455131
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокНачальные классыРабочие программыҚұстар айтысы (Үнді ертегісі)

Құстар айтысы (Үнді ертегісі)

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Бекітемін:

Мектеп директорының бастауыш кластар жөніндегі орынбасары: _____________

Қ. Баймахан


Қазақ тілі

3 «ә» сынып Күні:

Сабақтың тақырыбы

Түбірлес сөздер 52-58 жаттығу

Сілтеме

Жоспар. Қазақ тілі оқулығы. «Атамұра». Қазақ тілі оқыту әдістемесі. Интернет желісі

Жалпы мақсаты

Оқушылар түбірлес сөздер жайында берілген түсінікті кеңейтеді, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауға, сөйлеу тілін дамытуға; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиеленеді.

Күтілетін нәтиже

Жаттығу жұмысын орындау барысында түбірлес сөздерді ажырата алады.

Негізгі идеялар

Түбір сөздерден түбірлес сөздер жасауға машықтанады.

Тапсырмалар

«Ережелер алаңы» сұрақ – жауап, «Мағынаны тану», «Ой қозғау», «Тездет, бірақ қателеспе», «Ауызша» болжау әдісі, «Анықтама» әдісі, Венн диаграммасы, «Кубизм» әдісі.


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды 3топқа бөлу. Ітоп «Түбір», ІІ топ «Жалғау», ІІІ топ «Жұрнақ» .

"Ережелер алаңы"сұрақ-жауап әдісі

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру 51-жаттығу. Түбірлес сөздерді теріп жазу, мағынасын түсіндіру: өнер, өнерпаз, өнерлі. Неліктен бұл сөздерді түбірлес сөздер деп атаймыз?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс:

а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу.

52-жаттығу. Нұрхан Жанаевтың өлеңін оқу, жаттау, жазу, түбірлес сөздердің астын сызу.

Тасты жонып қашаған,

Әсем мүсін жасаған.

Мүсінші аға өнерін

Өте жақсы көремін.

53-жаттығу. Әңгімені түсініп оқу, мазмұнын айту. Түбірлес сөздерді табу, басқа түбірлес сөздермен толықтыру: ән, әнші.

54-жаттығу.Жұппен жұмыс. Оқушылар бір-бірімен түбірлес сөздер айта отырып жарысады.Мысалы: білім, білімді, білгіш; сый, сыйлы, сыйлық; сән, сәнгер, сәйқой.

55-жаттығу. Артық сөзді табу: 1. Еңбек, еңбекқор, бейнетқор, еңбекші, еңбектен. 2.Тәрбие, тәрбиеші, тәлімгер, тәрбиелі, тәрбиеле. Неліктен сол сөздерді артық деп есептейсің? Ол сөздердің мағыналары бір-біріне жақын ба?

Білгішбектің айтқанын оқу, түсіну, есте сақтау.

ҮІ.Бекіту:57-жаттығу. Сызбамен жұмыс. Сызбаға сүйене отырып, шаңғышы сөзінің қалай жасалғандығын түсіндіру. Шаңғы – түбір, шы – жұрнақ.


а) оқулықпен жұмыс. ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.


Тірек сызба бойынша оқушылардың алған білімдерін тиянақтай түсу.

VІІ. Рефлексия. Кері байланыс

Не ұнады?

Не қиын болды?

Ұсыныс, тілегің?

Оқушыларды бағалау.

Топ жетекшісінің бағалауы, «Мен түйген ой» өзін – өзі бағалау, авторды бағалау, «Бағдаршам» арқылы бағалау

Кейінгі тапсырмалар

58-жаттығу. Ереже жаттау






















Бекітемін:

Мектеп директорының бастауыш кластар жөніндегі орынбасары:_______________Қ. Баймахан


Әдебиеттік оқу

3 «ә» сынып Күні:

Сабақтың тақырыбы

Құстар айтысы (Үнді ертегісі)

Сілтеме

Жоспар. Әдебиеттік оқу. «Атамұра» 2014 ж. Оқыту әдістемесі. Интернет желісі

Жалпы мақсаты

Оқушылар достық, ынтымақ, бірлік жайында айта отырып, ертегіні түсініп оқу дағдысы қалыптасады, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйренеді; сөздік қорлары дамып, оқу дағдылары жетіледі.

Күтілетін нәтиже

Ертегі мазмұнын түсінеді, ертегіні бөліктерге бөліп, әр бөлімнің жігін ажыратады, оқу дағдысы қалыптасады.

Негізгі идеялар

Бірлік болмай, тірлік болмас

Тапсырмалар

Үй-адам-жер сілкіну” ойыны.Ой қозғау.Топтастыру

Сыни ойлау. Әңгіме кестесі

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

«Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. «Ой қозғау» әдісі

Ойын: «Кім жылдам?»

Жыртқыш құс (қыран)

Қандай құс жемін түнде аулайды (жапалақ)

Қонақ шақыратын құс(сауысқан)

Құстардың үйі (Ұя)

Орман дәрігері(тоқылдақ)

Қыстап қалатын құс (қарға)

-Жарайсыңдар, балалар.

2.Тақтаға - қарға,торғай,кептер суреттері ілінеді.

Оқушылар осы құстарға сипаттама береді.

Құстар суреті

-Өзіміз болжап көрейікші,бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?

-Құстар туралы.

-Неліктен?Тағы не болуы мүмкін?/Құстар туралы ертегі болуы мүмкін/.

ІV.Мағынаны тану.

-Жаңа сабағымыз «Құстар айтысы» деп аталады.

Үнді ертегісі.

2.Оқулықпен жұмыс.

а/Мұғалімнің оқуы. «Құсбегі» сөзін түсіндіру.

ә/Ертегіні 3 топқа бөліп іштей оқыту.

б/Әр топқа дауыстап тізбектей оқыту.

в/Ертегі мазмұнын баяндау. 3 топтан 3 оқушы шығады.

г/Сұрақпен жұмыс. Ертегі талдау.

-Құстар тордан қалай құтылмақ болды? Құсбегі тордағы құстардың айтысатынын қайдан білді? Тор неліктен жерге салбырап түсе бастады? Құс аулаушы торды не істеді?

IV.Жаңа түсініктер мен іс әрекеттерін қалыптастыру.

3. Сын тұрғысынан ойлау.«Т» кестесімен жұмыс.

Өздеріне ертегіден әсер еткен тұсты оң жағына, сол жағына өз пікірлерін жаздыру.

1-топ

Ертегіден маған не әсер етті? Ертегі жайлы пікірім

2-топ

Ертегіден маған не әсер етті? Ертегі жайлы пікірім

3-топ

Ертегіден маған не әсер етті? Ертегі жайлы пікірім

."Жақсы-жаман" дидактикалық ойынын ойнату.

Мақсаты: жақсы қасиет болса қолдарын шапалақтау,жаман қасиет болса тыныш отырады.

-Гүлдерге су құю.

-Ағаштарды сындыру.

-Құстарға жем шашу.

-Құстардың ұясын бұзу.

-Ағаштардың түбін қопсыту.

-Гүлдерді жұлу.

-Құстарға ұя жасап беру.

-Құстарды рогаткамен ату.

Осы ертегіні оқу барысында қандай көркем сөздер қолданылған?Ынтымақ,алауыздық,енжарлық –осы сөздердің мәндес сөздерін үш топқа тапқызу.

1-топ

«Ынтымақ»сөзін қалай түсінесің?

2-топ

«Алауыздық»сөзін қалай түсінесің?

3-топ

«Енжарлық»деген сөзді қалай түсінесің?

-Осы сөздер ертегінің қай жерлерінде қолданылған?

-Балалар,осы ертегі неліктен «Құстар айтысы»деп аталған?

Бұл ертегіні басқаша тағы қалай атауға болады?

Неліктен?

А) Таласқан құстар.

Ә)Құстар мен құсбегі.

Б)Тордағы құстар.

-Әрі қарай болжам жасап көрейікші, құсбегі тордағы құстарды не істеуі мүмкін деп ойлайсыңдар?

-Бүркітке жемтік ретінде беруі мүмкін...

-Базарға сатып,ақша алуы мүмкін....

-Асырауы мүмкін......

-Балалар, осы ертегі ертегінің қай түріне жатады? (жан-жануарлар)




Құстар





Торға түсті

Әр түрлі болды

Ақылдасты

Қанаттарын бірге қақты

Тормен бірге ұшты

Айтысты

Жанжалдасты

Осы ертегінің негізгі ойын қандай мақалмен қорытындылауға болады?

«Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді».

«Бірлік болмай, тірлік болмас».

Ынтымақты ел озар.

1. Сергіту сәті.

Жеке жұмыс

V. Рефлексия. Кері байланыс

Бүгінгі сабақта менің жақсы меңгергенім.....

Меніңше мен ........ орындай алмадым, өйткені.....

Топтық бағалау,

Екі жұлдыз, бір тілек, мадақтау.

Кейінгі оқу

Мәтінді түсініп оқу







































Бекітемін:

Мектеп директорының бастауыш кластар жөніндегі орынбасары:_______________Қ. Баймахан


Әдебиеттік оқу

3 «ә» сынып Күні:

Сабақтың тақырыбы

Б. Майлин. Күлпаш

Сілтеме

Жоспар. Әдебиеттік оқу. «Атамұра» 2014 ж. Оқыту әдістемесі. Интернет желісі

Жалпы мақсаты

Мәтін мазмұнын талдау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Б.Майлин туралы біліп, «Күлпаш» әңгімесін талдап, шығарманың идеясын ашады.

Күтілетін нәтиже

Оқушы өзін –өзі реттейді. Көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасады. Мәтіннің негізгі идеясын ұғынады.

Негізгі идеялар


Тапсырмалар

Топтық жұмыс. «Ой қозғау»,диалогтық оқыту.«Сиқырлы қалам» ойыны


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

«Сиқырлы қалам» ойыны

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. «Ой қозғау» әдісі

«Бұл кім? Ол не?» ойыны

Суреттер: Бөгенбай батыр, Абылай хан. Бұқар жырау

Сөздер: жасақ, ақылгөй, Бөгенбай мен Қабанбай заманындағы жырау, Бөгенбай мен Қабанбай заманындағы хан.

ІV.Мағынаны тану

hello_html_5c29161e.png

- Балалар, қазір біз «Күлпаш» жайлы мәтін оқимыз. Бұл мәтін 1930 – 1932 жылдары Қазақстан халқының саны 6 миллионнан асқан болса, соның 2 миллионнан астамы аштықтан қырылды. Сондықтанда мәтінмен таныспас үшін «Ашаршылық» туралы ойлаймыз. Талқылау үшін өзіңізге жұп таңдап аламыз. Сонан соң 5 минут ішінде жұптарыңмен ашаршылық туралы не білетіндерін туралы тізім жасайсыңдар. Көбірек жазғандарың маңызды. (Олардың ойларын қағазға түсіремін)

- Дұрыс айтасыңдар, балалар ашаршылық деген жоқшылық, сол замандағы адамдардың күн көріс деңгейлерінің өте төмен болуы. Өлместің күнің кешуі.

- Жақсы енді сендер мәтіннің қалай өрбитінін білгілерің келеді ме? Олай болса оқулығымызды ашып, мәтінді толық оқимыз.

Сөздік жұмыс

Өрім – өрім – тозған, жыртылған

Бөкебай – басқа жамылатын шәлі

Ызғырық – суық жел

Өлмелі кедей – өте кедей

Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту

Тапсырмалармен жұмыс

  • Мәтін кейіпкерлері?

  • Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтеді?

  • «Бәрі де шықпа, жаным, шықпа» деп отырған секілді қалай түсінесің?

  • Мақтым мен Күлпаш неге жылады?

  • Олардың тұрмыс жағдайы саған қалай әсер етті?

  1. Оқулықтағы суретпен жұмыс

- Суретте ел басынан өткен қай кезең бейнеленген деп ойлайсың?

- Мәтіндегі қарамен ерекшеленген сөздерді пайдаланып, сурет бойынша әңгіме құру.

ІІІ. Ой толғаныс.

6. Дәптермен жұмыс

Топпен жұмыс

Бұл тапсырма дәптерде орындалады. 3 топқа тапсырма беріледі. Топ мүшелері ақылдаса отырып, тапсырманы орындайды.

1-топ.

Сен қандай заманда өсіп келесің?

2 -топ.

Мықтымның отбасын асырауына не кедергі болды?

3 -топ

Мақтым, Күлпаш, Қалидің көрген азабы туралы әңгімелеңдер.


«Галереяға саяхат» әр топ салған суреттерін қорғайды.

Жеке жұмыс

Венн диаграммасы


Қали өмір сүрген заман Қазіргі бейбіт заман қазақ елі, жері




















V. Рефлексия. Кері байланыс

Бүгінгі сабақта менің жақсы меңгергенім.....

Меніңше мен ........ орындай алмадым, өйткені.....

«Бағдаршам» арқылы бағалау. Өзін-өзі бағалайды

Кейінгі оқу

Мәтінді мазмұндау













Краткое описание документа:

Әдебиеттік оқу

3 «ә» сынып Күні:

Сабақтың тақырыбы

Құстар айтысы (Үнді ертегісі)

Сілтеме

Жоспар. Әдебиеттік оқу. «Атамұра» 2014 ж. Оқыту әдістемесі. Интернет желісі

Жалпы мақсаты

Оқушылар достық, ынтымақ, бірлік жайында айта отырып, ертегіні түсініп оқу дағдысы қалыптасады, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйренеді; сөздік қорлары дамып, оқу дағдылары жетіледі.

Күтілетін нәтиже

Ертегі мазмұнын түсінеді, ертегіні бөліктерге бөліп, әр бөлімнің жігін ажыратады, оқу дағдысы қалыптасады.

Негізгі идеялар

Бірлік болмай, тірлік болмас

Тапсырмалар

“Үй-адам-жер сілкіну” ойыны.Ой қозғау.Топтастыру

Сыни ойлау. Әңгіме кестесі

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

«Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. «Ой қозғау» әдісі

Ойын: «Кім жылдам?»

Жыртқыш құс (қыран)

Қандай құс жемін түнде аулайды (жапалақ)

Қонақ шақыратын құс(сауысқан)

Құстардың үйі (Ұя)

Орман дәрігері(тоқылдақ)

Қыстап қалатын құс (қарға)

-Жарайсыңдар, балалар.

2.Тақтаға - қарға,торғай,кептер суреттері ілінеді.

Оқушылар осы құстарға сипаттама береді.

Құстар суреті

-Өзіміз болжап көрейікші,бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?

-Құстар туралы.

-Неліктен?Тағы не болуы мүмкін?/Құстар туралы ертегі болуы мүмкін/.

ІV.Мағынаны тану.

-Жаңа сабағымыз «Құстар айтысы» деп аталады.

Үнді ертегісі.

2.Оқулықпен жұмыс.

а/Мұғалімнің оқуы. «Құсбегі» сөзін түсіндіру.

ә/Ертегіні 3 топқа бөліп іштей оқыту.

б/Әр топқа дауыстап тізбектей оқыту.

в/Ертегі мазмұнын баяндау. 3 топтан 3 оқушы шығады.

г/Сұрақпен жұмыс. Ертегі талдау.

-Құстар тордан қалай құтылмақ болды? Құсбегі тордағы құстардың айтысатынын қайдан білді? Тор неліктен жерге салбырап түсе бастады? Құс аулаушы торды не істеді?

IV.Жаңа түсініктер мен іс әрекеттерін қалыптастыру.

3. Сын тұрғысынан ойлау.«Т» кестесімен жұмыс.

Өздеріне ертегіден әсер еткен тұсты оң жағына, сол жағына өз пікірлерін жаздыру.

1-топ

Ертегіден маған не әсер етті? Ертегі жайлы пікірім

2-топ

Ертегіден маған не әсер етті? Ертегі жайлы пікірім

3-топ

Ертегіден маған не әсер етті? Ертегі жайлы пікірім

."Жақсы-жаман" дидактикалық ойынын ойнату.

Мақсаты: жақсы қасиет болса қолдарын шапалақтау,жаман қасиет болса тыныш отырады.

-Гүлдерге су құю.

-Ағаштарды сындыру.

-Құстарға жем шашу.

-Құстардың ұясын бұзу.

-Ағаштардың түбін қопсыту.

-Гүлдерді жұлу.

-Құстарға ұя жасап беру.

-Құстарды рогаткамен ату.

Осы ертегіні оқу барысында қандай көркем сөздер қолданылған?Ынтымақ,алауыздық,енжарлық –осы сөздердің мәндес сөздерін үш топқа тапқызу.

1-топ

«Ынтымақ»сөзін қалай түсінесің?

2-топ

«Алауыздық»сөзін қалай түсінесің?

3-топ

«Енжарлық»деген сөзді қалай түсінесің?

-Осы сөздер ертегінің қай жерлерінде қолданылған?

-Балалар,осы ертегі неліктен «Құстар айтысы»деп аталған?

Бұл ертегіні басқаша тағы қалай атауға болады?

Неліктен?

А) Таласқан құстар.

Ә)Құстар мен құсбегі.

Б)Тордағы құстар.

-Әрі қарай болжам жасап көрейікші, құсбегі тордағы құстарды не істеуі мүмкін деп ойлайсыңдар?

-Бүркітке жемтік ретінде беруі мүмкін...

-Базарға сатып,ақша алуы мүмкін....

-Асырауы мүмкін......

-Балалар, осы ертегі ертегінің қай түріне жатады? (жан-жануарлар)

Общая информация

Номер материала: 410329

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС второго поколения»
Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Актуальные проблемы обучения детей с нарушением слуха в образовательных организациях общего и среднего профессионального образования»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс повышения квалификации «Средства педагогического оценивания и мониторинга в работе учителя в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты профессиональной компетентности педагогических работников в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Теория и практика инклюзивного обучения в образовательной организации в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика обучения информатике в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида»
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в сфере начального общего, основного общего, среднего общего образования»
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.