Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Статьи / Статьия на тему "Тәрбиеші тәлімі"

Статьия на тему "Тәрбиеші тәлімі"



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

«Егер де сүйе білмесең, hello_html_m3cfead1c.jpg

тәрбиелеуге құқын жоқ».

 Г.Песталоцци


Тәрбиеші тәлімі!
Мен үшін де осынау өмірімдегі ең қастерлі,әрі қасиетті мамандық ол – тәрбиеші деп білемін. Кішкентай сәби баланың былдыр дауысы мен сыңғырлаған дыбыстарын балалық шағымнан жақсы көріп,бала тілін ұғына білетінмін. Балаларды ұйымдастырып,олармен уақыт өткізген қатты ұнайтын. Өз бойымдағы балаларға деген жылы шырайы,адал ниетімді,қызығушылығымды болашақ мамандығыма айналдырып, Қостанай педагогикалық колледжінің тәрбиеші мамандығына оқуға түстім. «Жол таңдауда жалтаңдауға болмайды» дегендей, әу баста ұлтымыздың, тәуелсіз еліміздің ертеңі боларлық бүлдіршіндерді тәрбиелеу жолын таңдағаныма еш өкінбеймін. Керісінше, ауыртпалығы мен жауаптылығы қырық атанға жүк боларлық осы кәсіпті таңдау арқылы қоғамдық дамуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқанымды мақтан етемін. Адам баласының өмірінде болуға тиіс бақыттың бірі не десек, ол – өз қалауыңмен таңдаған кәсіп-мамандығыңа деген салиқалы ынтызарлық әрі ыстық ықылас дер едім. Өз еңбегіне жан-тәнімен берілген жан ғана өмірдің мән-мағынасын, қоғамдық ортадағы жауапкершілікті, тұтастай ұлттың ертеңіне қоса алар өзіндік үлесін тереңнен салмақтай білу керек. Бір сөзбен айтқанда, өмірдің мәні адал әрі мағыналы, жемісті әрі нәтижелі еңбекте жатқандығын түбегейлі түйсіне алған әр адам биікке бастар жолдың қадірін салмақтай біледі. Өзімнің еңбек жолымды Қараменді селосынның «Балапан» бөбекжай бақшасында жалғастырудамын. «Кәсібің – нәсібің» дейді қазақ даналығы. Шын жүрекпен қалаған кәсіп арқылы ғана және жемісті еңбек арқылы өмірлік несібеңді, абырой-беделіңді, қоғам алдыңдағы құрметіңді еселей аласың.Менде өзіме деген сеніммен «өз маманымның шебері» болуға бел будым. Сол мезеттен бері тыңбай еңбек етудемін.Балалармен бірге мерекелерге «Күз ханшайымы», «Тәуелсіздік тұғыры», «Қош келдің,жана жыл!», «Ал,қанекей,Әжелер!» т.б атты ертеңгіліктер өткіздім. Ашық есік апталығында, «Үш саны мен сан белгісін белгілеу» тақырыбында ашық сабақ өткізіп балалардың білімін жетілдіре білдім. «Балапан» бөбекжай бақшасының ата-аналары өз балаларының ертеңгі болашағына алаңдап күнделікті тәртіп,білімдерін қадағалап отырады.Тәрбиші мен ата-ана арасындағы сабақтастықты арттыру мақсатында «Бала тәртібісі ортақ іс», «Бала бақша мен отбасы арасындағы ынтымақтастық» т,б атты жиналыс кеңестерін өткіздім.Тәрбиешінің әр күні ізденіспен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу – біздерге артылған аса жоғары міндет. Осы міндетті орындау үшін әрбір тәрбиеші жанын салады. Менің де өз тәрбиленушімнің бойынан жылт еткен жақсылықты, талап пен талантты тауып, бұлақтың көзін ашу, биікке жетелеу,тілдерін дамыту,сөйлеу мәдениеті арқылы бала бойына ұлттық құндылықтарды, дәстүр мен салтты, ұлтымызға тән ізгіліктерді, жалпы адамзатқа ортақ өркениеттік ұстанымдарды бойларына сіңіру мақсатында өз бүлдіршіндерімді түрлі марафондар мен жарыстарға қатыстырудамын. Айта кетсем бүлдіршіндерім мектепке дейінгі балалар арасындағы «Табиғат және қоғам» марафоны мен «Үркер» жарыстарына белсене қатысып мақтау қағаздарымен марапатталды.
hello_html_7f78a7e8.jpghello_html_m56aaaa98.jpghello_html_m6d1635b9.jpghello_html_m488a5521.jpg

Көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген екен. Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. Бұл жолда үлкен ізденіс, парасат қажет , олардың әрқайсысының еңбегі қашанда құрметке лайық деп білемін!

Балапан бөбекжай бақшасының тәрбиешісі:Калмагамбетова Толганай





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 20.10.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Статьи
Просмотров8
Номер материала ДБ-277756
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх