Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыҚұстар күніне арналған ертеңгілік "Құстар біздің досымыз!"

Құстар күніне арналған ертеңгілік "Құстар біздің досымыз!"

Скачать материал

                                       Құстар-біздің досымыз!

Зал іші мерекеге сай безендірілген. Балалар «Көктем вальсі» әуенімен залға кіреді.

Тәрбиеші: Қайырлы күн құрметті қонақтар және кішкене бүлдіршіндер! Бүгін көрікті көктем мезгілінде келетін біздің қанатты достарымыз – құстардың мерекесі.Балалар біздің елімізде құстардың 500 дей түрі кездеседі. Осы құстарымыздың таиғаттағы орны ерекше.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: -Көктем мезгілі

-Ең алдымен көктем мезгіліне арналған әнімізді айтайық.

Хор:  «Көктем»

-Көктемде бізге жылы жақтан нелер ұшып келеді?

Балалар:-Құстар ұшып келеді

-Балалар қандай құстарды білесіңдер?

Балалар: -Қаз, үйрек, аққу, тырна, торғай, көкек.

-Дұрыс айтасыңдар балалар, құстардың түрлері өте көп.Құстар ағаштарды жәндіктерден қорғайды.Ал балалар айтыңдаршы біз құстарға  қалай қамқор болуымызға болады?

Балалар: -Құстарға ұя жасап береміз. Суын, тамағын береміз

-Айтыңдаршы көктемде ең алғаш қандай құс ұшып келеді?

Балалар: -Көкек ұшып келеді

-Енді осы көктемнің жаршысы көкекке арнап ән айтайық?

Ән: «Көкек»  Орындайтындар:  Айша, Айғаным

-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, егер сол жұмбақтың жауабын дұрыс тапсаңдар бізге қонақ келеді.

Түсі қара мақпалдай,

Төсі ақ сыр жаққандай.

Ұшса оқтай зулайды,

Көктен жұлдыз аққандай.

Балалар: -Қарлығаш

-Дұрыс айтасыңдар балалар, ендеше адамдарды досы –қарлығашты қарсы  алайық. (Әсем әуенмен қарлығаш ұшып келеді)

Қарлығаш: -Мен қарлығашпын,

Мен адамның тұрағын,

Мекен етіп тұрамын.

Ел аузында мақтаулы,

Қарлығаш боп қонамын.

-Амансың ба, адамзаттың адал досы, табиғаттың қорғаушысы – қарлығаш, жақсы келдің. Мерекеңіз құтты болсын.Енді өзіңізге арнап Гүлмариям қызыңыздың әнін қабыл алыңыз.

Ән:  «Құйшы жаңбыр»  Орындайтын:  Гүлмариям

Қарлығаш: -Жарайсыңдар балалар.

-Қарлығаш, енді біздің балалар құстарға арнап тақпақтар айтады, сіз балалардың сәлемін достарыңызға жеткізіңіз.

Айғаным:    Өтті күндер боранды,

                     Аязды күн жоғалды.

Көктемді ертіп соңына,

Жыл құстары оралды.

А.Кәусар:  Келші қара торғайым,

Жем берейін қорғайын.

Өзіңе арнап жасаған,

Ұяң әне дап-дайын.

Ұлдана:       Ала қанат сауысқан,

Құртты көрсе жабысқан

Бір тамырдан тамырға,

Секен-секен ауысқан.

Аружан:     Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді.

Бақшамызға қонбайды.

Д.Кәусар: Шыр-шыр еткен торғайды,

Қорғамасақ болмайды.

Кіп-кішкене торғайлар,

Ағаштарды қорғайды.

Сымбат:      Нұрланып күн тұрса,

Күллі әлем жайнайды.

Жер беті құлпырса,

Бұлбұлдар сайрайды.

Алдияр:       Құстар-біздің досымыз,

Бау-бақшаны қорғайды.

Ұя жасап қарсы алсақ,

Құстар бізді қолдайды.

Қарлығаш: -Балалар, мен сендердің сәлемдеріңді жеткіземін, достарым қуанатынына сенімдімін. Балалар мені достарым күтіп қалатын болды, мен кетейін қош сау болыңдар.

Хор:  «Жас дәуірдің түлегіміз»

-Балалар, құстар біздің адал досымыз, сондықтан да біз, оларды қорғауымыз қажет. Ата-бабаларымыз ежелден балаларына құстардың аттарын қойып, батыр ұлдарына сұңқар,бүркітке, ал әнші  қыздарын бұлбұлға, сұлу қыздарын аққуға теңеген. Осымен балалар, құстар мерекесіне арналған мерекелік оқу іс-әрекетіміз аяқталды.Аспанымыз ашық, құстарымыз аспанда тшарықтай берсін.

Балалар  «Көктем»  әуенімен залдан шығады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Құстар күніне арналған ертеңгілік "Құстар біздің досымыз!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Таргетолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 053 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.05.2016 2540
    • DOCX 17.8 кбайт
    • 17 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нуржауова Эльвира Жумабековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нуржауова Эльвира Жумабековна
    Нуржауова Эльвира Жумабековна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 74290
    • Всего материалов: 17

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Гуманно-личностный подход в воспитании детей

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные педтехнологии в дошкольном образовании

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 166 человек из 48 регионов
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Организация и содержание работы учителя-логопеда в условиях реализации ФГОС ДО

108/144 ч.

от 2500 руб. от 1250 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 29 регионов

Мини-курс

Введение в экономическую теорию и практику

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы нарративного подхода: теория и методы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стартап: от идеи к успеху

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов