Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Статьи / Статьи "Жаңа білім беру әдістері"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Статьи "Жаңа білім беру әдістері"

библиотека
материалов


hello_html_23d1713e.png


Қостанай облысы

Жангелдин ауданы

Сужарған ауылы

Қ.Қойдосов орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Қоянбаева ГулжаухарТурсынбековна

E-mail: guljauhar.72@mail.ru



Жаңа білім беру әдісітері

Еліміздің болашағы - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Қазіргі заман ағымына байланысты мұғалімдерге жаңа талаптар қойылды. Сол себепті оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жаңа әдіс-тәсілдерді жетілдіру мақсатында сындарлы оқытуға негізделген Бағдарламаның жеті модулін өз сабақтарымда барынша ықпалдастыруға тырыстым.Мұғалімнің біліктілігін арттыруға бағытталған осы Бағдарлама заманауи ғылыми зерттеулердің шынайы нәтижелерінің және оқытудың озық практикалық тәжірибесінің ықпалдасуын көрсете отырып, білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық жоспарларының мақсаттарына сәйкес келеді.Бағдарламаның мақсаты оқушылардың өз бетімен білім алуы,өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру,түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын.қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын,сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат,болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үрдісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз ету. Сындарлы оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған білімін сыныптан тыс жерде,кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету болып табылады. Оқу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінімен өзара байланыста қарастырылады.Сабақтарда қарастырылатын негізгі материал жеті модульге сараланған.Алайда,осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланатын жекелеген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады.Осы Бағдарламаның негізгі мазмұны жеті модуль түрінде берілген,олар оқыту барысында аралас түрінде қаралатын болады.Осы бағдарламадағы жеті модулді ықпалдастыра отырып мен мектептегі тәжірибе кезеңінде тізбектелген сабақтар топтамасына орта мерзімді жоспар жасадым. Жоспардың негізгі мақсаты әр сабақ үшін оқыту және оқу нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында алға ілгерлеудің болуын қамтамасыз ету. Сабақ барысында әдістер мен тәсілдерді үйрете білу.Сонымен қатар оқушылардың оқуды қалай оқуға болатынын білуі тиіс.Оқушылар оқу және оқыту әдістері арқылы тиімді идеяларды шешеді және зертттеуге,талдауға,салыстыруға,

дәлелдеуге,сыни ой айтуға қалыптасады. Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімдік жоспарының түйінді идеясында сыни тұрғыдан ойлаудағы диалогтік әдісін пайдалана отырып,оқыту және оқу барысында оқытудың жаңа әдістерін тиімді пайдалану арқылы дарынды және талантты балаларды мүмкіндігінше күрделі тапсырмаға жетелей отырып,Ақпараттық коммуникативтік технологияны тиімді пайдалану,жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалар беру және жұмыстарын бағалау әдістерін тиімді пайдалану, оқытуды басқару және көшбасшылыққа дағдыландыруды түйіндеп алдым.Тәжірибе кезеңінде зерттеуге екінші сынып оқушыларын алдым.Әдебиеттік оқу пәнінен «Менмен емен жайлы ертегі» тақырыбында өткізілген сабағымда осы жеті модульді белгілі бір деңгейде ықпалдастыра білдім.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер жеті модульдің барлығында қарастырылатын идеяларды оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан ,біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйретуді» ғана қарастырамыз,себебі олар әлеуметтік-сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты.Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді.Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті.Мерсер мен Литлтон(2007) өз еңбектерінде диалог-сабақта оқушылардың қызығушылығымен арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосаатындығын атап көрсетеді.

Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынастың және достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулін басшылыққа ала отырып,мен осы сабағымда ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында оқушыларға түрлі-түсті шарларды үлестіру арқылы топқа бөліп алдым.Үй тапсырмасын тексеру,диалогтік әдісті дамыту мақсатында топтарға ортақ сауал тастадым. «Таза судан қорқатын Том Сойердің әдетінше жуынатын балаларға қандай кеңес берер едіңдер?». Осы кезде бірінші топтағы бір оқушы «Томның жуыну ережесін әдетке айналдырмаңдар,себебі ол жуынуды дұрыс әдетке айналдырмаған»-деп жауап берді.Екінші топтағы оқушы «Мүмкін біз Том Сойерге жуынудың ережелерін ретімен үйрететін болсақ,мүмкін ол өз әдетінен арылатын болар»-деп өзінің сыни көзқарасын білдірді.Выготский кіші жастағы балалардың когнитивті даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынастың үдерісінде яғни анағұрлым қабілетті оқушылармен және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде қалыптасатын субъекті ретінде суреттейді. Сонымен қатар Выготский когнитивті дамудың , оқушылар өздерінің (ЖАДА) «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істесе,жақсаратындығын атап көрсеткен.ЖАДА оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер,өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды.Бұл тапсыраларды орындауда,оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек.Сабақтың барысында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін қолдана отырып «Досыма тілек» әдісі арқылы,шарларға тілек жазып бір-біріне лақтыру арқылы сыныпта ынтымақтастықты қалыптастырдым және шарлардың түстеріне қарай топқа бөлдім. Жаңа сабақтың тапсырмасы оқушыларға «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін қолдана отырып «Дана үкі» стратегиясы негізінде құрылып берілді.Берілген бірінші тапсырмада «Осы мәтінді оқып алып бір ауыз сөзбен жаз»-деп түсіндірген кезде оқушылардың бұл тапсырманы бастап орындап кетуі қиынға соқты,сол кезде мен өз тарапымнан қосымша түсініктер беру арқылы оқушы әрі қарай дамыта білді және оқушы өз ойын былайша айтып берді. «Бұл мәтінді оқи отыра менің түсінігім бойынша мәтінді бір ауыз сөзбен «Мақтаншақ» -деп айтар едім»- деді.Әрине бұл оқушының ойы дұрыс екендігін мен басқа оқушыларға дәлелдеп түсіндірдім.Осы кезде қарсы топтағы оқушы да «Жалғыздық» -деп өзінің тапқырлығын көрсете және осы диалогтік әңгімеге араласқанын сездірді.Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен,әрине,бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін,диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда,оқыту жеңіл болмақ.Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен,

ЖАДА аясында қарастырылғандықтан оқыту табысты болмақ.Барнс (1971) сыныпта сөйлеу қаншалықты қолданылса,оқушылардың оқуына оның соншалықты әсер ететінін айтады.Кейінірек Мерсер мен Ходжкинсон(2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып,оқыту барысындағы диалог дәптеріне атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді.Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар.Олар:

*оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді,

*басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі,

*оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне жәрдемдеседі,

*мұғалімдерге оқушыларға оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.

Көп жағдайда сыныптағы талқылау мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінде,оқушының дұрыс және орнымен нені,қашан және қалай айту қажеттігі сипатында болады.Көптеген сыныптарда оқушылардың әңгімеге қатысуға құқықтары аз.Сөзіме дәлел ретінде тағы бір тапсырмамда осы мәтіннің ішіндегі ерекше кезеңді суретке салыңдар деп тапсырдым, сол кезде топтағы сөзге көп араласпайтын оқушы дәптеріне жалғыз еменнің суретін бейнелей бастады.Ол өзінің сыни көзқарасын іштей сурет арқылы білдіргісі келді.Оқушы өз тобына берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындай білді,яғни ол өз ортасына қосылды,талаптанды,өз пікірін сурет арқылы білдірді.

Сыныптағы бағалау тек техникалық тәсіл емес.Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды.Бағалау-одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.Өзін-өзі бағалау-әркімнің өзіне қоятын бағасы.Білім көрсеткіші нәтиженің бір түрі.Баға-ынталандырудың ықпалы.Баға табыс көзі болу үшін мұғалім сабақта сұрақты немесе бүгінгі күннің мақсатын дұрыс қою керек,ол үшін мұғалім бүгінгі күннің мақсатын дұрыс қою керек.Егер осындай реттеуді күн сайын жасап отырғанда оқушының реттелуі қалыптасады.Мұғалім бір сабақ кезінде бағалаудың бірнеше түрлерін яғни формативті бағаны,оқушыны оқыту үшін,сонымен қатар суммативті бағаны өзім қоямын,топтағы оқушыларға бірін –бірі айқын бағалау мақсатында бағалаудың критериалды түрлерін ұсынамын.Бұл бағалау барысында бір топта отырған оқушылар бір-бірімен келіспеушіліктер,айтыс -тартыстар болды.Сол себептен топ басшыларына,топ мүшелеріне нақты,дәл,тура бағалауды түсіндірдім және сабақтарымда осы бағалаудың түрлерін қолдандым. Зерттеу жұмыстарының барысында оқушылардың білім алуы, тыңдалымы және сөйлеуі арасындағы байланыс анықталды. Барнс (1976 ж.) пен Мерсердің (2000 ж.) айтуынша, зерттеушілік әңгіме/талқылау – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялар мен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылап, баға береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап, айтады; болжамдар ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», « егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді.

Осындай сценарий бойынша оқушылар бір-бірін тыңдап, өз жауаптарын талдайды. Осылайша жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері диалогтің салдары болып шығады. Алайда, бұл әңгіме олар үшін қалыпты болып табылмайды, мұғалімдер бірігіп талқылаған жұмыстың құндылығын түсінулеріне көмектесу керек.Осы мақсатта оқушыларға үй тапсырмасына «Алып емен »-деп зерттеушілік әңгіме құрастыруды тапсырдым.Онда оқушыларға еменнің көпжылдық өсімдік екендігін,оның өсу аймағы туралы ізденіп,жан-жақты әңгіме жазу тапсырылды.Осы тапсырма бойынша оқушы өзінің зерттеушілік әңгімесін оқып таныстырды, «Емен-көпжылдық өсімдік. Ол орманда өседі.Емен өте тығыз,берік,мықты алып ағаш.Сондықтан еменнен үй жиһаздары жасалады.Ол өте мықты болғандықтан үй жиһаздарын жасауға қолданады».Бұл оқушы өзінің зерттеушілік әңгімесі арқылы сыни көзқарасын білдірді және өзінің ізденпаздығын,дарындылығын көрсете білді.

Оқушыларға әңгіме – бұл проблеманы шешу тәсілі және оқыту құралы екенін түсінуге көмектесу кезінде, сондай-ақ сөйлеу дағдыларын қалай дамыту туралы нұсқау берілетін кезде талқылау және топтық жұмыс сапасы және осылайша жеке оқыту нәтижелері жақсарады. Мектептен тыс кезде осы дағдыны ала алмайтын жастар үшін, осылайша өмірін өзгертетін тәжірибе алуға болады. «Оқытудағы ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдалану» сабақтың дайындық кезеңінде сабаққа слайдтар жасадым,интерактивті тақтадан сабаққа қажетті материалдарды таңдадым және оларды сабаққа қолдандым.Оқушыларға сергіту сәтін орындатқан кезде осы тақта арқылы әуенмен іс-қимыл әрекеттерін көрсете білдім.Талантты және дарынды балаларды оқыту кезінде топтағы оқушыларға «Менмен Еменнің уәжін дауыс ырғағына келтіріп» оқу тапсымасы берілген кезде топтың ішінен суырылып бір оқушы: «Бұл жерде сендерге шәлтиіп не бар осы? Көркімді бұзып болдыңдар.Апырай,қалай ғана құтылсам екен сендерден.Сонда бұдан да алып ,бұдан да сәндірек бола түсер ем»- деп еменнің дауыс ырғағына келтіре,образға кіріп рөлде ойнап оқығанына сынып оқушылары таң-тамаша қалып таңырқады. «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» үшін оқушылар өздерінің ішкі толғаныстарын формативті бағалау арқылы сезімдерін білдірді.Сонымен қатар оқушыларға мәтіндегі кейіпкерді кластер құру арқылы жақсы және жаман қасиеттерін анықтауды тапсырдым.Осы тапсырма орындауда топ ішінен талантты оқушылар байқалды.Оған дәлелім: Емен- мықты,берік,алып,үй тұрмысына қажет.Далаға көрік береді.Орманда өседі-деп өзінің дара ойын баяндап берді.Келесі топтағы оқушы оған кері ойын білдірді: Мәтіндегі емен жан-жағындағы ағаштарды жайпап,Мигулай атайға ағаштарды кесіп тастауды өтінді.Оның өтінішін орындап,атайдың көршілері ағаштарды отынға шауып тастады.Сол себептен емен жалғыз қалды.Оны қарадауыл келіп,оған ызғарын төкті.Осы кезде емен өзіне пана болып тұрған,көрші ағаштардың қажет екенін білді.Осы кезеңде оқушылардың дарындылығы ерекше көзге түсті.Ойдан ой туды,еменнің жақсы және жаман қасиеттерін ажырата білді. «Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулін қолдану барысында дарынды,ойы шапшаң оқушылар және көшбасшы оқушылар да байқала бастады.Көшбасшы оқушылар өз топтарын ұйымдастыруда белсенділік танытты. Сол сияқты «Менмен» сөзін мағынасы жуық тағы қандай сөздермен алмастыруға болады тапсымалар берген кезде өзінің тапқырлығын былайша білдірді: Менмен- өзімшіл, өркөкірек,тәкаппар,қызғаншақ - деп ойын өз ойын,топтан оза шығып,көшбасшылығын танытты. «Осы шығармадан өзіңе не аласың?»- деп берілген тапсырмада оқушы: «Мәтіндегі кейіпкер емен сияқты мен жалғыз қалғым келмейді.Сондықтан достарыммен тату болғым келеді» - деп ол өз ойын еменнің іс-әрекетінің дұрыс емес екендігін дәлелдеп айтты.Оған қарсы пікір білдірген оқушы «Жалғыздың үні шықпас,Жаяудың шаңы шықпас»- деп өз ойын мақалмен түйіндеп,тапқырлық танытқаны мені таң қалдырды.Әрине оқушылар өздерінің сыни көзқарастарын,тапқырлықтарын танытты. «Осы мәтін бойынша пікір тудыратын сұрақтар қойыңдар»- тапсырмасы берілгенде екінші топтан бір оқушы «Еменнің осы қылықтары дұрыс па?», «Біздің арамызда емен сияқты оқушылар кездеседі ме?» - деп ортаға пікір тудыратын сұрақтар тастады.Берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды топта жұмыс жасауға,негізгі ойды тиянақтауға,идея тудыруға,тақырып бойынша нақты сұрақтар қоя білуге үйренгенін,сыни тұрғысынан ойлауының дамығанын білдім.Танымдық даму-баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті.Дәлірек айтқанда,танымдық даму оқуға деген қабілеттілік,сондай-ақ зейін,сөз сөйлеу дағдылары,ойлау,негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттер ойлау үдерістерінің Сабақтың соңында оқушыларға «екі жұлдыз,бір тілек» рефлексия әдісін қолдандым.Ондағы мақсатым оқушылардың келесі сабаққа сыни көзқарасын,ой пікірлерін,ұсыныстарын білу.

« Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу»бойынша баланың танымдық дамуын және жас ерекшелігін анықтау.Танымдық даму-баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті.Дәлірек айтқанда,танымдық даму оқуға деген қабілеттік,сондай-ақ зейін,сөз сөйлеу дағдылары,ойлау,негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. Аталған зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру ықтималдығы туралы маңызды ақпаратты бар танымдық даму теориясы сипатталады.Жан Пиаже,Джин Пиагет, Мария Монтессори және Лев Выготский сияқты теоретиктер оқу және даму мазмұнының ұқсастығын қалыптастыра отырып,танымдық тәсілді дамытуда одан әрі ілгерлеген.Ғалымдар кіші жастағы балалар дәл өзін қоршаған ортамен және адамдармен әрекеттесу кезінде оқу және даму жүзеге асады деп сендірген.Мысалы,бір сыныпта әр жастағы балалардың болуы,олардың дамуына достарының, қоршаған ортаның әсері ықпал етеді. Оқытудағы гуманистік тәсіл,бұл тәсілде адамның өсуіне ерекше назар аударылған.Бұл тәсілдің негізін қалаушылар Маслоу мен Роджерс.Бұл тәсілде өсу үшін адам әлеуетіне ерекше назар аударылады.Өзіне деген қарым-қатынас- «гуманистік психологияның негізгі белгісі»Выготский (1962) саналы рефлексивтік бақылау және білімді кемелдендіре игеру мектепте оқытудың аса маңызды факторлары болып табылатынын түсінгендердің алғашқысы болды.Зерттеуші білімді дамытудың екі факторы барын айтады: біріншісі-білімді автоматты түрде,ұғынбай алу,одан кейін екіншісі – алынған білімді саналы түрде ұғынып бақылаудың біртіндеп өсуі.Сонымен қатар Флейвелл мен оның әріптестері (1995) метасана қабілетті жасқа байланысты өзгереді және жасы үлкенірек балалар метокогнитивтік ақпаратты көптеген мөлшерде игергендіктен олардың үлгерімі жоғарырақ деп тұжырымдаған.Бірақ мұндай стратегияларды пайдалана алмау,жасына емес,тәжірибесіне де байланысты деуге болады.Мектептегі тәжірибе ізденістерін,қабілеттерін шыңдауға ықпалы мол болды.Әсіресе табиғатынан тұйық,өз ойын жеткізе алмайтын,өздеріне сенімсіздеу оқушылар ашыла бастайды.Олар өз ойларын ортаға салып,еркін сөйлейтін болады.Сабақ нәтижелі болу үшін балаларды қызықтыру керек,оған сабақтарды түрлендіріп,осы бағдарламадағы жеті модулді ықпалдастыра енгізу қажет.Нәтижесінде мұғалім мен оқушының біріккен жұмысында байланыс пайда болып,әрқайсысы өзінше деңгейге жетеді.Мұғалім оқушыны жан-жақты зерттей отырып,өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс.Сабақта оқушының тақырып бойынша қызығушылығын ояту үшін іс-әрекеттерді түрлендіріп отыруы тиіс.Мәселені алдымен жұптап,содан соң топ арасында талқылап отыру керек.Бұл жағдайда әрбір бала өзін жауапты сезініп,оқуға деген белсенділігі ,қызығушылығы,жауапкершілігі артады.Осы бағдарламаның жүзеге асырылуы нәтижесінде:

-оқушы белсенді,ізденпаз тұлғаға айналады;

-оқушылар өз ойын еркін айтады;

-өзге балалардың пікірін тыңдайды;

-өз бетінше ізденуге үйренеді;

-бір- бірімен қарым-қатынас жасайды;

-шығармашылық белсенділігі артады;

- мұғаліммен еркін сөйлесіп пікір алмасады;

-өз бетінше шешім қабылдауға үйренеді.

Әр сабағымда оқушылармен тығыз байланыста болып,оқушыны басты тұлға ретінде,ал өзім бағыттаушы екенімді естен шығармауға тырысамын.Оқушылар сабағымда өз беттерінше шншім қабылдап,қарым-қатынас жасап,кез-келген мәселені дұрыс шешуге тырысады.Алдағы уақытта оқытудың жеті модулін басшылыққа ала отырып,осы алған білімімізді оқу үдерісіне енгізіп,оқыту мен оқудағы қазіргі заманауи талапқа сай,жан-жақты,өзіндік пікірі қалыптасқан жаңашыл тұлғаны тәрбиелеу мен оқытуды өз тәжірибеме енгіземін.

.

Автор
Дата добавления 01.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Статьи
Просмотров236
Номер материала ДБ-062129
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх