Инфоурок Другое СтатьиСтатья "Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы"

Статья "Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы"

Скачать материал

БАЛА ТӘРБИЕСІ МЕН ДАМУЫНДАҒЫ БАСТЫ РӨЛ АТҚАРУШЫ-ОТБАСЫ

 

Тоқтамысова Д.Қ.

Колледж оқытушысы

 

                                              “Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер

                                                    жарқырай көрініп қалыптасады.

                                          Отанға деген ыстық сезім жақындарына,

                                            туған-туысқандарына деген

                                              суйіспеншіліктен басталады"

                                                                                         Нұрсұлтан Назарбаев

 

Шығыс ғұламасы Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген.

М.Жұмабаев «Педагогика» ғылыми еңбегінде «жас бала –жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» деп түйін жасайды. Оқушының жан-жақты тәлім-тәрбие алуға ,олардың ішкі қасиеттерін анықтап, дарынын шыңдап, сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағына жағдай жасауымыз қажет.

«Баланы дұрыс тәрбие қылу үшін әр кімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек. Сол басқа адамдардың тәрбие майданындағы тәжірибелерін көрсеткен жеке бір пәнімен, яғни тәрбие пәнімен таныс болу керек»(М.Жұмабаев).

Тәрбиеден мақсұт- баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару ғой. «Баланы өзімдей бол деп үйретпе, өзімдей болма деп ұйрет» деген Әзірет Әлінің сөзінде көп шындық бар.Оқу-санқырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлігі. Егер ұжым ішінде идеялық, азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік, эстетикалық қарым-қатынастар болған жағдайда оқушылар толық мәнді рухани өмір сүре алады.
         Ұстазбен оқушының өзара түсіністігі ,оқушыға сенім көрсету, іс-әрекетке ерік беру, көтермелеу, адамгершілік қасиеттерін танытуда, өзін-өзі тануға, өзін-өзін тәрбиелеуге жағдай туғызу.
Ең бастысы, тәрбие ісінің нәтижесін бағалап, оны іске асырудың сұрақ-жауап, дәстүрлі бағалау, ұстазбен оқушының пікірлесуі арқылы іске асыру.

        «Жан көріністерін қанша түрлі болғанымен, оларды түп мінездері бойынша үш тапқа бөлүге болады: білу яки ақыл көріністері,ішкі сезім яки көңіл көріністері һәм қайрат көріністері»- деп М.Жұмабаев бөлген. Қазақтың данышпаны  Абай, бұл үш таптары ақыл, жүрек, қайрат деп атайды. Бір адамның осы үш тап жан көріністері тең болмай, біреуі таразыны басып билеп кетсе, ол адам бақытты болмақ емес. Бұл туралы данышпан Абайдың төмендегі сөзі шын дұрыс сөз.

                              Әуелде бір суық мұз-зерек керек,

                              Жылытқан тұла бойды асыл жұрек.

                              Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық,

                              Бұл қайраттан шығады, білсен керек.

                              Ақыл, қайрат. Жұректі бірдей ұста,

                              Сонда толық боласын елден бөлек.

                              Жеке-жеке біреуі жарытпайды,

                              Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек.

                              Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,

                              Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек.

                              Білеуінің жөні жоқ біреуінсіз,

                              Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.

       М.Жұмабаев есту сезімін адамның көру сезіміне де көп көмек көрсететінін айтып, көз нәрсенің сыртын көреді, құлақ бізге бір заттың ішін шешіп береді деген.Грек данышпаны  Сократ алдында тұрған кісіге: «Қане сөйлеші! Мен сені көрейін» дейді екен. Мылқауға қарағанда тума соқырдың ақылды, құлықты болуы һәм оның жанының, жұрегінің жұмсақ, нәзік болуы осыдан.
            А.С. Макаренко: «Тәрбие – баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі -өнеге көрсетуінде»,-деген. Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір-қасиетін, ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.Ішкі сезімдерді зерттеу кезіңде М.Жұмабаев «Бала еліктегіш, маңайындағы адамдардың, әсіресе ата-анасының мінезіне салып алады. Бала жүрегінде, сөйлегенде ата-анасындай болуға тырысады. Ата-анa қатал болса, бала да қатал: ата- ана жұмсақ болса, бала да жұмсақ. Қымсетсе ашуланып, бақырып, қоя беретін ата ананың баласы да сондай.Сондықтан баланың маңындағы адам дүрыс мінезді болу керек»- деген.
      Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені белгілі.
Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе, оқушыға қиын атануға алып келетін ата-аналардың балалармен ,мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы кемшіліктер.Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы-отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату. Баланың айтайын деген өтінішін ,ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе , кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады.

В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына ,ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға деиін бірқалыпты ,тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын түсіндірді. Ересек кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.
         Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс – талас, даужанжал, баланың табиғи  психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, баланың күнделікті жүріс – тұрыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ – шарап ішу, ата – ананың біреуінің болмауы, т. б. жағдайлар қиын оқушылардың пайда болуына  себеп болады.

Қиын балалардың отбасындағы беріктігі және өнегелі отбасында өнегелі ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі жолы-отбасында қарым-қатынастарды орнату.
          Баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін т. б. оқушының арына тигізбей айыптаса, бұл істер өз нәтижесін береді.
Тағы бір әдіс –  баланың бағдарын, мақсаты мен міндетін қайта құру. Бұл әдістің құндылық мәні – оқушы қателігін түсіну өзін - өзі тәрбиелеудің бағдарламасына колма береді. Мектептегі нерв жүйесі нашарлаған балалармен тәрбие жұмысын жүргізу көптеген қиындықтар туғызады. Өйткені, әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктері мен қатар, сырқаттарына байланысты өзгешіліктері бар.
           Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісі ата – аналар педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттеледі. Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «Ата-аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болды. Ондағы көзделген мақсат ата–аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіры отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде сай ата – аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтанда олар мұғалімдердің ақыл – кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл – кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата–аналарға ғана қажет емес. Сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата–аналарға да керек. Себебі: қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан, ата–аналарға бала тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиесін және дамуын міндеттейді. Егерде мектеп пен ата–аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер.

Ата-аналармен жеке жұмыс істеудің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі. Жанұяға барғанда сынып жетекшісі өз оқушысының үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысады. Ата-аналарымен және жанұяның басқа мүшелерімен әңгімелескенде ,сынып жетекшісі оқушының мінезі, қызығуы мен икемділігі туралы ата-аналарына, үлкендер мен кішілерге қарым-қатынасы туралы мағлұматтар алады. Ата-аналарын мектепке тек баласы тәртіп бұзғанда немесе жаман оқи бастағанда ғана шақырмау керек. Кейде оқушы өзін жаман ұстамайды, жақсы оқиды, бірақ сынып жетекшісі оның сыныптан тыс оқуын ұйымдастыру, оны қандай да бір қоғамдық пайдалы жұмысқа қатыстыру, оның белгілі бір саладағы дарынын дамытуға қажетті жағдайлар жасау туралы да ата-аналармен келісіп алуы керек. Ата-аналар мектеп мұғалімдерімен кездесіп отыру пайдалы ғана емес, қажет те. Ол кездесулер мектеп пен жанұя арасында тығыз байланыс орнатуға, оқушылардың оқуы мен тәртібінде кемшіліктерді болдырмауы үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.

Бұл-сынып жетекшісінің жанұямен байланысының аса-маңызды бір түрі. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай оқу жылының басында және әрбір тоқсанның аяғында өткізіледі. Олардың мақсаты ата-аналарды нақтылы педагогикалық біліммен қаруландырып, жанұяда бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен таныстырып отыру болып табылады. Сынып жетекшілері ең бірінші жетекшілік етіп отырған сыныбының ата-аналарына арналған педагогикалық білімдерді насихаттау үшін әңгімелер мен лекциялар өткізулері керек. Олардың мазмұны ата-аналардың талаптарына, оқу-тәрбие жұмыстарының нақтылы міндеттеріне байланысты болады. Әңгімелер мен лекциялар жүйелі түрде белгілі бағдарлама бойынша өткізіліп отырса ғана көздеген мақсатына жете алады.

Халық даналығында: «Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер, 15-ке дейін құлыңдай жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла,» - деген керемет ұлағатты нақыл бар. Бала бойындағы жағымсыз мінез-құлықтар үнемі есепке алынса; ата-ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттау қажет. Қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден үнемі сақтандырып отырса, мұғалім мен ата-ана әрқашан сергектік, шыдамдылық танытып, жан жылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда балаларымыз өзімшіл болмай, қиындықтан қашпай, міндетті мен парызын орындайтын ұрпақ болары анық.       

Ата-аналар кодексінде: -Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті; -Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру-ақыл айту емес; -Баланы жақсы көргендізінізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз; -Мектептегі жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстар айтуға құқыңыз бар. -Қателігін түсіне білетін, Дұрыс жүріп, күтіне білетін, Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін, Білімді жинап, дүниені шолатындай, - балаларыңыз, үлкен азамат болып өссің!                                                             Ұлы ұстаз Макаренконың: "Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз. Кіре берістегі, жол-жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды ", - деген,ал  М.Жұмабаев «Педагогика» кітабында әсер күшті болса, есте ұзақ ұсталады деп айтылған.           

Балаға әсер ететін факторлар:Отбасы. Қазіргі таңда ата-ананың сексен пайызы жұмыссыз. Көбісі — базарда. Балаларының оқуын қадағалауына уақыты жоқ немесе нарықтық заманға бейімделген ата-ана баласына тек материалдық көмек керек деп түсінеді. Ал рухани байлығына көп көңіл бөлмейді.Орта. Достарымен теледидар көреді, театрлар мен комьютер клубтарына барады. Алған әсерін олармен бөліседі. Ал теледидар мен театрларда, компьютер клубтарында бала санасын уландыратын нәрселер көп.
 Мектеп. Бүгінгі мектептің мақсаты, міндеті — әр оқушының жеке тұлғалық қадамына жол ашу, яғни, жоғарыдағы аталып өткен нәрселерді көріп өскен балаларды тәрбиелеу, білім нәрімен сусындату мұғалімдердің иығына түспек. Бұдан шығудың жолы — оқушыға педагогикалық-психологилық білім беру.                                   Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын  қажеті сан қырлы . «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі –Отанды сүю, өмірге құштарлық , сұлулықты тану бала бала кезден  жанұяда басталатыны баршаға аян.Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы керек.

Тәрбиенің көзі, баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң – мұқтаждын қамтамасыз етуі деп санаушылық.  Зерттеулердің қорытындысы дәлелденгендей тәртібі нашарлаған оқушылардың көбі ата- аналардың моральға жат қылықтарымен өз балаларына теріс әсерлер жасаған. Баланың тәрбиесіне кері әсер ететін келеңсіз жағдайларда (ұрыс – керіс, дау – жанжал), бірін – бірі сыйлау сияқты қасиеттердің сезбейтіндігі аян.

Отбасы қызметі ұрпақ жалғастырушылық, экономикалық, тәрбиелік, қарым-қатынастық және бос уақытты демалуды ұйымдастырудан құрылады..
Демек, отбасында ата-ана осы қасиеттерді барынша бірігіп, жақсы ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынан білімлі , психологигялық әдіс-тәсілден хабардар болса, отбасындағы ахуал ерекше болмақ.

          Сондықтан отбасы мүшелері арасында жақсы қарым-қатыныс қалыптасқан болса, олар өз ана тілінде сөйлессе, ол жанұяда мәдениетті азамат өсіп шығатыны сөзсіз.
       Халқымыздың рухани мұраларының бірі-салт-дәстүр. Сол арқылы ұрпаққа адалдық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, отбасы тәрбиесіне байланысты тәлім-тәрбие беретіні ежелден белгілі. Жасөспірімдерді, нашақорлықтан, ұрлықтан арашалауда, олардың санасына кісілік, адамгершілік қасиеттің рухын ұялатуға берері көп. Ата-бабаларымыз әдептілігімен, өнерпаздығымен отбасы мүшелерінің бір-біріне деген өзара достық қарым-қатынасымен, ерең еңбегімен балаларына үлгі өнеге көрсеткен. Тілі енді шығып келе жатқан нәрестілінде сөйлеуіне де зор мән берілген, әртүрлі жаңылтпаш, мақал-мәтелдер үйрететін,ертегілеп айтып беретін ата-аналарының «Бала біздің болашағымыз» деп қарауы болашақ ел ұрпағының жақсы адамзат болып өсуіне зор ықпалы тигізері анық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Қазақстан мектебі  2002 ж.№1
2.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстары .2007 ж. №5
3. М.Жұмабаев «Педагогика»

4.Әбенбаев С.Ш Тәрбие теориясы мен әдістемесі. – Алматы, 1987.

5. Болдырев Н.И. Сынып жетекшісі. – Алама-Ата, 1980.

6. Жұмабаев Ә. Ата – аналар жауапкершілігі. – Алма-Ата, 1977.

7. Капралова Р. Сынып жетекшіснің ата – аналармен жүргізетін жұмысы. – Алма-Ата, 1973.

8. Керимов Л. Қиын бала және оны қайта тәрбиелеу. – Алма-Ата, 1990.

9. Макаренко А.С. Ата – аналар кітабы. – Алма-Ата, 1985.

10. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны – Алма-Ата, 1978.

11. Арнаутова Е.П., Иванова В.М. Общение с родителями: зачем? – М., 1993.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья "Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по продажам

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 467 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.07.2016 2256
    • DOCX 56 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Токтамысова Дина Карамановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Токтамысова Дина Карамановна
    Токтамысова Дина Карамановна
    • На сайте: 7 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5655
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой