Инфоурок Математика Другие методич. материалыСтатья Математикадан ұлттық бірыңғай тестілеуден дайындық жүйесі

Статья Математикадан ұлттық бірыңғай тестілеуден дайындық жүйесі

Скачать материал

Нугербекова К.И.

№14  орта мектеп – гимназиясының  математика пәні мұғалімі

Талдықорған қаласы.

                                                      

 

 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы – білім беру процесінің барлық қатысушыларының ұлттық білім беру ресурстары мен технологияларына еркін кең көлемде қол жеткізуді қамтамасыз етуді көздейді.Қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілетті болып, өркениетті дамыған елдер қатарына қосылуы оның азаматтарының парасаттылығымен анықталынады. Сондықтан, білім беру жүйесі нарық талаптарына сәйкес дамуы тиіс. Ол үшін, білім сапасын тәуелсіз бақылаушылардың көмегімен тексеріп, бағалап, қажетті толықтырулар мен түзетулер енгізіп отырудың маңызы зор. Осыған орай, орта мектеп түлектерінің білім сапасы ҰБТ нәтижесінде анықталынады. Бұл жүйе тестік технология негізінде жүзеге асырылатындықтан, Ұлттық тест орталығы тест қорын жинақтап, солардың көмегімен ҰБТ жүргізіп келеді. ҰБТ тапсырмаларын орындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін жетік меңгеру – мектеп түлектерінің жақсы көрсеткіштерге жетуінің кепілі. Ол үшін пән мұғалімінің математикалық сауаттылығының жоғаруы болуы қажет.

            Сондықтан математика пәні мұғалімдерінің тест тапсырмаларымен жұмыс жасай білу машықтарын жүйелеп, біліктілігін арттыру қажет. Математика пәні мұғалімдері білім беру жүйесіндегі нормативтік құқықтық құжаттармен, психологиялық-педагогикалық талаптармен, техника-технологиялық жетістіктермен танысып, ҰБТ базасындағы математика пәні бойынша құрылған тест тапсырмаларды орындаудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін үйреніп, әдістемелік шеберліктерін жетілдіріп, біліктіліктерін арттыруда.

      Қиындықтар аясы.

v тестік тапсырмалардың  қиндық деңгейлерін ажырата алмауы;

v математикалық есеп-жаттығуларды орындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін білмеулері;

v жалған пайымдаулар мен дұрыс жауаптар арасындағы сабақтастқты түсінбеуі

v теориялық білім сапасының төмендігі;

v іскерлік,біліктілік дағдыларының жетіспеуі.

Шебер класс.

Тақырыбы:  Математика мұғалімдерінің ҰБТ-ке дайындық жұмыстарын компетенттік ыңғайда жобалау.

Мақсаты:  

-жыл бойы жүйелі қайталау барысында 10-11 сыныптағы математикалық білімдегі олқылықтарды түзету;

-математиканың 5-9 және 10-11 сыныптар бойынша бағдарлама материалдарын жүйелі қайталау   барысында оқушылардың өз бетімен білімдерін толықтыру         дағдысын қалыптастыру;

           –оқушылардың математикалық білімдерін өз бетімен жинақтап жүйелеу арқылы       ҰБТ-ке өз бетімен дайындалу дағдысын қалыптастыру. 

Ұстанымы:  «Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «өмір бойы білім алып өту»   моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа   біліммен қадам басып, лайықты қол-  таңбамызды қалдырайық.

                                                                                             Н.Ә. Назарбаев.                                                                           

Барысы:      Кіріспе сөз.

 Өз  тәжірибемде  кеңінен қолданып жүрген технологиялардың бірі-Ж.Караевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы. Бұл технология өзі төрт кезеңнен тұрады. Мен 3-кезеңге тоқталайын,себебі бұл кезеңде деңгейлік тапсырмалар орындалады, яғни ҰБТ тапсырмалары да осы деңгейлік тапсырмалардан құралған.

     1-ші деңгей- оқушылық(репродуктивтік), стандарт.

     2-ші деңгей- алгоритмдік, орташа қиындық.

     3-ші деңгей – эвристикалық, күрделі.

 Деңгейлік тапсырмаларды орындауда әрбір оқушы  өз білімінің шыңына өзінің жеке қабілеттеріне қарай  жетеді.Бұл технологияда индивидуалды және топтық оқыту түрлері негізгі болып табылады.

   Топтық оқытудың негізгі мақсаты-оқушыларды шағын топтағы бірлескен жұмысқа тарту. Мұндай топта оқушы өз даралығын жоғалтпайды. Қажетті жағдайда оқушылар бір-бірінен көмек сұрай алады, ортақ міндеттерді шешеді, т.б.Бұл жағдайда әрбір оқушы тек өзінің жетістіктерін бағалап немесе кемшіліктерін түсініп қана қоймайды, сонымен бірге ортақ нәтижеге өзі қалай әсер ететінін көре алады.

   Индивидуалды оқыту түрі-оқушыға кейбір тапсырмаларға тереңінен тоқталуға мүмкіндік береді, өзінің де , мұғалімнің де алдында тапсырмаларды орындау нәтижесіне  жауапты болуға үйретеді.

  Оқытудың бұл түрлерінің негізгісі-оқушыға сенімділік, өзіне жауап беру қабілетіне сүйену, ар-намыс және өзін-өзі сыйлау қасиеттеріне  ынталандырады.

    Қазіргі кезде ҰБТ-тің енгізілуіне байланысты математикадан қорытынды қайталау сабақтарын 10-11 сыныптарда өткізудің өзіндік ерекшеліктері қалыптасуда. Мен өз тәжірибемде өзім сабақ беретін 11А сыныбын 3-деңгейге бөліп, топтап, дайындаудамын.1-топ-жақсы, жақсыдан жоғары; 2-топ-орташадан жоғары, жақсы; 3-топ-орташа, орташадан жоғары.

   Математика пәні бойынша тестілеу материалдарының әрқайсысының  өзіндік мәні төмендегі параметрлердің үйлесімі бойынша сипатталады:

            -танымдық әрекет түрлері ( білім мен түсіну, білік, білім дағдыларын өздеріне таныс жағдайларда қолдану, жаңа типті есептерге білім мен дағдыларын қолдану);

           -күрделілік деңгейі(стандарттық, қиындау және күрделі).

           Тест тапсырмаларының мазмұны:

-          білім алуды жалғастыру үшін қажетті математикалық білімді меңгеруді;

-          математикалық зердені дамытуды ;

-          математикалық әрекетке тән және қоғамда толыққанды қызмет етуге қажетті ойлаудың сапасын қалыптастыруды тексереді.

           Білім және ғылым министрлігінің әр жылдағы ҰБТ қорытындылары жөніндегі талдауларын саралай келе, қорытынды қайталау және дайындық негізінде

-          тригонометриялық өрнектерді түрлендіру

-          иррационал теңдеулерді шешуде

-          логарифмдік және көрсеткіштік теңсіздіктерді шешу

-          функцияны зерттеу

тақырыптарына берілген тамсырмаларды орындау деңгейінің жеткіліксіз болғанын көреміз.

          Мұның негізгі себебі, математиканы оқып үйренудегі және ҰБТ-ке дайындаудағы кемшіліктерде.

         1.Оқушы негізгі мектептің математика курсы бойынша бағдарлама материалдарын нашар біледі.

          2.Есеп шартын түсініп, оны түрлендіру белгілі бір ережеге келтіру дағдысы жоқ.

          3.Өз бетімен есеп шығарудың жоспарын құра алмайды.

          4.Сауатты , қисынды талдау нәтижесінде тиімді тәсілді көре білу , дәстүрлі емес жолмен шешімді табу дағдысы жоқ.

          5.Математикадан нашар үлгеретін барлық оқушыларға тән сипаттама – олардың білімінде кезінде кеткен кемістіктер мен олқылықтардың кесірінен есеп шығара алмайды.Демек , математиканы оқытудағы негізгі мақсат – есеп шығаруды үйрету орындалмай отыр. Бүгінгі жаһандық талап деңгейімен бейнелеп айтсақ, есеп шығара білу – математикалық компетенттіліктің негізгі көрсеткіші болып табылады.

ҰБТ-ға қорытынды дайындық негізіндегі мұғалімнің мақсаты:

-          жыл бойы  жүйелі қайталау барысында 10 – 11 сыныптағы математикалық білімдегі олқылықтарды түзету;

-          математиканың 5-9 және 10-11 сыныптар бойынша бағдарлама материалдарын жүйелі қайталау барысында оқушылардың өз бетімен білімдерін толықтыру дағдысын қалаптастыру;

-          оқушылардың математикалық білімдерін өз бетімен жинақтап жүйелеу арқылы ҰБТ-ға өз бетімен дайындалу дағдысын қалыптастыру.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық схемасы

Ұлттық бірыңғай тестілеу- оқу процесінің сапасының нәтижесі

ретінде келесі факторлардан құралады.

ҰБТ дайындыққа 3 мақсат :

       Ойлау, жады, елестету, еске түсіру қабілеттерін дамыту. Мұнда оқушы алдында нақты мақсат қою керек. Әр сабақ алдында күнделікті жаттықтыру жұмыстары. /мысалы: тренажер/

       Оқыту мен дамытудың біртұтастығы.  Деңгейлік оқыту технология , ақпарттық технология, дамыта оқыту технологиясын қолдана отырып, қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыруға болады.

       Психологиялық процесстердің мәдениетіне тәрбиелеу . Күш- жігерін, өзіне деген сенімділігін дамыту.

Дайындықтың 3 бағыты

Техникалық дайындық        Әдістемелік дайындық        Психологиялық дайындық

/жауап парағын, толтыру     /тиімді,әдіс – тәсілдер /       «Мен орындай аламын»

Есептің әр кезеңін жазбау    нақты білім жоқ жерде,     -Өзін-өзі сендіру пайымдау бар

Қысқаша жазып үйрету/                                                              Әр оқушы өзіне меже алуы

                                      Тақырыптық                                  -Өзін-өзі бақылау

                                          Уақытқа істеу                                 Объективті бағалауға

Өзінде бар білімді толық қолдану             үйрену

                                                                                             /Оқушылар арасындағы

                                                                                                                  бәсекелестік

                                                                                                   ұйымдастыру кім жеңеді/

                   Консультация                                  

Әр баланың қабілетіне қарай консультация жүргізу

- Әр оқушыға диагностика

- Әр оқушының нәтижесін сараптау

- Тірек конспектілерін жүргізу /матем формула, схемалар/

- Психологиялық тренингтер өткізу

- Оқушының көңілін тапсырмаға аударуды үйрету

- Уақытпен тапсырма орындау

 

                               Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.      Математика в школе. 1988,  №3. 53-бет

2.      Н.Н.Забежанская, К.Ш.Шаяхметова, М.Б.Меңдіғалиева. Математикалық мозаика. Алматы «Рауан» 1997 ж. 

3.      Халықаралық олимпиада есептері. «Квант» журналы. 1989, №1

4.      Г. Штейнгауз. Сто задач. Москва «Просвещение» 1976ж.

5.      С.С Минаева.  Вычисления на уроках и внеклассных занятиях по математике. Москва «Просвещение» 1983ж.

6.      М.Я.Выгодский. Справочник по элементарной математике. Москва «Просвещение» 1974ж.

      7. «Математика для школьников» научно- практический журнал №2,    2008ж.

      8. «Математика Қазақстан мектебінде» №1,  2009 ж.
      9. «Математика» республикалық ғылыми әдістемелік журнал. 
     10.  Бабинская И. Л.И. «Математикалық олимпиада есептері »
     11. Цыпкин П.А,. «Орта оқу мекемелеріне арналған математикалық анықтама »

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья Математикадан ұлттық бірыңғай тестілеуден дайындық жүйесі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 238 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.01.2016 1030
    • DOCX 2.7 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нугербекова Кулдарихан Исаиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6071
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика обучения математике в основной и средней школе в условиях реализации ФГОС ОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 423 человека из 72 регионов

Курс повышения квалификации

Развитие функциональной грамотности у обучающихся средствами математики

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 203 человека из 54 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология семейных отношений: понимание, следствия и решения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к духовно-нравственному воспитанию дошкольников

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе