Инфоурок Начальные классы КонспектыСтатья "Дүниетану сабақтарында диалогтік оқытуды қолданудың тиімділігі"

Статья "Дүниетану сабақтарында диалогтік оқытуды қолданудың тиімділігі"

Скачать материал

 

ДҮНИЕТАНУ САБАҚТАРЫНДА ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

 

Шаханова Н.Т. , бастауыш сынып мұғалімі,

                                          №19 жалпы орта білім беру мектебі,

          Павлодар қаласы

 

   Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» аяқтадым.    Осы бағдарламаның  бірінші «бетпе-бет» кезеңінде диалог негізінде оқыту мен оқу, оқушылардың  өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы  диалогтің шәкірттердің өзіндік ой – пікірін жүйелеуі мен дамытуына  көмектесетін жаңа әдіс туралы ақпарат алдым.  Бұл  модульдің  дүниетану сабағында алатын орны ерекше екенін байқадым. Содан бері дүниетану сабағында оқушылардың топтық жұмысқа қызығушылықтарын арттыру үшін  диалогтік оқытудың  түрлі әдістерін тиімді  қолданып келемін. Оқушылардың топта  бір –бірімен әңгімелесуінің, пікірлесуінің көп маңызы барына көзім жетті.Оқушыларда  өздерінің білген ойлары мен пікірлерін басқа адамдарға жеткізуге деген қызығушылықтары арта түсті. Бұрын өз ойын білдіре бермейтін оқушылар сабаққа қатысатын болды. Өздері  қалай оқу керектігін түсініп, мәтіннен негізгі мәліметтерді тауып, бір-біріне түсіндіріп, ортақ шешім табу жолдарын іздестіреді.  Олар басқа оқушылармен ойлары, пікірлерімен бөлісуге, постер қорғауға  қызығушылық танытады. Өз тәжірибемнен бірнеше мысалдар ұсынғым келеді. Оқушылардың өз білімі мен мүмкіндігін дамыту үшін тарихшылардың  «Қазақстан аумағындағы ежелгі өркениет ескерткіштері. Ескерткіштерді қорғау» тақырыбындағы баспасөз мәслихатын ұйымдастырдым.  «Журналистер»  тобы  Камила, Аделя  «Тарихшыларға » сұрақтар қойды.

 

 

 

 

Бұл тапсырма диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне, өзара сұхбаттасуы, өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына үлес қосты. Сындарлы және ашық диалогке қатысуда,  оқушылардың бірлескен сұхбаты, тақырып бойынша өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік берді. Топпен жұмыс жасауда бірнеше оқушының көшбасшылық қабілеттері байқалды. Ал Мерейлім деген оқушымды басқа қырынан  көре алдым.  Оның топтық жұмыста ұйымдастырушылық қабілеті  көрінді. Себебі бірден топ міндетін өзі басқарып , тапсырманы орындауға  кірісіп кетті.

 

Мерекелердің қашан және қалай өткізілетінін баяндауды  ойын түрінде ұйымдастыруды жөн көрдім. Әр топ мамандықтардың маңызын рөлдік ойын арқылы сахналады . 1-топ-мұғалімдер, 2-топ-дәрігерлер, 3-топ-жүргізуші, 4-топ- өнер адамы. Үш топ өздерінің шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді. Ал 2-топтан  Аида мен Аяжан ғана белсенділік танытты. Осы топтың төрт оқушысы  рөлдік ойынға қатысуға қызығушылық  танытпады.  Осы кедергіден шығуда, басқа топтан  Аделя мен Мерейлім үй иесі мен науқастың  рөлін қызыға сахналап берді. 3-ші топтағы  Даниял  жүргізуші рөлін өте ерекше көрсете білді. Бұл оқушы әдеттегі сабақтарда  қызығушылық танытпаса да, осындай көрініс қою, сахналау сынды тапсырмаларды орындау барысында аса белсенділік танытты.

Рөлдік ойынды қолдануда  оқушыларды сан қырынан көруге мүмкіндік болды , бойларындағы жасырын қабілеттерін ашуға септігін тигізді.  Оқушылардың  дәстүрлі сабақтарға қарағанда  бүгінгі жаңаша сабақта оқуға белсенді қатысуы байқалды, алдағы уақытта да  оқу кезеңінде оқушылардың одан әрі алға ұмтылуға деген жауапкершіліктерін дамытуға ықпал етемін. Оқушылар диалогтік оқыту әдісі арқылы сыни ойлауға, кедергіден шығу жолдарын іздестіруге, адамдармен қарым - қатынасты реттей білуге, туындаған сұрақтардың  дұрыс шешімін таба білуге, өзге адамдармен  тіл

 

табысуға үйренді. Оқушылардың қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда, диалогтік сұхбаттасу мұғалімдердің де, оқушылардың да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді әдісі болып табылады. « Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық » деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып отырсақ, оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін. Бүгінгі оқыту жүйесінде мұғалімдердің алдына қойылып отырған  басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Өйткені жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде.Оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Әр ұстаз  оқушының жеке бас ерекшелігін ескере отырып, бала талпынатындай және қызығатындай етіп ұйымдастырса екен. Л.С. Выготский : « Ең алдымен баланы бір әрекетке тарту үшін, сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін барлық күшін салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал оқытушы болса тек сол әрекетті басқарып,  бағыттап отыруы керек. Оқушылардың қызығушылығы олардың білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты, ойлау әрекетінің әдістерінің қалыптасуына тәуелді» деген . Сондықтан да  оқушыларды оқу үдерісіне тарту үшін сыныптағы психологиялық ахуалды ұтымды орнатып, жан-жақты құзырлы тұлға қалыптасуына септігін тигізуді мақсат тұтып жұптық, топтық тапсырмалардың  әдіс- тәсілдерін түрлендіріп, жас ерекшелігіне сай  тиімді қолданып келемін. Өйткені  ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Сонымен қатар жаңа тәсілдерді қолдануда  оқушыларды жаңа білімге мазмұн қалап, болашақта зерттеу жүргізуге  көмектесетінін  түсінуге тиіспіз. Жаңа технологиялар өзімнің білім беруімде өзгеріс енгізуге және білім беру жолына әр жақтан қарай алуға  мүмкіндік тудырғаны  соншалық, өз ойын білдіре бермейтін оқушылар өзін еркін сезініп,  пікірін білдіруге қызығушылығын таныта бастады. Оқуға ынтасы артып, сұрақ қоя  алуды,  талдауды, пікірлесуді үйренді. Мен үшін бұл жетістікке жетудің тиімді жолы деп айтсам,  артық болмас. Қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды қатаң ескерген мұғалім, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бәсекелестігіне дұрыс бағыт – бағдар бере алатынына сенімім мол . Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сөзі ізденімпаз, жаңашыл  ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір ұстаз  жадында сақтаса деймін.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья "Дүниетану сабақтарында диалогтік оқытуды қолданудың тиімділігі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 995 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.11.2015 1009
    • DOCX 2.3 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаханова Нурбике Турганбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шаханова Нурбике Турганбаевна
    Шаханова Нурбике Турганбаевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3852
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1114 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 19 273 человека

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 682 человека

Мини-курс

Технологии и анализ в медиакоммуникациях

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

GR-технологии и взаимодействие с СМИ

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе