Инфоурок Математика Другие методич. материалыСтатья на тему "ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН МАТЕМАТИКАДАН ОЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДАУДА ҚОЛДАНУ"

Статья на тему "ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН МАТЕМАТИКАДАН ОЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДАУДА ҚОЛДАНУ"

Скачать материал

ӘОЖ 37.091.3

 Н. К. Тлеубаева

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қаласы, Қазақстан

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН МАТЕМАТИКАДАН ОЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДАУДА ҚОЛДАНУ

 

В данной статье рассматриваются технологии дистанционного обучения и использование их для проведения подготовки учеников к математическим олимпиадам, а также повышения квалификации учителей средних школ по подготовке к олимпиадам. Рассматриваются преимущества и недостатки данной технологии обучения. Дистационное обучение,  информационные и коммуникационные технологии, методика применения, интернет, кейсовая технология, проблемная лекция.

Ключевые слова: математические олимпиады, дистанционные обучение,  электронные ресурсы.

 

Бұл мақалада қашықтықтан оқыту технологиялары және оларды оқушыларды математикалық олимпиадаларға дайындауға, олимпиадаларға дайындау бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыруға қолдану мәселелері қарастырылады. Аталған технологияның артықшылықтары және кемшіліктері көрсетіледі. Қашықтықтан оқыту, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, қолдану әдістемесі, проблемалық дәріс.

Түйін сөздер: математикалық олимпиада, қашықтық оқыту, электрондық ресурстар.

 

This article focuses on distance learning technologies and their use for the preparation of students for mathematical competitions, as well as the training of secondary school teachers in preparation for the Olympics. Discusses the advantages and disadvantages of this technology training. Distatsionnoe training, information and communication technologies, methods of application, the Internet, case technology, problem lectures.

Keywords:

 

ХХ ғасырдың соңына қарай білім беру жүйесінде оқыту қызметінде, оқыту шарттарында және білім беру мекемелрінде жаңа типтері пайда бола бастады. Оқыту және ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде ашық, икемді және қашықтықтан оқыту терминдері көптеп кездесе бастады. Негізінде бұл терминдердің мағынасы жақын болғанмен, білім саласында әр түрлі  құбылысты білдіреді. Теорияда да, практикада да, шет елде де және бізде де бұл терминдерге нақты анықтама жоқ, сондықтан көп жағдайда ғылыми-педагогикалық және әкімшіл-бюрократтық орталарда өзара түсіністікке келмей жатады.

Сондықтан алдымен жаңағы мәселелерді талқылау үшін түбегейлі анықтамасынан  бұрын қарапайым және түсінікті анықтамаларын қарастырайық. Қашықтықтан оқытудан бастайық.

Қашықтықтан оқыту (ҚО) пайда болуы сапалы, бұқаралық және жекешелендірілген оқытудың қажеттілігінен туындады. Экономикалық және ұйымдық жағынан алып қарастырсақ, практика жағынан іске асыруға келмейді, алайда ҚО ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (АҚТ) кеңіне қолданудың арқасында бұл мәселелер шешімін табады. Біз, ҚО – білім беру жүйесіндегі ХХ ғасырдың үшінші ширегінде пайда болған, АҚТ-ның арқасында сапалы жаңа білім беру жүйесі деуге тәуелдіміз. Ғылыми тұрғыдан қарағанда бұл оқыту жүйесі сырттай оқытуға қарағанда жалпы  форма деп аламыз. Бұны жетілдірілмеген сырттай оқыту (СО) түрі деп ойлағанымыз жөн. Қашықтықтан оқыту технологиясы дұрыс және толық болмағандықтан, формальді-заңды мәселелерін туғызады.

Қашықтықтан оқыту – оқушы мен оқытушының мақсаттары жанама немесе толық жанама емес, өзара қарым-қатынастары олардың тұрған жерлеріне және уақытына тәуелсіз, телекоммуникация мен телевизия көмегімен іске асатын, ақпараттық технологиямен ұйымдасқан педагогика негізіндегі технологиялар жиынтығы. Қашықтықтан оқыту технологияларының негізгілері: кейстік (портфельдік) технология, интернет-технология, спутниктік телевизия технологиясы. 

 Қашықтықтан оқытудың мақсаты білім беру мекемелеріндегі оқушылар жоғары кәсіптік білім алу, тұратын жерлеріне және уақытша оқу орнына келмей-ақ жоғары және орта кәсіптік білім алу (ары қарай - оқу бағдарламасы), негізгі және қосымша кәсіптік бағдарламаларды игеру болып табылады.

Қашықтықтан оқыту – бұл оқытушы мен оқушының мақсаты бір ұйымдасқан процесс.

Қашықтықтан оқыту дегенімізді әңгімелесу тілінде қарастыратын болсақ, яғни интернет-оқыту түрінде, онда ол – сапалы және көрнекі құбылыс. Расымен де, осыдан бес-жеті жыл бұрын бұл оқыту түрі шет елдердің оқыту жүйесіндегі артықшылығы деп есептесек, қазіргі күні кейбір жоғарғы оқу орындарында өзінің талапкерлеріне осындай мүмкіндікті бере алады. Сондықтан, енді интернет-технология жүйесімен оқыған студенттердің ой-пікірлерінен фрагменттер келтіріледі.

Қазіргі уақытта интернеттің дамуы мен оның төлем ақысының арзандауы қашықтықтан оқыту жүйесі қолжетімді болады, сонымен қатар адамдардың қызығушылығын арттырады, себебі қашықтықтан оқу арқылы кез келген беделді оқу орнында жұмысыңды тастамай-ақ өзіңе керек жоғарғы немесе кәсіптік білім ала аласың.

Қашықтықтан оқыту жарымжан жандарға, бала тәрбиелеп отырған әйелдерге, негізгі жұмысын тастай алмайтындарға, оқу орнынан алыс аудандар мен ауылдарда тұратын адамдарға білім алу үшін және біліктілігін арттыру үшін үлкен мүмкіндік болып табылады. Сондықтан, қашықтықтан оқыту жүйесінің дамуы біздің ел үшін мағызды, өзекті және әлеуметтік-технологиялық мәселе болып табылады. Ал бұл жүйе білім сферасын ақпараттандырумен тығыз байланысты.

Қазіргі уақытта алдыңғы қатардағы елдерде қашықтықтан оқыту формасында оқитын студенттердің саны он мыңдаған адамдармен есептелетін оқу орындары бар. Негізінен,  бұл жоғарғы білім жүйесіндегі ірі университеттер. ХХ ғасырдың соңында «мегауниверситеттер» пайда болды, яғни ондағы студенттер саны осы қашықтықтан оқыту технологиясының арқасында 100 мыңнан асқан университеттер. 

Эксперимент барысында келесі тапсырмаларды шешу алға қойылды:

-                     Есептеуіш техника мен телекоммуникацияның үдемелі дамуына байланысты қашықтықтан оқыту технологиясын олимпиадаға дайындауға бейімдеу;

-                     Қашықтықтан оқыту процесінде қолданатаын өзіндік оқу материалдарын, өнімін, әдістемесін және дидактикасын құру және мақұлдау;

-                     Қашықтық әдіспен алынған білімнің жоғары сапасын дәлелдеу;

-                     Үдемелі қашықтықтан оқыту құралдары мен  оқыту әдістерінің қолданылуын кертартпа социум мен академия қауымына сендіру;

-                     Қашықтықтан оқыту процесінің техникалық және ақпараттық жабдықтарын, керекті параметрлерін анықтау.

Эксперимент өткізу барысында барлық тапсырмалар шешілді.

Оқытудың спутниктік, жүйелік және телевизиялық әдістерін алдым. Қазіргі кезде эксперимент нәтижесінде зманауи электрондық құралдардың даму дәрежесіне байланысты бәз индустриалыд дамыған елдердің қатарына жақындадық.

Бүкіл қауым және академиялық қауымды қашықтықтық және электрондық оқыту жүйесіне сенді. Біздің университеттер қазіргі уақытта ҚО әдістерін құрастырып және қолданып жатыр. Барлық өлкелер сәйкесінше конференциялар, семиналар өткізіп жатыр, ғылыми-техникалық  журналдар мен монографиялар да шығарылуа.

Эксперимент нәтижесінде, ҚО технологиясының келесі типтерін анықтауға болады:

-                     Кейстік технология (портфелді) – оқу-әдістемелік материалдарды жинап (қағаз түрінде немесе компакт-дискіде) студенттерге өзіндік жұмыс жасау үшін тарату (ағ. Case-жағдай).

-                     Кейстік технология (тренингтік) – оқытудың жағдайлық-тренингтік әдістерді қолдану арқылы жасалған технология.

-                     Телевизиялық технология – телевизиялық құралдарды қолдану арқылы оқыту технологиясы;

-                     Интернет-жүйелік технология – студенттерді оқу әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін интернет жүйесін қолданатын технология;

-                     Локальды-жүйелік технология – студенрттерді оқу әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін локальды жүйені қолданатын технология;

-                     Ақпараттық-спутниктік, жүйелі технология – телевизиялық оқытуды ұйымдастыратын технология. Сонымен қатар спутниктік каналдағы байланыс арқылы локальды жүйедегі ақпараттарды толықтыру жіне жаңалау.

-                     Оқыту-вахталық технология – мұғалімдердің сабақ жүргізуі үшін оқыту орталықтарына баратын технология;

-                     Аттестациялық-вахталық технология – аттестациялық комиссия стуленттерді аттестациядын өткізу үшін оқыту орталықтарын баратын технология.

Сонымен қатар, корреспанденттік (хаттай), радиоландыру технологияларын да қарастыруға болар еді, алайда эксперимент барысында бұл технологияны қатысушылар қолданбады. Қашықтықтан оқыту білім беру жүйесінде ақпараттық технологияның жаңа және перспективті бағыты. Оның көмегімен тұрған жеріңе қарамастан оқу мүмкіндігің болады. Шет елдерде ҚО технологиясы  20-25 жыл бұрын қолдана бастады, ал қуатты компьютерлер шыға бастағанда, коммуникацияның жаңа түрі мен байланыс каналдарының жылдамдығы артқан кезде барлығы жүйелк технологияға ауыстырылды.

Біздің елемізде ҚО технологиясы сырттай оқыту жүйесінің орнына келді; кейінірек ҚО өзіндік оқыту  жүйесі болып бөлініп келеді.

Бүгінгі күні қашықтық оқыту жаңа ақпараттық технологияларды активті қолданады, ақпараттарды шектеусіз арақашықтыққа жіберетін және ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін, синхронды және асинхронды, сонымен қатар комбинациялы түрде  екі жақты әр түрлі (мәтін, графика, аудио, видео) байланысты қамтамасыз ететін мультимедиа-құралын қолданады.

Қашықтық оқытудың тиімділігі мен табысы мекемелер мен қолданылатын материалдардың әдістемелік сапасына байланысты, сонымен қатар бұл процеске қатысатын мұғалімдердің дайындық деңгейі және заманауи виртуалды коммуникациялардың ерекшеліктерін қаншалықты меңгергендіктеріне байланысты болып келеді. 

Қашықтық оқытудың дамуына байланысты зерттей отырып төрт себебін анықтадық:

- білім алу үшін үйді, отбасыңды, туыстарыңды, достарыңды, жұмысыңды тастап кетудің керегі жоқ, сонымен қатар жолыңа және тұратын орныңа қаражат шықпайы. Талапкер білім беру мекемелерін таңдауға көп нұсқалары болады.

-  бұл оқыту жүйесі қала аудандарынан алыс тұратындарға және басқа мүмкіндіктері жоқ адамарға  бірден-бір жақсы оқу жүйесі;

- оқытудың тиімділігі. Оқушылар оқитын сабақтарын өздеріне ыңғайлы етіп қоюы, нақты бір оқытушымен тікелей байланыста болуы, оған өзіңді қызықтыратын сұрақтар қоюыңа болады;

- Оқу процесінде заманауи технологияларды қолдануға мүмкіндік бар, яғни жұмысқа қажетті тәжірибе жинайсың;

- ҚО жоғарғы икемділікпен сипатталады. Әлемдік тәжірибеге байланысты қашықтық оқыту жүйесі іштей оқыту жүйесіне қарағанда керілеу.

Е. В. Кудрина қашықтықтан оқытуға байланысты келесі оң жақтарын ерекшелеп көрсетеді /3/.

Икемділік. Оқушылар уақытымен сабаққа барып, лекциялар мен семинарларға қатысып жүрмейді, яғни өзіне ыңғайлы уақытта сабағын қарайды. Әркім өзіне қажетті білімді тереңдетіп оқуына болады.

 Модульдігі. Қашықтық оқыту бағдарламасына модульдік принцип жатады. Әрбір оқу үрдісі қандай да бір пәндік мазмұнға тән, өзара байланысқан оқу курстарынан бір оқу жопарын құру. Оқушының өзіндік оқу жоспары болады.

Параллелділік. Сабақтар негізгі кәсіби жұмысыңмен немесе оқуыңмен бірге өтуі мүмкін.

Қашықтықтық. Оқушы мен білім беру мекемесінің ара қашықтығы тиімді білім алу процесіне қиыншылық туғызбайды.

Бұқаралық. Студенттердің саны кризистік параметр болмайды. Барлық оқушылар оқу көздеріне және ақпарат анықтамаларын ( электронды кітапхана, ақпараттық мәліметтер қорына) толық мәнді мүмкіндік бар, сонымен қатар бір-бірімен де, мұғаліммен де телекоммуникация жүйелері және байланыс қызметтері арқылы сөйлесе алады.

Тиімділік. Бұл қашықтық оқытудың жоғары экономикалық тиімді. Шет елдер мен отандық мамандардың айтуы бойынша, қашықтық оқыту жүйесі басқа оқыту жүйелерімен алыстырғанда 1,5-2 есе арзан.

Әлеуметтік. Қашықтық оқыту әлеуметтік шиеленістен арылтады. Білім алу үшін бірыңғай мүмкіндік береді. Қайда және қандай жағдайда тұрғаныңа, материалды жағдайыңа байланысы жоқ болады.

Интернационалдық. Қашықтық оқыту білім алу қызметінің импоры мен экспортына қолайлы.

ҚО-дың жағымды жақтарымен қоса жағымсыз жақтары да бар:

Ø    мұғалім мен оқушының арасында дұрыс қарым-қатынас болмайды;

Ø    жекеше-психологиялық шарттардың қажеттілігі;

Ø    ақпараттарға ылғи да мүмкіндік болу қажеттілігі;

Ø    оқушылар өздеріне ылғи техникалық жабдықтармен қамтамасыз ете алмауы – компьютерінің болмауы және тұрақты интернетке шығып отыра алмауы;

Ø    оқушылардың практикалық сабақтармен жұмыс жасауы аз болдаы;

Ø    оқушыларға тұрақты тексеріп отыра алмауы. Оқушы өзіндік жұмыс жасай алуы керек;

Ø    оқылатын бағдарламалар мен курстар маманның  біліктілігіне қатысты жеткіліксіз дайындауы;

Ø    қашықтық оқытуды негізгі оқу түрі – жазбаша;

Қашықтық оқытудың негізгі кемшіліктерінің бірі «жасанды қарым-қатынас» болып табылады. Электрондық ресурстар ауызша сөйлесуге жетпейді. Адамардың қарым-қатынасы ауызша және ауызша емес, яғни эмоционалды-психологиялық ерекшеліктермен араласады. Инфокоммуникативті технологиялар оқу процесін оңтайландырады, яғни мұғалімдерді ескі операциялардан және оқу материалдарын жіберуді, бақылау процедурасын және басқа процестерді автоматтандырады.

Көптеген авторлар қандай да бір бұл процестің жеткіліксіздігінен  қашықтық оқытудан бас тартуды жөн көреді, одан да іштей толық бағдарламамен оқып шығуды ұсынады. Ал қашықтық оқыту жүйесімен екінші жоғарғы білімді алғанда немесе біліктілігін жоғарылатуда оқуға болады. Сонда да қашықтықтан оқыту процесіне дербес технологиясын енгізу маңызды болып саналады.

Проблемалық дәріс.

Дәрістерді интернетке салу өте танымал (көптеген қашықтықтан оқыту мекемелерінде барлық оқыту формасын дірңс пен семинар түрінде салып қояды).

Оқыту процесіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу барысында дәрістердің түрі өзгеріп барады. Дәрістің бір қызықты формасы проблемалық дәріс. Проблемалық дәріс қандай да бір мәселені шешуге бағтталған. Ондай дәріс қандай да бір ережелермен құрылады: барлық материал бөліктерге бөліну керек және оның әрбір бөлігінде проблемалық жағдай болады. Ары қарай проблемалық жағдай алгоритм бойынша жүреді:

-                     проблеманы тұжырымдау, талдау жүргізіледі, зерттеудің шегі көрсетіледі;

-                     проблема әр оқушы үшін актуалданады, проблема шешілу үшін негізгілері дайындалады;

-                     норма мен талдау жағдайындағы нәтижере салыстырылады (концепциямен, теориямен, критериилермен және т.б.);

-                     зерттеліп отырған проблеманың нормаға жетуі үшін механизмі құрастырылады;

-                     нәтижесі мақсатпен салыстырылады (сәйкес келмесе, жаңа проблема болып табылады).

Проблемалық дәріс барысында тыңдауға, салыстыруға, негізгісін ерекшелеуге, жалпылауға, қорытынды шығаруға болады, сонымен қатар:

Ø    Алынған ақпаратқа кризистік қарау (өзіндік гипотеза жасау),

Ø    Дәлелдеу (таңдап, аргументтер келтіру),

Ø    Творчестволық ойлау (жаңа мағына алу, оларды қолдану).

Қашықтықтан өткізген сабақтың оңтайлы нәтижесі мынадай жағдайларды алынады:

1.                 Оқыту ресурсын және оның локальды версиясын түсінікті, жақсылап көрнекіленген, жақсы ақпараттармен тиянақты құрастырылса;

2.                 Локальды координаталар мен оқушыларға дұрыс нұсқау берілсе;

3.                 Локальды координатор өзінің жұмысын жақсы атқарса, мұғалімге көмектесу үшін барлық мүмкіндіктерді жасаса;

4.                 Оқушылар берілген материалдарға жақсы дайындалып, оны біліп тұрса;

5.                 Мұғалім мен локальды координатардың интернетпен байланысы жақсы болса;

6.                 Сабақ жүргізуге ішкі алаңдататын факторлар кедергі келтімесе.

Біздің зерттеулер барысында қашықтықтан өткізілетін «Математикадан түрлі деңгейдегі олимпиадаларға оқушыларды дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар» тақырыбына арналған облыстық қашықтықтан оқыту  семинарын «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өткізу ережелері жасалды. Ереженің қысқаша нұсқасын келтіре кетуді жөн көрдік.

 1. Жалпы ережелер

Қашықтықтан өткізілетін облыстық оқыту семинарының Ережелері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына,Қазақстан Республикасының жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім беру Тұжырымдамасына сәйкес дайындалды. Семинардың ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы.

Қашықтықтан өткізілетін семинардың көлемі - 72 сағат.

 2. Семинардың мақсаты мен міндеттері

Семинардың негізгі мақсаты – білім сапасын арттыру, дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыруда мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.

Негізгі міндеттер:

Ақпараттық-байланыс технологиясы аясында, қашықтықтан оқыту жүйесінде мұғалімдердің білімі мен дағдыларын жетілдіру.

 3. Жұмысшы органдар

Қашықтықтан өткізілетін семинарды ұйымдастырып, өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті).

 4. Қашықтықтан өткізілетін семинарғақатысушылар

Қашықтықтан өткізілетін семинарға тілек білдірген барлық білім қызметкерлері.

 5. Қашықтықтан өткізілетін семинарға қатысу талаптары

Семинарға Интернет арқылы қатысады. Қатысу ерікті түрде, ақылы. Семинарға қатысу үшін Ұйымдастыру комитетіне үлгі бойынша өтінімді беру қажет.

6. Оқыту тәртібі

Ұйымдастыру комитеті семинарға қатысушының әрқайсысына қашықтықтан оқыту жүйесіне ену үшін қажетті жеке логин мен пароль белгілейді. Қашықтықтан өтетін семинарға қатысушыларды оқыту Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының http://shygysdaryny.kzбілім беру сайты арқылы жүзеге асады.

Семинарға қатысу үшін:

1. Міндетті түрде тіркеуден өту қажет. Тіркелу үшін http://shygysdaryny.kz сайтының оң жақ бұрышында «Қашықтықтан оқыту» терезесін тауып, қатысушыға берілген пароль мен логиндерді толтыру қажет.

2. Тіркеуден дұрыс өткен жағдайда жүйеде қашықтықтан оқыту порталында қатысушыға жеке парақшасы ашылады. Әрі қарай семинар бөліміне кіріп, берілген мәліметтерді жүктеу. Жүйеге қайталап кірген сайын қатысушы өзіне берілген логин мен парольді көрсетіп отыруы керек.

3.  Оқыту (порталды ашу, лекцияларды көшіріп алу, оларды оқу, бақылау тапсырмаларын орындау) қатысушылар үшін, төменде көрсетілген мерзімдердің аясында тәуліктің кез-келген қолайлы уақытында жүзеге асырылады.

 4..Қашықтықтан өткізілетін семинарға қатысушыларды қорытынды аттестациялау бақылау тапсырмаларын орындау формалары арқылы жүзеге асады. Бақылау тапсырмалары бір тәулік бойы базада ашық тұрады.

5. Қажет болған жағдайда қатысушыға курс және тапсырмалар авторымен байланыс жасауға мүмкіндік беріледі. Ол үшін әр қатысушы жеке парақшасында «Менің хабарламаларым» тетігін басып, терезе ашылғаннан кейін онда өзінің сұрағын жазуына болады. Қатысушыға жауап келгенде жеке парақшасында «Менің хабарламаларым» бөлімінде көрінеді.

 Осы аталған семинарды өткізу үшін орыс және қазақ тілдерінде талаптарға сай қажетті дәрістер, семинар сабақтары, әдістемелік нұсқаулар, өз-бетімен жұмыс және бақылау түрлері жасалып Шығыс Дарыны, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық орталығының сайтына орналастырылып ғылыми жетекшім М.Н. Мадияровтың  жүргізуімен 2014 жылдың қараша айында іске асырылды (сурет 1). Бұл аталған саминарға 150 –ге жуық мұғалімдер мен әдіскерлер қатысты.

 

Сурет 1. Қашықтықтан оқыту семинары туралы сайттағы хабарлама

 

Сайтқа кіріп семинарға қатысу үшін логин және пароль алған қатысушылар сайттың қашықтықтан оқыту бөліміне кіре алады (сурет 2). Біздің орыс және қазақ тілінде жасалған қашықтықтан оқыту курстары сайтқа жүктелінген. Оқу барысында семинар жүргізуші және қатысушылар осы бөлімнің мүмкіншіліктері арқылы кез-келген уақытта бір-бірімен қатынаса алады.

Сурет 2. Қашықтықтан оқытуға кіру терезесі

 

Енді аздап қашықтықтан оқыту курса тоқтала кетейік. Бұл қурстың пререквизиті ретінде әрине мектеп математикасының әр түрлі деңгейлері саналады. Қурс құруда ең маңыздысы ол дайындық семинарының тақырыптық жоспары болып табылады. Мектептегі дарынды балалармен жұмысты неден бастау қажет және қалай жүргізу қажет екенін осы жоспар анықтайды. Сондықтан осы курстың тақырыптық жоспарын келтіре кетуді жөн көрдік.

 

ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Тақырып

Дәрістер

Практикалық  сабақтар

Сағаттар саны

1

Кіріспе

1

1

2

2

Жаттығуға арналған есептер

1

1

2

3

Математикалық индукция әдісі.

Тепе-теңдікті дәлелдеу.

1

1

2

4

Теңсіздіктерді дәлелдеу

1

1

3

5

Бөлінгіштік теориясындағы индукция әдісі

1

1

3

6

Геометриядағы индукция

1

2

3

7

Бүтін сандардың бөлінгіштік теориясы

1

1

2

8

Бүтін санның бөліндісі

1

1

2

9

Жай және құрама сандар

1

1

2

10

ЕҮОБ және ЕКОЕ және оларды табу әдістері. Өз-ара жай сандар

1

1

2

11

Қалдықпен бөлу туралы теорема

1

1

2

12

Бүтін санды анықталмаған теңдеулерге бөлінді теормеасын қолдану

1

1

2

13

Модуль бойынша салыстыру

1

1

2

14

Бұрыштар

1

1

2

15

Үшбұрыштар

1

1

2

16

Перпендикулярлар және көлбеулер

1

1

2

17

Тік бұрышты үшбұрыштардың теңдік белгілері

1

1

2

18

Параллелограмдар

1

1

2

19

Үшбұрыштағы түзулер

1

1

2

20

Түзудің шеңбермен қиылысуы

1

1

2

21

Екі шеңбердің қиылысуы

1

1

2

22

Іштей сызылған бұрыштың қасиеттері

1

1

2

23

Салулар

1

1

2

24

Перемещение фигур

1

1

2

25

Пропорционал кесінділер

1

1

2

26

Үшбұрыштағы метрикалық қатынастар

1

1

2

27

Гомотетия және ұқсастық

1

1

2

28

Дұрыс көпбұрыштар

1

1

2

29

Трансверсалдар

1

1

2

30

Шеңберге қатысты полюстер және полярлар

1

1

2

31

Өз-ара кері фигуралар

1

1

2

32

Іштей сызылған төртбұрыштың қасиеттері. Поселье инверсоры

1

1

2

33

Аудандарды салыстыру

1

1

2

34

Шеңбердің ауданы

1

1

2

35

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

 

3

3

 

БАРЛЫҒЫ

34

38

72

 

Бұл курсты құрастырғандар  С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Математика кафедрасының меңгерушісі М.Мадияров және магистрант Н. Тлеубаева

Бұл мақалада сипатталып кеткен қашықтықтан оқытуды математикадан олимпиадаға дайындауға көмектесетін  «Математикадан түрлі деңгейдегі олимпиадаларға оқушыларды дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар» тақырыбына арналған облыстық қашықтықтан оқыту  семинарының мысалында іске асырылуы көрсетілді.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.                 Горшенина М.В., Фирсова Е.Ю. Реализация принципа индивидуализации в условиях дистанционного обучения // Вестник Самарского государственного технического университета. Серия: Психолого-педагогические науки. Изд.: СГТУ, 2010. №6 с.41-47.

2.                 Керова Т.М., Чуркина А.Ю. О начальном курсе английского языка через дистанционное обучение // Современные наукоемкие технологии №2, 2010. с. 27

3.                 Кудрина Е.В. Современное общество и дистанционное обучение // Психолого-педагогический журнал Гаудеамус Т.2 №16, 2010. с. 57-58

4.                 Петров В.С. Дистанционное обучение как средство обеспечения доступности высшего образования // Вестник Челябинского университета. Сер. 8, Экономика. Социология. Социальная работа. – 2006. – No 5. – С. 85–88.

5.                 Покушалова Л.В. Дистанционное обучение — образовательная система будущего. // Филологические науки. Вопросы теории и практики. Тамбов: Грамота, 2009. No 2 (4). C. 200-202.

6.                 Рулиене Л.Н. Дистанционное обучение как новая образовательная практика // Вестник бурятского государственного университета №1, 2011. с. 67-70

7.                 Юрков Н.К., Левин В.И., Баннов В.Я., Трусов В.А., Алмаметов В.Б. Дистанционное обучение в России и его проблемы // Надежность и качество: Труды международного симпозиума: / Под ред. Н.К. Юркова – Пенза: Изд-во Пенз. гос. ун-та, 2005, с. 316-317

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья на тему "ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН МАТЕМАТИКАДАН ОЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДАУДА ҚОЛДАНУ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по безопасности

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 653 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.01.2016 1355
    • DOCX 1.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Tleubaeva Nazerke Kairatovna. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Tleubaeva Nazerke Kairatovna
    Tleubaeva Nazerke Kairatovna
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 11727
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания математики в среднем профессиональном образовании в условиях реализации ФГОС СПО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 38 регионов

Курс повышения квалификации

Преподавание математики в школе в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 36 регионов

Курс повышения квалификации

Аспекты преподавания самостоятельного учебного курса «Вероятность и статистика» в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 275 человек из 65 регионов

Мини-курс

Интерактивные материалы на печатной основе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 22 регионов

Мини-курс

Мастерство PowerPoint: систематизация, интерактивность и эффективность

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1048 человек из 82 регионов

Мини-курс

Рациональность и творчество в педагогике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе