Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Статьи / Статья "Қазақ тілі сабақтарында тіл дамытудың жұмыс түрлері"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Статья "Қазақ тілі сабақтарында тіл дамытудың жұмыс түрлері"

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДАҒЫ ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ.doc

библиотека
материалов

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тіл дамыту.


  • «Білім» - өте күрделі және көпмағыналы ұғым. Жалпы мағынасында білім - адамның жүйеленген білік, дағдыларды меңгеру үрдісі мен нәтижесі. Ақыл мен сезімнің дамуы, дүниеге көзқарас пен танымдық қабілеттің қалыптасуы. Білім мазмұнына тек оқыту нәтижесі ретіндегі білім, білік, дағдылар ғана кірмейді, бұл ұғым болып жатқан оқиғаларды сын тұрғысынан ой елегінен өткізу, шығармашылықпен жұмыс істеу.

XXI ғасыр - ақпараттық қоғам ғасыры, мәдениет технологиясының ғасыры, адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау ғасыры. Адамзаттың дамуының жаңа жүйесі кезеңіне білім беру мен оқытудың жаңа модельдері сәйкес келуі қажет.

Білім берудің басты міндеттері:

- баланың өзін қоршаған, өзі өмір сүретін жаңа әлеуметтік ортаға үйренуі, онда жаңа әлеуметтік мәртебе - бала мәртебесінің қалыптасуы;

  • оқу, ойын, еңбек, қарым-қатынас, т.б. әрекет түрлерін қажетті деңгейде меңгеруі;

  • айналадағы дүниемен дара тұлғалық қатынасының қалыптасып, эстетикалық, этикалық, адамгершілік негіздерін меңгеруін қамтамасыз ету.

  • Бүгінгі білім беру ісінің мақсаты – тек білім, білік, дағдыларын меңгерту ғана емес, өзін-өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды да, алғыр ақпарат көздерін өз бетімен қолдануға қабілетті тұлға тәрбиелеу.

Басқаларды оқып үйретуі нәтижелі болсын десе, ең әуелі педагогтың өзі оқуы керек. Оқығанда да әбден қартайғанша оқуы тиіс – деген даналық сөз бар. Осыған орай педагог мамандардың кәсіби деңгейін ұдайы көтеріп отыру, олардың теориялық білім мен әдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру, оқытудың озық әдіс-тәсілдерімен тиесінше қаруландырып, шығармашылық жұмыстарына жол көрсету білім беруді ұйымдастырудың маңызды міндеттерінің бірі болмақ. Басты мақсат – білім жетілдірудің бірізділігін, үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып, оның сапасын арттыру.

Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш – білім.

Педагогтар өздерінің жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдер, қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды пайдаланып, сабақ өткізуге мүмкінідігі бар. Тиімді алынған әдіс-тәсілдер арқылы оқушының сабаққа деген ынтасы артады, қызығушылығы дамиды, ізденіске, жауапкершілікке, болжамдылыққа, зерттеушілікке талпынады. Соның бірі - орыс тілді мектептердегі қазақ тілі пәнінідегі тіл дамыту жұмысы болып табылмақ.

Теориялық және ғылыми зеттеулер бойынша қазақ тілін оқыту әдістемесінде баланың сөздік қорын дамыту міндетін шешу жолында қарастырылған әдістемелік тәсілдер, құралдар көп. Алайда әлі де шешімін тапапған сұрақтар да аз емес. Соның бір тәсілі байланыстырып сөйлеуді дамыту жұмысы болып табылады. Оның анықтамасы ретінде орыс психологы С.Л.Рубинштейн «это речь которая отражает в речевом плане все существенные связи предметного содержания».

Ал негізгі міндеті бала тілі мен ойын дамыту арқылы жеке тұлға қалыптастыруға, тілдің адам өміріндегі маңызын саналы ұғындыруға, баланың қатысымдық-танымдық қызметін дамытуға бағытталады. Сөйлеу әрекеті арқылы баланың тілі байиды, ойлау қабілеті жетіледі. Онда қандай әдіс тәсілдерді алуға болады.

Сөздік қорды байыту, дамыту -

  • байланыстырып сөйлеуді

  • іштей сөйлеуді

  • сөз саптауды

  • ойды сыртқа шығаруды

  • сөзді ой елегінен өткізуді алға тартады. Осыларды меңгерген бала ішіндегі ойын бүкпесіз, ешбір қиналмастан айта алатын халге жетеді. Ең басты назар сөзге түссе, сол арқылы баланың тілі де дамитын болады. Тіл дамыту мәселесі – сөзден, сөздік қорды дамытудан басталады.


Тіл байлығының ең басты белгісі – сөз байлығы. Адам өз өмірінде ана тілінің байлығын толық меңгеруі мүмкін емес. Вольтер: «кез келген қиын шет тілін толық меңгеру үшін алты-ақ жыл қажет, ал ана тіліңді жетік білу үшін бүкіл өміріңді сарып етуің қажет» деген екен.

Сондықтан мектепте балаларға тіл таныту үш тарау болып бөлінеді: 1) дыбыс жүйесі мен түрлері, 2) сөз жүйесі мен түрлері, 3) сөйлем жүйесі мен түрлері.

Осы берілген тарауларға арналып бөлінген сағатты педагогтар өз шеберліктеріне байланысты өткізіп, бала тілін дамытады. Соның ең қарапайым түрі, оқушылардың жас ерекшіліктеріне байланысты берілген:

-көрнекілік әдістер тобына демонстрация, иллюстрация, бақылау әдістері жатады.

Мұғалім жаңа тақырыптың өз бойынан шығармашылық тапсырмаларға лайықты жағдайлар табу керек. Кейбір практикалық тапсырмаларды да шығармашылық арнаға бұрып, өзгертуге болады. Балалармен шығармашылық жұмыстың төмендегідей түрлерін жүргізуге болатының тәжірибемде байқадым. (ПРЕЗЕНТАЦИЯ)


1. Балаларға белгілі тақырыпта (баспасөз бетінен) әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт барлық сюжет ұсыну.

2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыға тапсыру.

3. Мәтінді ұжым болып тыңдау.

4. Ұйқас ұсыну арқылы өлең шығару.

5. Белгілі мақал бойынша әңгіме жазу.

6. Сөздер бойынша мақал құрастыру.

7. Табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақтар шығару.

8. Берілген мәтіндегі бір бөлікті өзі шығару.

9. Сөйлемдегі кейбір сөздерді көркем сөздермен ауыстыру.

10. Берілген тірек сөздер арқылы сызықты мәтін құрастыру т.с.с

Оқушыларды грамматикадан сапалы, берік біліммен қаруландыру мақсаты білім бекіту жұмыстары арқылы жүзеге асады. Білім бекіту жұмысы ауызша, жазбаша жаттығулар жүйесі бойынша жүргізіледі. Жаттығулар арсында грамматикалық талдау жұмысының маңызы ерекше. Ол тілдік фактілерді жетік білуге, ережелерді дұрыс қолдану дағдысына үйретеді. Грамматикалық талдау жеке ереже бойынша ішінара түрде де, не өтілген барлық ережелерді қамтып жалпы түрде де жасалады. Талдау ауызша және жазбаша түрде де жүргізіледі.

Тіл арқылы қатынас жасау процесінде сөздер, әдетте, жеке дара күйінде емес, бір-бірімен тіркесіп қолданылады.

  • Сөзді қатысым құбылысына сәйкес қарастырғанда, негізінен, оның сөйлеу мен сөйлесуге байланысты ерекшеліктеріне назар аударуға тура келеді. Мұнда ол адамдардың тілдік қарым-қатынасында жүзеге асатын, пікірлесуге негіз болатын, өзара түсінісуге мүмкіндік жасайтын қатысымдық элемент тұрғысынан сөз болады.

  • Біздің қарастыратынымыз мемлекеттік тілді орыс мектептерінде оқытуда оқушыларды қазақша дұрыс сөйлеуге, оқуға, сауатты жазуға, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға /айту, жазу, оқу, сөйлеу/ үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту, ойын қазақша жеткізе алатындай болуы көзделеді.

Тілді оқытудың әдіс-тәсілдерін күнделікті еңбек барысында тәжірибелі мұғалімнің осы салаға сіңірген сапалы қызметінің нәтижесінде байып, кеңейеді, белгілі бір ғылыми жүйеге түседі. Сабақ кезінде стандарт талаптары, оқушының білім көлемі, аясы, мөлшері, білім беру сабақтастығы, берілген білімнің түпкі нәтижесі ескеріледі. Сабақ үнемі дәстүрлі өтпейді. Кейде қалыптан тыс сабақтарды өткізу тиімді. Сабақтың түрлері өте көп, оның барлығын қамту мүмкін емес. Соның бірі практика жүзінде қолданған компьютерлік сабақ болып табылады.

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. С. Қоңыратбаев Қазақ тілін оқыту методикасы – Алматы: Рауан, 1989.

  2. С. Рахметова Қазақ тілін оқыту методикасы – Алматы: Ана тілі, 1991.

  3. А. Байтұрсынов Тіл тағылымы – Алматы: Рауан, 1992.

  4. Ә.Исабаев Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері - Алматы: Рауан,1992.

  5. М.Жұмабаев Педагогика – Алматы:Рауан, 1993.

  6. Тіл дамыту Әдістемелік нұсқау - Алматы:Мектеп, 2003.

  7. К.Аханов Тіл білімінің негіздері – Алматы: Мектеп,2002.

  8. Ш.А.Амонашвили Обучения, оценка, отметка - Москва: Просвещение, 1980







Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 06.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров170
Номер материала ДБ-013213
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх