенің фальсификациялануы – бұл теориялық жүйені қолдау не ақтау формасы емес, оны жоққа шығару принципі. Белгілі бір жүйені логикалық түрде жоққа шығаруға болады, сондай-ақ тәжірибеге сүйене отырып эмпирикалық түрде де жоққа шығаруға болады. Поппер осы екінші жоққа шығару түрін фальсификациялаумен байланыстырады. Табиғи-ғылыми теориялар немесе табиғат заңдары әмбебап тұжырымдамалардың логикалық формасына ие. Табиғат заңдарын өзгерткенде олар шектеулер түрінде болады. Мысалы, энергияның сақталу заңын «Мәңгілік қозғаушы жоқ» деген формада тұжырымдамалауға болады. Мұндай формада табиғат заңдары бір заттың бар және не болып жатқандығын қаулы етпейді, керісінше бір заттың бар екенін жоққа шығарады. Олар кейбір істердің, заттардың жоқ екенін қолдайды, оларды шектейді немесе жояды. Осы арқылы табиғат заңдары фальсификацияландыру, яғни тәжірибемен қақтығысуы мүмкін. Поппер метафизикалық, экзистенциялық тұжырымдар фальсификацияланбайді деп есептейді. Олардың «кеңістікте және уақытта шектері жоқ. Олар жеке, шектелген кеңістікті–уақыттылы аумаққа жатпайды». Біз ешқашан болмаған, жоқ және ешқашан болмайтын затты анықтау үшін бүкіл әлемді зертей алмаймыз. 32 Поппердің фальсификациялау принципіне анализ жасай келе, мынаны байқау керек, фальсификациялау мен верификациялау – бұл теорияның тәжірибемен қарым- қатынасының екі жағы. Поппердің біреуін тастап кету арқылы екінші жақты ажыратуы, біздің ойымызша дұрыс емес. Әрине, теорияның дәлелденуі оның шынайы екенін дәлелдемейді. Поппер заңды белгілегендей, егерде біз тапқымыз келсе, әрбір теория үшін дәлелдеуші мысалдарды табу оңай. Поппердің өзі тәуекелді болжамдар түріндегі делелдердің кейбір анықталған түрлерін мойындайды. Сондықтан, мәселе барлық дәлелдерді жоққа шығаруда емес, ал делелдердің мамандануының анализінде, «дұрыс» және «дұрыс емес» делелдерді анықтауда. Делелдерді және оның негізін құрайтын индукцияны жоққа шығара отырып, Поппер тану үрдісіндегі тәжірибенің рөлін шектейді. Егер теорияны жасағанда біз тәжірибеден шықпасақ, сезімдік қабылдауға, шынайы заттардың сипатына сүйенбесек және олар да бізді «түсінікті теорияларды» жасауға «итерлемесе», онда бұл аспектіде теория мен тәжірибе байланысы үзіледі, тәжірибе бағаланбайды. Индукцияны толық жоққа шығару анықтаушы субъектің теориясының өзімен өзі пайда болуына, априоризмге, конвенционализмге, туа біткен білімнің концепциясына алып келеді. Иә, біз «теорияның жарығында» бақылаймыз, бірақ бұл бақылау теорияны жасаудың импульсі болып табылады. Азамзаттың танымының тәжірибесі индукцияның бар болуын насихаттайды. И. Ньютонның ғылыми зерттеу әдісі туралы: «Көріністен екі немесе үш қозғалыстың ортақ принциптерін шығарып және содан кейін барлық дене заттарының іс әрекеті және ерекшеліктері осы принциптерден қалай көрінетінің айту керек» деген сөздерін еске салсақ болғаны. Әрине, Поппердің сынынан кейін индукцияның концепциясы түзетулерді қажет етеді. Шынында біздің біліміміз «адам ойының тәуелсіз шығармасын» еске түсіреді. Егер де теория бұл «біздің әлемге тастаған желіміз» болса, онда осы «желілердің» ұяшықтары әлемге сәйкес құрылады. Фальсификациялануға келсек, онда метафизикалық жүйелердің жоққа шығарылмауы екіжайлы. Егер олардың тәжірибе түрінде жоққа шығарылуы мүмкін емес болса, онда теория түріндегі жоққа шығарылуы мүмкін. Олардың практикалық жоққа шығарылуын есте сақтау керек. Поппер ғылым деп эмпирикалық, тәжірибелі ғылымды түсінетінін ескеру қажет. Және осы аспектіде оның «жеткілікті түрдегі дәлдікпен фальсификациялау критерийі эмпирикалық ғылымдардың теориялық жүйелерін метафизика жүйелерінен ажыратады» деген қорытындысы сенімді болып келеді. 33 Философия мен ғылымның бірізділігі. Егер фальсификациялау принципі философия мен ғылым арасындағы айырмашылықтарды көрсететін болса, онда оларды не біріктіреді? Поппер бойынша, философия мен ғылым тығыз байланысты. Олардың ортақ негіздері – «таза мағына» мен әлемді тануға деген талпыныс. «Барлық адамдар философтар», - деп айтады Поппер. Сондықтан, ғалымдар да осылардың ішінде. Поппер философияны біржақты және тура анықтауға қарсы. Философия конвенционалды болып келеді. «Анықтамада тура көрініс табатын және бөліп көрсетілетін философияның негізі жоқ». Поппер үшін философия жалпы таныммен алмасып отырады. Философияның мәселелерінің бастысы – бұл «кез келген ойлай алатын адам қызығатын мәселе». «Бұл әлемнің бөлігі ретінде бізді де қоса алғанда әлемді тану мәселесі». Поппердің айтуынша, оның философия мен ғылымға деген қызығушылығы оның «өзіміз өмір сүріп отырған әлемнің жұмбағы туралы және осы әлем жайлы адамның білімінің жұмбағы туралы бір білгісі» келгенімен байланысты. Поппер қолданатын «әлемді тану» ұғымында екпін «тану» ұғымына да, «әлем» ұғымынада түсуі мүмкін. Біздің ойымызша, Поппер үшін әлем «танымын» бөліп көрсету маңызды болып келеді, және ол сөйтіп жасайды. Ол былай деп жазады: «Адамзат білімінің феномені, сөзсіз, біздің әлемтануымыздың үлкен таңғажайыбы. Ол тез арада шешіле қоймайтын мәселені құрастырады». Бірақ Поппер үшін таным ол шектелмеген, абстрактілі таным болып келеді. Бұл «әлемді» тану. Тура әлемді тану үрдісінде таным үрдісінің мамандануы анықталады. Тіпті Поппер ғылыми танымның мағынасын бөліп көрсетеді. Ғылыми білімнің өсуі әсіресе әлем туралы адамзат білімінің «құпияларын» шешу үшін қызмет етеді. Сонымен, ғылым танымның философиялық мағынасын шығаруда маңызды фактор болып табылады. «Әлемді тану» ұғымының өзі философия мен ғылым арасындағы тығыз байланысты көрсетеді деуге болады. Дәл осы ғылыми таным, оның өсімін зерттеу Попперге философиялық дәстүрлерді қайта қарауға және өзінің философиялық концепциясын құрауға мүмкіндік берді, оның эпистемологиясына да, сондай-ақ қоғамдық философияға да шығармашылық негіз болды. Аристотельдің анықтамаларының эссенциалистік әдістерін сынағанда ол жаңашыл дүниетанымның тәжірибелеріне сүйенеді. Платон мен Аристотельдің эссенциалистік көзқарастары «жаңа заман ғылымының әдістерімен қарама қайшылықта болып келеді». «Ғылымда «білім» осы сөзді Платон мен Аристотель түсінетін мағынада жоқ, яғни қорытындыны сипаттайтын мағынада. «Ғылымда біз ешқашан да 34 шындыққа жеттік деп айту үшін жеткілікті негізге ие бола алмаймыз». Поппер ғылымның «мағынасыз» философиялық боссөздерді алып тастауындағы рөлін бөліп көрсетеді. Философия, Поппердің пайымдауынша, неопозитивистер ойлағандай тек әлем туралы адамзаттың айтқан сөздерінің мағынасын анықтайтын іс әрекет болып қана қоймай ғылым сияқты өз алдына күрделі мәселелерді қоя және талқылай алады. Поппер философия мен ғылымның ұқсастықтарын метолодологиялық аспектіде көреді. Философияға тек өзіне тән «логикалық және лингвистикалық» әдіс тиесілі деп есептеген неопозитивистерге қарсы, Поппер жалғыз философияға ғана маманданған әдіс жоқ деп анықтайды. Осымен қоса, «белгілі бір ортақ әдіс» бар деп есептейді Поппер. Ол тек қана философияға ғана жатпайды, ол «табиғи ғылымдарға философиядан аз емес мөлшерде тиесілі». Осы әдістің негізі ретінде рационалдылықты және сыншылдықты ала отырып, Поппер: «Белгілі бір мәселенің қандай да бір шешімін ұсынарда біз, сол арада жедел түрде осы шешімді жақтамай, оны жоққа шығаруға тырысуымыз керек» деп айтады. Сонымен, К. Поппердің ғылым философиясына қосқан үлесі болып ғылыми таным үшін метафизиканың мағыналығын көрсетуге көмектескен индукцияның сыны мен фальсификациялау идеясы табылады. Осы күрделі мәселеден біріншіден К.Поппердің ғылым методологиясы және гносеологиялық тұжырымдамасын атауға болады. Поппер ғылым теориясына реалистік көзқарас жүргізді: әлем, теория туралы сезулері бола тұра, оның көзқарасы бойынша шынайы өмірдің ғылым күнделікті әртүрлі аспектілерін сипаттауға мүмкіндік береді.Ол сонымен қатар философия ғылымының негізгі мәселесі болып дайын теорияларды талдау ғана емес, керісінше ғылыми білімнің дамуын зерттеу болып табылады. Осыған орай ғылыми теорияны жасанды, логикалық арқылы талдауды ұсынатын неопозитивистерге қарсы шығады. Поппер өзін неопозитивизмнің жақтаушысы деп санамаса да, керісінше өзінің оған деген сындық қатынасын көрсеткенмен де оның көптеген философиялық доктринасы неопозитивизм дәстүрімен байланысты. Қоғам дамуы – бұл ғылым дамуының нәтижесі деген анықтаманы қолдауы О.Конттың теориялық зерттеулерінің негізгі идеясы болды. Барлық позитивистер сияқты, Поппер де шығатын гипотезалардың қалыптасу құралы ретінде индукцияны жоққа шығарады. Мысалы, ғылыми теорияны дәлелдеу туралы сөз болған уақытта, ғылым методологиясы тек дедуктивті 35 логика құралдарымен ғана шектелмейтін неопозитивистермен де ол өте тиянақты дедуктивист болып қалыптасады. Неопозитивистерге сәйкес теориялық қағидалар мен заңдардың эмпириялық дәлелдемесі, шынайы әлемнің фактілерін бақылау барысында тексерілетін эмпириялық заңдардың шығарылуымен жүзеге асады. Неғұрлым эмпириялық заңдар көп шығарылса, олар бір-бірінен көп ерекшеленсе және оларды дәлелдейтін фактілер көп болса, соғұрлым теория негізделген болып саналады. Гипотезаның нақтылау деңгейінің сандық көрсеткіші болып логикалық мүмкіндік табылады, ол гипотезаны нақтылаудың эмпириялық фактілерімен түсіндіріледі. Теориялық мүмкіндік елестерге негізделген индуктивті логика неопозитивизм шеңберінде қалыптасады. Өзінің ғылыми білімін логикалық қайта қалыптастыруда Поппер индуктивті әдістің абсолютизациясына қарсы шықты. К.Поппер ғылыми білімнің өсу заңдарын сипаттайтын адекватты механизмі ретінде индуктивті логика бола алмайды деп есептейді. Бэкон-Миль индуктивистік дәстүріне тән ғылыми теориялар индуктивті жалпылама нәтижесі сияқты емес, ал ғылымның ерекше көзқарасы шығармашылық жұмбақтарының нәтижесінде пайда болды. Егер Миль «индукцияны жалпы ұсыныстарды табу мен дәлелдеу процесі» деп анықтауға болады десе, онда К. Поппер өзінің «Ғылыми жаңалықтың логикасы» атты кітабында көрсеткендей жаңа білім табу «психологиялық процесс, ал дәлелдеу логикалық дедукция нысанында ғана мүмкін». Бірақ Поппер индукцияны ғылыми таным әдісі ретінде толығымен жоққа шығармайды. Ол теорияны қандай бір ғылыми қоғам мен сынды талқылау процесі бекітілетінін анықтайтындығына сүйенеді. Ғылыми танымдағы барлық жағымды жақтар нақты сол уақыттағы өздерінің сынды талқылауына, қай категория қажет екендігіне байланысты жағымды болады. Сондықтан да қандай теория абсолютті дәлелденген деп саналмаса да, Поппердің аты бойынша, ғылыми білімнің негізі ретінде жақсылап тексерілген теорияны, ол тексерудің қатыстылығын ескере оырып таңдау керек. Ғылыми білімнің осындай негізгі бағыты рационалды болып саналады. Поппер әр уақытта «теория» түсінігін бұрмалайды. Ол ғылыми теорияны біз әлемді ұстап, оны рационалдылау, түсіндіріп, өзімізге бағындыру үшін қолданылатын «символикалық формула», «схема» немесе «желі» деп атайды. «Біз желі ячейкаларын өте ұқсату үшін еңбектенеміз». Бұл метафора Поппердің түсіндіруге негізделген ғылыми қызметінің мәнін көрсетеді.Істің мәнін түсінуді Поппер ғылыми, рационалды қызметтің соңғы мақсаты ретінде 36 қарастырады. Ол былай деп жазған: «Менің ойымша ғылымның мақсаты – қанағаттандырарлық түсіндірмелер іздеу...». Түсіндірмелер қанағаттандырарлықтай болуы үшін белгілі бір - қажетті қасиеттерге ие болуы, ең алдымен нақты логикалық талаптарды қанағаттандыруы керек. Ғылыми түсіндірмені Поппер «себепті түсіндірме» деп атайды. Поппердің айтуы бойынша, ғылыми гипотезаларды тексеру таза дедуктивті процесті білдіреді және ол индукцияға қандай да бір қатынасты талап етпейді. Поппер ғылымның дедуктивті методологиясын қалыптастырады. Дедуктивті позиция оны ғылыми теорияны негіздеу мүмкін емес, оны тек жоққа шығару мүмкін деген қорытындыға әкеледі. Егер теория тексеруден өтпесе, онда ол «модус толенс» дедуктивті ережесіне сәйкес жоққа шығарылады. Ғылыми заңдары универсалды ұсыныстар нысанына ие болғандықтан, «барлық Х элементтеріне Х, барлық Y элементтеріне Y, барлық Y элементтеріне Z R – ға қатынасы бар», онда осы тұжырымды «modus tollens» схемасы бойынша жоққа шығаруы үшін классикалық нормаларға сәйкес бір ғана жоққа шығарушы элемент қажет. Бірақ бұл эмпирикалық дәлелдеу, яғни бекіту үшін жүзеге аспайтын көптеген эксперименттерге қарағанда нақты жүзеге асырылатындай болуы керек. Нақты осы аталған формальды логикалық ой Поппердің фальсификациондық негізінде жатыр. Поппер, ғылыми теориялар әлем жайында жоғары хабардар шешімдер болып табылады, бірақ олар әр түрлі эксперименттік құралдар арқылы тексерілуі мүмкін деп ойлайды. Жалпы алғанда, егер жаңа проблема бұрынғы проблемада қарастырылғаннан басқа түрлі аспектілерге баланысты болса,онда прогрессивтілік алға басушылық нәтижесінде зерттелуші құбылыстың жаңа көріністері және оларды терең түсіну шығатын даулы жағдайға жатқызуға болады Фальсификация идеясы – Поппер логикасының регулятивтік идеясы. Оны қайта қарастыру процесінде концепцияның алғашқы вариантының түрлі аспектілерін өзгертіп, бірақ негізгі бағытта олар сақталынады. Поппер ұстанған ғылымның даму механизмінің түсінігі қазіргі кезеңдегі батыстың ғылым философиясының айналымы шеңберінен шыққан жоқ. Қазіргі кезде саналы түрде қарастырылып отырған шындыққа сай теориялар тұрғысында танымның проблемалары емес негізгі ретіндегі фактілер фальсификаторлар жиынтығы немесе «қиын фактілерді» құрайды. Фальсификация процедурасы жай ғана теориямен бақылау арасындағы дуэль емес, ол қарсылас теориялар, 37 1.7 Ғылымның эволюциялық моделі (Т.Кун және И. Лакатос) бұл теориялардың бастапқы эмпирикалық мазмұны және оның даму арасындағы қиын қатынас. Білім дамуының жалпы схемасы мынадай түрге ие: бастапқы проблема – оны шешуге ұсынылатын, сыналатын теория сын және байқалған кемшіліктерді жою – жаңа проблема. Ғылым прогресі қол жеткен «проблема өзгерісімен» өлшенеді. Поппер концепциясына сәйкес теорияны егер ол шешуге тиіс арналған мәселелерден басқа мәселелерге келтірсек прогрессивті болады. Поппердің бастапқы концепциясында орын алған «ғылымилық», «прогресшілдік», «шындыққа сәйкестіктің бағасына жетер теория емес», «проблеманың өзгеруін» қалыптастыратын теориялардың жүйелілігі бағалы болады.

  Пайдаланылған әдебиет:

1. ӘЛІКЕНОВА КҮЛПАН НҰРҒАЗЫҚЫЗЫ «Ғылым тарихы мен философиясы»  Талдығорған- 2012

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "СРС : К.Поппердің концепциясын гносеологиялық және әдіснамалық негіздеу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

К.Поппердің концепциясын гносеологиялық және әдіснамалық негіздеуФилософиядан өзіндік жұмысқа

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 615 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.01.2021 2409
    • DOCX 25.8 кбайт
    • 44 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Туечиева Ивагуль Кадировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Туечиева Ивагуль Кадировна
    Туечиева Ивагуль Кадировна
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 103402
    • Всего материалов: 39

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация деятельности по осуществлению внутреннего финансового контроля (аудита).

108 ч.

2070 руб. 1240 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Логопедия: организация обучения, воспитание, коррекция нарушений развития и социальной адаптации обучающихся с тяжелыми речевыми нарушениями

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 241 человек из 58 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Психология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель психологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 80 человек из 31 региона

Мини-курс

Искусство: от истории к глобализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологии личности: от нарциссизма к творчеству

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов

Мини-курс

Стратегии B2B маркетинга: от анализа до продаж

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Как школьному учителю зарабатывать онлайн?

Перейти к трансляции