Инфоурок / Другое / Статьи / Статья "Экономикалық пәндерде көрнекіліктерді қолдану"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Статья "Экономикалық пәндерде көрнекіліктерді қолдану"

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Жалғасова Орынкүл Асанқызы

«Жас өркен» колледжінің «Гуманитарлық» пәндер бірлестігінің оқытушысы



ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДЕ КӨРНЕКІЛІКТЕРДІ ҚОЛДАНУ

Экономикалық пәндерді оқыту әдістемелеріндегі ең маңызды мәселенің бірі – көрнекі құралдарды қолдану проблемасы. Ақпаратты қабылдап, керекті материалды есте сақтау үшін танымдық үрдіске бірнеше сезім органдарын қосу қажет. Зерттеулер көрсеткендей адам көру сезімі арқылы ақпараттың 83%-ын, есту арқылы – 11 %-ын, иіс сезімі арқылы 3-5%-ын, сипап сезу арқылы 1,5%-ын қабылдай алады екен.

Экономикалық ойлау - экономикалық процестердің мәнін тану, түсіну, ой операциялары (талдау, синтез, салыстыру т.б.) арқылы олардың заңдылықтарын анықтау және экономикалық қызметте экономикалық білімді іске асыру. Экономикалық ойлаудың маңызды бөлігіне шаруашылық өмірде және онда болып жатқан процестерге оның белсенді әсер ететін тәжірибелік бағыттылығы жатады.

Оқытушы жұмысының тиімділігі тек өз білімінде ғана емес, сол білімді шәкірттеріне тиімді түрде жеткізе білуінде, оқушы оны қалай меңгергенін бақылау жасауында болмақ.

Қазіргі заман оқытушысынан тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, сабақ үрдісінде көрнекіліктерді тиімді қолдана алатын, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Көрнекілікті белсенді қолдану қажеттілігі келесі жағдайларға байланысты:

Біріншіден, жанды түрде пайымдаудан сезімдік образдар мен түсініктер қалыптасады; екіншіден, өмірмен байланысты абстрактылы жағдайлар байланысы қамтамасыз етіледі. Экономикалық материалды игеру нақтылы образдан абстрактылы ойлауға өту жолымен жүзеге асады. Яғни абстрактылы ойдан нақтыға қозғалу сипатымен, үшіншіден, ойлау үрдісі белсенді болады. Сөздің образдармен үйлесімі білім алушыларға эмоционалды әсер етіп, талқыланатын сұраққа қызығушылығын арттырады, ал ол есте сақтаудың ұзақтығына әсер етеді.

Көрнекілікпен оқыту – нақтылы бір образдарға оқыту болып табылады. Экономиканы оқып үйренуде көрнекіліктің әртүрлі құралдары қолданылады. В.И.Крамаренко және басқалары көрнекілікті ішкі және сыртқы деп жіктейді. Ішкі көрнекілік жаңа образдарды құру үшін санада жинақталған логикалық байланыс, ассоциация, образдарды қолданудан тұрады.

Сыртқы көрнекілік – бұл табиғи және арнайы құрылған оқыту құралдарының кешені. Өз кезегінде сыртқы көрнекілік құралдары табиғи, сөздік-бейнелік және бейнелік болып бөлінеді. Табиғи құралдар табиғи түрде қолданылатын заттар, бұйымдардан тұрады. Экономикалық пәндерді оқытуда сөздік-бейнелік және бейнелік көрнекілік құралдар кеңінен қолданылады. Сөздік-бейнелік көрнекілік құралдар – бұл халық шығармашылығының ауызша үлгілерін,теңеулерін, көркемдік бейнелерін қолдану, ол, экономикалық құбылыстарды неғұрлым кеңірек, анығырақ ашуға көмектеседі. Яғни, теориялық материалды меңгеру мен қабылдау үрдісін жеңілдете отырып, тыңдаушы аудиторияға эмоционалды түрде әсер етуге жәрдемдеседі.

Көркемдік иллюстрация тек түсінуге ғана емес, есте сақтауға да көмектеседі. Бір ғана фразадағы сол бір идея ұзақ уақытқа есте сақталады.

Бейнелік көрнекілік өнерге қатысты оқыту құралдарын қолданудан көрініс табады. Қолдану техникасы мен бейнелеу құралдарын жүзеге асыру тәсілдері бойынша бейнелік көрнекілік төмендегіше жіктеледі:

  1. Бейнелік (портрет, фото, картиналар);

  2. Шартты (сызба, сурет, диаграмма, график);

  3. Оқытудың техникалық құралдары (кинопроектор, графопроектор, электронды проектор, магнитофон, теледидар, интерактивті тақта т.с.с.).

Экономикалық пәндер курсында көрнекілікті қолдану білімді меңгеруде ғылымилық, қолжетімділік және тұрақтылық, беріктік, орнықтылық сияқты дидактика принциптерін оқыту тәжірибесін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Көрнекілік құралдары білім алушылардың психикасына әсер етеді. Білім жекелік мінез қалыптастырады, ол сезім мүшелерін, әсіресе, көру сезімін қолдана отырып негізделеді. «Мың рет естігенше, бір рет көрген артық» деп бекер айтылмаған.

Көрнекілік құралдар оқу үрдісінде белгілі бір функцияларды бәрінен бұрын танымдық функцияны атқарады. Көрнекілік білім жүйелігінің құралы, нәтижеге жету тәсілі, оқу проблемасының көзі ретінде көрініс таба алады. Экономиканы оқып үйренуде абстрактылы ойлау мен нақты образдардың бірігуі жүзеге асады. Мысалы, кәсіпорынның анықтамасы бір немесе бірнеше адамдар тобының шектеулі ресурстарды пайданы неғұрлым жоғары табу мақсатымен құрылғандығында. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын плакат немесе проектор қолдану арқылы иллюстрациялық көрсетілген бұл құбылысты нақтылап меңгеру үрдісіне көру сезімін қосады. Келесі функциясы – мотивациялық, яғни, оқушылардың немесе студенттердің эмоциясы мен қобалжуы білімге өз әсерін тигізбей қоймайды.

«Экономикалық талдау», «Сала экономикасы», «Кәсіпорын экономикасы» т.б. экономикалық пәндерді оқытуда дербес компьютерлермен және мультимедиа проекторымен жабдықталған аудиторияда дәріс өткізу оқушылар мен студенттердің жаңа сабақты меңгеруінде маңызды орын алмақ. Жаңа материалды алдын-ала дайындаған презентация арқылы түсіндіру оқытушының түсіндіргенін толықтырып тұрады. Сонымен қатар оқытушының түсіндіргенін көзбен көру арқылы бейнелер, сандар, кесте түріндегі мәліметтер, мысалдар, суреттер оқушылар мен студенттер жадында сақталуына, оны жақсы меңгеруіне ықпал етеді. Өтілетін материалды жүйелеп, бекіту оқушылардың жаңа сабақты жақсырақ есте сақтауына аса қажет. Осы мақсатта жаңа материалды түсіндіріп болған соң оқушыларды топтарға (2-3 адам) бөліп есептеу, талдау жұмыстарына байланысты Excel бағдарламасы бойынша тапсырмаларды өтілген тақырып негізінде бөліп беру оқушылардың ойлау қабілетіне, компьютерде бағдарламалармен жұмыс істеуге машықтануына жағдай жасайды. Алынған мәліметтер 15-20 минуттан соң проекторда көрсетіліп, бүкіл оқушылардың қатысуымен талқыланып, қорытындылар мен ұсыныстар әр топ бойынша жеке-жеке айтылады. Сабақтың соңғы кезеңінде оқушылар жаңа сабақ бойынша жасалған тест сұрақтарына меңгеру деңгейін анықтау және бағалау мақсатында компьютер көмегімен жауап береді.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:

- пән бойынша базалық білімді меңгеру;

- алған білімді жүйелеу;

- жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

- өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

-оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану оқытушының жеке тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті  құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Сонымен, интерактивті  құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.

Педагогикалық қызметің тиімділігін қамтамасыз ету үшін келесі әдістемелік ережелерді ескеру қажет:

1)Көрнекілік оқытушының міндеті түрде түсіндіргенінде ғана тиімді болады. Зерттеу немесе меңгеру объектісі абстрактылы болғанда немесе олар үшін көрнекілік құралдарды құру мүмкін болмағанда көрнекі құралдар функциясы және мақсатын түсіндіру, бақылау нәтижесін талдау тыңдаушыларды бақылауын нақтылау қарастырылады. Педагогикалық үрдісте плакаттар мен кестелер жиі қолданылады. Бірақ оларды қолдануда белгілі бір қиындықтар орын алады.

Біріншіден, өлшемі ақпаратты белгілі бір ара қашықтықта ғана қабылдауға мүмкіндік береді (алыстан көрінбейді); екіншіден, лекция кезінде кестелерді орналастыру, алмастыру материалды игеруде кедергі келтіреді (ойы басқа жаққа ауып кетеді); үшіншіден, сапасы уақыт өте келе нашарлайды; төртіншіден, бір кестеде, плакатта сол материалды меңгеру сәтіне қажет ақпараттан көп ақпарат орналасады.

Проекторды қолдану осы қателіктерді жоюға мүмкіндік береді. Слайдтарды қолданудың артықшылықтары:

А) жазу үлгісінің қандай екендігіне мән берілмейді (анық емес, түсінікті емес деп қобалжуға негіз жоқ);

Б) көрініс қай кезде қажет болса сол кезде көрінеді;

В) үлкен экран көлемі кішкентай бөлшектерді де көріп, қабылдауға мүмкіндік береді;

Г) слайдтар сақтағанда көп орын алмайды.

2) Студенттерді көптеген құралдарды пайдаланумен шаршатып алмау қажет. Көрнекіліктердің тым көп болуы да зиян. Екі сағаттық экономикалық пәндер лекциясында көрнекіліктің 30-дан астам түрін қолдану оны оқу мақсатынан айырады. Егер 2 сағаттық лекцияда техникалық құралдарды 20 минуттан астам уақыт қолданылса, оқытушының түсіндергені студенттің есінде қалмайды, тек сюжет, кадр, дауыстар ғана есте сақталады.

3) Қолданылған көрнекіліктің кез-келген құралы меңгеру, ойлау үшін уақытты қажет етеді. Зерттеулер көрсеткендей пректорларды қоғамдық пәндерде қолдану әрбір қосқандағы уақыты 3-6 минутан аспайтын 3 реттік көрсетілімнен аспағаны жөн.

4) Техникалық құралдарды қолдануда оларды пайдалануды оқытушының өзі меңгеруі қажет, яғни өзі қосып, ажыратып, жұмыс жасай білуі тиіс.

Қорытындылай келе көрнекілік құралдарды пайдаланған жөн, себебі ол пәнді тереңдетіп түсіну үшін, қабылдау дәлдігіне қол жеткізу үшін аса маңызды құрал болып табылады. Бірақ та әр нәрсенің өз шегі болатыны сияқты оларды орынды, өз өлшемімен қолдану оқыту сапасын жетілдіруге ықпал етеді. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда   көрнекі құралдарды қолдану оқытушының жеке тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Көрнекі  құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Крамаренко В.И. Методика преподавания экономических дисциплин: Учебное пособие/В.И.Крамренко и др. Симферополь: «Таврида».1999.

  2. Пидкасистый П.И., Искусство преподавания.2-е изд. Первая книга учителя/П.И.Пидкасистый, М.Л.Портнов М.:Педагогическое общество, 1999.






Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-016612

Похожие материалы