Инфоурок Другое КонспектыС.Сейфуллин "Ақсақ киік өлеңі".5 сынып

С.Сейфуллин "Ақсақ киік өлеңі".5 сынып

Скачать материал

                            Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы,

15 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қобланова Айтгүл Назарбаевна

Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин "Ақсақ киік өлеңі".
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
а)ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу, Ақсақ киік өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу;
ә)өлеңді мәнерлеп оқу, өлең мазмұнын меңгере отырып автор шеберлігін тануына көмектесу,өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету;
Дамытушылық:
а)шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау; 
ә) өз бетінше зерттеу, талдау жұмыстарына машықтанып, түйінді ой,өзіндік пікір қалыптастыруына жол ашу;
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке,тіл,сөз өнерін және табиғатты қадірлеп, қастерлей білуге,адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: кіріктірілген.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, тест сұрақтары, сто.
Пәнаралық байланыс: тарих, дүниетану,математика.
Көрнекілігі: С.Сейфуллин суреті, шығармалары, Қазақстан картасы, электронды күй дискісі, интерактивті тақта, сто перфокартасы.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылардың сәлем десуі, түгелдеу.
ә) Оқушы зейінін өлең жолдарымен сабаққа аудару.
Өнер алды-қызыл тіл
Анаңдай оны құрметте!
Қапсымай,талмай үйрен,біл,
Асылын сөздің өрнекте.
Ана тіл-асыл қазына,
Байлығың-білсең ол сенің.
Жеткізер өмір жазына,
Сонымен өсер өркенің, -дей отырып сөз өнерін, асылын,тіл тазалығын сезінетін әдебиет сабағын бастаймыз.
II. Үй тапсырмасын -

Қане, балалар,өткен сабағымызда қай ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстық?
Қазір жыр алыбы Жамбыл төңірегінде оқып білгенімізді қорыту үшін тест сұрақтарына жауап беріп көрелік.
Тест сұрақтары:
1. Жамбыл қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
А)1845ж.Шығыс Қазақстанда В)1846ж.Әулие ата өңірінде. С)1848ж.Орталық Қазақстанда. Д)1847ж. Көкшетау облысында.
2. Жамбылдың шығармасы. А)Сұраншы батыр В)Қыс С)Сағындым Д)Жүйрігім 3.Жамбылдың ұстазы кім еді? А) Абай В) Тезек төре С) Cүйінбай Д) Шашубай
4.Өтеген батыр дастанында Өтегеннің еліне тапқан жайлы,шұрайлы жері қай жерде еді? А) Қызылорда В) Жерұйық С) Қазығұрт Д) Сарыарқа
5. Ақынның жыры жас ұрпақты неге үндейді? А) Білімге В) Еңбекке С) Жалқаулыққа Д) Ерлік пен туған жерді сүюге.
6.Жамбыл қай жылы қанша жасында қайтыс болды? А) 1945ж 99 жасында. В)1946ж 100 жасында. С)1947ж 101 жасында. Д)1949ж 102 жасында.
III Жаңа сабаққа кіріспе. Мақсаты мен таныстыру. - Балалар,біз бүгін үш бәйтерегіміздің бірі С.Сейфуллин өмірімен "Ақсақ киік "өлеңімен танысамыз.Өлеңімен таныспас бұрын ақын туралы нені білуіміз керек? Соған тоқталамыз.Ақын өмірі туралы тарихшы мұғалім Абушакирова Қарақас тәтейлерің айтып шығады.
Тарих пәнімен байланыс. Мәліметтер. -С.Сейфуллин туған жылы,жері. Ақынның өмір жолы,репрессия құрбаны болуы - тарихи кезең Бетпақдала арқылы Верныйға жетіп кеңес үкіметін құруға атсалысуы. - ақын шығармасының кейіпкері ақ бөкендер мекендейтін Сарыарқа мен Бетпақдала дала зоналарының шектесетін аймағын картадан көрсету.
Әдебиет пәні бойынша. -Тарих бойынша біраз мағлұмат алсақ,енді әдеби тұрғыдан өлеңнің көркемдігіне назар аударып,талдау жасайық.
1.Құрманғазы Сағырбаевтың "Ақсақ киік” күйі баяу орындалып, мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды.
2.Өлең ішіндегі түсініксіз сөздерді атап,экраннан жазылған сөздерді көрсету.
- Сегіз көштік-ұзындық өлшемі.
- Таңы-жануардың сұлу мүсіні.
- Қос-шатыр,күрке. -Бетеге- шөп атауы.
- Киік –аталық жануар. -Бөкен-ананлық жануар.
3.Өлеңде көркемдегіш тәсілдің бір түрі теңеу кездеседі.Мына жолдарға назар аударайық.
Қап-қара екі көзі мөлдіреген,
Әдемі екі танау желбіреген.
Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,
Жел түрткен жусаннан да селдіреген.
4.Өлең құрлысына назар аударайық
Ар-қа-ның Бет-пақ де-ген да-ла-сы бар,11 а
Бет-пақ шөл ой-лы-қыр-лы па-на-сы бар 11 а
Сол шөл-де ел жоқ ,күн жоқ өс-іп- өн-ген 11 б
Жән-дік-тің киік де-ген ба-ла-сы бар 11 а
Бұл өлең 11 буынды қара өлең ұйқасы деп аталады.
- Балалар,енді осы өлеңде басты кейіпкер киік деген жануар емес пе? Осы киік деп аталатын жануар туралы толық мәліметті бастауыш сынып мұғалімі Құдайбергенова Ардақ тәтейлерің дүниетану пәнімен байланыстырып береді.
Дүниетану бойынша. - Киік жануарын биологиялық тұрғыдан таныту.
- Жануардың табиғи ерекшелігі.
- Физиологиялық дамуы, жамылғысы.
- Мекен ететін ортасы туралы.
- "Киік”сөзінің этимологиясы.
- Тірек схемасы бойынша жұмыс.
- Экологиялық жүйедегі орны туралы
Ал енді осы киіктердің бүгінгі күнде өмір сүру деңгейі қандай? Оның сандық көрсеткіші туралы не білеміз?Осы сұрақ төңірегінде математика пәнінің мұғалімі Амантаева Мерей тәтейлерің мынадай түсінік береді.
Математика бойынша.
- Кеңес дәуіріндегі жануарлар туралы.
- Киіктің дене тұрқы,салмағы,жылдамдығы туралы түсінік беру.
- Қазақстандағы киіктер санының өзгеруі туралы гистограмма.
- Ойлау шапшаңдығын дамытуға арналған логикалық есептер шығару
- Міне,балалар,біз сендермен ақ бөкендердің өмірі туралы жалпы мағлұматты алып отырмыз енді оқулықтарыңнан "Ақсақ киік” өлеңін ашып мәнерлеп оқимыз.
1.Кітаппен жұмыс.Мәнерлеп оқыту.
2.Дәптермен жұмыс.Сөздік жазу.
VI. Сабақты түсінгенін тексеру.
1.Топтастыру.
2.Сәйкестендіру перфокартасымен жұмыс.
3.Балалар,осы өлеңі арқылы ақын бізге нені айтқысы келді?Біз нені түсіндік?
VII. Сөз соңында айтарымыз,ақынның айтайын деген ойы табиғатты қорғау,жан-жануарларды аялау екен.Осыған байланысты қазақ халқының әнші-күйшілерінің шығармасы да жетерлік.Құрманғазының”Ақсақ киік” күйі, Жақсыкелді Сейілов ағамыздың "Жез киік” әні,С.Сейфуллиннің сөзі мен қоса әні де айтылатын "Ақсақ киік”әнінің барлығында жазықсыз жануарға деген аяныш сезімі айқын байқалады.Бүгінде жаңа әннің қатарын "Ақбөкен”өлеңімен толықтырған.
Сөзі: Несіпбек Айтовтікі Әні: Жалғас Назаровтың өлеңімен аяқтаймыз.
Дертімді менің қозғама
Онсыз да ғұмыр аз ғана,
Айталмай кеткен сырың бар
Жадырап тұрған жазға да.
Адасып жүрген ақбөкен!
Қай жаққа ауып барасың
Қай жақтан пана табасың
Өзегі өксік дүние-ай
Өртеніп, күйіп - жанасың!
Асарсың шаршап сан қырдан,
Ақ боран шығар алдыңнан
Қорғансыз болып тұрған соң
Жақсылық күтпе тағдырдан.
Шексіз ғой мынау қара жер,
Өзіңді өзің пана көр
Ажалдан қашқан тіршілік,
Сағымдай заулап аға бер.
VIII .Үйге тапсырма
1.”Ақсақ киік''өлеңін мәнерлеп оқу,үзінді жаттау.
2.”Біз - табиғат сақшысымыз” ой толғау жазу.
3.Оқиға желісіне байланысты сурет салу.
Оқушы білімін бағалау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "С.Сейфуллин "Ақсақ киік өлеңі".5 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель научной организации

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 116 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.02.2016 852
    • DOCX 983.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кобланова Айтгул Назарбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кобланова Айтгул Назарбаевна
    Кобланова Айтгул Назарбаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11203
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

История педагогических идей: основатели и теоретики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвижение экспертной деятельности: от личного сайта до личного помощника

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе