Инфоурок / История / Статьи / Статья «Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолдары»

Статья «Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолдары»

библиотека
материалов

«Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолдары»



№11 орта мектебі

Тараз қаласы



Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Тәуелсіздік – халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі». Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Халқымыз тәуелсіздік үшін күресті сонау сақ дәуірінен бастау алды десек артық айтпаймыз. Арғы жағын айтпай –ақ, XVIII ғ. жоңғар – қалмақтарымен болған қасіретті жылдардан бастап 1991 жылға дейінгі аралықтағы күресіміздің өзі тәуелсіздікке жету жолындағы тарихымызды айшықтайтыны анық. Жоңғарлардың шабуылының жойқын болғандығы сонша қазақ халқы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» ұшырап, жан – жаққа босып кеткенін тарихтан жақсы білеміз. 13-14 жылға созылған кіші жүз жеріндегі, қазақ елінің батысында өткен Сырым Датұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс, осы аумақта ХІХ – ғы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс, бүкіл Қазақстанды қамтыған Кенесары Қасымұлы көтерілісі, Сыр бойында өткен Жанқожа, Есеттің көтірілісін айтуға болады. Ал ХХ ғ. басындағы бүкіл Қазақстанды қамтыған 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің нәтижесінде жарты миллионға жуық азаматтарымыздан айырылдық. Жоғарыда айтылған көтерілістердің бәрі Патшалық Ресейдің отарлау саясатына қарсы болған ұлт – азаттық қозғалыстар еді. Және айтарым, Кеңес билігі тұсында 20-30 жылдардағы қазақ халқының азаттығы үшін, ұлттық мемлекетімізді құру жолында жарғақ құлағы жастыққа тимеген ағаларымыз Алаш қозғалысының көсемдерінің еңбегінің зор екенін атап өткім келеді. Мысалы, А.Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы сынды ағаларымыз «Алашорда» үкіметін құрса, М. Шоқай бастаған топ Түркістан автономиясын құрғанын білеміз. Біз білеміз, әрі ұмытпаймыз бұл құрылған мемлекеттің әділетсіз құрылған Кеңес үкіметінің құрбаны болып, ғұмырының ұзақ болмағанын. 1970-1980 жылдардағы Теміртау, Жаңаөзен, Қарағандыдағы т.б. кішігірім жұмысшылар ереуілдерінің өзі әділдік үшін күрестердің жалғасы деп айтар едім.

Ал ХХ ғасырдың соңына таман әлемді дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасын намысы жетелеген қайсар буынның келгенін әйгілегені анық. Ондаған жылдар бойы қордаланып қалған келеңсіздіктер – қоғамдық, әлеуметтік, мәдени салаларды қамтыған кемшіліктер, ұлт мәселелерінің шиеленісуі республика жастарының ызасын келтіріп, ашық қимылға еріксіз алып келген болатын. Жастардың бейбіт шеруін басып – жаншуда Кеңестік билік жала жабудың небір тұрпайы түрлерімен қоса қатігездік пен өшпенділік әрекеттерін жасады.

Мінеки, осылай 90-шы жылдары басына не келіп, не кетпеген қазақтың тәуелсіздік үшін болған сан ғасырлық күресі өз мәресіне жеткен сыңайлы болды. Әрине, тәуелсіздікке жетуімізді тездеткен қазақ жастарының желтоқсан оқиғасы деп білеміз. Желтоқсан оқиғасы – Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр, қайғылы беттерінің бірі. Бұл оқиға Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңес Одағына жаңа еніп келе жатқан жас демократия үшін күрестің басы болды.

Тәуелсіздікке қол жеткізген 25 жылдың ішінде халық игілігіне арналып орасан істер жасалынды. Соның бірі елімізде жаңа Астананың бой көтеруі. Аз уақыттың ішінде үлкен қала тұрғызу, Елбасымыздың көрегендігі, ұшқыр саяси шешімі, ерен еңбегі. Астана – тәуелсіз еліміздің бойтұмары, халқымыздың мақтанышына айналды.

Дамыған мемлекеттер Қазақстан болашағына сеніммен қарай бастады. Қазақстан атты мемлекет халықаралық қауымдастыққа өзінің бейбітсүйгіш ел екенін, басқа қатынастарға дайын екендігін, өз елінде ұлтаралық келісім мен ішкі ұлттық бірлігін сақтай білетіндігін, демократиялық даму жолының туын берік ұстап, әлем қорындағы парасат пен құндылықтарды жоғары бағалап қана қоймай, оларды дамытуға ат салысып, ашық демократиялық қоғам құрып жатқан ел екендігіне олардың көзін жеткізе алды.

Саяси тәуелсіз болғанымызға жиырма бес жыл толса да, экономикалық тәуелсіздігіміз бен ұлттық қауіпсіздігімізді нығайту үшін талай тер төгіп, алда қыруар жұмыстар атқаруымыз қажет. Тәуелсіздік ұғымы мерекеде ғана еске алатын науқаншылдыққа айналмауы тиіс. Тәуелсіздік ұғымы болат қылыштай өткір ұғым, оны үнемі қайрап – жонып отырмаса, тез тот басып, мұқалады.

«Қой аузынан шөп алмайтын», қонақжайлылығы мен мейірбандығы өзінің ұлан – байтақ жерінен де кең Қазақ елі бейбітшіліктің идеалы іспетті. Өз тарихында қазақтар көршілес елдерге ешқашан басқыншылық соғыс ашпаған. Қазақстанның дипломатиясы атам заманнан жан-жақты қарым – қатынасқа, әскері тек қорғанысқа негізделген. Қазір де солай: тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты векторлы, әскери доктринасы қорғаныс сипатында. Өкініштісі, қазақтар төңірегіндегі өзге халықтарға ешқашан жаманшылық жасамай, бейбіт өмір тілесе де, сол өзгелер өзектен теуіп, қазақтарды аямай қырып – жойып, сары даласын қызыл қанға бояп, елін шауып, қалаларын өртеп қиратып, мал – мүлкін талағаны қынжылтады. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы тарихта бірнеше рет Америкадағы абориген халық – үндістер сияқты қырылу мен геноқорын жойып алу қаупін басынан өткерді. Ел- жұрт ретінде құрып кетудің сәл алдында есін жиып, ханы мен қарашасы бірігіп, жат жұрттық басқыншыларды туған жерден тысқарыға қуған. Кеңестік дәуірдегі ұжымдастыру мен тәркілеу саясатын, азық –түлік даярлау науқанын «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұранға айналдырған шолақбелсенділер де қазақты қынадай қырып, шетелдерге босқын қылса, қанды репрессия жылдары алаштың зиялы қауымы жойылды. Қазақ ұлттық элитасынан айырылып, қаймағы мен майы сыпырылған көк сүттей күйге түсті, ұлттық рухы пәс көңіл болып басылып, жалтақтап қалған еді.

Ал, бүгінгі күн, мүлдем басқа. Еркіндік – теңдігіміз қолымызда, тәуелсіз елміз, өзге елдермен тереземіз тең. Енді, біз ұлттық рухымызды көтеруге тиіспіз, жалтақтау мен қорқудың уақыты өтті. Тәуелсіздік шынайы ұлттық мүддемен суарылғанда ғана мәнді әрі қымбат болмақ.

Мәңгілік ел болу– ата – бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арманы тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу .Бұл армандар ақиқатқа айналды. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті.

Тәуелсіздік қайта оралғаннан кейінгі жылдардың жаңғыру мәселесі сөз болса, біздің ресми органдар қанша қазақ мектебінің, қанша балабақшалардың пайда болғанын тілге тиек етеді. Иә, осы жиырма бес жылдың ішінде қазақ тілінде білім беретін 3800- дей мектеп ашылыпты.

Тұңғыш президентіміздің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы әлемдік дағдарыс кезінде халықтың болашаққа деген сенімін күшейтті. Халықтың санасына қозғау салды, жұмысқа деген ынтасын арттырды.

Бес халықтық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары әр қазақстандықтың өз ісіне берік және ел болашағы үшін еңбек күресіне кірісуге, жауапкершілікке, нәтижелілікке, еркіндікке баулып шыңдайтынына кәміл сенемін.

Елбасымыз Қазақстан халқына жолдауындағы білім беру жүйесіндегі өзгерістерге байланысты «Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде меңгерген ел болып танылуы керек» деген еді . Қазіргі кезде оқушыларға ағылшын тілін оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған. Шетел тілін оқытуда лингафондық құрал – жабдықтар, аудио, видео кешені – оқушылардың ауызша және жазбаша аударудағы білімін жетілдіру, сөздік қорын қосымша жаңа сөздермен байыту, толықтыру, ой – өрісін дамыту мақсатында қолданылады. Сондай – ақ оқыту процесінде мультимедия бағдарламасының көмегімен, ғаламтордан алынған әлемдік жағдайлар, педагогикалық технологиялардың түрлі әдіс – тәсілдері, коммуникативтік бағыттағы оқыту элементтері кеңінен қолданылады. Тілге байланысты оқу процесінде жүйелі жетілдіру жұмыстары жүргізіліп отырады, атап айтсақ ашық сабақтар, пікір – сайыстар, семинар, конференциялар, практикалық сабақтар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, өзара сабаққа қатынасып талдау, оқушылардың зерттеу жұмысымен айналысулары, сонымен қатар студенттердің жеке ізденіс жұмыстарына басшылық ету.

Айрандай ұйыған халық пен бейбітшілік және салыстырмалы түрде тұрақты даму Қазақстанның ерекшелігі саналады.Егер, қазақ елінің өз атымен тарих сахнасына шыққаннан бергі кезеңге қарайтын болсақ Қасым ханның, Тәуке ханның және Абылай ханның заманында дәл осындай қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманның орнағанын көреміз. Ал, олар биліктен кеткен соң үлкен аласапыран орнап, елдің тоз- тозы шыққан. Қазіргі билік кезеңінде бір тудың астына елді жинап төрелік айтатын зиялы ақсақал адамдар бар деп айта аламыз ба?Себебі, көпір ролін атқаруы тиіс алды алпысты алқымдаған, соңы қырықтың қырқасына шыққан зиялылардың арасынан жұртқа сөзі өтімді адамды табу қиын. Алдыңғы буынның саны күн сайын азайып отыр. Тәуелсіздік жылдарында жетілген, ертең қоғамның негізгі қозғаушы күшіне айналғалы тұрған буынға сөзі өтер, дұрыс бағыт көрсетер, биліктің жөнсіз қадамдарын ауыздықтар ұрпақ өсіп жетілуде. Тәуелсіздік жарқын болашаққа жол ашып берді.Еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек ету, жас мемлекетімізді гүлдендіру, халықтар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту- ең басты міндетіміз болып саналады.

Отан..., Атамекен..., Атажұрт..., Тарих..., Тәуелсіздік...Бұл сөздер қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар.ХХ ғасырдың сүргінін бастан кешіп, жаңа мыңжылдықтың табалдырығын жаңғырған қалпында аттаған Қазақстан Республикасы өзінің барша төлтума болмысын, жарқын да бай мәдениетін, ғасырлар қойнауында қалыптасқан салт- дәстүрін, қызық та қилы-қилы тарихын әлем халықтарының алдына жайып салып, құлдығы мен зорлығы жоқ жаңа өмірді жаңғырту үшін, еңбек пен өркениетті нығайту үшін, жаппай келісімі жарасқан прогрессивті адамзатпен бір сапта болу үшін жаңаша өмірге қадам басты.

Қоғамның бөлшектенуін , өзі аз халықтың бір-бірін жау көруінің алдын алмасақ, тарихтағы қателіктердің қайталануы ықтимал. Біз бір ұлтпыз, қанымыз бір, жанымыз бір.Сыртта жүрсек те, іште жүрсек те, барлық мәселені бірлесіп шешуге тиіспіз.

Сөзімнің соңында айтарым, бүгінгі күні ірі мемлекеттермен тереземіз тең, іргелі елміз. Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде өтпелі қиын кезеңдерден өтіп, қалыптасқан елге айналдық. Ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктеріміз жетерлік. Дамудың осы қарқынынан таймай, тәуелсіздігіміздің тұғырын биік ұстаған , мәңгі өшпейтін, «Мәңгілік елге» айналайық. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын! Асылын ардақтай білетін білімді, жігерлі, тәрбиелі ұл-қыздарымыз көбейе берсін!



Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-059108

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG