Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Статьи / Статья Мемлекеттік тілді оқыту барысында ойын технологиясы аркылы мектепке дейіңгі балалардың танымдық құзыреттілігін қалыптыстыру.

Статья Мемлекеттік тілді оқыту барысында ойын технологиясы аркылы мектепке дейіңгі балалардың танымдық құзыреттілігін қалыптыстыру.


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Мемлекеттік тілді оқыту барысында ойын технологиясы аркылы мектепке дейіңгі балалардың танымдық құзыреттілігін қалыптыстыру.

Есеналина Әсемгүл Қиясқызыhello_html_2651d42a.jpg

Қостанай қ, 8 б/б қазақ тілі мұғалімі.

aesenalina@mail.ru

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.

  • Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт. 

  • Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.

  • Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса.

Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады.

Қатысымдық ұғым коммуникациялатын тілінен аударғанда (Communicatio-

байланыс, қатынас) араласу, ойлармен, идеялармен, деректермен бөлісу деген мағына береді. Сондықтан коммуникативтік әрекет танымдық қызмет арқылы тілдің көмегімен жүзеге асырылады. Адамдар

ақпаратты жай қабылдап қана қоймай, түсініп, терең сезінгенде ға

на ортақ мәмілеге келу, тіл табысу жүзеге асады. Қатысымдық әдіс –іс-әрекет, қарым-қатынас, танымнан тұрады.Ал таным −балалардың жаңа білімді игеру үдерісі. Түсіндірме сөздіктерде “таным –білімге қол жеткізу, тиісті білімді алу”, “тану –заттардың пайда болуын, маңызын білдіреді” деген анықтама береді. Таным –баланың ерте жастан бастап, жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани байлығының өсуі. Тіл үйрету барысында балалардың дүниетанымын кеңейту. Халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасы, мәдениеті, тарихы, әдебиетін үйреніп, зерттеп-білумен тікелей байланысты. Демек, таным –ақиқатқа жету, бұрын таныс емес шешімдерді іздеу, жаңалық ашу дегенді білдіреді.Бұл әдіс бойынша тілді меңгерту −балалардың сөз мағынасын қабылдауына, пайымдауына, танымдық ерекшеліктерін ескеруге, олардың түрлі өмірлікжағдаяттарда өз ойын, пікірін еркін жеткізуіне үлкен көмек береді. Демек,қатысым әдісі арқылы тілді жылдам, әрі сапалы меңгертуге, оны кез келген ортада еркін тілдік қатынасқа түсе алатын дәрежеге жеткізуге болады. Сондықтан,бұл әдістің негізгі мақсаты −тіл үйренушілерді сөйлесім әрекетіне баулу арқылы тілін дамыту.Әр ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, үлестірме карточкалармен көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады. Орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский: "Бала табиғаты үнемі көрнекілікті талап етіп отырады", -дей келе, күнбе-күн көрнекілікпен жұмыс істеудің жақсы нәтиже беретінін айтады. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, өмірге құштарлығын қалыптастыруға болады.Сонымен қатар,болашақ ұрпақтың танымдылық белсенділігін дамыту ақыл-ой тәрбиесінің бip түрі. Ақыл-ой тәрбиесінің бұл acпектісі баланың ойлау

операциясының, танымдық процестерінің және қабілетінің дамуына тікелей

байланысты.Баланы оқу-тәрбие процесінде дамыту мәселесіндегі басты рөлді ең алдымен баланың өздігімен әрекеті және танымдық белсенділігі атқарады. Белгілі ғалымдар С.Л.Рубинштейн, Д.П.Годовикова, Т.А.Куликова, А.И.Сорокинаның еңбектерінде мектепке дейіңгі жастағы балалардың білуге құштарлығының, танымдық қызығушылығының, коммуникативтік сұрақтары, түрткісінің дамуынтанымдық белсенділігінің көрсеткіштері ретінде атаған. Балалардың танымдық белсенділігін дамыту мектепке дейінгі ұйымдардағы педогогтардың ұйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты. Сондықтан,тәрбиеші-педогог мамандарына түпкілікті білім берумен қатар, кәсіби іс-әрекетінің ғылыми негіздерін практикада қолдануға, практикалық біліктілік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Ең басты талап баланың бақыты мен тағдырына жауапкершілікпен қарап,

дене, физиологиялық, психологиялық даму заңдылықтарын түсіну

қажет.Балалардың психологиялық ерекшелігі қоршаған ортадағы дүниені танып білсем деген қызығушылығы басым болып келеді.

Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л.С. Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті.  Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады.

Білім беру саласында оқушылардың әр пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет, себебі жаңа технологияларды қолдану мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Сондықтан қазіргі педагогика ғылымы – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуда.

Сол технологиялардың бірі – ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз – педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады. Баланы тәрбиелеуде ойын технологиясының берері мол. Ойын кезінде жеке тұлғаның өзін – өзі басқару қабілеті жетіліп, қалыптасады.

Егеменді ел атанып, өз алдымызға дербес мемлекет болғаннан кейін жасөспірім буынға дұрыс тәрбие беру, олардың патриоттық сезімін ояту, елге қызмет етуге,мемлекеттің іргесін нығайтуға, тілдің дәрежесін көтеру біздің негізгі мақсатымыз. Сондықтан тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда. Балабақшадағы балалардың ( басқа ұлт өкілдері балаларының) қазақ тілін меңгеруге қойылатын мақсаты:
1.    Бас
қа ұлт өкілдерінің балалардың қазақ тіліндегі сөздік қорын дамыту, қазақ тілінде сөйлесе білуге үйрету.
2.    С
өздің дыбыстық құрамын дұрыс айтуға үйрету.
3.    Диалог т
үрінде сөйлесу дағдыларын дамыту.
4.    Саба
қта өтілген сөздерді пайдаланып, сөйлемді дұрыс құрастыруға жаттықтыру,  мазмұнын түсініп, айтуға үйрету.
5.    Байланыстырып с
өйлеуге, шығармашылыққа ( өздігінен 4-5 сөйлемдік) әңгіме құрастыруға үйрету. Қысқа өлең, тақпақ, мақал-мәтел, жаңылтпаштар жаттап айтуға үйрету.
6.    Балаларды
ң ой-өрісін, дүние танымын кеңейту. Зейін, сезімін қабылдау әрекеттерін дамыту.
7.    
Қазақ тілінде сөйлесуге, тілді құрметтеуге, сүйіспеншілікке, достыққа, жолдастыққа тәрбиелеу.
8.    Айналадан, таби
ғаттан, күнделікті өмірде көрген-білгенін қазақша айтуға үйрету.
9.    
Қазақ ертегілерін, әңгімелерді тыңдап түсінуге, мұғалімнің жетекші сұрағына сүйеніп әңгімелеуге үйрету.
Балаба
қшадағы бала қазақ тілін меңгеру барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі- ауызша сөйлеу. Заман талабына сай әр мұғалім өз оқу іс әрекетінде жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Оқу іс әрекеттінде әр түрлі технологияларды қолданамын. 
Сол технологияны
ң бірі- ойын арқылы оқыту технологиясы.

Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты.Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады.Мұғалім бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын- ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Арнайы ойын және оқу –іс әрекетінің мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда мұғалімі өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын- оқу –іс әрекетінің тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн. Мұғалім балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады. Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өті леді. Мен өз балаларды мемлекттік тіліне үйруті барысында келесі ойындарды пайдаланам: «Түстерді ажырат», «Салыстыр да, атын ата», «Қай жыл мезгілі», « Ойыншықтар дүкені», «», т.б. Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Жемістерді ата», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Үй жануарлардың төлін тап», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта». Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Мынау не?», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», « Сөз ұйқасын тап», «Аудармашы». Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», «Түрлі түсті шарлар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады. Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады. Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады.

Балармен бірге қызыға ойналатын ойндардың бір түрі рөлді ойындар. Рөлді ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады, рөлді ойындардың ерекшілігі сол оны балалар өзі жасайды. Ойын дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Рөлді ойындарда бенелеу құралы рөл мен әрекеттері болып табылады. Бұл ойындар арқылы адамгершілік, кішпейілдік қасиеттер қалыптасады.

Рөлді ойындар:

  • «Қонақта»

  • «Дастарқанның басында»

  • «Ойыншықтар дүкенінде»

  • «Ауруханада»

  • «Атамның ауылында»

  • «Қуыршақты киіндіру»

  • « Зообаққа серуенге бару»

Халық қазынасы қазақтың ұлттық ойындарын қолдауда балалардың танымын арттыру маңызы зор.Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Оның үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай оларды көзқарасының, мінез — құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Қазір бізге жеткен ойындарымыз: тоғызқұмалық, қуыршақ, асық ойындары. Қазақтың көне жыр- дастандарында ұлттық ойындар балаларды тәрбиелеуде ерекше орын алғандығы айқын көрінеді. «Қыз қуу», «Аударыспақ», «Күлкі ойыны», «Бәйге», «Ақсүйек», «Ұшты ұшты», «Айғөлек», «Асық ойнау» ұлттық ойындардың элементерін оқу іс –әрекетінде жиі қолданамын. Мұның өзі біздің ата-бабаларымыздың ұлттық ойындарының ғасырлар бойы өмір сүргендігін айқын көрсетеді. Балалардың жиі ойнайтын «Ақсүйек» ойыны   байқағыштыққа, қырағылыққа, бытылдыққа, ерлікке, шапшаңдыққа баулиды. Бөбектерді тәрбиелеуде де ұлттық ойындардың берері мол. «Санамақ», «Жылдам айт», т.б. тартымды ойындарды үйрету,тіл өнеріне негіз салады деп есептеймін. Балалар негізінен ойын үстінде бір-бірімен тез тіл табысады. Ойынына қарап баланың психологиясын аңғаруға болады. Бес саусақ бірдей емес  дегендей, әр отбасынан шыққан балалардың мінез-құлқы бірдей емес.

Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан- ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ. Демек ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Балаларға  ұлттық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып  өткізіп отыруды ата-аналар, тәрбиешілер бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені жас өндір бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да білсін!

В.А. Сухомлинскийдің: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе ісілетті ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады» - деген даналық сөзінің бүгінгі күнде маңызы зор. Танымдық құзіретті қалыптастыруға бағытталып ұйымдастырылатын ойындар, баланың танымдық қызметін жаңдандыратын дидактикалық материалдардың болуымен ерекшеленеді. Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық. Сондықтан жаңа заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу басты міндетіміз.










Автор
Дата добавления 22.11.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Статьи
Просмотров43
Номер материала ДБ-378966
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх