Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Социальному педагогу / Статьи / Статья: "Қайырымдылық игі іс"

Статья: "Қайырымдылық игі іс"


  • Социальному педагогу

Поделитесь материалом с коллегами:

Қайырымдылық – игі іс


«№22 орта мектеп» МКМ

Әлеуметтік педагог

Сембаева Динара Тұрлыбайқызы


Қайырымдылық - мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық - мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау.

    Қайырымдылық жылу беру, сыйлық ұсыну, демеуші болу, сый-сыбаға тарту, көрімдік, байғазы  бәсіре т.б жөн –жоралғылар арқылы   іс жүзінде ізеттілікпен, ілтипаттылықпен, инабаттылықпен, сыпайылықпен орындалады.

Қайырымды, мейірімді  адам- айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлап, оларға мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық, қайырымдылық  жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды. 

Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдық жасау, кіріптарға қайыр беру, қарттарды аялау, мүгедектерді қорғап қоршау әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді. 

Осындай қайырымды азаматтардың бірі Әли ауылының тұрғыны, ауылымыздың құрметті азаматы Серік Есқараұлы. Айналасына мейірім шуағын шашып, әрқашан үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білген, өз балам, өзгенің баласы деп бөлмеген Серік ағамызға алғысымыз шексіз. Ағамыз әрқашан қамқоршы, әрбір балаға қол ұшын созып, қолынан келгенше көмегін аямайды.

Биылғы Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясында демеуші болып жетім, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы, толық емес отбасынан шыққан 8 (сегіз) оқушыны мектеп формасымен қамтамасыз етті. Осындай қайырымдылық игі істеріне мұғалімдер, ата-аналар риза болып, алғыстарын білдіруде.

Сізге мұғалімдер, ата-аналар атынан шын көңілімізбен зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз. 

«Қайырымдылық жасасаң – қайырымын өзің көресің» дегендей ауылымызда жанашыр, қамқоршы, қайырымды адамдардың саны көбейе дегіміз келеді.

hello_html_m72454088.jpg


Автор
Дата добавления 19.09.2016
Раздел Социальному педагогу
Подраздел Статьи
Просмотров56
Номер материала ДБ-201136
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх