Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Статья из опыта работы "Петропавл қаласының №1 арнайы (түзету) мектеп-интернат жағдайында мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік деңгейін жетілдіру"

Статья из опыта работы "Петропавл қаласының №1 арнайы (түзету) мектеп-интернат жағдайында мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік деңгейін жетілдіру"



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Петропавл қаласының №1 арнайы (түзету) мектеп-интернат жағдайында мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік деңгейін жетілдіру


Нургожина А.А.

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары,

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі, дефектолог


«... мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз»

Н.А.Назарбаев

Осы жолдар арқылы Президент «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі барлық азаматтарымыздың әлеуметтенуіне жағдай жасауымыздың маңыздылығын тағы да атап кетті. Ол үшін біздің мемлекетіміз бен қоғам алдына нақты мақсаттар қойды: кедейліктің деңгейін азайтуға, жұмыссыздықтың өсуін болдыртпауға, үкіметке тәуелділік ниеттерін болдырмау.

Біздің педагогикалық ұжымның негізгі мақсаты - даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қазіргі экономикалық қоғам жағдайында өз бетімен өмір сүруге дайындау, кәсіп (мамандық) таңдауға көмек беру.

Біздің «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1 арнайы (түзету)

мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесі психикалық дамуы тежелген (ПДТ) және интеллектуалдық бұзылыстары (жеңіл, орташа түрлері) бар балаларды оқытып, тәрбие беруге арналған. Бұл Қазақстандағы қазақ және орыс тілдерінде қатар білім мен тәрбие беретін жалғыз аралас тілдегі арнайы (түзету) мектеп-интернаты. Қазіргі уақытта бұл мекемеде қазақ тілінде тоғыз сынып, орыс тілінде сегіз сынып оқиды.

Мектеп-интернатта 2004 жылы алғаш рет психикалық дамуы тежелген қазақ балаларына арналған мемлекеттік тілде бір сынып ашылған болатын. Қазіргі таңда бұл мектеп-интернатта 79 бала өз тілінде тәлім-тәрбие алуда. Нақты айтқанда, облыстың 12 ауданынан 62 және қаладан 17 бала (денсаулық кінәратына байланысты 5 бала үй жағдайында оқиды). Оқушылардың аудандар бойынша бөлінуі.


Мектептің негізгі мақсаты — даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың таным іс-әрекеттері мен сезімдік-жігер аумағы кемшіліктерін барынша еңсеру, оларды кәсіптік еңбекке араласуға дайындау, заманауи қоғам жағдайында әлеуметтік бейімдеу.

Сонымен, балалар өзіндік өмір сүруге мектеп-интернатта дайындалмағанда қайда дайындалсын. Оқушыларымыздың 87 % мектеп-интератта тәулік бойы тұрып, оқиды (демалыс кезінен басқа уақытта).   Оқушыларды әлеуметтендіру мен бейімдеу жұмыстары мектептің барлық күн тәртібі кезінде жүргізіліп отырылады: барлық сабақтарда, тәрбиелік сағаттарда, тәрбиелік іс-шараларда, үйірмелер мен секцияларда. Осы мекемемізде оқушылардың өздігімен өмір сүруге қажетті көптеген қасиеттері қалыптасады.


Мектеп-интернат оқушыларының әлеуметтік жағдайы




Осы, әлеуметтік құжат мәліметтері бойынша даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қазіргі заманға сай бейімдеп, әлеуметтендіру мәселесі туындап тұр, яғни 80 % балалар кедейліктің шырмауына жақын деңгейде (27 % оқушы бала жастан жарымжан, 49 % отбасының тұрмыс жағдайы төмен, 15 % отбасы-көпбалалы), сондықтан да біздің мектепте тәлім-тәрбие алып жатқан даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғам өміріне ары қарай әлеуметтенуіне барлық жағдай жасалуда.

Мектептің оқу-тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61-інші бұйрығының қосымшаларымен бекітілген даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру мекемелерінің Типтік оқу жоспарларына сай жүргізіледі.

Жеңіл интеллектуалдық бұзылыстары бар балаларға арналған оқу жоспарымен бес сынып оқиды (5ә, 8а, 8ә, 9ә, 10а).

Орташа интеллектуалдық бұзылыстары бар балаларға арналған оқу жоспарымен 4, 5, 8 сыныптардағы 12 оқушы жеке бағдарламалар бойынша оқиды.

ПДТ төрт сынып (1а, 4, 5а, 9а) оқушылардың мүмкіндіктеріне сай бейімделіп жасалған жалпы білім беру пәндерінен типтік оқу бағдарламалары бойынша оқиды (ҚР Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 3.04. № 115 бұйрығы). Бұл оқушылар мектеп бітірген соң мемлекеттік үлгідегі негізгі орта білім беру куәлігін алады.



Мектеп-интернаттағы әлеуметтендіру моделі мына бөліктерден тұрады:

•        Түзете-дамыту бөлігі – оқушылардың дыбыстық қабылдауын түзету және дамыту, тіл дамуының кемшіліктерін түзету, танымдық іс-әрекеттерін, сезімдік-жігер, тұлға қасиеттерін дамыту;

•        Оқу-тәрбиелік бөлігі – оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жалпы білім беру пәндерінің мақсат-міндеттерін іске асыру;

•        Дене шынықтыру-сауықтыру бөлігі – дене шынықтыру, арнайы медициналық топ сабағы, сыныптан тыс уақыттардағы үстел теннисі, жеңіл атлетикамен, т.б. жаттығулармен айналысқан кездерде оқушылардың қозғалыс, дыбыс қабылдау дағдыларын дамыту;

•       Еңбекке дайындау және кәсіптік бағдар беру бөлігі.


Бірінші бөліктің мәселесі мектептің оқу жоспарына түзете-дамыту сабақтарын енгізу арқылы шешіледі: әлеуметтік-тұрмыстық бағдар, міндетті жекелік және топтық түзету сабақтары, тіл дамуы кемшіліктерін түзеу, түзеу ырғағы, танымдық әрекетін түзеу, емдік дене шынықтыру, айналадағы әлеммен танысу және тіл дамыту.

Түзете-дамыту бөлігінің құрамы:  педагог-дефектологтар, педагог-психолог, мұғалім-логопед, бейімделген дене шынықтыру және емдік дене шынықтыру мұғалімі. Жоғары психикалық функцияларды дамыту және түзету оқушылардың оқу материалдарын игеруін, әлеументтенуін жетілдіретін іс-әрекет.   

Мектепте оқушыларды психологтық-дәрігерлік-педагогикалық қолдау ұйымдастырылған. Ол қолдау оқушылардың даму жағдайының жағымды және жағымсыз жақтарын көруге мүмкіндік береді. Осы нәтижелердің негізінде мұғалім-дефектологтар оқушымен жеке сараландық түзете-дамыту жұмысын жоспарлап жүргізіп отырады. Әріп танып, жаза алмай келген бала мектептен бастапқы кәсіптік дағдымен шығады.  

Оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижелі ұйымдастырылуы үшін мектепте барлық бастауыш сынып, қазақ тілі, орыс тілі, география, физика кабинеттері, спорт және музыкалық залдар жабдықталып, жұмыс жасайды. Түзету және жеке-топтық түзету сабақтары үшін – логопед, психолог, емдік дене шынықтыру, әлеуметтік-тұрмыстық бағдар кабинеттері мен сенсорлық бөлме жұмыс істейді. Оқушылардың еңбек және кәсіби дайындығын іске асыру үшін ағаш ісі, тігін ісі, сылау-сырлау шеберханалары жұмыс істейді. Мектеп педагогтары арнайы түзету мектептерінің талаптары мен пән бағдарламаларының талаптарына сай пәндер бойынша дидактикалық материалдарды мақсатпен таңдайды.

Жұмыс тәжірибесі көптеген оқушыларымыздың белгілі бір деңгейде тұрмысқа бағдарланып, адамдар арасындағы қоғамдық нормалар мен тәртіптерді игергендерін көрсетеді. Психикалық дамуы тежелген балалар мектепте жұмыс істеп жатқан кешендік психологтық-педагогикалық жүйенің арқасында жұмыста жоғары нәтижеге жетіп, 100 %-дық үлгеріммен оңтайлы білім сапасын көрсетті. ПДТ 22 оқушы дамуындағы кемшіліктерін түзеп, психологтық-дәрігерлік-педагогикалық комиссия шешімі бойынша қала және облыс жалпы білім беру мектептеріне ауыстырылды (2007 ж.-3% және 2015 ж.-9%).




Мектептің оқу-тәрбие үрдісінің мақсаты білім ғана бермей оқушылардың әлеуметтік бейімделуіне және психологиялық ерекшеліктерін дамытуға жағдай жасау. Ал, педагогикалық үрдістің мақсаты – адамгершілігі бар, өзіндік іс-әрекетпен айналыса алатын, шығармашылық тұлға қалыптастыру. Осы жоғарыдағы мақсаттарға жету үшін педагогтар деңгейлік оқыту, модульдік, ойын, ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың, Монтессори, жоба әдістемелерінің, халық педагогикасының элементтерін қолдану арқылы оқушыларды оқу-тәрбиелік үрдістің белсенді, шығармашыл, дамитын тұлғасына айналдырды.

Педагогтарға ең маңыздысы оқу-тәрбие үрдісінің оңтайлы психологтық-педагогикалық жағдайы. Сабақтар барысында мәселелік жағдайлар, ізденіс-зерттеулік әдістер, ойын іс-әрекеттері қолданыла отырылып, әдістемелік жағынан сауатты және кәсіби тұрғыда жүргізіледі. Оқушылар ақжарқын, көңілді бейнелерімен, көздеріндегі жанған жанарларымен, жүректеріндегі сүйіспеншілігімен сабаққа келіп, кетіп отырса әр сабақ әр оқушыға қуаныштың кіші аралындай болады деп педагогтар бар күштерін салуда. Ең негізгісі олардың жан дүниесінде не болып жатқанын түсініп, әлемге олардың көдерімен қарап, әр сәттерін сүйіспеншілік пен жақсылыққа толтыру.

Оқушылардың игерген білімдерін өз беттерімен әр түрлі жағдай барысында іс-тәжірибеде қолдануын бақылау үшін білім сапасының мониторингі жүргізіліп отырылады. Өз жұмыстарымыздың нәтижесін оқушыларымыздың пәндік олимпиада мен байқауларға қатысып, жүлдегер атануынан көреміз.


Маңыздылығы

Жылы, өткізілу орны

Байқау, олимпиада атауы

Қатысушының аты-жөні

Алған орны

Халықаралық

15 ммыр 2015 ж.

Мәскеу қ.

Жеңіс күніне арналған қашықтықтық байқау «Ешкім де, ешқашанда ұмытылмайды»

Есенбергенов М.

Агатаева Д.

Смаилов А.

Жамукова Б.

Муканов К.

Диплом 2 дәреже

Диплом 3 дәреже

Диплом 3 дәреже

Диплом 3 дәреже

Сертификат

Халықаралық

16.02.2015 ж.

Смоленск қ.


«Инфоурок» жобасы бойынша «Айналадағы әлем» пәнінен қашықтықтық олимпиада

Жазит А.

Сертификат

Республикалық

2014 ж.

Петропавл қ.

«Қазақ тілі» пәнінен (КИО) қашықтықтық олимпиада

Смаилов А.

Сертификат

Республикалық

2014 ж., «Балдаурен» РОСО, Щучинск қ.

«Сендегі шексіз жан шуағы!» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығы фестивалі, «Шексіз әлем» шығармашылық жобасы

Есенбергенов М.

Гран-при «Көркем сөз» номинациясы

Республикалық

2014 ж., «Балдаурен» РОСО, Щучинск қ.

«Балалар Даму Академиясы» ойыны

Есенбергенов М.

1 орын

Республикалық

2014ж., Астана қ.

«Киік-қазақ даласының белгісі» балалар байқауы

Ерлік Е.-5а

Серикбаев К.-9ә

Колдырбаев Б.-5ә

Алғыс хат

Республикалық

2014ж., Астана қ.

«Біз салауатты өмір салты үшін» сырттай байқау

Есенбергенов М.9а

Сертификат

Республикалық

2015ж.,

Астана қ.

«Жетістіктегі адам тарихы» сырттай байқау

Есенбергенов М.9а

Сертификат

Облыстық

Петропавл қ.,

2010 ж.

Қазақ тілінен «Жарқын болашақ» олимпиадасы

Махметов А.

Диплом III дәреже, «Сөз мәнері» номинациясы

Облыстық

Петропавл қ.

2010 ж.

Қазақ тілінен «Жарқын болашақ» олимпиадасы

Махметов Э.

Диплом II дәреже, «Әнші бұлбұлдар» номинациясы

Облыстық

Петропавл қ.,

2013ж.

Қазақ тілінен «Жарқын болашақ» олимпиадасы


Нургожина А.

3 дәрежелі диплом, «Әнші- бұлбұлдар» номинациясы


Облыстық

Петропавл қ.

2013 ж., 2 наурыз


Қазақ тілінен «Жарқын болашақ» олимпиадасы

Агатаева Д.

Алғыс хат. «Сөз шебері» номинациясы

Облыстық

Петропавл қ.

2013 ж., 2 наурыз

Қазақ тілінен «Жарқын болашақ» олимпиадасы

Щеголева А.

Қатысу, «Сөз шебері» номинациясы

Облыстық

Петропавл қ.,

2013 ж.

Эссе байқауы

Агатаева Д.

Қатысу

Облыстық

Петропавл қ.

2013 ж.

«Тіл құдіреті» ертегілер байқауы

Смагулов Д.

Рамазанов К.

Қатысу

Облыстық

2014ж., Петропавл қ.

«Табиғат әлемі балалар көзімен-2014» балалар байқауы

Жазит А.

«Менің үй жануарым»

Диплом

Облыстық

2015ж., Петропавл қ.

XVI Абай оқулары

Агатаева Д.9 а

Сертификат


Тәрбиелеу жүйесінің негізгі бөлігі оқудан тыс уақытты ұйымдастыру жұмыстары. Осындай іс-әрекет тәрбиеленушілерге бос уақыттарын әртүрлі, тиімді етіп өткізіп, мектеп командаларын құру, әртүрлі іс-шараларды дайындау, мектепті безендіру сияқты жұмыстар арқылы біріккен ұжым қалыптастыруға жағдай жасайды.

Түзету мектебіндегі әлеуметтік белсенді тұлға қалыптастыру жұмыстары барлық жас деңгейінің сабақтан тыс уақыттарында жүргізіледі.
Бастауыш сынып деңгейінде баланың ары қарай өмір сүруіне көмектесетін педагогтар, құрдастарымен қарым-қатынас тәжірибесін игереді. Әртүрлі әлеуметтік рөл кезінде өзін дұрыс ұстай алу дағдыларын қалыптастыруға, әлеуметтік-нормативтік мінез-құлықтарын тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінеді. 1–4 сыныптарда балаларға өзінің әлеуметпен қатынасын көруге, дайындық және тәжірибелік сабақтар арқылы мектепте, отбасында, қоғамдық орындарда мінез-құлық мәдениеті дағдыларын игеруіне ойынтерапиясы көмектеседі. 1 сыныпта бала өзінің оқушы, мектеп, сынып ұжымының мүшесі екенін түсінеді.

Орта буын жеткіншектерімен жұмыс істеудің негізгі мақсаты – балаларды бір-бірімен, жан-жағындағы басқа да адамдармен араласуға, өз ойын айтуға, өз қылығы мен жанындағы адамдардың қылықтарын талдауға үйрету. 5–7 сыныптарда оқушылардың әлеуметтенуіне бағытталған белсенді іс-әрекет түрлерінен тұратын «Мен және біз», «Бәрін білгім келеді», «Сынып жинағындағы біздің жетістіктеріміз», «Тату-тәтті сынып» сияқты сыныптық тәрбиелік бағдарламалар енгізілген. Педагогтар оқушыларының адамгершілік құндылықтарды түсінуі үшін біреудің тұлғасын қастерлей отыра өз абыройы мен қадірін бағалататын педагогикалық жағдайларды қолданады. Топтық іс-әрекет кезінде тәрбиеленушілер адамгершілік қасиеттерін игереді, жанжалды жағдайларды шешуді үйренеді. Бұл сабақтан тыс іс-әрекет «Патриот» бағдарламасымен сай. Онда балалар «Қазақстан азаматы», «азаматтың міндеттері мен талаптары» сияқты ұғымдар қолданылады. Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру үшін қоғамда өз құқықтарының әлеуметтік құндылығын түсінуіне «Мен – Қазақстан Республикасының азаматымын», «Маман» атты бағдарламалары көмектеседі. Белсенді және ерекше белсенді тәсілдерді қолданатын бұл бағдарламалар гуманистік этикалық құндылықтарды игеруіне, жалпы адамгершілік қасиеттерге сүйене отырып әртүрлі өмірлік жағдайларда өзін ұстай алу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.

Жоғары сынып оқушылары мектептің өмірлік іс-әрекеті мәселесін шешу үшін өзін басқару жұмысына белсенді қатынасады. Олардың бойында өз шешімі, мінезіне ғана емес басқа да балалардың (әсіресе, бастауыш сынып оқушылары) қимылы мен мінезіне жауапкершілік қалыптасты.

Мектептің негізгі ұжымдық істері:
-бос уақыттарының іс-шараларын ұйымдастыру;
-пәндік онкүндіктер өткізу;
-қаланың әртүрлі қызмет орындары мен ұжымдарының қызықты қызметкерлерімен кездесу;
-мектеп үйірмелері мен секция жұмыстары;
-қайырымдық акцияларына қатынасу;
-еңбек десанты.

Тәрбиеленушілердің қызығушылығы бойынша барлық оқушылар 100 % қатынасатын 17 үйірме мен спорттық секциялар жұмысы ұйымдастырылған.

  1. Көркемдік-эстетикалық ( «Әуен» музыкалық студиясы, «Жұлдыз» би студиясы, «Мағжантану», «Оригами», «ИЗО студио» үйірмелері);
    2) қолданбалы шығармашылық («Шілтер», «Шебер қолдар» үйірмелері);
    3) спорттық («Баскетбол», «Легкая атлетика», «Тоғызқұмалақ» үйірмелері);
    4) адамгершіліктік-патриоттық («Патриот» үйірмесі);
    5) экологиялық («Жасыл ел» үйірмесі).

Үйірме жұмысының жүйесі тәрбиелік іс-шаралармен тығыз байланыста. Жұмыс ұжымдық шығармашылық іс-әрекет, оқушылардың мүмкіндіктерін дамыту, дені сау құрбылары арасында өзін көрсетіп, тіл табыса алып, сіңіп кету принциптері бойынша жасалады. Бұл іс-шаралар ұлттық дәстүрге сүйене отырып қосымша білім беру барсында іске асып отырады. Оқушыларымыз әртүрлі байқау, көрме, фестиваль, жарыстарға қатысып қана қоймай жүлделі орын алып жүр.


Маңыздылығы

Жылы, өткізілу орны

Байқау атауы

Қатысушының аты-жөні

Алған орны

Республикалық

Петропавл қ., 2011ж.

VI Республикалық балалар шығармашылық фестивалі «Жұлдызай» (1-тур)

Би тобы. (Нургожина А. Агатаева К.)


2-орын

Республикалық

Астана қ.,

2011ж.

VI Республикалық балалар шығармашылық фестивалі «Жұлдызай» (1-тур)

Би тобы (Нургожина А. Агатаева К.)


Диплом

Республикалық

Петропавл қ., 2011ж.

«Северное сияние» балалар шығармашылық 2-фестивалі

Би тобы (Нургожина А. Агатаева К.)

3-орын

Республикалық

Астана қ.,

2011 ж.

VIРеспубликалық «Жұлдызай» балалар шығармашылық фестивалі, 2-тур

Саликова Ж.

Дипломант

Республикалық

Астана қ.,

2012ж.

VII Республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылық фестивалі

Нугманова А.

Нургожина А.

Едрисова А.

Агатаева К.

1-орын

Республикалық

Астана қ.,

2013 ж.

VIII Республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылық фестивалі

Нургожина А.

Диплом III дәреже

Республикалық

Астана қ.,

2013 ж.

VIII Республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылық фестивалі

Нугманова А.

Нургожина А.

Едрисова А.

Диплом

Республикалық

Петропавл қ., 2013ж.

VIII Республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылық фестивалі

Достанов Б.

Дипломант

Республикалық

2014 ж., «Балдаурен» РОСО, Щучинск қ.

«Сендегі шексіз жан шуағы!» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығы фестивалі, «Өнерпаздың оң қолы» бағдарламасы

Есенбергенов М.

Қатысу

Республикалық

2014 ж., «Балдаурен» РОСО, Щучинск қ.

«Алғашқы медициналық жедел жәрдем» үйірмесі

Рахиева А.

«Жас нұсқаушы» атағы

Республикалық

2015 ж.,

Астана қ.

X Республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылық фестивалі

Ешекеева М.10а,

Долдина А.10а,

Едрисова А.8а,

Сагымбаева А.,8а

Диплом

Областное

Петропавл қ.,

2010 ж.

Хореографиялық ұжымдар байқауы «Каблучок», номинация «Современный танец»

Би тобы

Диплом

Облыстық

Петропавл қ.,

2010 ж.

Хореографиялық ұжымдар байқауы «Каблучок», номинация «Современный танец»

Би тобы

3-орын

Облыстық

Петропавловск,

2011ж.

«Радуга» ұлттық мәдениет фестивалі

Би тобы (Нургожина А. Агатаева К.)

Диплом

Облыстық

Петропавл қ.,

2011ж.

Vфинал, Республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылық фестивалі, 1-тур

Саликова Ж.

Гран-при

Номинация «Вокал»


Облыстық

Петропавл қ.,

2011ж.

Vфинал, Республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылық фестивалі

Вокал тобы

Диплом III дәреже

Облыстық

Петропавл қ.,

2012 ж.

«Надежда» балалар шығармашылық фестивалі

Би тобы (АгатаеваК.

Нургожина А.

Нугманова А.

Едрисова А.)

Диплом

Облыстық

Петропавл қ.,

2012 ж.

Хореографиялық ұжымдар байқауы «Каблучок», номинация «Современный танец»

Би тобы


3-орын

Облыстық

Петропавл қ.,

2012 ж.

Хореографиялық ұжымдар байқауы «Каблучок», номинация «Народный танец»

Би тобы


3-орын

Облыстық

Петропавл қ.

2012 ж.

Фестиваль народного творчества «Надежда»

Макулов К.

Нургожина А.

Дипломант

Облыстық

Петропавл қ.,

2012 ж.

Фестиваль народного творчества «Надежда»

Вокал тобы «Әуен»

Дипломант

Облыстық

Петропавл қ.,

2012ж.

VIIфинал Республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылық фестивалі

Вокал тобы-ұлдар

Диплом III дәреже

Облыстық

Петропавловск,

2012г.

VIIфинал Республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылық фестивалі

Вокал тобы-ұлдар

Диплом III дәреже

Облыстық

Петропавл қ.,

2013ж.

VIII финал Республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылық фестивалі»

Вокал тобы «Әуен»

Дипломант

Облыстық

Петропавловск,

2013г.

«Таңшолпан» қазақ мәдениеті фестивалі

Би тобы

Диплом


Облыстық

Петропавл қ.,

2013 ж.

Хореографиялық ұжымдар байқауы «Каблучок», номинация «Современный танец»

Би тобы


2-орын

Облыстық

Петропавл қ.,

2013 ж.

Хореографиялық ұжымдар байқауы «Каблучок», номинация «Народный танец»

Би тобы


2-орын

Облыстық

Петропавл қ.

2013 ж.

Этномәдениет бірлестігінің фестивалі

Би тобы

Диплом

Облыстық

2014ж., Петропавл қ.

«Надежда» балалар шығармашылығының фестивалі

Би ансамблі «Жұлдыз»

Диплом

Облыстық

2015ж., Петропавл қ.

X Республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылық фестивалі,

1 тур

Агатаева Д.9 а

Диплом

Би ансамблі «Жұлдыз»

Диплом

Серикбаев К.9ә,

Пірман Б.5ә

«Ортеке»

Диплом

Баржаксин Ж.9ә,

Колдырбаев Б.5ә

«Кәде-сый»

Диплом

Ұжымдық жұмыс «Мәңгілік қазақ елі»

Диплом

Жұмабек С.-вокал

Диплом

Квартет

Диплом


Әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру жұмысына оқушылар дамуының әлеуметтік, қарым-қатынас, тұлғалық қалыптасу ортасын ұйымдастыруға арналған іс-шаралар. Егер интернат ішіндегі өмірді «кіші әлеумет» десек, сырттағы өмір «үлкен әлеуметтік» деп қарастыруға болады.

«Кіші әлеумет» ішінде ең ашық, есте қалатын істер-ұжымдық шығармашылық шаралар. Ең сүйікті мереклер - «Білім күні», «Мұғалімдер мерекесі», «Күз мерекесі», «Наурыз мейрамы» және т.б. «Салауатты өмір салты үшін», «Бала құқығы», «Абайла, балалар», «Жағымсыз қылықтармен күрес» сияқты апталық, онкүндіктер өтіп тұрады.

Біздің тәрбиеленушілер жалпымектепішілік іс-шаралардың белсенді қатысушылары. Жалпымектепішілік іс-шаралар оқушыларды көңілдендіретін, сезімдерге орайтын оқиғаларға толы мерекелер. Олар мерекелерді күтіп, бар ынталарымен дайындалады. Өлең жаттап, ән, би үйреніп, бөлмелерді безендіреді. Осы іс-шаралар жоғары әдістемелік деңгейде, жақсы көңіл-күймен өткізіледі. Жалпымектепішілік іс-шаралар кезінде әлеуметтік білім, білік, дағдылар қалыптасты. Мысалы, Махметов А., Кусаинова З., Агатаева Д., Нургожина А.сияқты оқушылар – мерекелерде ашылып, өз қабілеттерін көрсетіп жүргізуші болды. Мектеп бітірісімен екі оқушымыз өнер колледжінде оқуларын жалғастырды.

Дәстүр бойынша мектепте оқушыларды әлеуметтендіруге көмектесетін пәндік онкүндіктер өтеді: мемлекеттік тіл, еңбекке оқыту, бастауыш сынып, орыс тілі мен оқу, математика мен информатика, тәрбиешілер, т.б.    

Біздің тәрбиеленушілеріміздің «үлкен әлеуметтікке» шығу үшін саяхаттар көмектеседі: облыстық өлкетану мұражайына, кітапханаға, поштаға, дәріханаға, автобекетке т.б. Олар осы іс-шараларда барынша ашылып, ақжарқындық танытып, өзара көмек көрсетіп, балалар мен үлкендер арасында қарым-қатынас қалыптасады.    

Әлеуметтік-бейімделген тұлға дамытып, тәрбиелеу жабық ортада өтпейді. Әлеуметтік байланыс жүйесі біздің мектеп-интернатта балалар тағдырына бейтарап қарамайтын мекемелермен байланыста өтеді. Бұл жүйеде педагогикалық қауымымыз бен қоғамдық орталардың бірлескен жұмысы қалыптасты. Соның арқасында тәрбиеленушілеріміз қаланың мәдени дем алу (Ғ.Мүсірепов атындағы кітапхана, облыстық өлкетану мұражайы, ботаникалық бақ т.б.) және спорттық-сауықтыру мекемелерімен (аквопарк «Нептун», «Баоулинг-центр», «Айналайн», т.б.), жалпы білім беру мектептерімен (қазақ мектеп-гимназиясы) және колледждермен (медициналық, құрылыс-экономикалық) қарым-қатынаста.

Біз бірыңғай білім беру аумағында жұмыс істеп жатырмыз. Өткізіліп жатқан кешендік жұмыстардың нәтижесі – өздерімен тетелес қалыпты дамып жатқан балалармен қарым-қатынас жасай алу, үлкен кісілермен бірге іс-әрекет жасай білу. Сол себептен олармен бірге кіші футболдан, үстел теннисінен спорттық турнирлер өткіземіз. Осы 2015 жылдың мамыр айында біздің оқушыларымыздан құрылған футбол командасы қаланың аула клубтары мен жалпы білім беру мектеп, колледждерімен мини-футбол ойнап, жүлделі 1-інші орынды жеңіп алды.

Әрине, даму мүмкіндігі шектелген барлық балалар нәтижелі әлеуметтенуі мүмкін. Сондықтан да біз үшін ең негізгі мақсат – алға қойған бағытта жұмысты жалғастыру: қоғамдық ұйымдармен бірігіп жұмыс жасау, қызықты адамдармен кездесулер ұйымдастыру, саяхаттар өткізу. Тәрбиеленушілеріміз «үлкен әлеуметтікке» жататын әртүрлі ұйымдар мен бірлестіктер мүшелерімен қатынас жасай алады. Мектебіміздің жиі қонақтары – тың, педагогкалық еңбек ардагерлері, қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының мүшелері, автоиспекция, жасөспірімдер ісі қызметкерлері және т.б.


Сабақтан тыс іс-әрекеттің келесі бағыты - спорттық-сауықтыру жұмысы. Бұл бағытта денсаулық және спорт апталықтары, салауатты өмір салтын насихаттайтын көңілді мәре, ойындар енгізілген күнделікті спорт сағаттары. Әлеуметтік оңалтудың физикалық бағыты оқушылардың физикалық жаттыққандығын, белсенділігін арттырды. Бұл дағдылар мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтенуіне зор маңызын тигізеді. Себебі олар келешекте көбінесе күш салу еңбегімен айналысады.  

Білім мен тәрбие беру үрдісіне денсаулық сақтау технологиялары, оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғап, сақтауға бағытталған іс-шаралары енгізілді. Осы мақсаттарға жетудің негізгі жолы – әр оқушынының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін есепке ала отырып әрқайсысын іс-әрекетке араластыру. Тәрбиеленушілер арасында наркотикалық және психотроптық заттар қолданудың алдын алу үшін педагогтар бақылау, әңгімелесу, жеке әңгімелесулер, сауалнамалар өткізіп отырады.

Денсаулық сақтау ортасы жоспарлағанда кезектілікті сақтаймыз:
- оқушылардың денсаулығын диагностикалау, қоғамға бейімдеп, кіріктіру;
- бір-бірімен қатынас жасай алатын, бір жақты ойлай алатын жоспарлаудың негізі болатын топ қалыптастыру;
- тұлға қалыптастыратын, кешендік оңалту және дамыта түзетуді қамтамасыз ететін мектептің өмірлік іс-әрекет моделін әзірлеу, яғни түзете білім беру мекемесінің денсаулық сақтау ортасы болу.

Ол үшін мектеп-интернатта жыл сайын Денсаулық күндері, спорттық-жалпылама іс-шаралар, тақырыптық әңгімелер т.б.өткізіліп отырылады. Оқушыларымыз спорттық жарыстарда да көптеген жетістіктерге жетіп отырады.

Маңыздылығы

Мерзімі, өткізілу орны

Спорт түрі

Оқушының аты-жөні

Алған орны

Халықаралық

23-27 ақпан, 2012 ж., Астана қ.

Ашық Қысқы Арнайы Олимпиада

Конькимен 500 м, 1500 м сырғанау

Смагулов Д.

1 орын

2 орын

Республикалық

2010ж.

Петропавл қ., Спешиал Олимпикс

Кіші футбол

Ұлдар тобы (жоғары топ)

1 орын

Кіші футбол

Ұлдар тобы

(кіші топ)

1 орын

Республикалық

Алматы қ. Боулингтен турнир «Спешиал Олимпикс Қазақстан»


Боулинг

Команда

(Сагымбаева А.

Кайырбеков С.)

2 орын

Республикалық

Щучинск қ..

27-28 наурыз 2015 ж. Шаңғымен сырғанаудан турнир «Спешиал Олимпикс Қазақстан»


1000 м шаңғымен сырғанау

Есенбергенов М. 9а

2 орын

Эстафета 4*1000

Команда

2 орын

500 м шаңғымен сырғанау

Есенбергенов М. 9а

4 орын

500 м шаңғымен сырғанау

Касенов А.10а

3 орын

1500 м шаңғымен сырғанау

Касенов А.10а

4 орын

Облыстық

2010 ж.

Петропавл қ.

Жазғы спартакиада

Эстафета

Команда

2 орын



Баскетбол

Ұлдар тобы

3 орын



Мини-футбол

Ұлдар тобы

1 орын

Аралас эстафета

Команда

3 орын

Облыстық

2010 ж.

Петропавл қ., мектеп-интернаттар мен балалар үйі арасындағы турнир

Мини-футбол

Ұлдар тобы

«Жеңіске ұмтылу»

Облыстық

2011 ж.

Петропавл қ.

Қысқы спартакиада

Конькимен 300 м сырғанау

Смагулов Д.

1 орын

Эстафета

Команда

2 орын

Үстел теннисі

Команда

3 орын

Облыстық

2011 ж.

Петропавл қ.

Жазғы спартакиада

Кіші футбол

Ұлдар тобы

1 орын

Баскетбол

Ұлдар тобы

2 орын

Эстафета

Команда

2 орын

400 м жүгіру

Рамазанов К.

3 орын

Үстел теннисі

Команда

3 орын

60 м жүгіру

Кусаинова З.

3 орын

Аралас эстафета

Команда

3 орын

Облыстық

2012 ж.

Петропавл қ. Қысқы спартакиада

Конькимен 300 м, 500 м жүгіру

Смагулов Д.

1 орын

3 орын

Үстел теннисі, жұптық разряд

Мусин Б.

Махметов А.

1 орын

Үстел теннисі, жұптық разряд

Кусаинова З.

Нургожина А.

2 орын

Үстел теннисі, жеке разряд

Мусин Б.

2 орын

Үстел теннисі, жеке разряд

Нургожина А.

3 орын

Үстел теннисі, жеке разряд

Махметов А.

3 орын

Эстафета

Команда

3 орын

Облыстық

2012 ж.

Петропавл қ.

Жазғы спартакиада


Кіші футбол

Ұлдар тобы

1 орын

Баскетбол

Ұлдар тобы

3 орын

Облыстық

2013 ж.

Петропавл қ.

Жазғы спартакиада

Кіші футбол

Ұлдар тобы

2 орын

Баскетбол

Ұлдар тобы

2 орын

60 м жүгіру

Нургожина А.

2 орын

800 м жүгіру

Рамазанов К.

2 орын

Аралас эстафета

Команда

2 орын

Облыстық

Петропавл қ.

18 мамыр 2015 ж. Спартакиада «Спешиал Олимпикс»

Кіші футбол

Команда

Есенбергенов М.

Серикбаев К.

Каирбеков С.

Касенов А.

1 орын

60 м жүгіру

Рамазанов К. 10а

1 орын

100 м жүгіру

Касенов А.9а

1 орын

Доп лақтыру

Рамазанов К.10а

1 орын

100 м жүгіру

Рахиева А.5а

3 орын

Ұзындыққа секіру

Төлеухан А.9ә

3 орын

Доп лақтыру

Нуркин М.9ә

3 орын

Аралас эстафета 4*100

Команда

Рахиева А.

Касенов А.

Рамазанов К.

3 орын

Қалалық

Турнир по

мини-футболу

Петропавл қ.

2015 ж., мамыр

Кіші футболдан турнир аула клубтары, жалпы мектеп, колледж арасында

Кіші футбол

Команда

Есенбергенов М.

Серикбаев К.


1 орын


Бейімделудің негізгі бағытының бірі – еңбек. Ол әртүрлі іс-шаралар арқылы іске асады. Оқушыларды еңбекке оқытудың мақсаттары: еңбек етуге деген қызығушылыққа тәрбиелеу, тұлғаға қажетті қасиеттерді қалыптастыру (ұжым ішінде жұмыс істей білу, өз бетімен іс-әрекет жасай білу, жауапкершілік), еңбекке оқыту құралдары арқылы физикалық және ақыл-ой кемшіліктерін түзету. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып, тәрбиелеуде бұзылыстарын нәтижелі түзетіп, психологтық-педагогикалық оңалтуға оңтайлы жағдай жасау арқылы оларды әлеуметтік-еңбекке бейімдеу және қоғам ішінде өмір сүруге араластыру біздің мектептің ең негізгі мақсаты екенін естен шығармаймыз. Ол үшін оқушыларға дұрыс кәсіптік бағдар беруден бастаймыз. Педагогтарымыз еңбекке оқыту пәнінің мамандықтары бойынша авторлық бағдарламалар жасайды. Кәсіптік бағдар беру, еңбек дағдыларын қалыптастыру, кәсіптік оқыту еңбекке оқыту сабақтарында іске асады. Сондықтан да ол сабақтардың ұйымдастырылып, өткізілуіне зор көңіл бөлінеді.

Қоғамның сұранысы және мектептің материалдық-техникалық базасына байланысты кәсіптік еңбекке оқыту мына бағыттар бойынша жүргізіледі: ағаш шебері ісі, тігін ісі, сылау-сырлау ісі. 

Ағаш шебері ісі сабақтарында оқушылар ағаш шеберінің құралдарымен жұмыс істеуді, олардың қолдануын, ағашты өңдеудің қарапайым жұмыс түрлерін игерсе, тігін ісі сабақтарында өздеріне, мектепке қажетті қарапайым заттарды тігіп үйренеді. Мектепте негізі орын алатын тағы да сылау-сырлау сабақтары. Ол сабақтарда оқушылар мамандық бойынша тек теориялық білім ғана алмай, бөлмелердің кіші гірім жөндеу жұмыстарына көмектеседі. Еңбекке оқыту сабақтарында алған білім мен дағдыларын әртүрлі республикалық, облыстық балалар шығармашылық көрмелері мен облыстық кәсіби шеберлер байқауында көрсетіп отырады.


Маңыздылығы

Жылы, өткізілу орны

Байқау атауы

Қатысушының аты-жөні

Алған орны

Республикалық

2014 ж.

Петропавл қ.,

«Ата-баба мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз» қолтаңбалы өнер көрмесі

Жамукова Бижан,

Есенбергенов Мәди

2 орын

Облыстық

2011 ж. ақпан Петропавл қ.,

«Ата-баба мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз» қолтаңбалы өнер көрмесі

Топтық жұмыс

9,10,11 сыныптар


I орын

Облыстық

2011 ж. ақпан Петропавл қ.


«Ата-баба мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз» қолтаңбалы өнер көрмесі

Топтық жұмыс

II орын

Облыстық

2012 ж.

Петропавл қ.

ҚР 20 жылдығына арналған қолданбалы өнер көрмесі

Топтық жұмыс

I орын

Облыстық

2012 ж.

Петропавл қ.

Кәсіби шеберлер байқауы, тігін ісі мамандығы бойынша

Кусаинова З.


I орын


Облыстық

2013 ж.

Петропавл қ.

Қолданбалы өнер көрмесі

Нугманова А.

Ешекеева М.


I орын

Қолданбалы өнер көрмесі

Ешекеева М.

I орын

Облыстық

2015ж.,

Петропавл қ.

Кәсіби шеберлер байқауы, ағаш шебері ісі мамандығы бойынша

Данияров Ш. 8 а

1 орын


Кәсіби шеберлер байқауы, ағаш шебері ісі мамандығы бойынша

Баржаксин Ж.9ә

3 орын



Соңғы уақытта мектепте орташа, ауыр интеллектуалдық бұзылыстары бар оқушылар саны көбеюде. Бұл балалар кәсіп алды дайындық бағдарламаларын игере алмайды. Сондықтан мектебімізде әдеттегі «ағаш шебері ісі», «тігін ісі», «сылау-сырлау ісі» мамандықтарынан басқа «кіші қызмет көрсету қызметшісін дайындау» мамандығы бойынша бағыт ұйымдастырылды. Мектеп педагогтары тәрбиеленушілердің қызығушылықтарын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін зерттей отыра олардың өзіне деген сенімділік пен қоршаған ортасындағы адамдардың құрметіне ие болатындай істерге араластырады. Ол үшін мектепте тәрбиеленушілердің өз қабілеттерін ашатын, өздерін көрсете алатын еңбек бағытындағы әр түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Олар: «Шілтер», «Ағашқа ою салу», «Бисермен тігу», «Оригами», «Жас тігінші», «Компьютерлік сауат ашу», «Қолданбалы қолөнер». Интеллектуалдық бұзылыстары орташа балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау мақсатында және де жаңа экономикалық жағдайда ол түлектерді әрі қарай қорғау үшін педагогикалық ұжым «Көкөніс өсіруші», «Бақша жұмысшысы» және де сол сияқты жаңа мамандық түрлерін енгізбекші. Ол да педагогтар тарапынан жаңа көзқарас, жаңа ізденісті талап ететіні сөзсіз.


Мектеп алдында тұрған оқушыларды әлеуметтендірудің тағы да бір мақсаты – кәсіптік бағдар жұмысы және түлектерді жұмысқа орналастыру.

Қазіргі уақытта қаланың мына оқу орындарымен қатынас жолға қойылған: Қызмет көрсету колледжі (оқу-өндірістік камбинат), құрылыс-экономикалық колледж.  

Көбінесе ПДТ сынып түлектері нәтижелі түрде өмірге бейімделеді, қоғамға араласа алады. 3 түлек мектептегі тігінші мамандығы бойынша алған білімі бойынша қызмет көрсету колледжіне түсіп, «Тігін кәсіпорыны және киімді сәндеу» мамандығы бойынша білімдерін жалғастырып жатыр. 3 түлек осы жылы машинақұрылыс колледжін бітірді. Оның біреуі білімін жоғары білім беру мекемесінде жалғастырмақ ойы бар. 2 түлек облыстық өнер колледжінің «Эстрадалық ән айту» и «Хореографиялық өнер» бөлімдерінде оқып жатыр. Қалған бес түлегіміз Астана қаласы мен облысымыздың әртүрлі колледждерінде білім алып жатыр. Түлектердің жұмысқа орналасу кестесі

ПДТ сыныптар

Бітіру жылы

Мектеп бітірген оқушы саны

Колледжде оқитындар

Еңбекке араласқан

Бала кезінен жарымжан (жарымжандығына пенсия алады)

Еңбекке араласпаған

2012

7 (100%)

6 (86 %)

1 (14 %)

-

-

2013

9 (100%)

8 (89 %)

-

1(11 %)

-


Түлектердің екі жылдық әлеуметтенуі




Даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларымыздың кәсіптік дайындығы мен оларды еңбекке араластыру мәселелері үнемі педагогикалық ұжымның алдында тұрады. Себебі ол мәселелердің шешілуінен осы түлектеріміздің алдағы өмірі анықталады. Жалпы мектеп бойынша соңғы үш жылдық мәліметтерге қарасақ (орыс тілді сыныптардағы мәліметтер), түлектердің бір бөлігі жыл сайын (айтылған мамандық бойынша дәрігерлік қайшылық жоқ интеллектуалдық бұзылыстары жеңіл оқушылар) облыстық қызмет көрсету колледжіне ағаш шебері, тігінші, аспазшы, етікші (40 %) мандығы бойынша оқуға түскен. Олар кіші біліктіліктері бойынша қоғамдық, жеке кәсіпорындарда жұмыс істей алады. Кейбіреулері өздері жұмысқа орналасса, туғаннан жарымжандар зейнетақы алады.

Колледждерде оқып жатқан түлектер мониторингі

(барлық сыныптар түлектері)




Осы 2015 жылы қазақ тіліндегі 10-ыншы кәсіптік сыныпты 9 оқушы бітірді. Олар еңбекке оқыту сабағының «Сылау-сырлау» және «Тігін ісі» мамандықтары бойынша кәсіп алды дайындықтан өтті.

Осы көмекші мектеп бағдарламасымен оқыған түлектердің 2015 жылғы жобамен берілген еңбекке араласу кестесі

Бітіру жылы

Мектеп бітірген

Колледжге оқуға түсу

Еңбекке араласқан

Туғаннан жарымжан (зейнетақы алады

Еңбекке араласпаған

2015

9

2 (22 %)

-

2 (22%)

5 (56%)

Бірақ та коледжде оқи алмайтын немесе жұмысқа орналаса алмайтын отүлектер бар. Олар мектеп-интернатты бітірісімен сырт қалып қояды, яғни өз отбасымен бірге.

2 түлек құрылыс-экономикалық колледжде оқимын деп тілек білдірсе де, оларға өте қиын тиеді. Оқитын пәндері 10-11-інші жалпы білім беру бағдарламалары. Біздің мектепте интеллектуалдық бұзылыстары жеңіл балалар жалпы мектеп бағдарламсының жобамен 4-6 сыныптық білімімен оқып шығады (көмекші мектеп бағдарламасы). Қалғандары (5 түлек) қалалық қызмет көрсету колледжінде де оқи алмайды. Ондағы оқу тілі-орысша, тұратын жатахана жоқ. Сондықтан да жоғарыда аталған оқушыларға өздері оқи алмайтын жалпы білім беру бағдарламасымен және де өз ана тілі емес өзге тілде білім алуға, қаладан пәтер іздеуге тура келеді. Жоғарыда атап кеткендей олардың денсаулық жағынан кемшіліктері болса, екінші жағынан отбасыларының әлеуметтік деңгейі төмен.

Егерде де, арнайы мектеп-интернат түлектері жұмысшы мамандықтары бойынша диплом алса, мейлінше әлеуметтік-еңбек бейімділігінен өтер еді. Ол үшін барлық қажетті жағдайлар жасау қажет емес пе. Олар: қосымша кәсіптік орын, заманауи құрылғы-материалдар. Мектептің келешегінде басқа да шеберханалар ашу, толықтыру жұмыстары тұр. Осы мәселелерді шешу мына жоспарларды іске асыруға көмектеседі:

даму мүмкіндігі шектеулі балалардың өз ана тілінде қол жетімді мамандық түрлеріне оқуы: «Тігін ісі», «Сылау-сырлау ісі», «Ағаш шебері ісі», «Құрылысшы-ағаш шебері», «Шаштараз», т.б.мамандықтар;

шеберханаларда дайындаған сый-кәделері арқылы қосымша жалақы табуға мүмкіндік алуы;

олардың психологиялық көмек пен адамгершілік қолдау алуы;

бос уақыттарын тиімді өткізуі;

физикалық денсаулықтарын оңалтуға мүмкіндік алуы.

Педагогтарымыз осы даму мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызды өздерінің қолы жетімді іс-әрекетіне баулу, қоғамның тең құқықты тұлғасы ету, өзінің қоғамға, үйіне жеке құндылығын түсіндіру арқылы көмектесуге үнемі дайын.

Осының барлығы балалардың қарым-қатынастық дағдысын дамытуға, жан-жақтылығы мен қатынас жасау аумағын кеңейтуге мүмкіндік береді. Түлектеріміздің «үлкен өмір жолына» бейімделу мен араласып кету ерекшеліктерін зерделеу оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнын жоспарлауға мүмкіндік береді.  

Оған қоса біздің тәрбиеленушілеріміз интернатта өмірде өз орнын табатын толыққанды өмір сүру тәжірибесін алсын деп оқу-тәрбие үрдісін оңтайлы ұйымдастыруға тырысамыз. Бұл жерде көмекке келетінтәжірибелі, шығармашылықпен іс-әрекет жасайтын педагогикалық ұжым. Педагогтарымыздың 92 % жоғары білімді, 47 %-ында жоғары және бірінші біліктілік санаттары бар, 60% педагог облыстық білім басқармасының Мақтау қағаздары мен алғыстарымен марапатталған. 37 % педагогтың жоғары дефектологиялық білімі бар. 28 % педагог «Олигофренопедагогика» мамандығы бойынша курстық қайта даярлаудан өтсе, 33% педагог Сібір практикалық психология, педагогика мен әлеуметтік жұмыс институтының «Олигофренопедагогика» саласы бойынша қашықтықтық қайта даярлау курсынан өтіп жатыр. Осылайша әр педагог түзету педагогикасынан ауқымды білім алып, жаңалықтарды білуге ұмтылып, семинар, біліктілік арттыру курстарында белсенділік танытып, екінші жоғары білім алуда.

Педагогикалық ұжым – бір жақты ойлайтын, шығармашылық тұлғалар біріккен, өз ісін білетін мамандар тобы. Біз тәрбиеленушілеріміздің даму кемшіліктерін кешенді түзетуге, олардың компенсаторлық даму механизмдерін қалыптастыруға, біздің педагогтар тарапынан білікті көмек алуға жағдай жасаймыз. Біз әр оқушымыздың жетістігіне қуанамыз!

Нақтылы өмірлік жоспары бар, өз бос уақытын ұйымдасқан түрде өткізетін, оқуды жалғастырған, соңғы уақыттарда нақты жалақылары бар түлектеріміздің саны артуда. Ұстанған бағыттарымыздың дұрыстығын түлектеріміздің әлеуметтену үрдісінің жағымды динамикасынан көреміз.

Жоғарыдағы айтқандарымызды нақтылау келе, даму мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік-еңбекке мейлінше оңалтып, бейімдеу үшін біз өз ұсыныстарымызды айтқымыз келеді:

арнайы (түзету) мектеп-интернаты оқушыларының кәсіптік тәжірибеден өтіп, әрі қарай оларға жұмыс орнын беру мақсатында мектеп шеберханаларын кәсіпорындарға бекітіп қою;

тәрбиеленушілердің кәсіптік дайындығы бағдарламасын іске асыру мақсатында арнайы (түзету) мектеп-интернаты базасында кәсіптік дайындықты дәлелдейтін мемлекеттік үлгідегі сериялық құжат беру;

даму мүмкіндігі шектеулі балалардың интернаттан кейінгі өмірін сүйемелдей отыра үздіксіздік, жалғастырулық, жұмысқа орналастыру мақсатында әлеуметтік-еңбекке бейімдеу оңалту орталықтару құру қажет;

арнайы (түзету) мектеп-интернаттарының даму мүмкіндігі шектеулі балаларын мектеп пен кәсіптік колледждерде оқыту үшін қоғамның жаңа экономикалық даму жағдайы мен жергілікті кадр мәселелерін, осы оқушылардың мүмкіндіктерін ескеретін қажеттілік туындайтын жаңа еңбек түрлерін жүргізуге оқу бағдарламаларын әзірлеу;

арнайы (түзету) мектеп-интернаттарының даму мүмкіндігі шектеулі түлектерінің әлеуметтендірілген ортасын құру және олардың еңбек қажеттілігі ортасында бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында олардың оқуын жалғастыру үшін арнайы орташа кәсіптік білім беру мекемелерінде әртүрлі мамандық бойынша мемлекеттік тілде арнайы топтар ашу (жатаханасымен);

білім басқармасы мен педагогтар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарының штаттық кестесіне арнайы білім беру барысын қадағалап, басқарып, көмектесетін маман енгізсе.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» (17 қаңтар 2014 жыл) Жолдауының бесінші бағытында мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға ерекше көңіл бөле отырып былай деген болатын, - «Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады... Үкіметтен бастап жергілікті әкімдерге дейінгі барлық мемлекеттік органдардың олармен жұмысын күшейткен маңызды. Кедейлік деңгейін одан әрі төмендетіп, жұмыссыздықтың өсуін тежеген жөн. Бұл ретте масылдық пиғылдың өрістеуіне жол бермеу маңызды. Мемлекеттік көмек алушылардың барлығы үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімделуге көмектесетін бағдарламаларға міндетті қатысу туралы ереже енгізу керек.». Осы мемлекет басшысының алтын сөздері біз үшін жарымжан оқушылары бар арнайы (түзету) мектеп-интернат оқушыларының әлеуметтендіру деңгейін жақсарту жұмыстарының негізгі мақсатына айналмақ.

«Даму мүмкіндігі шектеулі адамдар басқа адамдарды мейірімділік пен жанашарлыққа үйрету үшін өмірге келді, яғни басқа адамдарға өздерін қорғау жолын ашуға көмектесу үшін» («Люди с нарушениями пришли в наш мир, чтобы научить других доброте и милосердию, то есть, чтобы помочь остальным людям открыть для себя путь к спасению») Жан Ванье.



17




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 04.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров139
Номер материала ДВ-417057
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх