Инфоурок Начальные классы СтатьиСтатьи на тему"Жаңа технологияны сабақтарда қолданудың тиімділігі"(4 класс)

Статьи на тему"Жаңа технологияны сабақтарда қолданудың тиімділігі"(4 класс)

Скачать материал


hello_html_m5b439179.gifhello_html_5a2daf2b.gifhello_html_m5303a3e1.gifhello_html_m2f1272ec.gifhello_html_m5d782e97.gifhello_html_79326f48.gif

Жаңа технологияны сабақтарда қолданудың тиімділігі


Тәуелсіз еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан мектеп оқушыларының сапалы білім мен саналы тәрбие алуы ең басты мәселе. Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған ғасырында жас ұрпақты ізденімпаздыққа, білімділікке және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру үшін заман талабына сай сапалы білім беру мұғалімнің ең басты міндеті. Қандай пәнді оқыса да оқушы білімі сапалы, нәтижелі болуы керек. Ендеше оқушы білімін бүгінгі күн талабына сай дамыту, тереңдету ғылыми түрде құзіреттілік деп түсіндіріледі. Оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологияларды тиімді пайдалану қажет информтика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту, баға жетпес құндылықтардың бірі. Есептерді өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет.. Заман ағымына ілесе отырып, оқушы қызығушылығын арттыруда әр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып, білімге жетелеу үшін мұғалім оқушыларды қызықтыратындай әр түрлі әдіс — тәсілдерді қолдануы тиіс.

Соның бірі «Сыни тұрғысынан ойлау» технологиясының әр түрлі стратегияларын өз сабақтарымда

қолданып отырамын. Нәтижесінде:

сабақтың мазмұны, сапасы артады;

жауапкершілік, шығармашылық қабілеті қалыптасады;

оқушы өзін-өзі бағалап, білім деңгейін арттыра алады;

пәнге деген қызығушылығы артады.

Сабақ сыни тұрғысынан ойлау (СТО) – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл бағдарламаны бірнеше стратегиямен жұмыс жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Бұл әдіс мынандай мақсат қоя алады:

-оқушыларды ойландыруға;

-өз ойларын ашық айтуға;

-пікір таластыруға /дебат/;

-дұрыс сөйлей білуге;

-өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге;

-оқушылар шығармашылығын дамытуға;

Сабақ СТО бағдарламасы 3 кезеңнен тұрады:

I. Қызығушылықты ояту

II. Мағынаны тану

III. Ой толғаныс

Қызығушылықты ояту кезеңінде – мұнда өткен тақырыптан не біледі, не айта алады, өткенді еске түсіру, ой қозғап, әсер ету кезеңі болады.

Мағынаны тану кезеңінде – нақты тақырыпты мұғалім сұрақ-жауап арқылы түсіндіре отырып, өз беттерімен ойларын ортаға салып, жаңа сабақ, жаңа идеяны жүзеге асыруға талпынады. Яғни оқушыға ескі мен жаңаны ұштастырып ойын кеңейтеді.

Ой толғаныс кезеңінде -оқушы не білгенін қорытып, саралап, бекіту арқылы білімін жинақтайды.

Оқу және жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау технологиясы жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден – бір тиімді технология. СТО технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым – қатынасқа дегенде көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды. Бұл бағдарлама басқа технологиялардан өзінің құрылымымен ерекшеленеді. Сабақ жоспарының құрылымы үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өзінің қызметі бар.

Қазіргі таңдағы ең басты мақсатымыз бала бойындағы дарындылықты жас ерекшелігін ескере отырып , дарындылығын ашылуын өз мүмкіншілік қабілетіне сәйкестендіре отырып дамыту, жетілдіру. Дарындылықтың талантқа айналуына күш салу. Әрбір оқушының рухани деңгейі биік, шығармашыл тұлғаға айналу үшін ұстазға қажырлы еңбек, көп ізденіс, жаңа технологияларды шебер пайдалана білу керек. Жеке тұлғаны тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыратын жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі төмендегідей нәтижеге жеткізеді:

    • Ақпаратпен жұмыс істей алу білімін қалыптастырады және қатынас жасау қабілетін туғызады.

    • Жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды.
      - Білім беруді ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етеді.
      - Оқушылар өзіне қажетті ақпаратты жедел түрде алады.
      - Білім сапасын арттыруға септігін тигізеді.
      - Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады.
      - Оқытудың ой – өрісін , дүниетанымын кеңейтеді.
      - Алған білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап, жетістіктерге жетуіне көмектеседі.
      - Жаңа ақпаратты жинақтап салыстырып, жүйелеп, нақты қорытынды жасап, дәлелдейді.
      - Алған білімін талдап,жинақтап, жүйелілік қалыптастырады.

Ол үшін оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастырудың, шығармашылық, пәндік апталықтар, жобалар, үйірмелердің маңызы зор. Сонымен бірге ХXI ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі «Білім бүкіл өмір бойына » қағидасын жүзеге асыратын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын да іздеу болып табылады. Олар ақпараттық технология ақпаратты алудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың әдістері мен құралдары .
Әсіресе сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда жаңашылдығы ерекше. Альберт Эйнштейн «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін - тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын» дегендей мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да – мұғалім. Бала тағдыры қолына сеніп тапсырылып отырған басты тұлға екені ұстаз екені де баршаға белгілі. Альберт Эйнштейннің пікірін одан әрі дамыта отырып, педагогикалық үрдіс оқушы мен мұғалімнің бірлескен әрекеті: бір жағынан бұл мұғалімнің бағыттаушы, ал екінші жағынан оқушының өзінің ішкі әрекеті. Ол оқушының белсенді білім игеруі мен қызығушылығына, талпынысына ерекше мән берді . Шығармашылық сабақтар әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін, танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді. Оқушының шығармашылық әрекетін ұйымдастыру барысында бала өзінің бұған дейінгі білетін әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Өз тәжірибемде «Назарбаев Зияткерлік мектебі» бойынша курстан өткен мұғалімдермен кеңесе отырып, одан алған кейбір элементтерін тәжірибемде қолданамын. Бұл бағдарламаның басты мақсаты педагог қызметкерлердің қосымша білім мен дағдылар көлемін алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесу. Мұғалімдерді оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат, болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз ету негізгі міндет.

Осы технология бойынша пайдаланған ашық сабағымның бағдарламасын ұсынайын:

Сыныбы: 4 сынып

Сабақ тақырыбы: «Етістік»

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға сөйлем ішінен етістікті табу, оның басқа сөзбен байланысын анықтауға және сұрақ қоюға үйрету.

  2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін оятып, сөз таптарын жылдам ажырата білуін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.

  3. Оқушыларды кең пейілділікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу және әдемі, жылдам, сауатты жазуға баулу.

Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, ішінара іздену, тест тапсырмалары.

Көрнекілігі: сөзжұмбақ, интерактивті тақта, слайд, мағыналы суреттер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Психологиялық дайындық 2 мин

Назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

Үй тапсырмасы 107- жаттығу.

Дәрігер сөзіне жалғанған жалғаулардың түрлерін жаз.



мін жекеше І-жақ

Дәрігер сің жекеше ІІ-жақ

ге барыс септігі

ден шығыс септігі

ІІІ. Өткенді қайталау кезеңі

Зат есімнің жіктелуі дегеніміз не?

Оқушылардан зат есімнің жіктелуі туралы ережені сұрау.

Жекеше Көпше

І-жақ. бын, бін. ІІ-жақ быз, біз

мын, мін мыз, міз

пын, пін пыз, піз

ІІ-жақ. сың, сің сыңдар, сіңдер

Мысал келтіру жігіт әнші сөзін жекеше, көпше түрде жіктеу.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Етістік». Сабағымыздың мақсаты сөйлем ішінен етістікті табу, оның басқа сөзбен байланысын анықтауға және сұрақ қоюға үйрену.

Ү. Жаңа сабақ

Тақтадан ребусты көрсету.

Ребустың шешуі «Етістік»

Етістіктің қандай түрлерін білесіңдер?

Дара

Негізгі

Болымды

Күрделі

Туынды

Болымсыз



Оқушылар өздері етістіктің түрлерін атап, қағазға жазылған сөздерді тақтаға іледі.

Әр етістіктің түрінің ережесін айта отырып, мысалдар келтіру.

Ереже: Заттың іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктің сұрақтары Не істеді? Қайтті? Не қылды?







  1. Дәптермен жұмыс.

Өте жақсы, балалар! Олай болса бүгінгі күннің ретін жазамыз.

Көркем жазу



Оқулықтың 146 бетіндегі 2-жаттығу. Жұмбақты оқып, жатқа жаз, шекшуін тап.

Суда қалқиды,

Жылыда балқиды. (Мұз)

Етістіктің дара және күрделі екенін анықтату.

  1. Тақтамен жұмыс



Интерактивті тақтадан сөздер шығады , сол сөздердің ішінен туынды сөздерді тауып жазғызу.

Оқы, жүрді.

Жырла, жүзді, көрген, ақылдас, биле.

Ойла, сүзді, ұсақта, болды, керілме, тұзда.

Дәлелдеу: туынды етістікті атау.

Әр сөздің мағынасыен айта отырып, сө құрамына талдау.



Сергіту сәті

Интерактивті тақтадан сергіту сәтін көрсете отырып, оқушыларға қайталату.

-Жақсы, олай болса 4-жаттығуға назар аударайық!

Тыйым сөздерді жаттап алу және басқа қандай сөздерді білеміз болымды, болымсыз етістігі бар.

Болымды, болымсыз етістікті қайталау.

Жаз, күл, бар -ба, -бе, -ма, -ме, -па, -пе

6-жаттығу. Етістікті оқып, мағынасын түсіндір, тақтаға болымды, болымсыз түрін қатар жазғызу.

Сыз-сызба Тула-тулама Мүжі-мүжіме

Теже-тежеме Үз-үзбе Күл-күлме



ҮІ. Жаңа сабақты түсінгендерін тексеру кезеңі

Тест сұрақтары:

Дара етістік неше сөзден тұрады?

а) 2 ә) 1 б) 3

2. Күрделі етістікті тап.

а) Бала кітапты оқып келе жатыр.

ә) Мен ойнап жүрмін

б) Құс ұшты.

3. Етістіктің болымсыз түрін тап

а) көрме жақсы

ә) Көне жазба табылды.

б)Қарсы сөйлеме

4. Етістік дегеніміз не?

а) Заттың атын білдіретін сздер

ә) Заттың қимылын білдіретін сөздер

б) Заттың ретін білдіретін сөздер.

5. Етістіктің сұрақтарын көрсет.

а) қанша? неше? нешінші?

ә) кім? не? кімдер? Нелер?

б) не істеді? не қылды? қайтті?

6. Туынды етістікті тап.

а) кітап ә)ақылдас б) оқы

7. «Отыр» қандай етістік?

а)дара ә) күрделі б)болымсыз

8. Күрделі етістік неше сөзден тұрады?

а) бір ә) үш б) бірнеше

9. Етістіктің қанша түрі бар?

а) 9 ә) 7 б) 6

10. Негізгі етістікті көрсет.

а) терле ә) тырмала б) күт



Тақтадан дұрыс жауабын шығару, оқушылар бір-бірінікін өздері тексереді.

ҮІІ. Қорытындылау кезеңі

Тақтадағы киелі ағашқа оқушылар әтістіктің түрлері жазылған қағазды іледі.

Балалар, бүгінгі сабақтан нені білдік?

Нені үйрендік?

Қандай етістіктердің түрлерін есімізге түсірдік?

Маған қоятын сұрақтарың бар ма?

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру, бағалау кезеңі

Үйге тапсырма: 147 беттегі 7- жаттығуды көшіріп жазып, болымды, болымсыз етістіктің астын сызу.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статьи на тему"Жаңа технологияны сабақтарда қолданудың тиімділігі"(4 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по выставочной деятельности

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 607 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.02.2016 619
    • DOCX 37.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тәттібаева Кулбану Елшібайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5084
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 271 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 589 человек

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Мини-курс

Специальная реабилитация: помощь детям с особыми потребностями

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек