Инфоурок Алгебра СтатьиСтатья "ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУ"

Статья "ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУ"

Скачать материал

ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУ

 

 

Применение интерактивных методов обучения позволяет значительно активизировать деятельность учащегося по усвоению учебного материала и  осознанному математическому моделированию различных процессов. В работе приведены примеры организации уроков математики с использованием информационно- коммуникационных технологий.

 

 

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің кезекті Қазақстан халқына Жолдауында: «Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының  және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.

Бүгінгі таңда интерактивті оқыту кең көлемде қолданыла бастағандықтан әдістемелік жаңалықтардың бірі болып саналады. Уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту – бүгінгі күннің басты міндеті. Ал мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты – білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін бақылаудың, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс – тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу.

Осыған орай, оқытушылардың басым бөлігі интерактивті оқытуды білім беру үрдісіне енгізу үшін компьютермен қамтамасыз етілуі, яғни Smart – тақтаның болуы жеткілікті деп есептейді. Математика пәні мұғалімдерінің арасында да  білім беруде интерактивті оқытуды енгізудің бірден – бір жолы оқыту барысында компьютер құралын қолдану деп есептейді.

Алдымен, «интерактивті оқыту» ұғымының негізгі мағынасын қарастыралық. Мұндағы «интерактив» сөзі ағылшын сөзі, яғни «inter» - «бірлесу», «act» - «әрекет жасау» деген мағынаны білдіреді, ал интерактивтілік сөзі – бірлесіп әрекет жасау, әңгімелесу жүргізу, кіммен (адаммен) немесе немен (компьютермен) болса да диалог құру дегенді білдіреді. Жалпы білім берудегі интерактивті оқыту – сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бір – бірін толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

Интерактивті оқыту – бұл пікір алмасулардан, әңгімелесулерден құралған оқыту түрі. Ол пәннің негізгі мазмұны мен қорытындысын сақтайды, бірақ сабақтың өту барысы мен түрін өзгертеді.

Сабақтың түрлі әдіс – тәсілдерін қолдану белгілі бір себептерге байланысты: сабақтың мақсатына, қатысушылар мен оқытушының тәжірибесіне, оқытушының талғамына сай. Интерактивті әдістердің бірнеше түрі бар, сондықтан оқытушы өз талғамына сай оқыту әдісін таңдағаннан кейін оны қызықты, нәтижелі өткізу үшін үлкен дайындықты, біліктілікті, шығармашылық қабілетті талап етеді. Сол әдістердің бірнеше түрін келтірер болсақ: шығармашылық тапсырмалар, аз топпен жұмыс, үйретуші ойындар, қоғамдық ресурстарды қолдану, әлеуметтік жобалар және басқа да аудиториядан тыс оқыту әдістері.

Интерактивті тапсырмалардың қарапайым түрлерінен бір ерекшелігі, бұл – оқушылар меңгерген білімдерін практикада қолданып қана қоймай, жаңа мағлұматтар алып, өз білімдерін одан әрі дамытады. Берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушы бәсең топта қала алмайды, себебі үлгіде көрсетілгендер бойынша әрекет жасап, оқушы енді белсенділер қатарына қосылып, өзін жаңа қырынан таныта бастайды.

Интерактивті тапсырма ретінде кейбір зерттеу жұмыстарын, математикалық байланыстар мен тәуелділіктерді оқушыларға ұсынуға болады. Мысалы: белгілі бір санның нөлдерін алып тастап немесе нөл жалғаған кездегі мәнінің өзгеруі (10, 100, 1000 және т.с.с. сандарға көбейту және бөлу); айнымалысы бар өрнектің айнымалыға мән бергендегі өрнектің мәнінің өзгеруі (алгебра элементтері); арифметикалық әрекеттердің ішіндегі бір компонентін өзгерткендегі өзгеру нәтижесі; өлшем бірліктердің пропорционалды тәуелділігі (баға, мөлшер, құн; фигураның ауданы, көлемі және т.б.).

Математика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдаланудағы басты мақсаты – оқушыларға білім алу процесінде көмектесу. Бұл мақсаттарға оқыту программалары, дәрістерді қолдауға арналған электрондық оқулықтар, тексеру программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді.

 Математика пәнін оқытудағы ақпараттық технологиялардың педагогикалық мақсаттары:

- қолданушы мен ақпараттық және коммуникациялық құрылғылар             арасындағы жылдам байланыс;

- оқытылу ақпаратының компьютерлік көзге елестетілуі;

- ақпараттық - әдістемелердің оқыту процесін ұйымдастырудағы бақылауын автоматтандыру.

Математиканы оқыту әдістемесі оқушының өзіндік тұлғасын қалыптастыру үшін, оның дүниетанымын және интеллектін дамытуға, іргелес пәндерді зерттеуге, білімін жалғастыруға және болашақ мамандық қызметі үшін қажетті математикалық білімі мен іскерлігін қалыптастыруға және жүйелендіруге бағытталған. Бірақ, көпшілік жағдайда мұғалімге оның әр түрлі бөлімдерінің байланыстарын талқылауға және көрнекі бейнелеуге уақыт жете бермейді. Мұғалімнің назары негізінде белгілі бір типті есептер шығарудың практикалық дағдысын қалыптастыруға жұмсалады.

Енді жоғарыда айтылған жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланып бірнеше мысалдар келтірейік.

Activstudio Professional Edition - мұғалімдерге интерактивті сабақтарды өткізу барысында Activ-тақтаны қолдануға негізделген бағдарламалық құрылғы.

ACTIVstudio арнайы презентацияларды  өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген бағдарлама. Бұл бағдарлама  ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio бағдарламасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда,  презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар:

 

  Сурет 1. Формулаларды тақтаға жазбай, компьютермен дайындап, интерактивті тақтамен көрсетуге болады. Сонда  оқушылардың қызығушылықтары артып, жаңа материалды тез меңгеруіне көмектеседі.

 

Сурет 2. Кітаптың үстінен бір рет шерткенде берілген тапсырмаларды орындауға арналған жаңа бет ашылады.

 

  Сурет 4. Мәтінмен берілген есептерді шешу қиын, сондықтан интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдаланып түсіндірсек, оқушыларға әрі қызықты, әрі жеңіл болады.

Математиканы оқыту барысында презентацияны қолдану мүмкіндіктері.

Соңғы кезде математиканы оқыту барысында мультимедиа – презентацияны қолдану аса сұранысқа ие болып, көптеп қолданылуда. Осы қарқынмен оқытуда оқушылардың психикалық үрдістері белсендендіріледі: қабылдау, назар аудару, есте сақтау, ойлау қабілеттері.

Компьютерді пайдалану арқылы үйге берілген тапсырманы күрделендіріп беруге болады. Мысалы, геометриядан немесе алгебрадан берілген тақырыпқа байланысты презентация құруды тапсыруға болады. Оқушыға үйге берілген тапсырманы орындаумен қатар, соған байланысты презентация құру міндеті жүктеледі. Ал бұл оқушыға қосымша жұмыс жасауға, мәліметті күрделендіріп беруге, ойлау қабілетін дамытуға себепші болады. Осыған ұқсас тапсырмалар оқушыларды жауапкершілікке, сыйластыққа, өзін - өзі тәрбиелеуге үйретеді.

Математиканы оқыту барысында оқушыларға жиі шығармашылық жұмыстарды орындауды  тапсыру керек: кез келген бір тақырыптың даму тарихына презентация құру немесе игеріліп отырған мәліметтің басқа салаларда қоладынылулары және т.с.с. Шығармашылық жұмыспен айналысу оқушыларды ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалануға, Интернет – ресурстарымен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде бұл атқарылған жұмыстар бүкіл сынып алдында ұсынылатын болады. Оқушының еңбектеніп жасаған жұмысын тексеріп, оны жұртшылық алдында бағалап, мадақтау өте маңызды.  Осыдан, оқушыларда жұрт алдында  сөйлеу дағдысы қалыптасады, өз ойын еркін білдіруді үйренеді және кез келген адаммен  еркін әңгімелесуді жүргізе алады.

Қорыта айтсақ, математиканы оқытуда презентацияны қолдану ақпараттық технологияларды және эмоционалдық жағдайларды қамтамасыз етеді, оқушыларды түрлі ақпараттармен жұмыс жасауға бейімдейді, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады, пәнге деген қызығушылықтарын арттырады және оқу материалдарын  қоршаған ортамен байланыстыра отырып, жеңіл меңгерулеріне себепші болады. 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

1.                      Захарова И. Г. Информационные технологии в образовании: Учеб. пособие. М., 2007.

2.                      О. И. Андреенко. Возможности использования презентации при обучении математике. г. Мозырь, 2010 г.

3.                      Алдамұратова Т. А., «Математика» , 5 сынып. «Атамұра» баспасы, 2001 ж.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья "ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 349 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.04.2016 2193
    • DOCX 910 кбайт
    • 19 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мукашева Шынар Сабитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мукашева Шынар Сабитовна
    Мукашева Шынар Сабитовна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8013
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика")

Учитель математики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов

Курс повышения квалификации

Применение возможностей MS Excel в профессиональной деятельности учителя математики

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 18 регионов

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Политическое проектирование и международные отношения"

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подростковые проблемы: индивидуальный подход

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 269 человек из 65 регионов