Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Рабочие программы / "Құстар класы" (8 сынып)

"Құстар класы" (8 сынып)

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:



Шайыр орта мектебі

















Тақырыбы: Құстар класы.















Өткізген: биология пәнінің мұғалімі

Сүйесін К







Шайыр 2016ж



Сабақтың тақырыбы: Құстар класы. Кластың жалпы сипаттамасы.
Білімділік: Құстар класының дене құрылысы, тіршілік әрекеті мен сыртқы және ішкі

құрылысы туралы біледі.

Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен ізденуге,пәнге қызығушылығын арттыру,

логикалық ойлау қабілетін, ой- өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Құстарды қорғауға, табиғатты аялауға үйрету, экологиялық тәрбие қалыптасады..


Көрнекіліктер:Интерактивті тақта, слайдтар, стикерлер, маркер, бағалау парағы.Құстың кепкен макеті, суреттер, қаңқа сызбанұсқасы , құс қаңқасы, даяр ылғалды препарат (ішкі құрылысынан), үй құсының қауырсыны

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, талқылау, практикалық жұмыс

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: Ынтымақтастық атмосферасын, оқушылармен амандасу, қатысты түгендеу. Оқушыларды топқа бөлу ,құс суреттері арқылы топқа бөлу, топ басшысын сайлайды (кімнің орындық арқасында стикер бар сол топ басшы болады), бағалау бетшесі таратылады (әр жауап берген оқушыға стикер бетшесі беріліп отырады.)

Үй тапсырмасын тексеру (7-мин):

1-тапсырма: Әр топқа үй жұмысын қайталау үшін таратпа материалдар берілді
1-топ:
1. Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым.
а) зоология
ә) герпетология
б) биология
2. Жорғалаушылардың жүрегі неше қуысты?
а) 3
ә) 4
б) 2
3.
Жорғалаушылар не арқылы тыныс алады?
а) бүйрек
ә) жүрек
б) өкпе
4. Жорғалаушылардың терісі қандай?
а) Тегіс, безді
ә) ірі қабыршақты
б) мүйізді қабыршақты
5. Жорғалаушылар қалай көбейеді?
а) жұмыртқа
ә) уылдырық
б) тірілей
2 – топ
: серпіліс сұрақтары
1. Жорғалаушылардың қаңқасының құрылысы қандай?
2. Жорғалаушылар қалай тыныс алады?
3. Терісінің құрылысы қандай?
4. Ас қорыту мүшелері.
5. Зәр шығаруы қалай жүреді?
6. Қан айналым мүшесі.
7. Қандай отрядтары бар?
3 –топ биологиялық диктанат
1. Жорғалаушылардың терісі..........
2. Терісі үнемі өсу кезінде...........
3. Жүрегі жартылай..........
4. Жорғалаушылардың сезім мүшесі.........
5. Дара жынысты..........ұрықтанады.
6. Жұмыртқа салады және............ туады.

4-топ: Биологиялық диктант:

  1. Жорғалаушылардың қаңқасы ........ бөлімнен тұрады:.. , олардың қаңқасындаалғаш ... .... пайда болған. Терісінің сырты .... ....., ...., .... қапталған. Жорғалаушылар .... ғана тыныс алады. Өкпесі көптеген кіші .... тұрады. Жорғалаушылпардың сезім мүшелер- ..............., Зәр ..... түзіледі.Түзілген зәр ...... ..... ... арқылы қуықта уақытша жиналады. Қуықтан ...... арқылы сыртқа шығады.

Үй тапсырмасын қорытындылап, бағалайды. Оқушылар тақырып бойынша білетін мәліметтерін ортаға салады,бірінің жауабын бірі толықтырады, бір-бірін бағалайды.
Қызығушылықты ояту (2-мин): Слайдтан құстардың дыбысын тыңдату . Қандай жануар екенін ажырату.

Жаңа сабақ тақырыбын ашу(2-мин):Жауаптар тыңдалады, құстардың даусын ажыратса қандай құс екенін айтып кетеді. Олай болса, сабағымыз құстармен байланысты өтеді. Сабақ мақсатымен танысайық, назарларыңызды слайдқа аударамыз.(Сабақтың мақсаты анықтады. Оқушылардың базалық білімдерін жаңғырту және құстар туралы білімдерін анықтау мақсатында сұрақтар қойылады, сыныппен диалог жүргізіледі.)
1. Басқа омыртқалы жануарлардың құстардың қандай ерекшеліктері бар?
2. Құстардың қандай түрлерін білесіздер?
3. Құстардың барлығы ұша алады ма?
4. Құстардың жорғалаушыларға ұқсас қандай қасиеттерін білесіздер? Сұрақтарға жауап берді. (Диалог-Зерттеушілік әңгіме .Мұғалімнің сұрақты қайта бағыттап, немесе түрткі сұрақтар арқылы жауапты нақтылауға ұмтылуы)

Мағынаны тану (20-мин): Оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасау беріледі, әр топ берілген, таратпадағы сұрақтарға жауап іздейді, талқылайды. (ЖИГСО страт.)
Сұрақтар:
1. Құстардың сыртқы құрылысы
2. Құстарға тіршілік ортасы

3. Тыныс алуы.
4. Қан айналым жүйесі.

5. Зәр шығаруы.
6. Ас қорыту жүйесі

7.Құстардың қаңқасы

8.Жүйке жүйесі. Бұлшықеті

Сергіту сәті:

Бас миы мен қанмен жабдықтауды жақсарту жаттығулары (құстың тек басты шалт бұру қимыл әрекетін енгізу):

Алақандар тізе үстінде, кеудені керіп, иықты жауырын қалақтарын бір-біріне тигізе , орындық арқалығына тіреле тік отыру.

1-тыныс аала оңға шалт бұрылу.2,3,4- баяу тыныс шығара қалпына келу.5-тыныс ала солға шалт бұрылу, 6,7,8- баяу тыныс шығара қалпына келу. Жаттығу 6-реттен қайталанады.

Ой толғаныс (8-мин):

9 зертханалық жұмысты орындау. Мұғалім жұмыстың мақсатын түсіндіреді. Құстардың сыртқы құрылысы. Қауырсынды жамылғысы және қауырсындарының әртүрлі типтері, құстардың қаңқасының құрылысын, ішкі құрылысын білу.

Құрал-жабдықтар:Құстың кепкен макеті, суреттер, қаңқа сызбанұсқасы , құс қаңқасы, даяр ылғалды препарат (ішкі құрылысынан), үй құсының қауырсыны

Топпен жұмыс жасады, зертханалық жұмыс дәптерін толтырады.

Қорытынды (3-мин) .Бекіту сұрақтарын қою. Жұмыс дәптеріндегі сұрақтарға жауап.Ортадағы қаламсап әдісімен алынған қорытындылайды. (Өзара бағалау)
Бағалау(2-мин):Стикер бетшесі саналады. Бағалау парағы мұғалімге тапсырылады.Мұғалімнің қорытынды бағасы айтылып, күнделіктеріне баға қойылады.

Кері рефлекция: «Бас бармақ»

Үй тапсырмасы: Құстар класы.

















































Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік: Отанын жерін, орманын, көлін - табиғатты сүюге, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу

Білімділігі: Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы құстардың пайдасы жайлы мағлұмат беру, барлық тыныс тіршіліктің бастауы, көктемнің ерекшелігін байқату, құстарды қорғау, қарсы алу, құстар өмірінің беймәлім тұстарын айту, жыл мезгілдерінің өзгеруіне сәйкес, тіршіліктің де әртүрлі болатынын дәлелдеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту, құстар өмірінің беймәлім тұстарын айту, жыл мезгілдерінің өзгеруіне сәйкес, тіршіліктің де әртүрлі болатынын дәлелдеу.
Тәрбиелік: Отанын жерін, орманын, көлін - табиғатты сүюге, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Құстардың суреті, қанатты сөздер
1 - жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!
Сәлем достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда
Шат - шадыман көктемің
Шаттық болсын қашанда
Бейне көктем жырлары
Сағынышпен жеткен
Құстардың әуенімен
Қуанта бер көктем - деп
“Құстар біздің досымыз” атты іс - шарамызға қош келдіңіздер. Мен баршаларыңызды көктем мерекесімен құттықтаймын. Бұл мереке табиғаттың қысқы ұйқыдан оятуын танытатын кішкентай ғана табиғаттың бір бөлігі, көктем жаршысы құс мерекесі. Жер бетінде 8600 - ге жуық құстар түрі бар. Десек, біздің елімізде 500 - дей түрі кездеседі екен. Ал жергілікті жерімізде қараторғай, сауысқан, көкек, қарғалар кездеседі. Жыл құстарын атайтын болсақ аққу, қарлығаш, үйрек, шағала сияқты көптеген құстарды білеміз. Біздің халық ежелден аң - құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы адамдарды құсқа теңегені белгілі. Мысалы саңылақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгіле ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, ел үшін, Отан үшін жанын қиятын батырларын қыранға, елден асқан сұлуын аққуға теңегені белгілі.
2 - жүргізуші:
Ән құрадым әніммен
Сән құрадым гүліммен
Қуантамын бәріңді
Құт - береке күнімен - дей отырып,
сіздерді көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстар - біздің досымыз» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз.

1 - жүргізуші:
Құстар тойын құттықтап,
Қуанамыз, қолдаймыз.
Ұя жасап ұқыптап,
Біз оларды қолдаймыз - деп назарларыңызға бейне - роликті ұсынамыз
2 - жүргізуші:
Құстар, құстар келеді
Жерді шуға бөледі
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді.- деп құрметті достар ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамыз:
1. Қарлығаш тобы
2. Көгершін тобы
3. Қараторғай тобы
1 - жүргізуші: Ал енді, үміткерлеріміздің білімін, жүйріктігін сарапқа салып, әділ шешімін беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар: ’

2 - жүргізуші
Бүгінгі сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:
1. Таныстыру
2. Эстафеталық ойын «Өз мекенін табу»
3. Жұмбақ сайысы
4. «Ойлан да ойна»
5. Адасқан әріптер
6. Топ басшылар сайысы
1 - жүргізуші:
Сәлем, елдің көктемі!
Әлем енді көктеді.
Құрметпенен бас идік
Құстарыңа көктегі - деп таныстыру кезеңіне кезек берейік

Қарлығаш тобы: Қарлығаш адамға саулық, жасылық тілеп жүретін және
қауіп қатерден қорғап жүреді. Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.
Қарлығашпын мен
Адамның тұрағымын
Мекен етіп тұрамын
Тазалаймын үй - ішін
Ел аузында мақтаулы
Тазалықшымын төселген - деген мақсатта біз Қарлығашты алып отырмыз.
Қараторғай тобы: Қараторғай - өзі кішкентай, өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады.
Қараторғайды әнге қосып, шырқаған.
Мен қараторғаймын
Шегірткедей жұртыңды
Қырғи болып қиямын
Егістікке жайылымға
Қорғаушы боп тұрамын
Жәндіктерді зиянды
Құртатұғын батырмын
Дайындайтын ұямды
Достарға келе жатырмын - деген мақсатта біз Қараторғай алып отырмыз.
Көгершін тобы: Көгершін — достықтың символы. Әділеттің, бейбітшіліктің құсы. Бақыт құсы, әлемді шарлап хат тасушы құс болған. Бірлікті, татулықты білдіретін құс.
Бейбітшілік құсы көгершін
Жер бетінде бейбіт еңбек, көгерсін
Аспан тұнық, шат көңілді болайық
Ақ ниетті, адал жандар көбейсін — деген мақсатта біз Көгершінді алып отырмыз.
1 - Жүргізуші: Таныстыру кезеңіне әділ қазы алқалары әділ бағаларыңызды берулеріңізді өтінеміз
1 - жүргізуші:
2 кезеңіміз эстафеталық ойын «өз мекенін табу» кезеңі бұл шартымызда әр топ мүшелермен құс суреттерінің тапсырмаларын бірге орындап, сол құстың мекенін тауып орналастыру.
Би: «Ча - ча» биі.

2 - Жүргізуші: Эстафеталық ойынның әділ бағаларыңызды берулеріңізді өтінеміз
1 - жүргізуші:
«Тапқыр болсаң, талас жоқ» дей отырып жұмбақтарымызды жасырамыз
Қарлығаш тобы
Туысы дейді кұстардың
Інісі дейді тышқанның
Тышқан да емес, құс та емес
Екеуінен де тыс қалдым (Жапалақ)
Қызығып әр адам
Ұстап алып даладан
Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс?
(үкі)
. Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт, қоңыз, аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам (Тоқылдақ)
Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай (Қарлығаш)
Жапырақ тәрізді жасыл,
Бірақ өсімдік емес.
Сөйлеуін сөйлейді,
Бірақ адам емес (Тоты)
. Он екі айдың біреуі
Сірә оның атында
Өзге ұяға із тастап
Мен деп жар сап жүреді (Көкек)
Сайрайды бір талмайды,
Әнші құс бұл таңдайлы.
(бұлбұл)
Қараторғай тобына
Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап

Қыста алысқа кетеді (Қараторғай)
Шелектеп құйсаң да су жұқпас (үйрек)
Мамығың бар, жүнің жоқ
Ішің майлы, мінің жоқ Құйрығында тыным жоқ (кұс)
Би болып өседі, татарша бөседі. (Қаз)
Келерде бір түйір,
Кетерде бір сүйір (қараторғай)
Басы қабақтай, көзі табақтай (Үкі)
Аяғы бар, аттап баспайды. (торғай)
Көгершін тобына
Қардан ақ, көмірден қара (сауысқан)
Құс, бірақ құс деуге болмайды,
Бұтақтарға қонбайды (кептер)
Таң қаласың өткенде,
Жебе болып кеткен бе?
Күзде ұшады түстікке,
Терістікке көктемде (тырна)
Көзі тұздай,
Тұмсығы мұздай.
Қызыл етік киіп ап,
Жүгіргені қыздай (көгершін)
1. Мәлім көпке,
Саспас текке,
Үйі - жерде,
Күйі - көкте (бозторғай)
2. Сұлулықты алмай - ақ беріпті,
Басынан да құйрық жағы көрікті (қырғауыл)
3. Ұшуы басқа, маңдайы қасқа (қасқалдақ)
Бн: «Қазақ биі»
2 - Жүргізуші: «Тапқыр болсаң, талас жоқ» кезеңінің бағасын берулеріңізді өтінеміз
1 - жүргізуші
«Ойлан да ойла» кезеңінде құстардың дыбысынан қай құс екенін табу
2 - Жүргізуші: «Ойлан да ойла» кезеңінің бағасын берулеріңізді өтінеміз
1 - жүргізуші:
«Адасқан әріптер» кезеңінде әріптерді өз орнына орналастыру арқылы құстың атын табу

2 - жүргізуші
Құстар, құстар сызылтып ән салады,
Сол әнімен тербетеді даланы.
Ал, адамдар күліп бастап өмірін,
Кетерінде жылай да алмай, жылай да алмай қалады - дей отырып
Ән: «Қос қарлығаш» әнін қабыл алыңыздар.
1 - Жүргізуші: Келесі сайысымыз «Адасқан әріптер» кезеңінің бағасын берулеріңізді өтінеміз
2 - жүргізуші: Сайысымыздың келесі кезеңі топ басшылар сайысы
Қарлығаш тобына қойылатын сұрақтар
1. Қандай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады?
2. Киелі құс
3. Қандай құстың құйрығы айыр?
4. Жыл құстары дегеніміз не?
5. Суды ұшып жүріп қалқып ішетін қүс?
Қараторғай тобына қойылатын сұрақтар
1. Құстар балапандарын қайда өсіреді?
2. Түнде ұшатын кұсты ата
3. Орман дәрігері
4. Адамдар үй салуды қай құстан үйренген?
5. Қасиетті құс
Көгершін тобына қойылатын сұрақтар
1. Сөйлейтін құс
2. Көгершін қандай құс?
3. Әнші құс
4. Өз атын өзі шақыратын құс?
5. Жемді ұшып жүріп аулайтын құс?
1 - Жүргізуші: Топ басшылар сайысы әділ бағасын кезеңінің бағасын берулеріңізді өтінеміз.
1 - жүргізуші:
О. Жеңістер мен жеңілістерден тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысуда бір жеңіс,
Сен ұғынатын дей келе әділ қазылар алқасына кезек берейік:
1 - жүргізуші:
Жастық шақтың біз гүлдерін тереміз,
Бір мектепте бірге оқып келеміз.
Дені сау болса 1 - 2 жыл өткен соң,
Ұстазға бір жақсы жеміс береміз
2 - жүргізуші:
Оянып бар табиғат ұйқысынан,
Жадырап құтылғандай құс қамынан.
Көктемді шуға бөлеп, әнге ораған,
Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан.
Қымбатты балалар көктемнің жаршысы, адамзаттың досы жыл құсын жақсы қарсы алайық, оларға қамқор болайық. Әр қашан аспанымыз ашық болсын деген ниетпен Ерғозы Дарханның орындауында «Ақ көгершін» әнімен аяқтауды жөн көрдік
1 - жүргізуші: «Құстар біздің досымыз» атты іс - шарамыз осымен аяқталды.
Қош сау болыңыздар!

Құстардыңқайтуы[1] - құстардыңжылдабіраумақтанекіншіаумаққажаппайқонысаударуы. Бұлқұбылыс — олардыңтарихижағдайдақалыптасқанбелгілібіринстинкткенегізделген, тұқымқуалайтынқасиеттерініңбірі. Құстардыңкайтуы — климаттыңмаусымдықөзгерістерінебейімделуге (қоректікнысандардыңжәнеашықсукөздерініңазаюы, т.б.) тікелейбайланысты.

Мазмұны

Миграция түрлері

  • Отырықшы құстар - біраймақтатіршілік етіп, көбейетін құстар.

  • Қоныс аударатын құстар - климаттың маусымдық өзгерістерге емес, қоректік қорға байланысты қоныс аударатын құстар.

  • Жыл құстары - күзде жылы аймақтарға жылыстап, көктемде бұрынғы мекендеріне қайта оралып отыратын құстар

Қоныс аударатын құстардың жылдық биологиялықциклы (көбею мерзімінің қысқа болуы, жылына 1 рет жұмыртқа салуы, түлеуі, өте қарқынды және ұзақ болмауы) жылдам өтетін процесс. Қысқа қарай құстар қоңыржай, суық аймақтарда тауданөзенаңғарларына көшіп, суықтан қорғанса, тропиктік аймақта ұя салған жерлерінен таудың биік бөктеріне көтеріліп, қуаңшылықтан сақтанады. Кейбір құстар өте алыс жерлерге ұшып кетеді. Мысалы, Сібірде ұялайтын құралай құсы қыс түсе Балтық жағалауынан Қазақстан және Орта Азия арқылы Үнді-Қытайға қоныс аударады. Ең алысқа қоныс аударатын — поляр қарқылдағы (30 мың км-дей). Ол Арктикада ұя салып, Антарктикада қыстайды. Құстардың кайтуы кезінде құстардың орташа ұшу жылдамдығы сағатына 30 — 50 км-дей (шымшық) 200 — 300 км-ге (торғайлар) жетеді. Күндіз құстар топтанып ұшады. Құстардың кайтуы барлық құстарға тән емес. Мысалы, сары шымшық, жорға торғай, т.б. — отырықшы құс, қарғаСібірде жыл құсы, Шығыс Еуропада отырықшы.[2]

Қазақстандағы қаз тәрізді құстардың маусымдық миграциясының негізгі жолдары

Шартты белгілер: Суда жүзетін құстардың негізгі ұшып өтетін жолдары

Құстар – біздің досымыз тәрбие сағаты

 

Тақырыбы:Құстар – біздің досымыз
Ма
қсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Әлем құстарымен таныстыру. Міне мынау көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кеткенін хабардар ету. Оқушылардыңқұстар туралы ой өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулу.
    К
өрнекіліктер: плакаттар, 
Барысы:
1.    
Ұйымдастыру
2.    Келген
қонақтармен танысу
3.    Т
әрбие сағатын ашу
4.    
Қорытындылау
М
ұғалім: 
    Бізді
ң халқымыз кең далада, табиғат құстары бай далада өскен. Бүгінгі «Құстар – біздің досымыз» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
1-с
әуір  десе , ойымызға Күлкі күні оралатыны анық. Сонымен бірге бұл күні әлем жұртшылығы Құстар күнін де атап өтеді.1906 жылдыңәуірінде құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенция қабылданған болатын.Қазір аталған құжатты әлем елдерінің барлығы дерлік қолдады.
        1-о
қушы:   Сәуір  келді,
Тірлікке жан кірді.
Ке
ң дала жасарып, жаңғырды,
Бар
өңір құлпыра бастады,
Т
өсіне құйып ап жаңбырды.
Тірлікке жан кірді к
өктем кеп,
Айнала, сай-сала к
өкпеңбек,
Ди
қанның арқасы босады.
Қытымыр қысымыз өтті деп.
2-о
қушы:  Жыл құстары келді деп,
Балдыр
ғандар мәз болды.
Қос қанаты желпілдеп,
К
өлге үйрек-қаз қонды.
3-о
қушы:  Қызыл тал, қызыл тал,
Қызыл талда бүршік бар,
Б
үршігін сол жарғаны,
К
өктем келіп қалғаны.
Ұшып келген ең алғаш,
Қараторғай қырағы.
Ұяларға қонақтап,
Дейді «мені
ң» тұрағым.

1-жүргізуші: Балалар, біздер жыл сайын көктем айында қанатты достарымыз құстар мерекесін тойлаймыз. Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті. Өлкеміз, өзен мен көлдеріміз, тау мен бақшаларымыз құстардыңқиқуына бөленді.
2-ж
үргізуші: Табиғатты құрайтын тіршіліктің бірі – құстар.Халық ежелден –аққұстарға әуес,оларға деген сүйіспеншілігі шексіз ,ең жақсы көретін адамныңқұсқа теңеу  арқылы ықыласын білдіріп отырады.
1-ж:
Қазақстанда қанаттылардың 481 түрі мекен етеді. Ал бүкіл жер шарында тоғыз мыңға жуық түрі бар. Әрқұстыңөз «кәсібі» бар. Біреулері ән айтса ,екіншілері –құрылысшы. Құстар сонымен бірге «дала дәрігері» деп те аталады екен. Құстардың келтіретін пайдасы көп екен.
2-ж: Ендеше қанатты достарымызды қарсы алайық.

1-оқушы:  Құстар тойын құттықтап,
         
                Қуанамыз, қолдаймыз.
                         
Ұя жасап құттықтап,
Біз оларды
қорғаймыз.
2-о
қушы:  Жылы шуағымен гүл өсіріп,
Жыл
құстарын ілестіріп,
К
өрікті көктем келді.
Самалына н
ұр есіп.
Сахна
ға вальс биін билеп «Көктем» шығады.
3-о
қушы:   Сағынышпен жеткен,
Қуана бер көктем.
Жайнап н
ұрлы гүлің,
Бас
қар құстар күнін.
К
өктем:  (Залға қарап бас иіп)
С
әлем, достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда.
Шат шадыман к
өктеммін,
Шатты
қ болсын әманда.
Ән құрадым үніммен,
С
ән құрадым гүліммен.
Қуантамын бәріңді,
Құт-береке күніммен.
(Сахна
ға құстыңұясын көтерген бір топ қыз шығады. Көктемге сәлем береді.)
 Хор:          С
әлем  елдің көктемі,
Әлем енді көктеді.
Құрметпенен бас идік,
Құстарыңа көктемгі.
К
өктем:   Рахмет, балалар,
Сендерде ой-сана бар.
Бау-ба
қшаның дұшпанын,
Бастырмады
құстарым.
Кербез
құстар  әні мен,
Келді міне с
әнімен.
      1-ж
үргізуші:  Халық « көкек келді-көктем келді » - дейді. Қадірі мен қасиеті онша емес, осы  бір құстың аты неліктен ең тамаша ай атына теңеу болады екен.
      2-ж
үргізуші:  Бұл кезде қар еріп, ағыл-тегіл бұлақтар ағады. Жер беті жасыл көрпе жамылып,көзге  ыстық , көңілге жарқын жауқазындар гүлдеп алқа тағады.Осы кезде көкек келеді .Не деген ғажап «кө-кек,кө- кек» деп ән салады.Сондықтан да «сәуір» айы «көкек» айы деп аталады.
      К
өкек: Жаршысы көктемнің
                    «К
өкек»  дейді мені жұрт
                     
Өз атын айтар құс менмін
                     К
өктемді күтсең мені күт
1-ж
үргізуші:Өз ұрпағына ұқыпсыз болса да көкек пайдалы құстың біріне саналады.Көкектің балапаны бір күнде 39 шегіртке,43 жұлдызқұрт,4 өрмекші және басқа және басқа жәндік тердің жұмыртқалары қорек етеді.
       К
өктем:  Елдің сәні ,көлдің сәні –аққуы,
                Келді ж
ұппен көптен күткен
Сахна
ға аққу маскасын киіп, ақ көйлек киген екі қыз шығады.
Бірінші а
ққу:   Құс сұлуы аққу мен,
                                      Таби
ғат көркін сыйлаған.
Мылты
ғын кезіп еш мерген,
Ату
ға көзін қимаған.
 Екінші а
ққу:  Сұлулыққа паш етіп,
  Жырла
ған талай ақындар.
  Н
әзік үнді көл көркі,
 
Құс патшасы атым бар.
    (сахна
ға бала шығады)
         Бала:  Армысы
ң көктем! Көліне аққу –қазы қонған қуаныш думаның
         
ұзағынан болсын !Мынау қайта оралған құстарына арнап «Аққу» биін    
          орындау
ға рұқсат ет.
         К
өктем:   Ән – биге қандай шек болсын! Қыздарымыз аққу биін    
          орындап  берсі
ң.
Би : «А
ққу» биі
 К
өктем: Құстарым,меніңқұстарым,ұнайды биік ұшқаның.Мерекелік шеруінді жалғастыра бер
үрлі құстардың бас киімін киген оқушылар бір – бірлеп шығып өздерін таныстырады)
Қарлығаш: Қарлығашпын
                      Мен адамны
ң тұрағын
                      Мекен етіп т
ұрамын.
                      Тазалаймын
үй –ішін
                      Санитармын т
өселген     
1-ж
үргізуші: Бірқарлығаш бүкіл жаз бойы 1 миллион  құрт жейді деп ғалымдар зерттеген:
Қараторғай: Мен қараторғаймын.
                        Шегірткеден ж
ұртыңды
                       
Қырғи болып қорғаймын.
                        Егістікке жайылым
ға
                       
Қорғаушы боп тұрамын.
                 
      Жәндіктерді зиянды
                       
Құртатұғын батырмын.
                        Дайындайтын  
ұямды
                        Достар
ға келе жатырмын.
2-ж
үргізуші: Пайдалы құстардың бірі – қараторғай.Бір топ қараторғай бүкіл балапандарымен  бірге 22 тонна шегірткені азық етеді.Қараторғай –орман қорғаушылары.
Тор
ғай: Мен торғаймын,торғаймын
                К
өк аспанда шарлаймын  
                Жерге бетер
қонбаймын
                Суы
қтан да тоңбаймын.
                 
Құрт –құмырсқа,шіркейден
 
               Бау-бақшаны қорғаймын.
      
1-ж
үргізуші: Үйіміздіңқасындағы кіп-кішкентай торғай бір жылда бір өзі ғана 4 миллионға жуық  зиянды құрттарды жейді. 
То
қылдақ: Құртты іздеп інінен 
                     
Қарағайды үңгіген.
                   
 Тоқылдаққұс дәрігер
                     
Қашанда ол әбігер
2-ж
үргізуші: Тоқылдақ – орман  құсы. Ол өз тұмсығымен ағаш қабығының астынан оңай табады. Бір тәулікте 200-ден астам зиянкестің көзін жояды.
К
өгершін: Бейбітшілік құсы  - менмін көгершін,
     
             Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін,
                   Аспан т
ұнық ,шат көңілді болайық,
                   А
қ ниетті адал жандар көбейсін. 
1-ж
үргізуші: Көгершін- дүниежүзінің көптеген халықтары үшін  бейбітшілік                       
       
                белгісі.      
2-ж
үргізуші: Міне , достар,өлкемізге көптен  күткен құстар да келіп жетті.
Олар к
өлдер менөзендерді ,шөл далалар мен қалың ормандарды, биік-биік тауларды басып ұшты.
О
қушы: Айтсақ-әніміз,
               Арда
қтасақ – сәніміз.
               К
өңілдің хошы,
              Таби
ғаттың досы,
              С
әлем сендерге ,қанаттылар!
О
қушы: Құс анасын атпаймыз,
               
Қыста жемдеп баптаймыз  
               Бауырмал боп б
әріңе,
               
Қорғау заңын сақтаймыз .
О
қушы: Ауылдың шығып алып қыр бетіне,
                Айма
қтың көз жіберші келбетіне.
                Сансыз
құс алуан ырғақ, алуан үнімен
                Сайрайды г
үлді көктем құрметіне.
1-Ж
үргізуші: Халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан-ақ түсініп,оны    
   
                      тұрмыс тіршілігіне арқау етіп қолдана да білген.
    1-Ж
үргізуші: Ел арасында ауа райын болжағанда ақбас тырнаның келу-
   
қайтуына қараған .Тырналар тым төмен ұшса,ұзамай күн суытады, ал 
    жо
ғары самғап бара жатса , күн ұзақ болады делінеді.Кеш қайтса ,қыс     
    жылы болады.
     О
қушы: Бозторғай ән салса,күн ашық болады.
     О
қушы: Торғай шаңға аунаса,жаңбыр жауады.
     О
қушы: Сары шымшық ысқырса, шынымен күз болады.
     О
қушы: Үйрек бір аяғымен тұрып басын қанатының астына тықса,аяз   
      болады. 
Ән: «Ақ көгершін»

Мұғалім: Құстар туралы біраз мағлұмат жинадық.Енді екінші бөлімімізді бастауға рұсат етіңіздер.
1-сайыс:С
ұрақ –жауап сайысы (Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай)
1. Адам
қай құсты аң аулауға пайдаланады?  (Бүркіт)
2.
Қандай құс хат тасушы атанған? (Көгершін)
3. Тор
ғайдың жүрегі минутына қанша рет соғады? (260)
4.
Құстың негізгі баспанасы? (Ұя)
5.
Қай құста мүлде ұя болмайды? (Көкек)
6.
Қазақстанда құстардың неше түрі бар? (481 түрі)
2-сайыс :Тіл –
өнер сайысы (Әр дұрыс жауапқа 20 ұпай )
1. Тал басында 
    Т
үндіксіз отау (ұя-гнездо)
2. К
өңілдің көркі сәні екен,
   
Ұшқанда сазды ән екен.
    Ай
қындар оны байқаған,
    Адамдар
қорғап сақтаған.
    Б
ұл қандай құс?
                          (А
ққу-лебедь)
 3. Ауылда,
қалада мекені,
     Жолаушы ж
үрсек шығарып салады.
     Алды
ңнан шығады,
     Жаны
ңды еркелетеді.     
                            (
Қарлығаш-ласточка) 
4. К
үндіз тіпті ұшпайды,
    Т
үнде тышұан ұстайды. (жапалақ–сова)
5.  А
қ сарайын талқандап,
    Шы
қты біреу талтандап.             (Балапан-цыпленок).
6.
Қонып алып жарға,  
   
Қарқылдайды     (қарға-варона)
3-сайыс: Ж
ұмбақтар әлемі сайысы (әр дұрыс жауапқа 20 ұпай) 
К
өктемде құстар қайтқанда,
Е
ң алдымен келетін.
Өзіміз күтіп алатын,
Ұя жасап беретін,
Б
ұл қандай құс, балалар?
                                      (
Қараторғай)
Ма
ң-маң басқан жүрісі,
Барлы
ққұстың ірісі.
Қашқанда құстай ұшпайды,
Қуғанын бірақұстайды.
                                     (Т
үйеқұс)
Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шы
қылықтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі ала,
Б
ұл қандай құс?
                                        (Сауыс
қан)
Дамылсыз барабан
қағады
Сол жерден тама
ғын табады
                                         (То
қылдақ)
Ұя салып ,балапан баспайды
Өз атын атап қақсайды
                             
          (Көкек) 
Ұшқанда тізіліп жұбын бөлмейді,
Қонса көл суы сирақтан келмейді
                                       (Тырна)
Сайыс же
ңімпаздарын анықтап,сыйлықтар беру.

Мұғалім: Міне, құрметті көрермендер осымен құстарға арналған                 
«
Құстар – біздің досымыз» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

Тақырыбы: Құстар біздің досымыз.
Мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, түрлері туралы түсінік беру. Құстарға қамқор болуға, жалпы табиғатты күтіп, аялауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: құстар туралы суреттер, плакаттар.
Жүргізуші: Құрметті оқушылар! «Құстар біздің досымыз» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Біздің елімізде көптеген құстар тіршілік етеді. Осы өзіміздің ауылымыздың аясында тіршілік ететін құстармен таныса отырып, олардың мекен ететін жері, қорек қылатын тамағы жайлы әңгімелесеміз. Құстардың өзі балалар, жабайы және үй құстары болып бөлінеді. Ал осы үй құстарына қандай құстар жатады:
Дастан: тауық, қаз, үйрек, әтеш, балапан, күрке тауық жатады. Олардың біз жұмыртқасын, етін жүнін пайдаланамыз.
Жүргізуші: Ал осы дала құстарына, яғни жабайы құстарға қандай құстар жатады:
Еркебұлан: жабайы құстарға қарға, торғай, қарлығаш, сауысқан, көкек, тоқылдақ тағы басқа да далада мекен ететін құстар жатады. Қарлығаш адамға дос, ол ұясын адамдарға жақын жерге тамдарға салады. Тоқылдақ орман, тоғайда мекен етеді. Ол ағаштарды құрт - құмырсқадан тазалайды.
Жүргізуші: Құстарға көмек ретінде ұя жасауға болады. Олар туралы қазақ халқында көптеген мақал - мәтелдер бар. Құстың ішіндегі бірі қыран құс бүркітті аң аулауға баптаған бабаларымыз. Аққу сымбатты, сұлу құс. Оны сүйіспеншілік құсы, махаббат құсы деп атаған. Сол құстарға арналған мақал - мәтелдерге кезек берейік:
Дана: Аққу құссыз - көл жетім,
Айтылмаған сөз жетім.

Ұлжан: Өлеңге енсе - сөз сұлу,
Аққу жүзсе - көл сұлу.

Кәусәр: Бұлбұлға бау жақсы,
Кекілікке тау жақсы.
Ер жігітке бәрінен,
Туып - өскен ел жақсы.

Оқушылар хормен: Құстар - біздің досымыз,
Шырқап әнге қосамыз.
Құстар - біздің досымыз,
Көктем сайын тосамыз.

Таңшолпан: Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанаты желкілдеп,
Көлге үйрек - қаз қонды.

Данияр: Құстар тойын құттықтап,
Қуанамыз қолдаймыз.
Ұя жасап құттықтап,
Біз оларды қорғаймыз
Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.

Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.
Жаңбыр жауар да қарғалар у - да шу болады.
Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.
Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
Шағала келсе сең бұзылады.
Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.

Әділжан:
Құртты іздеп ініне
Қарағайды үңгіген
Тоқылдақ құс дәрігер
Қашан да ол әбігер.
Қазақ халқы құстарды ерекше бағалаған. Шебер әншісін - бұлбұлға теңеген. Азаматын - сұңқарға, сұлуын - аққуға, ез жігітін - жапалаққа теңеген.

2 - бөлім: Жұмбақтар шешу
Туысы дейді құстардың
Інісі дейді тышқанның
Тышқан да емес, құс та емес
Екеуінен де тыс қалдым
(Жапалақ)
Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс?( үкі)
Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт, қоңыз, аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам.
(Тоқылдақ)
Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай
(Қарылғаш)
Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап
Қыста алысқа кетеді
(Қараторғай)

Хормен: Ән: «Ақ көгершін».
Өлеңі: Н. Баймұхамедов
Әні: А. Жұбанов

Ақ көгершін, көгершін,
Қолқанат құс сен едің.
Бар, кезіп қайт, ел үшін.
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан,
Ұшырамын қолымнан.
Ел тілегін алып ұш,
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш,
Мұхиттың арғы жағына.
Көзін сенен алмайды
Ақ ниеті бар адам.
Ақ қанатың талмайды
Әділеттен жаралған.
Тыныш бейбіт өмірдің
Белгісі боп қанат қақ.
Әлемге ортақ көңілдің
Қайт шыңына қонақтап.

Ел тілегін алып ұш,
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш,
Мұхиттың арғы жағына
Жүргізуші: Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.





абақтың тақырыбы: Құстар қласы. Класстың жалпы сипаттамасы.
Сабақтың тақырыбы: Қауырсын жабынды жануарлар тақырыбын бекіту.


Білімділік: Құстардың тіршілік әрекетімен, құрылыс ерекшеліктерімен, көптүрлілігімен, өздеріне
тән белгілерімен танысу.
Дамытушылық: Ойын тәсілдерін пайдалана отырып құстар туралы білетіндерін толықтыру, пәнге
деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Құстарды қорғауға, табиғатты аялауға үйрету.
Сабақтың кезеңдері
мұғалімнің іс-әрекеті
оқушының іс-әрекеті
ұйымдастыру
Бағалау
ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі
2-3 мин
Психологиялық ахуал тудыру оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару үшін құстардың әр-түрлі дыбыстарын тыңдатып, аңықтату қандай құсқа тән дыбыс. Сабақтың мақсатын, кезеңдерін айқындау
Оқушыларды топқа бөлу Оқу құралдарын дайындау құстардың түрлеріне байланысты топқа бөлінеді, сабақтың мақсатың анықтады, сабақ кезеңдерімен танысты, топ басшысын сайлайды. Топқа бөліну Формативті Интерактивті тақта
Слайдтар, стикерлер, маркер, бағалау парағы.


Үй тапсырмасын тексеру Әр топқа үй жұмысын қайталау үшін таратпа материалдар берілді
1-топ «Құстар»
1. Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым.
а) зоология
ә) герпетология
б) биология
2.Жорғалаушылардың жүрегі неше қуысты?
а) 3
ә) 4
б) 2
3.Жорғалаушылар не арқылы тыныс алады?
а) бүйрек
ә) жүрек
б) өкпе
4. Жорғалаушылардың терісі қандай?
а) Тегіс, безді
ә) ірі қабыршақты
б) мүйізді қабыршақты
5. Жорғалаушылар қалай көбейеді?
а) жұмыртқа
ә) уылдырық
б) тірілей
2 – топ «Жорғалаушылар» серпіліс сұрақтары
1. Жорғалаушылардың қаңқасының құрылысы қандай?
2. Жорғалаушылар қалай тыныс алады?
3. Терісінің құрылысы қандай?
4. Ас қорыту мүшелері.
5. Зәр шығаруы қалай жүреді?
6. Қан айналым мүшесі.
7. Қандай отрядтары бар?
3 –топ «Сүтқоректілер» биологиялық диктанат
1. Жорғалаушылардың терісі..........
2. Терісі үнемі өсу кезінде...........
3. Жүрегі жартылай..........
4. Жорғалаушылардың сезім мүшесі.........
5. Дара жынысты..........ұрықтанады.
6. Жұмыртқа салады және............ туады.
Үй тапсырмасын қорытындылап, бағалайды. Оқушылар тақырып бойынша білетін мәліметтерін ортаға салады,бірінің жауабын бірі толықтырады, бір-бірін бағалайды.
1-топ «Құстар»
1ә, 2ә, 3б 5, 4б, 5а
2-топ «Жорғалаушылар»
1. Бассүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі, алдыңғы аяқтары, жамбас белдеуі, арқы аяқтары және кеуде қуысы.
2. Өкпе арқылы тыныс алады.
3. Терісі құрғақ, мүйізденген қабыршақ немесе қалқанша сауатты.
4. Ауыз қуысының түбінде қозғалмалы етті тілі қорегін ұстауға, айналаны сипап сезуге көмектеседі. Жыланның тілі жіңішке, ұшы екі айыр, ол сипап сезу қызметін атқарады.
5. Жорғалаушылардың құрылысы күрделі екі
бүйрегі жамбасқа жақын орналасады. Зәр бүйректе түзіледі. Түзілген зәр екі несепағар түтігі арқылы қуықта уақытша жиналады. Қуықтан клоака арқылы сыртқа шығарылады.
6. Жүрегеінің құрылысы қосмекенділерге ұқсас үш қуысты(екі құлақша және бір қарыншадан тұрады). Жорғалаушылар қарыншасының арасын жартылай перде екіге бөледі. Аралас қан тарайды. Артерия қаны көбірек. Крокодилдің жүрегі төрт қуысты.
7. Жорғалаушылар класы 4 отрядқа бөлінеді. Олар: тұмсықбастылар, қабыршақтылар, тасбақалар, крокодилдер.
3-топ «Сүтқоректілер» биологиялық диктанат
1. Жорғалаушылардың терісі құрғақ бездер көп.
2. Терісі үнемі өсу кезінде түлейді, түседі.
3. Жүрегі жартылайпердемен бөлінген.
4. Жорғалаушылардың сезім мүшесі тілі
5. Дара жынысты, іштей ұрықтанады.
6. Жұмыртқа салады және.кейбір түрлері тірі туады.
Үй тапсырмасын қорытындылап, бағалайды» Топтық Жұмыс Флипчарт қорғау Формативті:мұғалім тарапынан түзету,қолдау, мадақтау;Оқушы тарапынан өзін өзі өзгені бағалау Түрлі-түсті маркерлер, флипчарт, бағалау парағы, интерактивті тақтадан слайдтер
Кіріспе
Білу 7-8- мин Оқушылардың базалық білімдерін жаңғырту және құстар туралы білімдерін анықтау мақсатында сұрақтар қойылады, сыныппен диалог жүргізіледі.
1. Басқа омыртқалы жануарлардың құстардың қандай ерекшеліктері бар?
2. Құстардың қандай түрлерін білесіздер?
3. Құстардың барлығы ұша алады ма?
4. Құстардың жорғалаушыларға ұқсас қандай қасиеттерін білесіздер? Сұрақтарға жауап берді. Диалог-Зерттеушілік әңгіме Оқушылардың өзара бағалауы; Мұғалімнің сұрақты қайта бағыттап, немесе түрткі сұрақтар арқылы жауапты нақтылауға ұмтылуы

Түсіну 7-8мин Оқушыларға құрылымдық схеманы пайдалана отырып, жаңа сабақтың мазмұнын меңгеруге бағыттау. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасау беріледі, әр топ берілген таратпадағы сұрақтарға жауап іздеп, кластер сызады.
1-топ «Құстар»
1. Құстардың сыртқы құрылысы.
2. Құстардың түрлері(пингвин, түйеқұс, үйрек, бүркіт т. б)
3. Құстардың қаңқасы
4. Ас қорытуы.
2-топ «Жорғалаушылар»
5. Қосарлы тыныс алуы.
6. Қан айналым жүйесі.
7. Жүйке жүйесі.
3-топ «Сүтқоректілер»
8. Зәр шығаруы.
9. Жұмыртқаның құрылысы.
10. Балапан түрлері.
11. Құстардың арғы тегі (ілкіқұс, көнеқұс) Оқулықтан мәтінді оқып, меңгеру, талдау
Сұрақтарға жауап беру.
1-топ «Құстар»
1. Бас, мойын, тұлға.
2. Тоты, қырғауыл, киви, шағала, тұйеқұс, қыран, бірқазын, пингвин, тауық, қаз т.б
3. Бассүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі, аяқтары және кеуде қуысы.
4. Безді және етті қарын, тіқ ішек, клоака
2-топ «Жорғалаушылар»
5. Құстар ұшқан кезде өкпеде ауа құрамындағы оттегіне қан екі ретқанығады. Құстардың мұндай тынысалу ерекшелігін қосарлы тынысалу деп атайды.
6. Жүрегі төрт қуысты(екі құлақша, екі қарынша), артерия және вена қаны араласпайды. Үлкен және кіші қанайналым жүйесі бар. Құстардың денесіне тек артерия қаны (оттегіне қаныққан) тарайды.
7. Жүйке жасушысы жақсы дамыған алдыңғы ми айқын сыңарларына бөлінген. Оның сыыртында ми қыртысы пайда болған.Ортанғы ми көру мүшенің жақсы дамуына әсер етеді.Мишық күрделі қозғалысқа жауап береді.
3-топ «Сүтқоректілер»
9. Құстарда жамбас жағында екі бүйрегі жақсы жетілген. Құстарда қуық болмайды. Бүйректе түзілген зәр қышқылы екі несепағар түтігімен-клоакаға, одан нәжіспен бірге саңғырық түрінде сыртқа тез шығарылады.
10. Аналық безде жетілген жұмыртқа жасушаның сарыуызы мол. Жетілген жұмыртқа жасуша жұмыртқа жолға түсіп, ұрықтанады. Құрылысы: ауа қуысы, сарыуыз, ұрық табақшасы, сарыуыз қабықшасы, ақуыз, әкқабық, арқанша (халаза)
11. Қызышақа балапандар және ширақ балапандар түрлері деп екі түрі болады. Қызылшақа балап шығаратың құстар: кептер, торғай, тоқылдақ т.б Ширақ балапан шығаратың құстарға: тауықтәріздестер, қазтәріздестер және жыртқыш құстар жатады.
12. Еуропада бұдан 150 мын жыл бұрын тіршілік еткен археоптерикстің тастағы таңбасы табылған.
Жұптық жұмыс Оқушылар өздері мәтінді қаншалықты меңгергенін бақылай алады. Интерактивті тақта, қалам, оқулық, дәптер, бағалау парағы.
Қолдану 15 мин

Сергіту сәті
Қызыл өрік әніне билейді №9 зертханалық жұмысты орындау Мұғалім жұмыстың мақсатын түсіндіреді. Құстардың сыртқы құрылысы. Қауырсынды жамылғысы және қауырсындарының әртүрлі типтері бар екенін анықтауды ұсынады
Венн диаграммасын сызу
Қызылшақа балапан және ширақ балапандар ұқсатығы мен айырмашылықтарын анықтау. (тақтада дайын Венн диаграммасы және әр-түрлі ширақ және қызылшақа балапандарға байланысты сөздер берілген, сол сөздерді сәйкестендіріп қояды) Оқушылар: 1. Жұмыстың мақсатын айқындайды.
2. Құстың ішкі құрылысымен танысады
3. Құстардың әртүрлі мамықтарын салыстырады.
4. Қорытынды жазу үшін сұрақтарға жауап береді:
1. Құстардың қаңқасына тән белгілер.
2. Тыныс алуында қандай ерекшеліктер бар?
3. Балапан шығаруындағы ерекшелігі.
4. Неге жылықандылар деп атайды?
5. Жорғалаушыларға ұқсас белгілері.
6. Зәршығарудағы ерекшелігі.
7. Терісінің қосалқы бөлімдері.
8. Ас қорытудағы ерекшеліктері.
Топпен жұмыс жасады, кластер сызды қорғады. Жұптық жұмыс Зерттеуші диалог Практикалық жұмыс Өзара бағалау Құстың кепкен макеті, микроскоптар, дайын микропрепараттар.







Тақырыбы: Құстар класының сипаттамасы

       Білімділік: Құстар класын зерттейтін ғылым саласы, құстардың анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері (жылықандылық, қанаттары, ас қорыту, тыныс алу, қанайналым т.б.), құс жұмыртқасының құрылысы туралы түсінік қалыптастыру.

       Дамытушылық: құстардың құрылысы мен мүшелері және мүшелер жүйесінің  сипаты мен атқаратын қызметтерін жорғалаушылармен салыстыра отырып дамыту. Жануарлардың көптүрлілігі туралы бар түсініктерін молайту.   

       Тәрбиелілік: Қоршаған ортаға және оны мекен етуші жануарларға деген қамқорлық сезімін ояту. Пәнге деген және жалпы танымдық қызығушылықтарын арттыру.

       Сабақ түрі: ақпараттыық технологяларды қолдануға негізделген дамыту сабағы

       Сабақ әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, балалардың жеке шығармашылық және жазба жұмыстары.

       Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, сызбалар, жануарлардың тұлыптары, муляждар т.б.

       Пәнаралық байланыс: география, тарих.

       Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, олардың зейінін  сабаққа икемдеу.

  2. Үй тапсырмасын пысықтау

1)      Жорғалаушылар класының негізгі ерекшеліктері. (Олар құрылық жануарлары, терісі құрғақ, қанайналымы екі шеңберлі, жүрегі үш камералы, өкпемен ғана тыныс алады. Жыртқыштар, тістері үшкір. Олардың көбеюі мен дамуы сумен байланысты емес. Дене пішіні мен тұрқы әр түрлі. Құрлықта, суда, ағашта, топырақта мекендейді. Оларды зерттейтін ғылым саласын герпетология деп атайды)

2)      Жорғалаушылар класының жіктелуі. ( Төрт отрядқа жіктеледі: тұмсықбастылар, қабыршақтылар, тасбақалар, крокодилдер. Оқушылар оқулық бойынша оқығандарын кезекпен айтып шығады. Тақтадан АйгерімС, Әсем М, Мөлдір М қосымша өздері даярлап әкелген жұмыстарын баяндап, көрсетеді)

3)      Қазақстанда мекендейтін жорғалаушылар туралы көрсетілім. ( ҚР аумағында мекендейтін кесірткелердің 6 (30), жыланның 4 (19) түрлері туралы баяндау. Олар: шұбар батбат, зайсандық батбат, келес, сарлан, үлкен көз кесіртке, шұбар кесіртке. Жыландардан: жолақ, қызылжолақ, бауыр, төртжолақты абжыландар)

4)      Жорғалаушылардың денесінің бөліктері, қаңқасы ( Денесі төрт бөлімді – бас, мойын, көкірек, құйрық. Қаңқасы бес бөлімді – бассүйек, омыртқа жотасы (мойын, арқа-бел, сегізкөз, құйрық), иық белдеуі және алдыңғы аяқтары (жауырын, төссүйек, бұғана, тоқпан жілік, кәрі жілік, алақан сүйектері), жамбас белдеуі және артқы аяқтары (жамбас сүйектері, ортан жілік, асықты жілік, башпай сүйектері), кеуде қуысы (жыланнан басқаларда алғашқы 5 арқа-бел омыртқасы алдыңғы жағында төссүйекпен байланысады)

5)      Жорғалаушылардың ішкі құрылысы. (Тақтаға түсірілген суреттен көрсетеді)

6)      Жорғалаушылар класы бойынша өзін-өзі тексеруге арналған  «Сызықты диктант»

Сұрақтары:

1.      Бауырымен жорғалаушылар ежелгі қосмекенді - сауытбастылардан шықты  +

2.      Бауырымен жорғалаушылар алғашқы нағыз құрлық жануарлары +

3.      Қазіргі заманда жорғалаушылардың 6 отряды бар –

4.      Олардың денесі мүйізді қабыршақпен қапталған +

5.      Жорғалаушылардың терісінің сыртында көптеген бездері болады –

6.      Рептилиялардың мойын омыртқасының саны біреу –

7.      Жорғалаушылардың нағыз кеуде қуысы болады +

8.      Мишығы жетілген, алдыңғы ми сыңарларында қыртыстар пайда болды +

9.      Бауырымен жорғалаушылар өкпе және тері арқылы тыныс алады –

10.  Бауырымен жорғалаушылардың дене температурасы тұрақты –

  1. Жаңа сабақ (оқулықтағы мәтін бойынша жұмыс, оқушыларды отырған қатарларына байланысты үшке бөліп жүргізуге болады, жақша ішінде дұрыс жауап берілген).

1-топ

1)      Құстар класына жалпы сипаттама беру (8600 түрі бар, жылықанды, терісінде бездері жоқ десе де болатын, денесі қауырсынмен қапталған, алдыңғы аяқтары  ұшуға арналып бейімделген, Қазақстанда 500 түрі мекендейді. Құстар ежелгі ұсақ ағаш басында мекендеп, бір ағаштан екінші ағашқа секіре алатын жорғалаушылардан 180млн. жыл бұрын шықты дейді. Оларды көнеқұстар деп атайды. Құстарды зерттейтін биология ғылымының саласын – орнитология деп атайды)

 

2-топ

2)      Дене жамылғысымен таныстыру (Қауырсындар – денесін түгелдей жабын қауырсындар жабады және оның астында мамық қауырсындар орналасады, шетте орналасқан үлкен жабын қауырсындарды -  негізгі желпуіш, демеуші желпуіш, құйрық қауырсындары деп атайды. Қауырсынның теріге енетін бөлігін қаламша, ал өзегін сояу, шашақтарын пәрі дейді. Пәрінің өзі мұрт және мұртшалардан тұрады. Мамық қауырсындар екі түрлі болады: мамық және мамықты қауырсы. Мамықты қауырсынның жұқа сояуы бар, ал мамықта сояу өте қысқа келеді)

 

3-топ

3)      Сыртқы ерекшеліктерімен таныстыру ( Денесі – бас, мойын, тұлға, аяқтардан тұрады. Терісі құрғақ, тек су құстарының құйымшақ бездерінен май бөлініп қауырсындарын майлайды. Неге? Мүйізді астыңғы және үстіңгі тұмсықтары бар. Тістері жоқ. Неге? Тағам көзіне сәйкес құстардың тұмсық пішіндері әр алуан келеді)

 

 

4)      Құстардың қаңқа құрылысы (Экраннан көрсету)

5)      Құстардың ас қорыту жүйесі (Экраннан көрсету)

6)      Құстардың ұшуға байланысты тыныс алу ерекшеліктері

7)      Құстардың қанайналымы

8)      Құстардың жүйке жүйесі мен сезім мүшелері

9)      Құстардың зәр шығару жүйесі

10)  Құстар әлемінен қызықты мәліметтер «Ең, ең, ең ......» (Оқушыларға алдын-ала тапсырмалар беріледі)

  1. Бекіту

1)      Құстар класы өкілдерінің негізгі ерекшеліктері.

2)      Дене жамылғысы мен қанатының құрылысы.

3)      Денесінің сыртқы құрылыс ерекшеліктері.

4)      Құстардың қаңқасы.

5)      Құстардың мүшелер жүйесінің атқаратын қызметтері мен ерекшеліктері.

  1. Қорытынды

       Құстар – дене температурасы тұрақты, жұмыртқа арқылы көбейетін, қауырсынды жамылғысы бар, алдыңғы аяқтары ұшуға икемделген жоғары дәрежеде дамыған омыртқалы жануарлар. Қозғалыс ерекшеліктеріне байланысты құстарды үш топқа жіктейміз – ұшатын құстар немесе қыртөстілер, ұша алмайтын немесе қыртөссіздер және жүзгіш құстар. Жүрегі төрт бөлікті, екі қанайналым шеңберлі, қосралы тыныс алатын, жоғары жүйке жүйесі күрделі құрылымды, дара жынысты, іштей ұрықтанатын, тек ұрықтанған жұмыртқа арқылы ғана көбейетін тіршілік иелері.

 

  1. Рефлексия

  2. Оқушыларды бағалау

  3. Үй тапсырмасы



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 02.11.2016
Раздел Биология
Подраздел Рабочие программы
Просмотров62
Номер материала ДБ-310853
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх