Инфоурок Другое Другие методич. материалыҰсталық тәжірибе, металды қолмен соғу

Ұсталық тәжірибе, металды қолмен соғу

Скачать материал

                                                                                                           БЕКІТЕМІН

«Қаракемер кәсіптік колледжі»

МКҚК Аға шебері   

      ______________Тукеева Ж.С.

                                                                               

 

Сабақ жоспары  № 31

 

        Күні-айы: 03.06.2016   Топ: ЭД-03    Курс:  I

Мамандығы: 1114000 – дәнекерлеу ісі 

Бөлімнің тақырыбы: Күрделі емес түйіндерді дәнекерлеу

Сабақтың тақырыбы: Дәнекерлеу алдында ұстату тәсілдерімен таныстыру

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Студенттерге дәнекерлеу алдында бөлшектерді ұстату процесін көрсету.

Дамытушылық: Студенттердің бойында құрал- саймандарды  күтіп ұстау, материалдар мен шикізатарды үнемді пайдалану еңбек қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға деген ынтасын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікпен жұмыс жасауға, және ұқыпты тиімді жұмыс  жасауға тәрбиелеу, қазіргі заман талабына сай маман аталуына ұмтылдыру.

Сабақтың типі: еңбек тәсілдері мен әдістерін үйрету                                 Сабақтың әдістері: ауызша түсіндіру (әңгімелесу, түсіндіру, дәріс оқу, оқулықпен жұмыс жасау), көрнекілік әдістер (бақылау тәжірбиелерді көрсету), еңбек  әдістері мен тәсілдерін көрсету, тәжірбиелік әдістер (жаттығулар орындау, тәжірибелік және өндірістік  жұмыстарды орындау)                                                     Материалды-техникалық жабдықтар мен дидактикалық материалдар: металл пластиналар, слесарлық құрал-саймандар, арнайы киім, қолғап, маска, көзілдірік, шлак соғатын балға, темір щетка, темір сызғыш, техникалық нұсқау картасы, карточкалар, көрнекі құралдар, арматуралар, бояулар, қажетті металл материалдар, плоскогупцы, дәнекерлеу аппараты, электрод, электродұстағыш, т.б.                                                                                             

 Өткізілетін орны: электр газымен дәнекерлеуші шеберханасы

 

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: (1-3 мин)

1.1. Сәлемдесу;

1.2. Білім алушыларды түгендеу;

1.3.Білім алушылардың оқу құрал - жабдықтарын тексеру.

2.Кіріспе нұсқау: (45 мин)

2.1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру;

2.2. Білім алушылардың теориялық сабақтарда алған  және өндірістік оқыту сабақтарында алған білімін тексеру;

1.Жинақтаушының жұмыс орны дегеніміз?

2.Металл бөлшектерді құрастырудың қанша түрі бар?       

3.Дәнекерлеу алдында металл бөлшектерді жинауға қойылатын талаптар?

2.3. Білім алушыларға сабақта жасалатын жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру, сонымен қатар орындалған  жұмыстың сапасын бақылау әдістерін үйрету;

Дәнекерлеу алдында ұстату тәсілдерімен таныстыру

Пісіру қосылыстары - бұйым жиектерін балқыту немесе қысым түсірілу арқылы оның атомдары арасында химиялық байланыс орнатыла отырып алынған ажырамайтын біріктіру болып табылады.

Пісіру қосылыстарын алу үшін біріктірілетін жерге көп мөлшерде жылу шоғырландырылатын болғандықтан, бүл жерде күрделі физикалық және химиялық процестер жүреді.

Физикалық процестер кезінде заттың физикалық қасиеттері өзгергенмен, оның ең кіші қарапайым бөлшектері өз құрылысын өзгертпейді.

Жалпы физикапық процестерге заттың қызуы, оның балқуы және кристалдануы, жылудың таралуы, бұйымның деформациялануы жатады.

Химиялық процес кезінде заттың ең кіші қарапайым бөлшектері өзгеріске түседі де, зат басқаша физикалық және химиялық қасиеттерге ие болады.

Ал химиялық процестерге балқыған металдың газдармен, электрод қаптамасымен және флюстермен өзара химиялық реакцияға түсіп байланыс түзуін жатқызады. Кейде, бұл процесті металлургиялық процесс деп те атайды.

Пісіру кезіндегі физикалық және химиялық процестер бір мезгілде және бір кеңістікте байланыста болатындықтан, біз енді оларды біріктіріп физика-химиялық процестер деп атаймыз.

Физика-химиялық процестердің әсерімен, пісіру кезінде пісіру қосылысының құрылымы түзіледі. Мысалы, төмендегі 15-суретте көрсетілгендей пісіру қосылысы: пісіру тігісінен (1), яғни пісіру ваннасындағы кристалданған ме- талдан; еру немесе ілінісу аймағынан (2) яғни жартылай еріген металл түйірлері орналасқан тігіспен негізгі металдың шекарасы; жылудың әсер ету аймағы (3) яғни қызудың әсерінен құрылысы мен қасиеті өзгерген аймақтан және құрылысы өзгеріске түспеген негізгі металдан (4) тұрады.

 

15-сурет. Пісіру бірікпесінің құрылысы.

1 - пісіру тігісі; 2 - ілінісу аймағы;

3 - жылудың әсер ету аймағы;

4 - негізгі металл

Пісіру бірікпелерін төмендегі көрсеткіштер бойынша жіктеуге болады.

Пісіру жұмысы кезінде металл жиектері балқиды да ортақ пісіру ваннасы пайда болады. Электрод алға жылжыған сайын жәңағы пісіру ваннасындағы металл салқындап қатаяды яғни кристалданады, сөйтіп пісіру бірікпесін түзейді. Сол түзілген бірікпенің бір учаскесін пісіру тігісі деп атайды. Кейде, пісіру ваннасына сырттан балқитын металл кіргізеді, осы металды толықтырғыш материал деп атайды. Толықтырғыш материал сым немесе шыбық түрінде болады.

Пісіру режимдерін таңдау

1. Сапалы тігіс пен берік бірікпелер алу үшін алдымен сол бұйым конструкциясы мен материалына сәйкес пісіру режимін таңдап алу керек.

Таңдап алынған пісіру режимі сапалы тігіспен қатар, жүмсалатын материалдың, электр энергиясының және еңбек шығынының аз болуын қамтамасыз етуі керек.

Пісіру режимі - пісіру жұмысына оң жағдай жасайтын көптеген бақылаушы көрсеткіштердің жиынтығы.

Пісіру режимінің көрсеткіштері негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді.

Қосымша пісіру режимінің көрсеткішетеріне электрод пен бұйымның пісіру үстіндегі орналасуы, электродтың жұмысшы ұзындығының шамасы және т.б. жатады.

2. Жалпы, пісіру режимінің негізгі көрсеткіштері ретінде пісіру тогының шамасы мен электрод диаметрін таңдайды.

Ал қалған көрсеткіштерді электрод маркасына, тігістің кеңістікте орналасуына, пісіру жабдығына және т.б. жағдайларға сәйкес қабылдайды.

Электрод диаметрін металдың қалыңдығына, тігіс катетінің шамасына және тігістің орналасу жағдайына байланысты таңдайды.

Мысалы, түйістіру тігістерін орындауда жобамен төмендегідей есептеп электрод диаметрін таңдауға болады.

Металл қалындығы, мм; . . . 1...2    3...5   4...10   12...24      30...60.

Электрод диаметрі,  мм; . . . 2...3     3...4   4...5     5...6          6...8.

Пісіру өндірісіндегі негізгі операциялардың жіктелуі

Жалпы, материалдарды пісіру - ажырамайтын біріктірулер алу үшін біріктірілетін жерлерді балқыту немесе күшпен әсер ету арқылы материал бөлшектерінің арасында атомаралық байланыстар орнату процесі. Бір сөзбен айтқанда, пісірілетін материал атомдарының арасын мейлінше жақындату арқылы олардың арасында берік байланыс орнату керек. Осы пісіру жұмысын атқару үшін көптеген жумыстар атқарылады.

Ал жалпы пісіру өндірісі - дайын өнім шығару үшін орындалатын неше түрлі технологиялықтәсілдерді және әр түрлі құрал-жабдықтарды керек ететін көптеген процестердің жиынтыгы.

Пісіру өндірісі негізінен алты операциялардан тұрады:

1.      Бұйым элементтерін пісіруге дайындау.

2.      Құрастыру.

3.      Пісіру жұмыстары.

4.      Пісірілген жерді тазалау.

5.      Қосымша жұмыстар.

6.      Бақылау жұмыстары.

1.      Дайындау операциясы, төмендегі жұмыстарды қамтиды: бұйым элементтерін таттан, майдан, кірден, кедір-бұдырдан тазалау, пісірілетін жиектерді түзеу және тегістеу, қиып тесу. Сонымен бірге, бұйым элементтерін өлшеп- пішу жұмыстарын да қамтиды. Бұл жұмыстарды орындау үшін әр түрл станоктарды пайдаланады.

2.      Құрастыру операциясы: біріктірілетін бұйым элементтерін бір-бірімен дәл келтіріп арнаулы қосымша құралдардың көмегімен бекіту жұмыстарын қамтиды.

3.      Пісіру операциясы: бұйымды пісі- ру столына бекітіп, электродбекіткі түсетін тігіс басына салу, тігіс бойымен бағыттау, бұйымды қозғалту, сонымен бірге пісірушінің де қимьтын қамтиды.

4.      Пісірілетін жерді тазалау операциясы: тігісті тазалау, металл тамшыларын алып тастау, тегістеу, жылумен және механикалық әдіспен өңдеу, бояу және бұйымды арнаулы жәшіктерге салу жұмыстарын қамтиды.

5.      Қосымша жұмыстар: пісіру жұмыстарына керекті құрал-жабдықтарды қабылдау және тапсыру, электродты дайындау, пісіру сымдарын қабылдау және арнаулы құрылымға орау, пісіру жабдықтарын ретке келтіру.. тағы да басқа керекті заттарды тасу көтеру, жөнелту сияқты жұмыстарды қамтиды.

6.      Бақылау жұмыстары: пісіруге керекті материлдардың дұрыстығын тексеруден басталып, ең соңғы пісіріліг дайын болған бұйымды тұтынушыға тапсырғанға дейінгі атқарылатын ба- бірікпелердің беріктігі мен тігіс сапасын қылау жұмыстарын сонымен қатар, тексеру сияқты процестерді қамтиды.

Бұйымды газбен пісіруге дайындау

Пісіру жұмысы басталмай бұрын пісірілетін жиектерді тігіс сызығынан екі жағына қарай 20...40 мм ендікпен металл щеткамен таттан, сырдан және т.б. кірден әбден жылтырағанша тазарту керек. Кейде майды, химиялық сұйықтарды және сырларды кетіру үшін жалынмен қыздырады, бірақ соңынан металл щеткамен тазартады. Бұл жұмыс үшін кейде егеу, наждак шар қайрақтарды қолданады.

Жауапты бұйымдарды тазалау үшін құм атқылағыш механикаландырылған тазалағыш құралдармен бірге, арнаулы химиялық сұйықтарды да қолданады.

Бөлшектердің жиектерін дұрыс дайындап, оларды дәл құрастыру, сапалы тігіс пен берік бірікпе алудың кепілі болып табылады.

Жиектерді толықтай пісіру үшін олардың дұрыс жымдасуын қамтамасыз ету керек. Ол үшін жиектерді қалыңдығына байланысты қиып, тегістеп және оларды дұрыс құрастыру керек.

Пісірер алдында, жиектер арасындағы саңылау бұзылмас үшін бұйым элементтерін ұстату тігістерімен бекітеді.

Ұстату тігістерінің ұзындығы мен олардың арақашықтығы металл қалыңдығына байланысты таңдалады. Мысалы, жұқа жалпақ болаттардың жиектерін бекіту және қысқа тігістерді орындау үшін ұстату тігісінің ұзындығы 5 мм-ге, ал арасы шамамен 50...100 мм, ал қалың жалпақ болаттар және үзік тігістерді орындау үшін ұстату тігісін ұзындығы 20...30 мм, ал оларға арасы 300...500 мм болғаны жөн.

Кейде, өндірісте түйістіру тігістерін орындау кезінде жиектерді ұстау тігістерімен бекітпейді. Тек жиектердің бір ұшында аз ғана бұрыш қалдырып екінші ұштарын түйістіреді, сөйтіп осы жиектерді түйіскен нүктеден бастап пісіреді. Тігіс түскен сайын жиек металының балқып «отыруынан» (усадка) олар бір-біріне тартылып отырады.  Сөйтіп, жиектер арасындағы саңылау үнемі тұрақты болып қала береді.

2.4. Білім алушының өндірістік оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап көруі;

2.5.Көбінше жіберілетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын анықтау;

2.6. Кіріспе нұсқаулық материалдарын бекіту және білім алушылардың жаңа тақырып бойынша білім деңгейлерін тексеру;

1. пісірілетін жиектерді тігіс сызығынан екі жағына қарай қанша мм ендікпен металл щеткамен таттан, сырдан және т.б. кірден әбден жылтырағанша тазарту керек?

2. Пісірер алдында, жиектер арасындағы саңылау бұзылмас үшін бұйым элементтерін қалай біріктіреді?

2.7. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін қарастыру немесе қайталау;

2.8. Білім алушыларға тапсырма беру және оларды жұмыс орындарына орналастыру;

3.Білім алушылардың оқу-өндірістік жұмыстарына ағымдағы нұсқау жүргізу (4сағат)

3.1. Білім алушылардың өзіндік оқу-өндірістік жұмыстары:

1. Жұмыс орнын ұйымдастыру

2. Техника қауіпсіздік ережелерімен танысу

3. Элекродты дұрыс орнату және жандыру

4. Металл пластиналарды алдын-ала өңдеу

5. Бұйымдарды бір-бірімен ұстату тәсілдерін орындау  

3.2. Ағымдағы нұсқау (арнайы аралаулар арқылы):

     - жұмыс орнының ұйымдастырылуын және жағдайын тексеру;

     - арнайы киімнің, қолғап, масканың бар екендігін ескеру;

     - металды тазалап, дайындау;

     - бұйым бөлшектерін өлшеу, кесу, тазалау;

     - ұстату арқылы бөлшектерді біріктіру және тігіс жүргізу;

     - пісіру, дәнекерлеу жұмыстарының орындалу дұрыстығын тексеру;

     - дайындаманың, электродтың дұрыс ұстау әдістерін бақылау;

     - еңбек тәсілдерін орындау дұрыстығын және техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеру;

     -  технологиялық жұмыстарды орындау ретінің дұрыстығын тексеру;

     -  жұмыстарды қабылдау.

4. Қорытынды нұсқау (15 мин):

4.1. Сабақты қорытындылау;

4.2.Жіберілген қателерді талдау;

4.3.Білім алушылардың жұмысын бағалау және оны түсіндіру;

4.4. Үй тапсырмасы:

«Дәнекерлеу алдында ұстату тәсілдерімен танысу» тақырыбы бойынша дайындалу. 

5.Жұмыс орнын жинастыру.

 

Ө/о шебері:       _______________     Тебірекұлы Ә.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұсталық тәжірибе, металды қолмен соғу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 812 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.06.2016 1985
    • DOCX 71.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тулегенова Кунсая Нарзбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тулегенова Кунсая Нарзбаевна
    Тулегенова Кунсая Нарзбаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 63016
    • Всего материалов: 24

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Управление персоналом и коммуникация в команде

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов

Мини-курс

Эффективные стратегии продаж: воронка, агрегаторы и мессенджеры

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эволюция классической музыки до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе