Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Логопедия / Конспекты / С-Ш дыбыстарын буында,сөзде,сөйлемде ажырату.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Логопедия

С-Ш дыбыстарын буында,сөзде,сөйлемде ажырату.

библиотека
материалов



Хамза Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің логопеді Денизбаева Алма Едресовна

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Сарыөмір ауылы

Тақырыбы: Түстер әлеміне саяхат Логопедиялық сабақтың тақырыбы: С-Ш дыбыстарын буында,сөзде,сөйлемде ажырату. Сабақтың мақсаты: Түстер тақырыбын меңгерте отырып,С-Ш дыбыстарын буында,сөзде,сөйлемде бір-бірінен ажыратып,анық айтуға үйрету,сөздік қорын дамыту Сабақтың міндеттері: 1. С-Ш дыбыстарын буында,сөзде,сөйлемде ажырату. 2.Балалардың ұсақ қол моторикасын,тыныс алуын,сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалысын дамыту. 3.Фонематикалық естуін арттыру. 4.Ойлау қабілеттерін жетілдіру. 5.Байланыстырып сөйлеуін дамыту. 6.Қосымшаларды дұрыс қолдануға үйрету. 7.Түстерді ажыратып үйрету. Көрнекілігі:айна,артикуляциялық жаттығулардың суреті,С-Ш дыбыстары бар суреттер,табиғат суреті,Дымбілмес пен Мыстан кемпірдің суреттері Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. Сәлемдесу (балалар хормен) Сәлемдесейік иіліп, Жылы жүзбен жымиып. Қызығы мол сабақта Ойнайық та күлейік. ІІ. Негізгі бөлім 1.Ұсақ қол моторикасын дамыту. «Саусақтар сәлемдеседі» Орындалу тәсілі: Бас бармаққа қалған саусақтарды сәлемдестіріп,түйістіру.Екі қолдың саусақтарына орындау «Жұдырық,тақтай,алақан» Орындалу тәсілі: Алақандарды алдымен жұдырыққа түйіп,одан соң тігінен ұстап,сосын алақанды үстел үстіне қою.Осы қимылдарды кездестіре,тез орындау. 2. Артикуляциялық жаттығулар орындау. «Күрекше» Жаттығудың дұрыс орындалу тәсілі: жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып,төменгі ерінге салып,10-15 секунд ұстап тұру керек. «Алтыбақан» Жаттығудың дұрыс орындалу тәсілі:тілді жіңішкертіп,кезекпен мұрынға,иекке қарай созу,бірақ ауызды ашып ұстап тұру керек.Бір қалыпта тілді оңға дейін санап тілді қозғалту қажет. «Ат шауып келеді» Жаттығуды дұрыс орындау тәсілі: ауызды кең ашып,тілді таңдайға жабыстырып,баяу,жылдам қағу керек.Тіл асты желбезегін созу.Осы жаттығуды бір-ден беске-оңға дейін қайталау қажет. «Кесе» Жаттығуды дұрыс орындау тәсілі:ауыз кең ашық,жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп,бірақ тіл тіске тимеуі керек,10-15 секунд ұстап тұру керек. «Сылақшы» Жаттығуды дұрыс орындау тәсілі: ауыз кең ашық,тілдің ұшымен қатты таңдайды сылау.Бағытын өзгерте отырып,10-15 рет қайталау. 3.Тыныс алу жаттығуларын орындау. «Көбелекті гүлге қондыр» ойыны. Жіптің бір жағына көбелек, бір жағына гүл байланады.Бала көбелекті гүлге қондырғанша мұрынмен дем алып,ауызбен үрлейді. ІІІ. Жаңа сабақ -Балалар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Түстер әлеміне саяхат» деп аталады. Ендеше,балалар қандай түстерді білеміз? -Балалар,жарайсыңдар.Түстер адамға сән береді,айналаны құбылтады.Егер түстер болмаса барлығы көңілсіз болар еді.Сондықтан түстер бізге қажет екен. Бірақ,балалар,мына суретке қарайықшы.Бұл суретте не бейнеленген? –Дұрыс айтасыңдар.Табиғаттың және Дымбілмес дейтін баланың жылап тұрғанын көріп тұрмыз. Ол неге жылап тұрғанын білеміз бе? –Өйткені, балалар, мыстан кемпір кемпірқосақтың түстерін ұрлап алған екен. Сол себепті табиғатта мұңайып отыр.Ал Дымбілмес оларға қалай көмектесу керек екенін білмейді.Себебі мыстан кемпір түстерді оның тапсырмаларын орындаса ғана береді екен. Сендерден көмек сұрап отыр. Түстерді тауып, кемпірқосақты бояп көрейік. Қанекей, көмектесеміз бе, балалар? –Ендеше,бастаймыз. –Түстердің түрін атап өттік,еді сол әрбір түсте бір тапсырма бар.Кім түстердің тапсырмасын жақсы орындаса сол кемпірқосақты бояйды. 1-тапсырма. Қызыл түс. С-Ш дыбыстарын ажырату. С-Ш дыбыстарының айтылуын еске түсіреміз.С дыбысын қалай айтамыз? С дыбысын айтқанда еріндер жымияды.Тістердің арасы сәл ашық.Тілдің ұшы төмегі тістерге тіреледі,салқын ауа пайда болады.Ш дыбысын айтқанда еріндер түтікшеге ұқсайды.Тілдің ұшы жоғарғы тістерге тіреледі,жылы ауа пайда болады. Тілді төмен са-са-са-би билейді жараса! Тілді жоғары ша-ша-ша-біздің шана тамаша! 2-тапсырма. Көк түс. «Кім зейінді?» ойыны. Әр түрлі буындардың ішінен С мен Ш дыбыстарын естігенде жалаушаны көтеріп,буынды қайталайсыңдар. Са, се, па, му, қа, ша, су, ма, ле, ше, ба, ме, шу, лу 3-тапсырма. Сары түс. Логопед: Кім жақсы естиді екен? Мен С мен Ш дыбыстарына сөздер айтамын. Сендер сол дыбыстардың сөздің басында, ортасында, аяғында кездесуін қолдарыңдағы сандар бойынша көрсетіп анықтайсыңдар. Мысалы: сана,сағат, Асан, асық, шана, қуыршақ, шалбар, ағаш, шаңырақ, шар, машина. 4-тапсырма. Жасыл түс. Дидактикалық ойын: «Қай баған?» (сурет бойынша «с» дыбысынан басталған сөздерді «с» бағанына, ал «ш» дыбысынан басталған сөздерді «ш» бағанына орналастыру қажет)






5-тапсырма. Қызғылт-сары түс С-Ш дыбыстарын сөздерде ажырату.

шаңсорғыш

аласа

іш

көш

піш

көсе

қасық

қасу

қайшы

қаш

тыныш

өсір

кесе

қараса

орташа

сыпырғыш

алаша

іс

көс

піс

көше

қашық

қашу

қайсы

қас

тыныс

өшір

кеше

қараша

ортасы



6-тапсырма. Алқызыл түс «Бұл қалай өзгереді?» ойыны. Логопед балаларға түбір сөздер айтады, балалар түбірге тиісті жұрнақ жалғау арқылы жаңа сөз жасайды. –шы немесе –сы

Мал...... бала........ Сауын....... ана....... оқу........ аула........

7-тапсырма.Күлгін түс «Мен бастаймын,сен аяқта» ойыны. Логопед: Мен сөйлемді бастаймын,сендер суреттен көргендерің бойынша сөйлемді аяқтайсыңдар. 1.Шора мен Самал (шанамен ойнады). 2.Пештің қасында сары (мысық отыр). 3.Саягүл сары(сиырды сауды). ІV Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық, Дөңгелекті құрайық. Қолымызбен шапалақтап, Алақанды ұрайық. Бір отырып,бір тұрып, Сауық-сайран құрайық. Бас,иық тізе саусақ, Аяқ,аяқ,аяқтар, Саусақ,саусақ,саусақтар. Логопед: -Балалар жарайсыңдар! Барлық тапсырманы орындап, Дымбілмеске көмектестіңдер. Енді түстерді атап шығайықшы –Дұрыс айтасыңдар! Балалар, Дымбілмеске ертегі айтып берсек қайтеді. Ендеше, «Арыстан мен тышқан» ертегісін тыңдап,әңгімелейік және с-ш дыбыстарын барынша дұрыс айтайық. V. сабақты бекіту. С-Ш дыбыстарын мәтінде ажырату. «Арыстан мен тышқан»(ертегі) VI. Үй тапсырмасы.
С-Ш дыбыстарын әріппен таңбалап,бастырып келу.
VII. Бағалау. VIII. Қорытындылау.









Тақырыбы: Сөйлеу мен сөйлеу ырғағын бірыңғай дамыту Сабақ мақсаты:дұрыс тыныс алуын қалыптастыру.Сөйлеу ережелерін еске түсіре тырып,байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.Нүктелі массаж,аутогенді жаттығулар арқылы сөйлеу тілінің құрысуын жою.Ойлау,есте сатау қабілеттерін дамыту.Сөздік қорын молайту.Адамгершілікке,азға қанағат ете білуге тәрбиелеу. Сабақ түрі: жеке сабақ Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. –Қайрат,бүгінгі сабақта жақсы, анық, бірқалыпты анық сөйлеуі үшін, қане өз-өзінді айнаға қарап дайындашы. Мен сабырлымын. Тыныс алуым бір қалыпты,тепе-тең,терең. Қолдар бос,аяқтар да бос. Менің денем де бос,бір қалыпты. Беттің бұлшық еттері де бос. Мен әдемі, нақты,асықпай сөйлей аламын. Тыныс алу жаттығулары.(Стрельникова бойынша) «Насос»жаттығуы-аздап еңкею барысында мұрынмен қысқа және шулы демал. «Сегіздік» жаттығуы-терең дем алып,дем шығармай 8-ге дейін сана. «Өз-өзіңді құшақта» жаттығуы-өз кеудеңді өзің құшақтағандай болып,басыңды оңға,солға бұрып терең демал. Диафрагналды дұрыс жасау. С-с-с-са, Ш-ш-ш-ша 1-тапсырма.Сөздерді бір тыныста оқы. Жағажай жазық жалбыз Зақым заман зейнетақы Жалғыз жалшы жамау жанармай Зәулім замандас зауап Жеміс жеңіл жеңіс жетекші жетпіс Зембіл зерек зергер зерттеу Жұдырық жұлын жуа жұма жұлдыз жүз Зая залал зейін зиян зілзала 2-тапсырма. Сөзге екпінді дұрыс қойып,сәйкес суретпен сөз тіркесін құр.Көңілді күйді білдіріп оқы. Тамаша,жарайсың,әдемі,сұмдық,көктем. 3-тапсырма.
Сөйлемдердің соңына дұрыс тыныс белгісін қой.Мәтін қандай әңгімеден алынған. Бір адам он жасар баласын ертіп көшеде келе жатады Әкесі баласына -Бала анау жатқан не-дейді. –Ескі таға -Ала қойшы -Сынып қалған ескі тағаны алып не қылайын-деді бала. Әкесі үндемеді тағаны өзі иіліп алды да жүре берді Нүктелік массаж. -Қайрат,саған массаж жасаған ұнайды ма?Ендеше анық,асықпай сөйлеуіңе нүктелі массаж көп көмегін тигізеді.(Музыка ырғағымен нүктелі массаж жасалады)







4-тапсырма. «Әке мен бала»әңгімесін сериялы сурет бойынша ретімен қойып,әңгімелеу.













Аутогенді жаттығу. «Мен бақытты баламын» (Көзі жұмулы,музыка ырғағымен тыңдау) Қарашы,гүл бағында гүлдер қандай көп! Әсем,әдемі гүлдер жайқалып тұр! Гүлдерге қарап күн күлімдейді. Тыңдашы бақтағы сайраған құстың даусын. Сылдырлап аққан судың даусы естіледі. Бетіңе жел лебі еседі. Аңқыған гүлдердің хош иісі келіп тұр. -Қайрат,бұл бізге көктемнің де келіп қалғанын білдіреді. Қорытынды. -Бүгін біз не істедік? Қандай жаттығулар орындадық? -Саған сабақ ұнады ма? -Ендеше,Қайрат,сен бүгінгі сабақта қалай сөйледің екен,оны бүгінгі қонақтардан сұрашы. Қонақтардың пікірін тыңдау.


















































Такырыбы: дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру.

Мақсаты:білетін сөздердің дыбысталуына қарап,таныс емес сөздердің дыбысталуын білу.Берілген сөздерді,сөйлемдерді қабылдап,айыра білу.Сөздерді дұрыс дыбыстау арқылы дауыс ырғағымен айта білу.Ойындар арқылы ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.Есте сақтау қабілетін аоттыоу.Дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру.

1-оқушы:Арыстан Нұртілек.

Тақырып:I дыбысы.

Мақсаты: «і» дыбысын әр түрлі бағытта айтуға машықтандыру.Тақырып:«в-ф» дыбыстары.

Мақсаты: «в-ф» дыбыстарын әр түрлі бағытта ажырату.

2-оқушы-

Тақырып: «И» дыбысы.

Мақсаты: «и» дыбысын әр түрлі бағытта айтуға машықтандыру.

Тақырып: «Б» дыбысы.

Мақсаты: «б» дыбысын әр түрлі бағытта айтуға машықтандыру.

Көрнекіліктер: кестелер,суреттер,қима қағаздар, ойыншықтар.Жұмыс жеке ақ парақпен жүргізіледі .

САБАҚ БАРЫСЫ:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім:амандас

Мұғалім:{ПА-ПА-ПА},дыбыс бар ма?

Мұғалім:{Cен қалай естисің?}

Мұғалім:{бүгін аптаның қай күні?}

Мұғалім:{Қазір жылдың қай мезгілі?}

Мұғалім:{сен сабақта не істисің?}

2.Дыбыстармен жұмыс.

Мұғалім:қазір біз дыбыстармен жұмыс жасаймыз.Мынау қай дыбыстың пішіні? «і» дыбысы қалай айтылады?

-Буындарды, сөздерді дауыстап оқы. «і» дыбысын дұрыс айт.

Іл-ілгіш кіс-кісен ні-іні

Ін-інген міс-жеміс ші-кіші

Іс-іскер лік-елік кі-екі

Ір-ірімшік тік-етік ті-жеті

-Суреттерді ата.









































Тақырыбы: Ш дыбысын буын,сөз,сөйлем ішінде анық айтуға үйрету Сабақтың мақсаты: 1.Ш дыбысын буын,сөз,сөйлем ішінде анық айтуға үйрету.Ш дыбысының артикуляциялық позициясын көрсетуге үйрету.Зат есімді жекеше және көпше түрде айтуға жаттықтыру. 2.Ойлау,көру қабілеттерін,ұсақ моторикаларын дамыту.Фонематикалық естулерін дамыту.Үй жануарларын күтуге,қорғауға тәрбиелеу.Қамқорлық сезімдерін ояту,көмек көрсете білуге тәрбиелеу.Көрнекіліктер: ойыншықтар,әріптің таңбасы,кеспе қағаздар.Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі. «Шаттық шеңбері».-Армысың,күн ана! -Армысың,жер ана! –Сәлеметсіздер ме,қонақтар! –Сәлеметсіздер ме,достарым! –Сәлеметсіздер ме,апай!Сіздерді көрсем қуанам!Қайырлы таң! Қайырлы күн! Психологиялық сәт. – бүгінгі күнін сәтті болсын! 2.Жаңа сабақ.-Балалар,






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 06.04.2016
Раздел Логопедия
Подраздел Конспекты
Просмотров299
Номер материала ДБ-012607
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх