Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Статьи / Статья "Дуалды оқытудың тиімділігі - бәсекеге қабілетті дайын маман"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Статья "Дуалды оқытудың тиімділігі - бәсекеге қабілетті дайын маман"

библиотека
материалов

ДУАЛДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ДАЙЫН МАМАН


Жалғасова Орынкүл Асанқызы («Жас өркен» колледжі)


Бүгінгі таңда әлемнің озық елдерінде табысты қолданылып келе жатырған дуалды оқыту жүйесі кәсіптік білім беру саласына батыл түрде еніп, жұмыстар басталып та кетті. Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – осы заманғы еңбек нарығындағы жедел өзгерістерге бейімделетін, бәсекеге қабілетті, өз мамандығын теориялық тұрғыдан ғана емес, тәжірибе жүзінде де толық меңгерген мамандар дайындау. Яғни бұл жүйенің негізі - оқу орны мен өндірісте қатар оқыту.

Дуалды оқыту – өзара табысты ынтымақтастықты дамыту, кәсіби білім беру мазмұнын арттыру және мамандарды заманауи өндіріс талаптарына сәйкес дайындау болып табылады.

«Жас өркен» колледжі 2014-2015 оқу жылынан бастап дуалды оқытудың республика бойынша эксперименталды алаңына Қызылорда облысындағы 8 колледждің бірі ретінде енді. Осыған орай біршама жұмыстар атқарылды. Ең бастысы жұмыс беруші серіктестермен байланыс жасау. Теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жоюда жұмыс берушінің үлесі зор болмақ. Осыған байланысты білім алушының мамандығы, бейіні мен біліктілігіне сәйкес келетін кәсіби даярлықты келісім-шарттар негізінде кәсіпорында жүзеге асыру қалыптасып келеді. Колледж 1405000-«Газ жабдықтау жүйесі мен жабдықтарды монтаждау және пайдалану» мамандығы бойынша ЖШС «NTB Capital», ЖШС «Компания Газ Строй», ЖШС «НурГазСервис» мекемелерімен келісім-шартқа отырып бірігіп жұмыс атқаруда. Оқу жоспарына осы мекемелермен бірлесе отырып өзгерістер енгізілді. Кәсіпорынның материалдық техникалық базасын пайдалана отырып тәжірибелік оқу процесін ұйымдастыру және тәжірибе бағдарламаларын оқу орны мен өндірістік кәсіпорындардың бірлесе отырып дайындауы, әртүрлі оқыту семинарларын ұйымдастыру жұмыстары бұл жүйенің ерекшеліктерін білдіреді. Нәтижесінде кәсіпорын мамандарының қатысуымен маман дайындаудың сапасын бағалау арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндігі қарастырылады.

Қос бағытты білім беру жүйесі туралы Елбасы «Қазақстан - 2050» стартегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында таяудағы уақытта дуалдық, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек екендігі және келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттің кепілдендіруіне көшіруді қарастыру қажеттілігі нақты көрсетілген. Германия сияқты индустриясы дамыған елде дуалдық жүйемен жұмысшы маманды дайындау үлкен жетістіктерге жеткен. Елімізде дуалдық оқытуды жетілдіру үшін оқу орнының оқу-материалдық базасын үнемі жетілдіріп, жаңартып отыру, жаңа техника мен технологияларды енгізу, дуалдық оқыту жүйесін енгізуге қажетті әдістемелік көмек көрсету қажет. Ол үшін оқу орны басшылары мен қызметкерлерін біліктілік арттыру курстарынан өткізу қажет. Осы орайда колледж директоры М.Исаев 2014 жылдың 26-31 қазан күндері Германия, Швейцария мен Францияда өткен «Дуальная система профессионального образования европейских стран» тақырыбындағы 36 сағаттық біліктілік арттырудан өтіп, осы елдердің кәсіптік білім беру мекемелерінің, мамандандырылған оқу шеберханаларының, кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарының жұмыс тәжірибесімен танысып қайтты. Еуропа елдеріндегі дуалды оқыту жүйесінің арқасында білім алушылар тек тәжірибеден өтіп қана қоймай, оқу орындарының мықты базаларында заманауи құрал-жабдықтармен нақты бір тапсырыстарды орындайды. Педагогтар мен өндірістік оқыту шеберлері оқушыларға толығымен сенім білдіріп, олар 2 курстан бастап өздері таңдаған мамандығының тәжірибелік дағдыларын меңгереді. Кәсіпорындар жанындағы маманданған оқу орталықтары жұмыс жасайтын ірі өндіріс орындары өздеріне қажетті маман дайындауға ниетті және ол мемлекет тарапынан қолдауға ие. Кәсіптік білім саласындағы еуропалық озық тәжірибені Қазақстандық білім беру жүйесіне енгізуде осындай тәжірибе алмасулар, білім жетілдіру курстары өз жемісін берері сөзсіз.

Дуалды оқыту жүйесі мекемеге де, оқу орнына да және білім алушыларға да тиімді. Олай дейтініміз дуалды оқытудың ерекшелігі жұмыс беруші өзіне дайын маманды жұмысқа алады, оқу орны дайындаған кадрын жұмысқа орналастырады, ал бітіруші жас маман бірнеше жылдық оқу процесі мен тәжірибеден өту кезінде алған тәжірибесімен бәсекеге қабілетті, дайын маман ретінде өз орнын тауып, еңбек нарығындағы кадр жетіспеушілігін болдырмайды. Болашақ маманнның өзіне деген сенімі мен жауапкершілігі артады, жұмыс таба алам ба деген қорқыныш болмайды, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығы артады.

Қорытындылай келе, дуалдық оқыту жүйесі жұмыс берушілермен біріге отырып еліміздің индустриясына қажетті кәсіби, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда оң нәтиже беретіндігі айқын. Сондықтан да әлемнің озық елдерінде табысты қолданылып келе жатқан осы жүйенің ұлттық моделін қалыптастыра отырып техникалық және кәсіптік білім беру практикасын жетілдіру – бүгінгі таңдағы басты міндетіміз.



Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан. 14.12.2012 жыл.

  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Алматы, 2010.

  3. Базылқызы Г. Әлемдік тәжірибе: дуалды оқыту әдісі.http://i-news.kz/news/2013/02/21/6895375.html.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 30.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров153
Номер материала ДВ-568000
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх