Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыСтатья на тему "Қазақстандық патриотизмді және тәрбиені қалыптастырудың мүмкіндіктері"

Статья на тему "Қазақстандық патриотизмді және тәрбиені қалыптастырудың мүмкіндіктері"

Скачать материал

ҚАТЫСУШЫНЫҢ ТІРКЕЛУ ФОРМАСЫ

Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (толығымен) Байтохина Асемгуль Турмаганбетовна

Жұмыс орны, қызметі) _____«Өрлеу» АҚ БАҰО Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері

Ғылыми дәрежесі, атағы ______тарих магистрі___________________

Секция атауы және нөмірі  4-секция. «Қазақстандық патриотизмді  және  тәрбиені қалыптастырудың мүмкіндіктері»

Мақала тақырыбы: БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ОТАНДЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мекен-жайы, байланыс телефоны, E-mail : Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы. Қарғалы селосы, «Нур сити»  микро ауданы, үй - №11 В, пәтер-283. Тел-8778-255-73-58, 8747-207-66-82, Эл почта: asem82@list.ru

 

 

 

БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ОТАНДЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Байтохина Асемгуль Турмаганбетовна

«Өрлеу» АҚ БАҰО Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері

Бүгінгі күні жеке тұлғаны Қазақстандық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу барысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудегі мектептке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарында, барлық ұйымдарда көкейкестіболып табылады». Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүйуге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» деген сөзіне үңілсек, онда Қазақстан мемлекетінің егемен болып қалыптасып, дербесмемлекет болуы және өркендеп гүлденуі ұлттық біртектіліктен басталады. Оның басты құндылықтары –ана тілі, ұлттық рух, діни наным сенімдермен тығыз байланысты. Қазақ халқы зор байлықтың мұрагері.

Патриотизм дегеніміз- Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман саулығының  қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм  мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді. Ең бастысы –жас ұрпақтың бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.

Қазақстан патриотизмінің негізгі компоненттері:

·         Отанға сүйіспеншілік

·         Отан тағдырына деген жауапкершілік сезімін арттыру

·         Отан мүддесіне қызмет етуге дайын болу

·         Отанды қорғау

·         Отанның қол жеткен жетістіктерін ішкі және халықаралық аренада мақтанышпен көрсете білу;

·         Өз тілінді құрметтеу

·         Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдеріне құрметпен қарау;

·         Қазақстанда тұратын ұлт өкілдеренің  ұлттық салт- дәстүріне және ғұрпына құрметпен қарай білу;

·         Қазақстан халықтарының келісімі мен ұлтаралық бірлігін сақтау.

Халқымыз ғасырлар бойы  ұрпағын өз елін сүюге, ізгілікке баулып келеді. Бұл ұлтымыздың дәстүрлі ұлттық тәрбиесінің өзегі деуге болады.  Ұлтымыздың патриотизмге бай тарихын, жауынгерлер мен батырларымыздың ерліктерін, ата-бабаларымыздың өнегелі өмірін жас ұрпаққа жеткізу патриотизмге баулудың бірден бір көзі. Бұл ретте аттары аңызға айналған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Жанқожа батыр, Ақтан батыр, Наурызбай, Қарасай батыр сынды ерлеріміздің ерлігін баяндау осының куәсі. Қазақ халқының біртуар ұлдары А.Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, Ж.Аймаутов, С.Сейфулин, І.Жансүгіров, Б.Майлиндер өз ұлтының нағыз патриоттары екендігін мойындатқан нағыз ұлы тұлғалар.  

          Отаншылдық сезім - адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси-әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына  жеке қатынасын, өзіндік бағасын түсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Осыған орай ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев  патриотизмді «Әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау»- деп белгілеген. Қазақ халқы «Отан» деген ұғымды бала бойына  ерте бастан сіңіруге тырысқан. Сондықтан да соншама  кең далада өмір сүрсе де, ата-бабаларымыз үшін ата-мекен ұғымы әрдайым қастерлі де қасиетті ұғым.

          Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеуде мемлекеттік рәміздердің  орны ерекше. Қазіргі таңда  елімізде бұл екі ұғым  жаңа мағынада айтылып келеді. Патриотизмді  Қазақстандық  патриотизм немесе  Отансүйгіштік деп те атайды.  Оның мақста-Қазақстанды  Отаным деп білетін әр бір азамат тек осы Қазақстанды сүйіп, соның азаматы болу, Қазақстанды қорғау, Қазақстанның дамуына өз үлесін қосу.   Өскелең ұрпақты, жастарды, болашақ мамандарды  кез-келген жағдайда ерлік, отаншылдық  істерге баруы үшін, оған алдымен рухани жағынан  дайын болу керек.  Отаншылдыққа тәрбиелеу  ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып, жастардың ішкі жан дүниесі-ой санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл ретте Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақтың ұлттық сана сезімін дамыту, «қазақ» деп аталатын таңғажайып, әрі бай тарихы және мәдени байтаққа өз қатысының барын сезіну»-дегенді, біздің ұстанып отырған пікірлерімізді қуаттай түседі.  Жастардың патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру және өзін-өзі  тәрбиелеуін, не істесе де Отан, ұлты, халқының мүддесін көздеу деп санаймыз. Өз мүддесін көздеп орындаған жұмыстарының  саналы болуының  өзін  Отанға қосқан үлесі ретінде қарастырудың да маңызы зор. Осыны әркімнің санасына сіңірген күнде  ғана біз нағыз патриоттар тәрбиелей аламыз Патриоттық сана ұлттық және жалпы адамзаттың мүдделер тұрғысынан қарастырғанда Отанға деген көзқарас құндылықтарының  жиынтығы болып табылады. Жоғарыда айтып өткеніміздей ұрпағын өз халқының патриоты етіп тәрбиелеу-қай халықтың болмысын тәрбиелеу жүйесінің негізгі талаптарының бірі.

          Өскелең ұрпақ – Қазақстан азаматы. Олар өзімізді  қоршаған ірі өркениет  орталықтарын, түрлі мәдениетті меңгеріп, өзін сыйлата алатын, рухани дуниесі бай, инттелект деңгейі жоғары, білімді де білікті жаһандану заманына сай болуы шарт. Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектерінің қорытындылары  мен тікелей мектеп практикасындағы мұғалімдердің іс-тәжірибесінің қорытындыларына сүйне отырып, мектептегі патриотизмге тәрбиелеу – оқушылардың нақты іс-әрекеті, мінез-құлқын  ұйымдастыру,оған  бағыт беруді негізге алу қажет деп шешті.  Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір оқушыда  патриоттық сана, патриоттық сана, патриоттық сезім  қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ.  Қазіргі қоғамның әлеуметтік сұранысын мектепке қойып отырған талап тұрғысынан  қарастырғанда, патриоттық білім беру маңызды мәселе болып отыр. Патриоттық білім ол қоғамда білімнің тез және шапшаң қарқынмен дамуына байланысты туындауында. Өйткені оқушылардың мектепте  алған білімдерімен шектеліп қалуына болмайды. Әрбір оқушы білімді өздігінен ізденіп, ғылыми және техникалық ақпараттардың ағымына бағдар ұстау дағдысын қалыптастыру қажет. Бұл  патриоттық білім үрдісін  оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағыттау үшін қажет. Патриоттық білім- оқушылардың іс-ірекет тәсілдерді меңгеруі мен білім алуы, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Патриоттық білім қасиеттілігі осы заманда ақпараттық  алмасу үлгісінің  қарқындылығымен құнды.

          Қазақстандық патриотизм өткен замандағы қоғам құндылықтары: тұлға, отбасы, білім, еңбек, Отан, Жер бетіндегі бейбітшілік. Бүгінгі  таңдағы патриоттық тәрбие жекелеген бағыттарға  ғана емес, қоғам құндылықтарына қарай бағыт ұстайды. Өйткені  патриоттық сезімнің басты нысаны – Отан, оның мазмұны: туған жер, табиғат, дін, тіл, дәстүр, тарих, әдебиет, өнер. Олар жеке тұлғаны ерекше жылылық, сүйіспеншілік сезіміне баулып, патриоттық сезімінің негізі болады. Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге құрмет, патриотизм-тұлғаның дамуындағы ең жоғарғы деңгейлі сипаттайтын аса мағызды рухани игіліктердің бірі. Ол адамның Отан игілігі үшін  қызмет етуңнен, қажет болса, сол мақсат жолында  ғұмырын құрбандыққа шалуға дейін баруынан көрінеді. Біз баршаға мүмкін беретін қоғам: әр бір адамның жеке басы мен бостандығын құрметтейтін, өзіне-өзі қызмет етуге жағдайы жоқ жандарды қамқорлыққа бөлейтін, қандай еңбекті болса да қадірлейтін, ана мен баланы қорғайтын, зейнеткерлерге қамқор болатын,  ардагерлер мен отан қорғаушыларды  ардақ тұтатын қоғам құруды аяқтауға тиіспіз. Бұл Қазақстанның шынайы париотарының басты ісі. Сондай-ақ «Қазақстандық патриотизмді» еліміздің  әрбір азаматының  санасына  сіңіру – кезек  күттірмейтін мәселе. Ұлтына, нәсіліне сенімі мен намысына, саяси көзқарасы мен ұстанған бағыт-бағдарына, т.б. ерекшеліктеріне  қарамастан, Республикамыздың әр бір азаматы өзі өмір сүріп, ауасын жұтып, игілігін пайдаланып  отырған  мемлекетін « Туған елім, Отаным» деп тануы қажет. Мемлекетке есімін беріп отырған ұлттың салт-дәстүріне  құрметпен қарау, оның тілң мен дінін сыйлау, заңдарына  бағыну, рәміздерін ардақтап, жетістіктеріне шаттану- қоғамның әрбір  мүшесінің басты міндеті.

          Қазақстан патриотизм  мен ұлтаралық татулықтың  әдіснамасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тарихи еңбектері жас ұрпақтың бойында ұлттық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс.  Мектеп оқушылары қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, өз болмысында еш бұрмалаусыз танып, білуі шарт.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан республикасының «Білім туралы» Заңы

2. М.Қани «Қазақтың көне тарихы»,Алматы,1994ж.

3. М.Мағауин «Қазақтың тарихының әліппесі» Алматы,1994ж.

4. Н.Нұғманова «Әдістемелік нұсқау» Мектеп-2004ж.

         

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья на тему "Қазақстандық патриотизмді және тәрбиені қалыптастырудың мүмкіндіктері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Патентовед

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 917 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.09.2015 921
    • DOCX 24.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байтохина Асемгуль Турмаганбетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22291
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 464 человека

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 115 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и философия науки: теория и методика преподавания при подготовке кадров высшей квалификации

Преподаватель философии науки

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

ИТ-инструменты в управлении документооборотом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии продаж: воронка, агрегаторы и мессенджеры

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Арт-педагогика как метод профилактики детских неврозов

Перейти к трансляции