Инфоурок / Другое / Статьи / Статья Қашықтан оқытудың тиімділігі
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Статья Қашықтан оқытудың тиімділігі

библиотека
материалов

БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ


Талдықорған политехникалық колледжі


Қазақстан Республикасы Президентінің орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруына байланысты ақпараттандыру жүйесін білім саласында қолдану аясын кеңейту-қазіргі таңдағы үлкен мәселелердің бірі болып саналады.

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осы бағытты жүзеге асыруда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына қойылатын талаптар:

-білім сапасын арттыру, әлемдік білім беру кеңістігіне ену;

-білім беру жүйесін ақпараттандыру, интернет желісін пайдалану;

-электрондық оқулықтар жасақтау, мултьимедиялық технологияларды пайдалану;

-телекоммуникациялық технологияларды пайдалану, қашықтан басқару және т.б.

Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану: білім мазмұнының заман талабын сай болуына, оқушылардың болашақта қажетті білімді толығымен алуына, білімді өздігіменмеңгеруіне, өзін-өзі бағалай алуына, өз күшіне сенімділіктіңболуына бағыттайды. Оқыту үрдісінде мектерптер, жоғары оқу орындары компьютерлік техниканы пайдаланудың локальді және ғаламдық жүйе мүмкіндіктерін кеңінен қолдануда. Оның ішінде элктронды кітапхана, электронды басылымдар, электронды оқулықтар және т.б. Оқушының ғылыммен және мәдениетпен қарым-қатынасы үшін бірден бір мүмкіндікті бүкіләлемдік компьютерлік Интернет жүйесі береді. Сондықтанда оқу-тәрбие үрдісіне жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдануда мұғалім жұмысы мынадай мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталуы қажет:

-әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу, компьютерлік желілерді пайдалану;

-қашықтан оқыту мүмкіндігін пайдаланып өздігінен қосымша білім алу.

Қашықтан оқыту технологиясын дамыту мен тарату білім жетілдірудің бұрынғы дәстүрлі жүйесіне елеулі өзгерістер енгізуді талап етеді. Оқу ақпаратын шалғайдағы елді мекендерге жеткізуде қашықтан оқыту технологиясын қолданудың ерекше маңызы бар. Оқытудың қашықтық формасы оқушыларды даярлауда білім берудің маңызды формасына айналып отыр. Қашықтан оқытуды дамытудың қажеттілігі, біріншіден қашықтан оқыту студенттер мен оқушыларға жаңа мүмкіндіктер ашады, себебі дәстүрлі оқытуда жұмыста болуына байланысты немесе т.б. себептерге байланысты сабаққа қатыса алмай қалу сияқты қиыншылықтар жиі кездеседі. Қашықтан оқитындардың құрамында физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар (мүгедектер), оларды күтуші адамдар, яғни бірыңғай үйде отыратын адамдар, жасы ұлғайған адамдар, денсаулығына байланысты күндізгі оқу сабақтарына қатыса алмайтын адамдар, алыс аудандарда тұратын адамдар оқи алады. Екіншіден, жоғары арнайы оқу орындарында аз шығынмен неғұрлым көп адамдарды оқыта алады. Үшіншіден, адамдар тұрғылықты жерін ауыстыруына немесе өміріндегі әр түрлі өзгерістерге қарамастан білім алуды жалғастыра алады.

Осындай артықшылықтар көптеген оқу орындарында эксперимент түрінде болсада қашықтан оқытуды ендіруге мәжбүр етіп отыр. Бұл тенденция қоғамдағы білім алуға мүмкіндігі бар адамдар санын арттыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік және коммерциялық ұйымдар үшін білім алудың тұтастығы маңызды емес, өндірісті дамыту үшін мамандарды даярлау мәселесі маңызды болып отыр. Корпорациялар бәсекеге қабілеттілікті сақтап қалу мақсатында өздерінің қызметкерлерінің біліктілігін үнемі көтеруге аса көңіл бөліп отырады. Қашықтан оқыту осындай ұйымдарға қызметкерлерді жұмыс орнында отырып білім алуына мүмкіндік береді. Мұндай тенденция қызметкерлердің жұмысқа деген снімділігін арттырып, кадрлар ағымын азайтады. Америкалық компаниялардың статистикасы бойынша көптеген фирмалар өздерінің кадрларының біліктілігін көтеруде интернеттік оқу мен кабельдік телевидение мүмкіндіктерін пайдаланып шығынды 200% пайызға дейін үнемдеген.

Қазіргі таңда қашықтан оқытудың құралы – виртуалды білім кеңістігін құруға мүмкіндік беріп отырған Интернет. Көптеген аналитиктердің пікірі бойынша Интернет- ең арзан оқыту құралы болып табылады. Қазіргі уақытта студенттердің көпшілігі бүкіләлемдік желіге тегін қосылу мүмкіндігі бар және студенттердің орындаған материалын, тексерілген материалдарды және ескертулердің барлығын оқытушылар электронды пошта арқылы жібереді. Мектепте, жоғары оқу орындарында оқушылар, студенттер теллекоммуникациялық жүйені қолдана отырып, электронды пошта арқылы түрлі телеконференцияларға қатыса алады. Қазіргі кезде ғалымдар мен тәжірибелі мамандар оқушылардың виртуалды кластарда басқа қаладағы, басқа елдегі өздерінің замандастарымен байланысып, қашықтық олимпиадалар мен байқауларға қатысып, оқуға деген мотивациясын жоғарлата алады. Тыңдаушылар қашықтан оқыту кезінде білім беру үрдісінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында өз бетінше ала алады. Сондықтан тыңдаушылар өз бетінше жұмыстың техникасы мен әдістемесін, жоғары деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге сапалы білім алу үшін жаңа ақпараттық технологияның құралдарымен жұмыс жасай алуы тиіс. Қашықтан оқыту үшін арнайы бағдарлама, дайындықтан өткен кординаторлар, тәжірибелі мамандар және жаңа ақпараттық технологиялар қажет.

Қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдарына электрондық және мультимедиалық оқулықтар мен оқу-құралдары, теле, бейне-аудиодәрістер және т.б. оқу-танымдық қызметі ұйымдастырудың формалары жатады. Ал қашықтан оқытудың ақпараттық технологияларына оқу материалдарын жақсарту, құру, беру және оларды сақтау, қашықтан оқу үрдісін ұйымдастыру мен жүргізу жатады. Қашықтан оқыту электрондық және телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану арқылы алыстағы білім беру мекемелерінде ұйымдастырылған оқыту үрдісі болып табылады, яғни тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Бұндай оқыту оқу үрдісіндегі құралдар, әдістер, формалар арқылы педагогикалық қарым-қатынас мұғалім мен үйренуші арасында жүргізілетінімен ерекшеленеді.

Қашықтан оқыту технологиясы белгілі бір қашықта отырып, компьютерлік телекоммуникация және басқа байланысу орталықтары көмегімен оқып үйрену мақсатындағы ақпарттармен өзара тәжірибе алмасу тәсіліне негізделген және де бүкіл әлем бойынша алдыңғы қатарлы технологиялардың бірі болып табылады. Қашықтан оқыту технологиясының артықшылығы-оқыту барысында қолданылатын мультимедиа жүйесінде оқытылатын оқыту бағдарламаларын оқушылар тез қабылдайды және оқу өзіне ыңғайлы жерде, тиімді уақытта жүргізіледі.

Талдықорған политехникалық колледжінде қашықтан оқыту технологиясы 2008 оқу жылынан бастап еңгізіліп, үш кезеңді құрды.

1 кезең-Дайындық. 2008-2009 оқу жылдарында барлық оқу жоспарлау құжаттары, оқу-әдістемелік жиынтығы дайындалады, колледж оқытушыларына қашықтан оқытудың әдістемесі үйретіледі.

2 кезең –Негізгі. 2009-2010 жылдан бастап колледжде келесі мамандықтар бойынша қашықтан оқыту жүйесі енгізуге жоспарланған: «Бағдарламамен қамтамасыздандырылу», «Есептеуіш машиналары»,

«Телекоммуникациялық жүйелер».

3-кезең-Қорытындылау. Қашықтан оқыту жүйесі бойынша оқитын стунедттердің білім сапасын талдау.

Қашықтан оқытудың сипатты ерекшелігі:

Икемділігі: Қашықтан оқыту жүйесі бойынша оқитын студенттер дәріс және семинар сабақтарына үнемі қатысып отырмайды, олар өздеріне қолайлы жерде, ыңғайлы уақытта, ыңғайлы бағытта жұмыс жасайды. Бұл мүмкіндік қүнделікті тұрмысын өзгерткісі келмейтін және өзгерте алмайтын студенттерге үстемдік береді. Әр студент барлық пәндер бойынша өзіне қажетті көлемде білім алады.

Модульдігі. қашықтан оқытудың бағдарламасының негізгі модульдік қағидалар кіреді. Студенттермен меңгерілген оқу курсы, әр жеке пән саласы туралы түсінік береді. Бұл студенттердің жеке және топтық талаптарына жауап беретін тәуелсіз оқу курстарының жиынтығынан оқу жоспарын құруға мүмкіндік береді.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Информатика негіздері. Журнал №1-2010ж.

  2. Интернет ресурстары.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-551169

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"