Инфоурок Другое СтатьиСтатья "Бала тәрбиесіндегі балабақшаның рөлі"

Статья "Бала тәрбиесіндегі балабақшаның рөлі"

Скачать материал

Қазақ халқы қай уақытта бол­ма­сын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын та­лап етеді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі ке­рек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жа­уы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» де­ген ғұлама ғалым Әбу На­сыр Әл-Фа­ра­би ой­ын әрбір ұстаз, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса нұр үстіне нұр бо­лар еді. Оқу мен тәрбие — бір-бірінен бөлек алы­нып қаралмайтын күрделі про­цесс. Жаңа заманның жаңашыл ұстазы осы екі үрдісті бірдей теңестіріп алып жүру оның шеберлігі мен іскерлігін көрсетеді.

http://makala.kz/wp-content/uploads/2011/11/2011-11-02_110333-300x225.jpgМағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде бы­лай де­ген бо­ла­тын: «Ба­ла­ны тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, ке­ле­шек за­ма­ны­на лайық қылып шығару ке­рек». Иә, Мағжан ата­ла­ры айтқан даналық ойы бүгінгі күні білімді ұрпақ ке­рек екенін айқындайды. Өйткені елдің ертеңгі тірегі – жас­тар. Олар за­ман та­ла­бы­на сай тәрбиеленуі тиіс. Қазіргі таңда ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік ар­тып отыр. Ба­ла тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу ол – за­ман та­ла­бы­на сай ұрпақ тәрбиелеу.

Балаға айналадағы өмір шындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, өзі- нен ере­сек балалардың бір-бірімен қарым- қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс- тұрысы, еңбек әрекеті – бәрі де балаға үлгі- өнеге. Бүгінгі ба­ла­лар тез жетіліп келеді. Олар айналадағы бо­лып жатқан барлық оқиғаларды білгісі келеді. Баланың тұлға бо­лып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орай­да ба­ла тәрбиесіндегі балабақшаның ор­ны ерек­ше. Себебі, ба­ла- бақшаға ба­ра­тын ба­ла қоғамда өз ой­ын ашық айтуға үйренеді. Со­ны­мен қатар жан- жақты жетіледі. Біз бүгінгі тақырыбымызда қаламыздағы екі балабақша жай­ын­да ой қозғамақпыз. Оның бірі мемлекеттік, екіншісі же­ке меншік балабақша. Енді же­ке-же­ке тоқталып өтелік:

Біз әуелі ат ба­сын «Жа­нар» мемлекеттік балабақшасына тіредік.

№2 «Жа­нар» мемлекеттік балабақшасына кірген кез­де әдемілікті сезіндік. Өйткені ау­ла­сы жа­сыл-же­лек­ке оранған. Ғимараттың іші та­за. Ең ба­с­ты­сы балалардың періштедей жарқын жүзін көргенде болашағымыздың тірегі осы­лар екен деп, іштей қуандық. 1989 жы­лы іргетасы қаланған балабақша бүгінде та­лай қиындықты ар­т­та қалдырып, қаладағы алдыңғы қатарлы балабақшаның біріне ай­нал­ды. 69 қызметкері бар берекелі ұжым ба­ла­лар­ды тәрбиелеуде. Балабақшаның сыйымдылығы 300 орын­ды қамтиды, қазірде 280 ба­ла­ны қабылдап отыр. «Жол кар­та­сы» бағдарламасы бой­ын­ша жөндеуден өткен. 12 топтың ішінде үш пен бес жас аралығындағы бүлдіршіндер бос уақытын тиімді өткізеді, әр топ­та 25-30 ба­ла­дан бар. «Ұстаздарымыздың бәрі білікті ма­ман­дар, 29 пе­да­гог, соның ішінде: жоғары са­нат­ты — 4, бірінші са­нат­ты — 9, жоғары білімді — 8, аяқталмаған жоғары білімді — 2, ор­та — 13, аяқталмаған ор­та білімді — 6 оқытушымыз бар. Баланың жа­сы­на сай сабақтар, со­ны­мен қатар қосымша ағылшын, орыс тілі, тіл да­мы­ту, ай­на­ла­мен та­ны­с­ты­ру, ва­лео­ло­гия, са­у­ат ашу секілді пәндерді оқытамыз. Ән-күй, де­не тәрбиесімен ай­на­лы­са­тын бөлме жұмыс істеп тұр. Ән, би өнеріне ба­у­ли­мыз. Балаларымыздың тәртібі жақсы, алғыр да зе­рек. Балабақшамызда толықтай жағдай жа­са­лып отыр. Тек қана саз пәнінің мұғалімі жетіспейді», — дейді балабақша әдіскері Ай­жан Қуанышқалиева. — Айтпақшы, әдіскер Ай­жан қалалық «Үздік әдіскер» байқауында 2-ші орынға ие болған. Балабақшада «Балбөбек», «Біз мек­теп­ке ба­ра­мыз», «Алғашқы қадам», «Зе­рек», «Мек­те­пал­ды дайындық», «Қайнар» бағдарламасы бой­ын­ша ба­ла­лар­мен жұмыстанады екен.

Біздің ба­ла­ла­ры­мыз қаламызда ұйымдас- ты­ры­ла­тын мәдени шараларға белсенді түрде қатысады. Қатысып қана қоймай, жүлделі орынға да ие бо­лып жүр. А.Би­жа­но­ва, А.Ку­тей­но­ва, А.Мәденов, Е.Ай­за­ко­ва, А.Әлім- жа­но­ва секілді ба­ла­ла­ры­мыз­бен және А.Ер- ме­ко­ва, М.Бүлкебаева, Қ.Кеңесбаева сияқ- ты тәрбиешілермен мақтанамыз», — дейді балабақша тәрбиешілері. Балабақшаның да­му­ы­на үлес қосқан қызметкердің бірі Күләнда Мы­са­е­ва. Ол балабашаның алғашқы ашылған кезінен бері осы күнге дейін абы­рой­мен еңбек етіп ке­ле жатқан тәжірибесі мол қызметкер. Және балабақшаның ма­те- риалдық-техникалық базасының нығаюына, ғимарат пен тәрбиеленушілердің бөлме- лерінде техникалық та­лап­тар­да белгіленген санитарлық-гигиеналық нор­ма­лар мен ере- желердің толықтай сақталуына өз үлесін қосып ке­ле жа­тыр. Күләнда апай­ды біз де сөзге тарттық:

Күланда МЫ­СА­Е­ВА, шаруашылық бөлім меңгерушісі:

— «Ба­ла­лар — біздің болашағымыз.» Сон- дықтан ба­ла­лар­ды ерек­ше күтіп, тәрбиелеу ке­рек. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды бо- йы­на сіңіруіміз қажет. Және баланың үйде отыр­май, балабақшаға барғаны жөн. Өйткені, ба­ла сыртқа шықса, айналадағы ортаға үйренеді, мінезі тұйық бол­май­ды, адам­дар­мен тез ара­ла­са­ды. Балабақша ең ал­ды­мен ба­ла­ны тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді. Баланың ой­лау қабілеттерін ар­т­ты­ру арқылы ұрпақты жақсылыққа тәрбиелейміз. Ата- ба­ба­ла­ры­мыз айтқандай баланың тәрбиесі бесіктен бас­та­ла­ды, яғни тәрбиенің негізі от­ба­сы­нан бас­тау ала­ды. Балабақша, одан кейін мек­теп адамның қоршаған ор­та­да же­ке тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра оты­рып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне се­беп­кер бо­ла­ды деп ой­лай­мын. Ата-ана­лар таңертең бізге ба­ла­ла­рын әкеліп, жұмысқа кетеді. Әке-шешесі ама­нат­тап бізге сеніп тап­сы­рып кет­кен балаларға жауапкершілікпен қарамауға бол­май­ды. Ба­ла­лар аман, қуанып жүрсе, бізге одан артық бақыт жоқ. Олар­ды бір күн көрмесем сағынып қаламын.

Мұнан соң «Ай­наз» жекеменшік ба­ла- бақшасындағы жағдаймен де таныстық.

Бұл балабақша да еліміздің ертеңін сеніп тап­сы­ра­тын отансүйгіш, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу үшін аян­бай тер төгіп келеді. Атал­мыш балабақша осы­дан бір жыл бұрын, қыркүйектің 22-сінде «Ба­ла­пан» бағдарламасы ая­сын­да «Өркен» шағын- ауда­ны, №21 үйдің жа­ны­нан ашылған еді. Одан бері де жылға жуық уақыт өтіпті. Білікті пе­да­гог, кәсіпкер Назгүл Шырақбаеваның ұйытқы бо­лу­ы­мен бұл балабақша бой көтер- ген бо­ла­тын. Балабақшаның ғимараты, материалдық-техникалық ба­за­сы барлық талаптарға сай келеді. Қазіргі уақытта бұл жер­де 100-ден аса ба­ла тәрбиеленіп жа­тыр. Кіші жас пен бес жастағы ба­ла­лар алаңсыз ой­нап, тынығып, уақытын өткізеді. Со­ны­мен қатар, мек­те­пал­ды даярлық то­бын­да ба­ла­лар­ды оқытады. Ба­ла­лар тек тәрбиеленіп қана қоймай, ағылшын, орыс тілін үйреніп шығады. 25 қызметкердің бәрі мәдениетті, са­у­ат­ты. 11 пе­да­гог жоғары білімді. Және «Жол кар­та­сы» бағдарламасы бой­ын­ша жас ма­ман­дар балабақшаға жұмысқа ор­на­ла­са­ды екен. «Ай­наз» балабақшасы жекеменшік балабақшалардың ара­сын­да үздік ата­нып жүр. Себебі, бұл балабақша мемлекеттік балабақшадан еш кемдігі жоқ. Ғимараты кең, өз ал­ды­на ой­ын алаңы салынған. Мұнда тәрбиеші апай­ла­ры бүлдіршіндерге үстел басындағы тамақтанудың ережелері мен тәр- тіптерін, тамақтанып болған соң ас­ты қалай қайыру керектігінің бәрін үйретеді. Сон- дай-ақ балдырғандардың шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында әр түрлі танымдық ой­ын­дар, му­зы­ка сабағы қосымша өткізіледі.

Балабақша әдіскері Айгүл Есқалиева ны әңгімеге тарттық.

— Балабақша ұжымы барлық балабақ- ша­лар секілді ке­ле­шек ұрпақтың тәрбиелі бо­лып өсуіне қызмет ету­де. Ашылғанына бір жыл то­ла­ды. Аз уақыттың ішінде жетістікке жетіп, әдістемелік кітаптарды жаңарттық, бірнеше рет ашық сабақ өткіздік. Әрине, әлі де та­лай тәжірибе жи­нап, еңбектенеміз. Бүлдіршіндерге тақпақтарды жалаң жат­та­тып, ертегілерді құр оқытып қана қоймай, оны сәбидің са­на­сы­на сіңіріп, мағынасына терең бойлатуға ты­ры­са­мыз. Ол үшін түрлі көрнекі құралдарды пай­да­ла­нып әрі ба­ла­ны қызықтыратын тақпақтар үйретеміз. Қазақ халқында: «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жас­тан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жас­тан асқасын досыңдай сыр­лас» — де­ген та­ма­ша сөз бар. Бұл — мағынасы терең философиялық өмір шындығы. Шы­нын­да да, тәрбие сәби дүниеге шыр етіп кел­ген алғашқы сәттен бас­та­луы ке­рек. Адам мінезі бес жасқа дейінгі кезеңде қалыптасады деседі. Ен­де­ше, жас сәбиді алғашқы күннен бас­тап тәрбиелеу ке­рек. Әрине, баланың тәрбиесі от­ба­сы­нан бас­та­ла­ды. Де­ген­мен, тәрбие ретінде балабақшаның да ала­тын ор­ны ерек­ше. Қазақтың про­бле­ма­сы балабақшадан бас­та­ла­ды. Балабақшаның са­нын көбейту ке­рек.

2010 жы­лы «Ба­ла­пан» бағдарламасы ая­сын­да қаламызда бірнеше жекеменшік балабақша ашылған бо­ла­тын. Би­ыл да бірталай балабақша ашы­ла­тын шығар де­ген ой­да­мыз. Өйткені, мұнайлы өңірде ал­ты мыңнан аса ба­ла бақшаға ба­ру үшін ке­зек­те тұр. Мемлекеттік балабақшаға ба­рай­ын де­се, орын жоқ, кезекті ұзақ уақыт күтесің. Ал жекеменшік балабақшаға ба­рай­ын де­се, кез кел­ген ата-ананың ай­ы­на 20 мың теңгені төлеуге ша­ма­сы жетпейді. Қалалық перзентхананың санақ мәліметтеріне жүгінсек, ап­та сай­ын қаламызда 85-ке жуық әйел бо­са­на­ды. Сондықтан балабақшаны көбейту — уақыт күттірмейтін та­лап.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья "Бала тәрбиесіндегі балабақшаның рөлі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 245 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.03.2016 959
    • DOCX 67.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кудайбергенова Аймен Алиаскаркызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6467
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 30 регионов

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 14 регионов

Мини-курс

Продажи и самопрезентация в социальных сетях

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 70 человек из 29 регионов