Инфоурок Другое СтатьиСтатья "ҚАЗІРГІ ІСКЕРЛІК ТУРИЗМНІҢ МӘНІ"

Статья "ҚАЗІРГІ ІСКЕРЛІК ТУРИЗМНІҢ МӘНІ"

Скачать материал

Адамбекова Мулдир Рахматиллаевна

 

Алматы Қазақ-Түрік Гуманитарлық

Технологиялық Колледжі

Туризм мамандығы бойынша

оқытушы

ҚАЗІРГІ ІСКЕРЛІК ТУРИЗМНІҢ МӘНІ

 

 

Қазіргі таңда саяхатшылардың әрбір төртіншісі сапарларын іскерлік мақсатпен байланыстырады. Және осы іскерлік сапарлардың әртүрлі мақсатта жасалатын үлкен саяхаттар секторын іскерлік туризм дейміз.

Іскерлік туризм – дегенде туристік қызметтердің толық пакетін жатқызамыз. Әуе билетін броньдаудан бастап бизнес виза жасау және трансферлер іскерлік кездесулерді, демалуларды ұйымдастыруларды айтамыз[1].

Іскерлік туризм - әр елдің ұлттық экономикасының дамуында үлкен рөл атқарады. Сол экономиканың әлемдік нарыққа интеграциалануына септігін тигізеді. Іскерлік туризм әрқилы, ол өз құрамына жеке сапарлар мен топтық сапарларды қамтиды. Бұл сапар шегулер әртүрлі халықаралық корпорациялар ұйымдастыратын іс шараларға қатысады. Ал бұндай іс сапарлардың түрі көп. Съездер, конференциялар, семинарлар, тағы басқадай шаралар. Бұндай іс шараларды көптеген саяси, экономикалық, ғылыми, мәдени, діни және басқа да ұйымдар ұйымдастырады. Бұнымен қатар әр түрлі жәрмеңкелер, бизнес тренингтер, бизнес курстар тағы басқада іс-шараларға қатысу, бұлардың барлығы іскерлік туризмнің бір бөлігі. Сонымен қатар бұндай іс-шаралар әрқашан экскурсиялармен, танымдық бағдарламалармен байланыстырылады.

Іскерлік туризм тұтынушылармен, инвесторлармен, іскерлік әріптестермен кездесуге, жаңа технологиялармен танысуға, бизнестің дамуына оң септігін тигізеді. Ал жекелеген бизнестің дамуы дегеніміз, сол мемлекеттің барлық экономикасының алға жылжуы, дамуы екендігі айтпаса да белгілі. Осы себептен біз іскерлік туризмді экономиканың маңызды бір бөлігі дей аламыз.

Іскерлік туризм дегеніміз не? Алдымен турист мағынасын ашып көрелік. Сөз жоқ, көз алдымызға табиғат аясындағы жорық көлбең ете қалар: тігілген шатыр, арқадағы рюкзак, шалқыма от басындағы шабытты ән, түрлі спорттық ойындар, тәбет ашар балық қалбырының кермек иісі. Тіпті турист дегенімізді қашық жерге шығып, тәуліктен астам уақыт тұрақты жүріп-тұрған адамды ен тағып даралап, дәлдеп атап жатады[2].

Іскерлік туризмнің басқа туризм түрлеріне қарағанда өз ерекшеліктері бар. Бұл туризмнің қызметін тұтынушыларына сапарларының басты мақсаты сол елдегі іскерлік мақсат. Бұл әртүрлі халық аралық конференциялар, семпозиумдер, жиналыстар, көрмелер, компаниялардың еншілес фирмаларына сапарлары, тәжірибе алмасуы. Сол елдің ішкі іскерлік сапарлары. Осындай сапарлардың  туризммен ара қатынасын анықтап алу керек. Анықтап алу үшін сапар шегушілердің туризмнің қандай қызметтерін пайдаланатынын анықтау керек. Бұл қызметтер ішіне қонақ үй қызметі, тамақтану, транспорт, экскурсиялық қызметтер тағы басқа. 

Іскерлік туризм тікелей экономикалық жағдаймен байланысты. Олардың дамуы тура пропорционал болып келеді. Қазақстанға жыл сайын 50 млрд. тан  астам шетелдік инвестиция құйылады. Республика аймағында жүздеген шетелдік компаниялар жұмыс істейді. Жыл сайын көптеп кәсіорындар мен кәсіпкершіліктер бой көтеруде. Бұл дегеніміз осы мекемелердің мыңдаған қызметкерлері іскерлік сапар шегеді деген сөз. Осы сапарлар барысында қызметтерді тұтыну арқылы туризмге әсер етеді.

Іскерлік туризм – адамдардың іс-сапарлары, жиірек кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілердің ресми мақсат пен келісімшартқа отыру, контракт, жиналыс өткізу, консультация, тәжірбие алмасуы және т.б.  Сонымен қатар, іскерлік туризмге съездерге қатысу, конгресс, конференция, көрмелер мен жәрмеңкелер жатады. Іскерлік туризммен көбінесе тұрмыс жағдайы жақсы қамсызданған, көлікке, қонақ үйге, сувенирлерге, экскурсияларңа қомақты қаржы жұмсайтын адамдар айналысады. Айтып кету керек, іскер туристер туризмнің жаңа бағыттарын ашып жатады. Туристік емес елдерде іскерлік мақсатта басқа елдерге бару 70-75% , ал туристік елде осындай мақсатпен сыртқа шығу 10-15% құрайды. Ал жалпы алғанда әлемде бұл турим түрі 20%-ті алады. Басым бағыттары Еуропа, Солтүстік Америка және Оңтүстік Шығыс Азияға бағытталады.

Еуропа шығу іскерлік туризімінен де алғашқы орында. Кіру және шығудан Еуропада Германия елі көш басында. Ал іскер адамдарды күтіп алудан Ұлыбртания, Франция, Нидерланды, Италия, Испания, Швеция, Швейцария Бельгия елдері алғашқы орында. Бірақ қазіргі уақытта кіру және шығу іскерлік туризімнің дамуы АҚШ және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде байқалуда [3].

Конгрестер мен көрмелерге қоса іскерлік туризге инсентив турлар кіреді. «incentive» мағынасы ағылшыннан түрткі болатын дегенді білдіреді. Мұндай туризм түрі коммерциялық фирмалардың ең жоғары нәтиже көрсеткені және шығу семинарлар мен жиналыстар жүргізгені үшін қыметкерлерін мадақтап, сапарға жіберуі. Инсентив турды 2-ге бөліп қарастырады: жеке және шығу семинарлары, конференциялар, диллерлік мектептер (сурет 1).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сурет 1- Іскерлік туризмнің жіктелуі (автор)

 

1 суретте көрсетілген, іскерлік туризмнің жіктелуі авторлық ой бойынша

көрсетілген.

Ең алғашқы инсентив тур 1910 жылы АҚШ-тың National Cash Register Company of Danton компаниясымен жүргізілді. Компанияның агенттері мен диллерлері өте жақсы нәтижелә жұмыстары үшін Нью-Йоркке тегін сапармен марапатталды.ХХғ 60-жылдары азаматтық реативті ұшақтардың ұшуына байланысты мұндай турлар тұрақтана бастады.

Инсентив туризмнің бірнеше мақсаты бар:

-  Презентация және жаңа өнім мен қызметтердің алға жылжуын;

-  Өнімнің сапасын жоғарлату;

-  Диллерлік және агенттік жүйелерді құру;

-  Лояльді және бірге жұмыс атқаратын топ жасау;

Мақсат тәуелділігіне сәйкес 3 инсентив бағдарламадан тұрады:

1)Марапаттау бағдарламасы.

2)Мотивациялық бағдарлама.

3)Топ құрастыру (team building).

Инсентив бағдарлама – эффектісі көп уақытқа созылатын клиенттер мен диллерлерді, қызметкерлерді марапаттайтын ең жақсы шешім.

Инсентив бағдарламаның ерекшелігі нақты тапсырыс берушінің жеке өзімен іске асырылады. Бұл турлар маршрутта ең жоғарғы класты орналастыру мен қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді.

Іскерлік туризмде инсентивтің алатын үлесі 8 %, ал Испания мен Францияға баратын марапатталған туристер 5-7% құрайды. Инсентив турлардан пайда айтарлықтай жоғары. Себебі мұндай турлар қарапайым турларға қарағанда әлдеқайда қымбат, мысалы, небәрі 20 туроператор мен 230 турагенттік айналысатын Швейцарияда инсентив туизмнің айналымы 460 млн. долларын құрайды. Ал жалпы Еуропа бойынша инсентив туризм айналымы 4,5 млрд. долларын құрайды.

Жақсы жұмыс істегені үшін сапарға жіберу АҚШ-та ХХғ 60-жылдары басталды. Әлемнің әр аймағында туризмнің басқа түрлері сияқты инсентив туризм де етек алып, тарап кете қоймады. Тек 1970-80ж.ж. мадақталған туристер ағымы ескі континентке жылжуымен, Еуропаны жаулады, содан соң Аия едеріне бағыт алды. Дәл осы кезеңде Еуропа мен Азида 5 жұлдызды отельдер қарқынды жұмыс істей бастады[4].

Іскерлік туризм жан-жақты болып келеді. Жоғарыда айтылғандай, мамандар бизнес туризмі түсінігінің орнына ағылшын термині “MICE” көп қолданады. Бұл бизнес туризмінің құрылымы болып табылады[5].

Енді іскерлік туризм түрлеріне жеке тоқталып өтейік. Жеке іскерлік саяхаттар, қазіргі бизестердің ең көп жасайтын саяхаттарының бірі. Негізінен бұндай саяхаттардың мақсаты жаңа нарықты барлауға жаңа байланыстар құруға арналған болып келеді. Бұл жағдайда бизнесмендер өз саяхаттарын алдын ала жоспарламайды.

Конференциялар мен семинарлар осы шараларды өткізу әдетте алдын ала жоспарланады. Бұндай шараларға компаниялардың бір адамы немесе топ, ғалым, жай ғана бақылауша жіберіледі.

Конгрестік туризм. Конгрестік қызмет көрсету туристік көрсетудің ішіндегі спецификалық түрдің бірі. Конгрестік туризм ең табысты түрі болып келеді. Осы туризм түрінің басқа саяхаттарға қарағанда айта кететін екі артықшылығы бар:

- конгрестік туризм маусымаралық кезеңде немесе маусымсыздықта да материалдық базаны қолдануға мүмкіндік береді;

- конгреске қатысушылардың орнын шараның басталуынан алдын ала бронь жасап қою керек, және орналасу жері ыңғайлы, конгресс өтетеін жерге жақын болуы керек, сонымен қатар көңіл көтеру, демалу, спортпен айналысуға мүмкіндігі бар жер болуы тиіс;

Осы туризм түрі бір мезгілде екі түрлі қажеттілікті қанағаттандырып отырады: ақпарат алу және демалу. Конгрестік туризмнен түсетін табыстың 30% ін экскурсиялық бағдарламалар мен банкеттер құрайды.

Инсентив туризм (ағылшын сөзі «incetntive» – стимул, марапаттау) пайда болуына онша көп болған жоқ. Қазіргі заманда көптеген компаниялар өз ұйымдарын мотивациялау мен біріктіру саясатын жүргізе бастады. Бұл біріккен саяхаттар, корпоративтік кеш, ұйымдық демалыс, табиғаттағы пикник ретінде жүзеге асады[6].

Компаниялар басшылары өз жұмысшыларына жақсы жұмыс істегені үшін алғысын білдірудің бір тәсілі ретінде де инсентив туризді қолдануға  болады.

Оқу семинарларды, треннингтер, персоналдың потенциалын дамытып қана қоймай, күш қуатын арттыруға да көмегін тигізеді. Кең ауқымды ұсыныстарды қолдана отырып турфирмалар мен кконсалтинг компаниялар әр ұйымға салалық, кадрлық және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып жеке бағдарламалар құрастырады.

Осы туризм түрінің болашағы өте зор. Өйткені компаниялар саны жылдан жылға артуда. Ал егер бір ұйымға көрсетілген қызметтер ұнаса олар әрдайым клиент болуға даяр болады.

Халықаралық туристік бизнесте incentive destination деген ұғым қолданады. Ол қалалардың тізімі. Оны ірі компаниялар корпоративтік демалыстары үшін таңдайды. SITE халықаралық ассоцациясы осындай қалаларға есеп жүргізеді. Олар әр түрлі параметрлерге қарап демалыс орындарын бағалайды: жақсы көлік торабы, тұрақты саяси жағдай, халықаралық санитарлық нормаларға сәйкестігі, отельдердің дамыған жүйесі, рекреациялық орындардың көптігі[7].

Сондықтан мемлекетте туризм кластерін дамытқан кезде іскерлік туризммен айналысатын мекемелерге де көп көңіл бөлген жөн.

Мемлекет дамыған сайын сол мемлекетке келетін туристер саны да арта түседі және келетін туристер дамыған мемлекеттерден келуі көбірек болады. Ал сол дамыған мемлекетте қызмет көрсету саласы әлде қайда дамыған болып келеді. Сол себептен де туристері де таңдағыш келеді. Туристік мекемелер қызмет сапасына көңіл бөлулері тиіс.

Міне осындай қызметтер түрлері іскерлік туризмде көрсетілуі тиіс тізімі. Қызметтер түрі тағы да көбеюі мүмкін, ол туристердің өз қалауларына байланысты болуы мүмкін.

Осы қызметтерді ұсыну туристік мекемелердің құзырында болуы тиіс, осындай қызметтерді комплексті түрде көрсете отырып, және осы қызметтердің әр түрлілігін ұлғайтып, сапасын көтере отырып іскерлік туризмді дамытуға болады десек те болады.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

1             Александрова А.Ю. Экономика и территориальная организация международного туризма. - М., 2010.-24-25 б.

2             Биржаков М.Б. Введение в туризм. - СПб., 2010. – 30 б.

3             Волков Ю.Ф. Введение в гостиничный и туристический бизнес. - Ростов н/Д: Феникс, 2009 – 44 б.

4             Зорин И.В., Квартальнов В.А. Энциклопедия туризма. - М.: Финансы и статистика, 2010. – 125 б.

5             Донцова Л.В., Никифорова Н.А. Анализ финансовой отчетности. - М., Дело и сервис, 2009.–75 б.

6             Зорин И.В., Каверина А.В., Квартальнов В.А. Международный туризм. Туризм как вид деятельности. - М., 2006.- 102 б.

7             Квартальнов В.А.Стратегический менеджмент в туризме. - М.: Финансы и статистика, 2010 – 114 б.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья "ҚАЗІРГІ ІСКЕРЛІК ТУРИЗМНІҢ МӘНІ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 989 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.01.2021 1856
    • DOCX 42.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Адамбекова Мулдир Рахматиллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3469
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Эффективное управление запасами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление расстройств: путь к психическому здоровью"

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интерактивные материалы на печатной основе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек