Инфоурок Всеобщая история СтатьиСтатия "Құрылымы мен қызметі"

Статия "Құрылымы мен қызметі"

Скачать материал

 

                                  ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ-АҒАРТУ ИНСТИТУТЫНЫҢ

                                                ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ 

                                                                                                                

                                                           Сахимова А.М.

                    Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

                           Тарих және құқық факультетінің магистрант.

               

        ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басында Ресей империясында орын алған қоғамдық – экономикалық қатынастардағы өзгерістер қазақ қоғамына да әсерін тигізбей қоймады. Ендігі жерде азаттық жолындағы күресті қарудың күшімен жүргізудің мүмкін еместігін көрсетті. Осы кезеңде қазақтың алдыңғы қатарлы ойшыл тұлғалары күрестің жаңа түріне – білім-ғылымға иек артты. Олар туған халқын оқу-білімге, кәсіп қылуға шақырып, сонда ғана басқа халықтармен терезесі тең болатындығын, өркениет жолына шығатындығын өз шығармаларына арқау етті. Қазақ қоғамында болмаған жаңа үрдіске жол салды, жаңашылдыққа шақырды.

        Кеңес дәуірінде ағартушылықтың  идеологиялық мән-мағынасы басым болғаны мәлім. Бұл жөнінде белгілі философ-ғалым Ғ.Есім : "Ағартушылық қоғам болмысының заңдылығы ретінде аңғарылатын мәдени қозғалыс, оның қозғаушы күші – ұлттық идея. Ағартушылық деген Батыс Еуропадан таралғандықтан, мысалы ағылшын, француз, неміс ағартушыларын алсақ, бәрінің де негізгі мақсаты – ұлттық идея болғанын еріксіз мойындайсыз" деген пікірін білдіреді.

       Қазан төңкерісінің нәтижесінде билікке қол жеткізген большевиктер жаңа қоғамды құруды жаңа мәдениетті қалыптастырумен тығыз байланыстырды. Кеңес үкіметі мәдениеттің оқу-ағарту саласына баса назар аударды. Білім беру жүйесін қайта құруға негізінен үш фактор кері әсер етті.

-          елдің азамат соғысы жағдайында болуы;

-          шаруашылықтың күйзеліске ұшырауы;

-          халықтың оқу-білімге құлықсыздығы.

      Осындай қиыншылықтарға қарамастан оқу-білім ісіне шын берілген мұғалімдер еңбегі мен білімге халықтың құштарлығының, әрі өкіметтің ұйымдастыру қызметінің арқасында алға ілгерілеу де байқалды [1, 19-21 б].

       1923 жылдың күзінде Бүкілодақтық "Сауатсыздық жойылсын" қоғамы құрылғаны тарихтан белгілі. 1924 жылдың қаңтар айында Қазақстанда "Сауатсыздық жойылсын" ұйымын құру жөнінде жұмыстар жүргізілді.Осы жылдың 17 ақпанында өткен алғашқы ұйымдастырушылық жиналыста Қазақстандағы сауатсыздықты жою ұйымы (СЖҰ) рәсімделді. Олардың негізгі мақсаты сауатсыздықты жою болғанымен олар жергілікті жерлерде жұмысшы, шаруа, малшылар қатарын социалистік құрылысқа тартумен және сауатсыз село халқын бар күш жігері мен қаражаттарын қоғамдық іске жұмсауға үйрету сияқты коммунистік идеологияның принциптерін насихаттаумен де айналысты. 1925 жылдың ортасында қоғам мүшелерінің қазақ өлкесіндегі саны 40 мыңнан асты [2, 113 б].

             Кеңес өкіметі орнатылғаннан кейін, нақтыласақ 1920 жылы РКФСР ХКК-нің шешіміне орай Өлкелік Халық ағарту бөлімдерінің жанынан сауатсыздардың есебін алуды ұйымдастырумен, педагог мамандарды даярлаумен, курстар мен мектептерді ашумен, оқу құралдарын басып шығарумен шұғылданатын сауатсыздық жөнінде комиссиялар құрылды.

            Қазақ халық - ағарту институты сауатсыздықты жоюға айтарлықтай үлес қосты. Институт Орынборда 1919 жылы ашылған. Орынборда ашылған институт алғашқыда Қырғыз халық ағарту институты деп аталды.Тарихы 1919 жылы басталатын бұл институтта қазақ мектептеріне мұғалімдер даярлаған.1921 жылдың өзінде 140 оқушы оқыған.Оқу жоспары бойынша институтта сабақ тек қазақ тілінде жүргізілді.Институт оқушылары мен студенттері елде сауатсыздықты жою ісіне белсене араласты.[3, 433 б]

           Ең алдымен хат танытудан басталған жұмыс 1925 жылы шақырылған Қазақ АКСР Кеңестерінің Ү съезінің негізгі құжатының бірі Қырғыз халқының тарихи дұрыс атын қалпына келтіруі еді. Яғни, Кеңестердің Бүкіл Қазақтық  Ү съезі "бұдан былайғы жерде "киргиз" деген атау "қазақ" деп аталсын" деп қаулы қабылданды. Сонымен бірге съезд "Киргиз Республикасын" "Қазақ Республикасы" деп атауға, ал оның астанасы Ақмешітті Қызылорда деп атауға қаулы алды [4]. Осы съездің күн тәртібінде халық ағарту ісі де қаралды. Қазақ АКСР-нің астанасы болған Қызылорда қаласына 1925 жылы Орынбордан Қазақ ағарту институты көшірілді.1924-1925 жылдары Сырдария облысының Ақмешіт халық ағарту бөлімі, 1925-1927 жылдары Сырдария губерниясы Қызылорда уездік-қалалық халық ағарту бөлімі жұмыс істеді.1927 жылы Кеңес үкіметінің 10 жылдығында мектептер саны облыс көлемімен есептегенде 149-ға жетіп, ондағы оқушылар саны 12495 жеткен. Қазақ халық-ағату институтының тәртібі төмендегідей:

                                     І. Жалпы бөлім

1.        Қазақ халық-ағарту институты марксистік – лениндік педагогикалық дәрежедегі талапқа сай жетіжылдықтар мен совхоз, колхоз мектептерінің жастарынан халықтық-педагогтық кадрлар дайындайды.

2.        Осы негізгі мәселені шешу барысында халық-ағарту институты төмендегідей шараларды ұйымдастырып, өткізеді:

                - Ағарту институтына, педагогикалық жоғарғы оқу орнына түсу мақсатында малшыларды, колхозшыларды, кедей және орташа топтағы  шаруаларды қысқа мерзімді үш жылдық жұмысшы факультеттерінде оқытады.

                - Сырттай оқу бөлімінде оқитын педагогкалық кадрларды және басқа да педагогтық мәдени-құрылыстардағы кадрларды квалификациясын жоғарылату.

                  - Малшылар, колхозшы және кедей-орташа топтардың ортасында қоғамдық-саяси, агрономдық , техникалық білімді тарату және насихаттау.

                  - Мәдени  құрылысқа, еліміздің қорғаныс қауіпсіздік жұмыстарына баулу.

                             ІІ. Ағарту институтының құрылымы

3.        Ағарту институты негізі ортақ бағдарламасы бола тұра, екі типке бөлінеді:

-          Индустриалды-педагогикалық

-          Агро-педагогикалық және оған кіретін мамандықтар:

-          Физика-техникалық;

-          Химия-биологиялық;

-          Қоғамдық ғылымдар;

-          Тіл - әдебиет.

Негізгі курстарда білім алушылар үшін дайындық бөлімдері және кешкі жұмыс факультеттері ұйымдастырылады.

4.        Бұл мамандық бойынша көрсетілген бөлімдерден басқа, әр ағарту институтының құрамына енетін бөлімдер бар:

-          Сырттай оқу, мұғалімдердің квалификациясын көтеру бөлімі.

-          Қысқа курстар ұйымдастыру т.б.

                      ІІІ Ағарту институтының студенттері туралы

5.        18 жасқа толған, әр жыныстағы, оқу үрдісіне кедергі келтіретін аурумен ауырмайтын, қазақ және басқа да шығыс ұлттары Ағарту институтына түсе алады.

6.        Жұмыс тәжірибесі бар 16 жастағы адамдар дайындық бөліміне қабылданады.

7.        Жақсы нәтиже беру үшін студенттерге тек оқуда белсенді әдістерді ғана қолданып қоймай, еңбектің социалисттік түріне баулып оқытады.(жарыс, бригадалық түрдегі оқу мен жұмыстар т.б.) [5, 54-61 б].

           1927 жылы 29 мамырында БК(Б)П Орталық Комитеті қабылдаған сауатсыздықты жою туралы қаулы "Сауатсыздықты жоюдың мұнан былайғы жұмысына батыл өзгеріс жасау", бұл жұмысты "бірыңғай жоспар, күштер мен қаражатты біріктіру, сауатсыздықты жоюға қатысатын барлық ұйымдарға кең ықтияр беру негізінде" жүргізу қажеттілігі көрсетілді [6, 13-17 б].

Кеңестік биліктің алғашқы жылдарында ағарту саласына зор үлес қосқан қазақ зиялыларының қатарында Сәкен Сейфуллин болды. Ол 1925 жылы 7 сәуірде Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылым орталығының төрағасы, 12 шілдеде қазақтың пролетар жазушылары ассоциациасының басшысы болып тағайындалады. Сәкен Сейфуллин 1926 жылы БКП Өлкелік комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі, 1927 жылы Қызылордадағы халық ағарту институтының, Ташкенттегі Қазақ педагогика институтының директоры болып жұмыс істеді және,1925-1928 жылдар аралығында дәрістер оқып, сабақ берген. Сәкен- Қазақ Кеңес ағарту жұмысының қарыштап дамуына үлкен роль атқарған жаңашыл азамат. Оның поэзиясы- Абай мен Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығының заңды жалғасы бола тұрса да, идеялық-шығармашылық принципі жағынан айрықша ерекшелігі бар үлкен дүние. Сәкен шығармаларының идеялық нысанасы жаңа дәуірдің, кеңестік заманның көкейкесті мәселелерімен тығыз ұштасып жатты.Сәкен шығармашылығын сөз еткенде, ерекше назар аударатын мәселе – оның замана бейнесін жасауы және де өз білімімен жас ұрпақтың сауатын ашуы болды. С.Сейфуллин Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Төрағасы қызметіне кіріскен алғашқы қүнннен-ақ өзінің ағартушылық ойлары арқылы жастарға білімнің маңыздылығын ұғындыра отырып, үкімет қаржысының қомақты бөлігін оқу-білімге бөлді. Осы мерзімде қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтар басылып шықты. Алаш зиялылары құрастырған бұл оқулықтар ұлттық нақышты айшықтаған мазмұндылығымен құнды еді. Сәкен Қазақстандағы ағарту ісін ұйымдастырып, дамытуға ерекше күш салған қайраткерлердің бірі және қазақ елінің болашағын ана тілінің өрісінің кеңеюімен байланыста қарап, қазақ тілінің өмірге енгізілуі үшін жасаған еңбегі үлкен [7, 19-23 б]. Тәжірибелі педагогтар, республикада жұмысын ұйымдастырушы қайраткерлер – С.Меңдешев, Т.Жүргенов, Қ.Жұбанов, М.Жолдыбаев т.б.институтта дәріс берді.

         1929 жылдың 25 шілдесінде "Жаңа қазақ орфографиясын бекіту туралы" қаулы жарық көрді. Жаңа қазақ орфографиясы Халық ағарту Комиссариатының Қызылордада 1929 жылдың 2-4 маусымында өткізілген ғылыми конференциясында қабылданып, ал 20 шілдеде Орталық Атқару Комитеті оны бекітті [8, 29 б].

          Ағартушылықтың тағы бір осал тұсы оқулықтардың жетіспеуі еді. Ресми мәлімет бойынша 1928 жылы қазақ тілінде 22 оқулық атауы (жалпы данасы 732.000) бар болатын. Жаңа әріпке сәйкес келетін жаңа оқулықтар дайындау қажет бола бастады. Қазақ тілінде оқулықтарды жазуға даярлығы бар топ Алаш қозғалысының қайраткерлері еді. Бірақ та алаш қайраткерлерін жазықсыз 1928-1929 жылдары жаппай тұтқындалып, жер аударылды. Сол қазақ  зиялыларының бірі әйгілі ғалым-теоретик, эстетик сыншы Ахмет Байтұрсынов болатын. Оның жаңашыл туындысы Ташкентте 1926 жылы "Әдебиет танытқыш" ("Теория словестности") деген атпен басылған. Араға екі-үш жыл салып, авторы ұсталып кеткен соң, бұл еңбек көпшілік арасына мол тарап үлгермеді.Бірақ қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған [9, 30 б].

           “Әдебиет танытқыш” кітабындағы термин, ұғым, категория әдеби тілімізге, ғылыми оралымға кезінде кіргенін айта отырып, бұл еңбекте эстетикалық ойлау жүйемізді әлі де байыта түсетін тамаша қазына, ересен тапқырлықтар бар екенін көрсетуіміз қажет. Сонымен Ахмет Байтұрсынов қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салған, тұңғыш әдебиет теориясын жазған ғалым екендігін мойындамау шындық алдындағы қиянат болар еді.
           Ахмет Байтұрсыновтың әдеби-ғылыми мұрасының ішіндегі ең көлемді және айрықша тиянақталған тұжырымды еңбегі – “Әдебиет танытқыш”. Шолу ретінде, атүсті айтылғанмен, бұл еңбек дәлді зерттеліп, әділ бағасын әлі алған жоқ. Қазақ тіліндегі әдебиеттер Ташкентте, сондай-ақ, 1925-1929 жылдары Қызылорда астана болып тұрған кезде көптеп шығарылған. Мысалы, қомақтысы С. Сейфуллиннің "Тар жол тайғақ кешу" романын айтуға болады [10].

          А. Байтұрсынов Кеңестік жүйе тұсында 1920-1929 жылдары ағартушылық және ғылыми жұмыстармен айналысады. Халық Ағарту Комиссариаты 1920 жылы құрылып, оған ұлт зиялыларының белсенді тобы тартылғандығы туралы мұрағат құжаттары мәлімдейді. Қазақ АКСР Халық Ағарту Комиссариаты 1920жылдың қазан айында Қазақ әскери-төңкерістік комитеті халық ағарту бөлімінің негізінде құрылып, онын тұңғыш комиссары етіп А. Байтұрсыновты тағайындаған. Қазақ мұғалімдерінің қатарын толықтыру үшін жаңа мұғалімдерді дайындаумен қатар байырғы мұғалімдердің өздерін қайта дайындықтан өткізіп, білімдерін жетілдірген. Мамандардың тапшылығына байланысты А. Байтұрсынов Халық Ағарту Институттары мен педагогтар дайындайтын арнаулы орта оқу орындарын ашты [11, 19-21 б]. А. Байтұрсынов Қызылорда қаласындағы Қазақ халық-ағарту институтында 1927-1928 жылдар аралығында сызу және бейнелеу, сызу, қазақ тілі, КСРО географиясы, Орыс тілі пәндерінен дәрістер оқыған.

            Қызылордадағы Қазақ халық-ағарту институтында А. Байтұрсынов, С. Мұқанов,

Т. Жүргенов, Бернштейн, Т. Шонанов, Жұбанов сияқты азаматтар әр пән бойынша дәрістер оқыған. Қазақ әдебиетінен Темірбек Жүргенов берсе, химия пәнінен Бернштейн, елтану (страновед), еңбек мектебінің теориясы мен іс-тәжірибесі, география пәндерінен Телжан Шонанов берген. Есімдері  айтыла қоймаған Қасымов, Бурабаев, Ахмедов, Чумбалов, Қаржаубаев, Альжанов, Қадырбаев, Шустов, Мурзин, Сейдалин, Кенжин, Петропавл атты мұғалімдер де жұмыс атқарған. Олар математика, қоғамтану, география, жаратылыстану, қазақ халқының тарихы, бейнелеу өнері, дене тәрбиесі, әскери білім т.б. пәндерден сабақ берген [12].   

            Мысалы, КСРО халықтарының тарихы пәнінің Қазақ педагогикалық институтының 1, 2 курстарға арналған бағдарламасында: Ежелгі Русьтегі феодализм, ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Украина, өндірістің, капиталдың дамуы, ХІХ ғасырдың 1 жартысындағы қоғамдық қозғалыстар, 1861 жылғы реформа, 1965 жылғы революцияның экономикалық қажеттіліктері, 1905 жылғы революция, ХІХ-ХХ ғғ. Кавказ және Закавказье елдері, ХІХ-ХХ ғғ. Орта Азия, Столыпиндық реформа, екі төңкеріс арасындағы таптық күрес, Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс, ақпаннан қазанға, қазан төңкерісі және азаматтық соғыс, қазан төңкерісі және Алашорда, орыс тарихнамасының қалыптасуы туралы студенттерге ауқымды білім берілген [13, 12 п].

          Кеңе өкіметінің сауатсыздыққа қарсы күресті алдыңғы қатарға қоюының негізінен саяси астарлары күштірек еді. Басты себеп, ауылдағы Кеңес органдарында басшылыққа кедейлер өкілдерін әкелуден туындады. Шала сауатты кедейден шыққан жергілікті Кеңестердің басшылығына ұсынылғандар көп жағдайда өкімет саясатын іске асыруда қауқарсыздық танытты.Осы себепті Ағарту институты ашылған болатын.

            1930 жылдары республикада педагогтар мен мұғалімдер даярлайтын институттар көбейді. Соған байланысты 1933 жылы 15 қазанда Қазақ халық ағарту институты қызметін тоқтатты.

                                                 

                                          

 

                                                         РЕЗЮМЕ

            В статье  рассмотрены структуры и функций Казахского народно – просветительного

 института и роль работы  учителей. Приведены краткие сведения о наиболее ярких представителях сферы просвещения.

                                                               *  *  *

                In article are considered structure and functions Kazakh it is national - educational institute and a role of work of teachers. Short data on the brightest representatives of sphere of education are resulted.

 

                                                                  Әдебиеттер:

 

1.       Ахметов. Қ.Ә. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан мәдениеті ("Мәдени революцияның" концепциясы, идеологиясы, жүзеге асырылуы). Тарих ғылымдарының докторы  дисс. Авторефераты. – Алматы, 2002. -55 бет.

2.       Сайлан Б.С. Қазақстан жастарының 1920-30 жылдардағы сауатсыздықты жою науқанына қатысуы.//Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті Хабаршысы-2008.№1.

3.       "Қазақстан" Ұлттық энциклопедиясы/Қазақ халық ағарту институты. Алматы.,2003.

4.       Қалиев Ы., Шілдебаев Е.Дария жағасындағы қала.//Оқу ордалары. Алматы; 1980.

5.       Қызылорда қалалық мұрағаты. 4-қор, 1-тізбе,5- іс.

6.       Ақпанов Қ.А., Нұрғалиев Н.С. Қызылорда - халық ағарту мекені// Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Хабаршысы–2006.№ 2.

7.       С.С. Қасымова. Сәкен Сейфуллиннің қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі (1894-1938 жж.). Тарих ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Қарағанды, 2010. – 24 бет.

8.       Омарбеков Т. Мәдени құрылыс тарихы: тапшыл көзқарас сабақтары..// Ақиқат, 1996.

       № 3.

9.       Омарбеков Т. Сауатсыздықты жою: науқаншылақ және оның салдарлары.//Ақиқат, 1996. №2.

10.   Интернет. http: //www.google.kz/. Ахмет Байтұрсынұлы – бес арыстың бірі.

11.   Тұрғараева. Г.М. Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі (1872-1937 жж.). Тарих ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Алматы, 2009. -26 бет.

12.   Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағаты. 4-қор Қызылорда Қазақ Ағарту институты    

      (1922-1935 жж.).  - 1-тізбе., 2- іс. Протоколы заседания Совета Казахского Института и

      президиума Совета института народного образования.

13.   Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағаты. 4-қор Қызылорда Қазақ Ағарту институты    

      (1922-1935 жж.). - 1-тізбе, 1-іс Протоколы заседения. Положение об институтах   

       народного просвещения Казахстана.

 

 

                                                        

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статия "Құрылымы мен қызметі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басында Ресей империясында орын алған қоғамдық – экономикалық қатынастардағы өзгерістер қазақ қоғамына да әсерін тигізбей қоймады. Ендігі жерде азаттық жолындағы күресті қарудың күшімен жүргізудің мүмкін еместігін көрсетті. Осы кезеңде қазақтың алдыңғы қатарлы ойшыл тұлғалары күрестің жаңа түріне – білім-ғылымға иек артты. Олар туған халқын оқу-білімге, кәсіп қылуға шақырып, сонда ғана басқа халықтармен терезесі тең болатындығын, өркениет жолына шығатындығын өз шығармаларына арқау етті. Қазақ қоғамында болмаған жаңа үрдіске жол салды, жаңашылдыққа шақырды.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 026 материалов в базе

Материал подходит для УМК

  • «Всеобщая история. Новейшая история. XX - начало XXI века», Загладин Н.В.

    «Всеобщая история. Новейшая история. XX - начало XXI века», Загладин Н.В.

    Тема

    § 1. Трудный путь к миру. Версальско-Вашингтонская система

    Больше материалов по этой теме
Скачать материал

Другие материалы

Россия на пороге Х1Х века. Александр 1- «русский Гамлет» или «сфинкс».
  • Учебник: «История России (в 2 частях)», Арсентьев Н.М., Данилов А.А., Левандовский А.А. и др./ Под ред. Торкунова А.В.
  • Тема: Глава 1. Россия в первой четверти XIX в.
  • 13.02.2018
  • 432
  • 0
«История России (в 2 частях)», Арсентьев Н.М., Данилов А.А., Левандовский А.А. и др./ Под ред. Торкунова А.В.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.02.2018 876
    • DOCX 74.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сахимова Айгерим Мухамадалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13663
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 153 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 278 человек

Курс повышения квалификации

Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 417 человек

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 128 человек

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическое консультирование семей: от неблагополучия к гармонии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Стратегии брендинга в условиях глобальной конкуренции и изменяющихся рыночных тенденций

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе