Инфоурок Другое СтатьиСтатья: "Менің досым қандай-ды?!"

Статья: "Менің досым қандай-ды?!"

Скачать материал

Менің досым қандай-ды ?!

Менің досым қандай-ды ?!

Жариялаған: Милана Елеусіноваon: Ноябрь 03, 2016In: Жаңалықтар, Тәуелсіздікке 25 жылTags: Бекжан Қосайұлы, Виолетта Бухарова, Максим Горький мектеп-лицейі, Түпқараған жастары, Форт-Шевченко қаласы, Өзге ұлт өкілдері4 ПікірлерКөрілді: 418 views

 Печать Емайл

Менің  туған  жерім — маңғаз  Маңғыстаудың  қарашаңырағы Ақкетік қаласы. Ақкетікті  білмейтін адам кемде кем шығар?! Күні кеше 170 жылдық мерей тойы аталып өтті. Бұл қасиетті топырақта тарихты дүр сілкіндірген батыр да, коғам қайраткері де, ақын да, жыршы да дүниеге келген. Осы қоғамда дүниеге келгендердің ішінде мен де,  достарым да бар. Сол досымның бірі — Бухарова Виолетта Александрқызы.

img_1497Виолеттамен сонау 2008 жылы 1- сыныпқа келген кезде танысқанмын. Ол 2000 жылдың 13 қарашасында осы киелі топырақта дүниеге келген. Біздің мектебіміз аудан орталығынан үш шақырым жерде орналасқан. Халық аузындағы атауы – Қарашекпен. Қилы замандарда қасиетті қазақ даласы мен дана қазақтың құшағы кімдерге ашылып, кімдерге қоныс болмады, десеңізші! Талай тарихи оқиғаның куәсі болған  Қарашекпенді де  ата қонысым деп, бірнеше ұлт өкілдері тату –тәтті өмір сүруде. Қаймағы бұзылмаған ауыл халқының тірлігінің біте қанасып кеткені сонша, қазақ, орыс, ұйғыр, татар сынды ұлттардың салт-дәстүрлері, ырым-жоралғылары мен әдет-ғұрыптарына шейін бір аталып жатады. Көктем шыға сала орыстың Масленицасы  мерекеленіп жатса, бәрі бірге қазақтың Наурызын да кең дастарқан, шат көңілмен тойлап жатады. Осындай ынтымағы жарасқан ел  арасында Виолеттаның отбасы да бар.

 

Виолетта- сары өңді, қыр мұрынды, қасы қиылған, алтын шашты, бойшаң қыз. Ұлты – орыс. Сонымен қатар оның ерекше бір қасиеті – қазақ тілінде еркін сөйлеуі. Сөйлеп қана қоймай,  өлеңді мәнерлеп жатқа айтқаны бір бөлек әңгіме. Сөздерді  дыбыстық құрамына қарай еркін талдағанда шамалыны шаңына да ілестермейді. Ол бастауыш сыныптан бастап түрлі сайыстарға қатысып, жеңімпаз болған. Мектепте, аудан көлемінде ұйымдастырылған түрлі шаралардың жеңімпазы. Атап айтатын болсам, аудандық қазақ тілі пәндік олимпиадасында 2-орын, аудандық «Тіл – халық  жанын танудың кілті» атты сайыста 2-орын, аудандық «Мемлекеттік тілдің білгірі» сайысында бас жүлдені иеленді, аудандық «Мемлекеттік тіл мерейі»  сайысында 1-орын иеленіп, ноутбук ұтып алды.

 

                         Виолетта кезекті бір сайыста

%d1%82%d1%96%d0%bb-7292

 

Мен досымның жеткен жетістіктеріне қуанамын… Әрине, қазақ тіліне деген  ықыласын оята білген Надежда Шүкірқызы сынды  ұстаз еңбегінің де зор екенін айтқым келеді.  «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»,  Виолеттаның қазақ тіліне деген қамқорлығына бас иемін. Қазақ елінің барлық азаматтары мемлекеттік тілде еркін сөйлеуі тиіс деп ойлаймын. Бұл Виолеттаның ғана емес, сонымен бірге оның отбасының да қазақ халқына деген құрметінің белгісі деп білемін. «Отан отбасынан басталады» дегендей, Виолеттаның бойындағы осы бір жарқын қасиет отбасындағы ынтымақтастық  сезімінен дарыған болса керек. Қазағымның «ақсың ба, қарасың ба, қоңырсың ба» бөліп жармаған, барлық адам баласын «Бір Атаның баласы» деп таныған данышпан санасы —  елімізді мекен еткен барлық ұлттар мен ұлыстарға дарыған сана. Менің елімнің ұлылығы да осында деп білемін, ал оның кірпішін қазақ қалады. Біз — осынау келісе пішілген, талай тарихи сыннан сүрінбей өткен «Ынтымақ» ауылының мұрагеріміз.  Біздің болашаққа барар жолымыз да айқын, мақсатымыз да бір. Виолеттаның менің ана тілімнің, баба тілімнің шарықтауына өз үлесін қосып жүргенін зор мақтанышпен айтқым келеді. Болашақта Надежда Лушникова апамыздай ақылы мен нақылына дүйім жұрт құлақ салар, ақын болмаса да, еліне жақын азаматша болатынына сенемін. Досым Виолеттаға ақжол тілеймін! Қазақ тілімнің мәртебесі арта берсін!

Бекжан ҚОСАЙҰЛЫ 

А.М.Горький атындағы мектеп-лицейінің 9- сынып оқушысы

Суреттерді түсірген Милана ЕЛЕУСІНОВА

http://7292info.kz/wp-content/plugins/wp-user-avatar/images/wpua-96x96.png

Гульмира

Керемет мақала. Бірлігі жарасқан тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп, кішкене ғана Отаны- білім нәрімен суысындатқан мектебінде достығы мен сыйластығы үндес тапқан осындай өскелең ұрпақтардың қатары көбейе берсін!

http://7292info.kz/wp-content/plugins/wp-user-avatar/images/wpua-96x96.png

Ерлан

Керемет мақала деуге болады! Басқа ұлт өкілінің қазақ тілінде қымсынбай сөйлеуі- үлгі етуге тұрарлық. Бекжанның бұл мақаласына, досына деген үлкен құрметіне сүйсінуге болады. Виолеттадай қыздың қазақ тілінде еркін сөйлеуі, тілі шұбарланып кеткен кейбір бауырларымызға сабақ болары, ой туғызары анық. Осындай досың болғанына мен де қуанамын,Бекжан.

 

  http://7292info.kz/wp-content/plugins/wp-user-avatar/images/wpua-96x96.png  Зина

Оте жаксы жазылган макала екен.Бекжан балам оркенин оссин. Болашак журналист. Дос дегенин осындай болсын. Орыс кызынын бойындагы сыпайлык, биязылык, дарындылыкты байкап, суреттей билген екенсин.

 

 

 

 

http://7292info.kz/wp-content/plugins/wp-user-avatar/images/wpua-96x96.png

Гүлшара

05.11.2016 at 22:53

Қосайұлы Бекжаннын «Менің досым кандай-ды?!» атты мақаласын оқи отырып, мен де өз пікірімді айта кетуді жөн көрдім. Мен А.М.Горький мектеп-лицейінде кітапханашы қызметін атқарам. Виолеттаның мектепте достарымен де, кітапханаға келгенде де қазак тілінде сөйлейтіні мені қуантады. Оның қазақ тілінде сөйлеп қана коимай,өлеңді мәнерлеп жатқа айтқанына да куә болып жүрміз. Оның өзге ұлт өкілінің иесі болса да, өзі мекен еткен елінің тіліне деген сүйіспеншілігіне, қамқорлығына риза бола отырып, Виолеттаға алар асуларың мен жетер жетістіктерің көп болсын демекпін!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья: "Менің досым қандай-ды?!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Товаровед-эксперт

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 933 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.01.2017 876
    • DOCX 380.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Казиева Алмагуль Балшыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Казиева Алмагуль Балшыбаевна
    Казиева Алмагуль Балшыбаевна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 40852
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой