Инфоурок Биология СтатьиСтатья на тему Деңгейлік бағдарлама

Статья на тему Деңгейлік бағдарлама

Скачать материал

Деңгейлік бағдарлама – қазіргі заманғы мұғалімдердің

кәсіби дамуының алғы шарты

 

Бейсенова М.Б., Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Маңғыстау гуманитарлық колледжінің

жоғары санатты анатомия, биология пәндерінің

оқытушысы, І деңгей

 

Мектеп мұғалімдерінің шәкірт тәрбиелеу мен оқытудағы оң нәтижеге қол жеткізуі болашақта еліміздің өркениетті елдердің қатарына қосылуы мен алдыңғы қатарлы дамыған 30 мемлекеттің қатарынан көрінуі. Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы – жас ұрпақ. Осы ұрпақты болашаққа даярлау, қоғамға сай бейімдеу – білім беру жүйесі, соның ішінде, нақты айтар болсақ, мектеп еншісінде. Олай болса, бүгінгі таңда мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттырудағы деңгейлі курстардың орнын ерекшелеп айтуға болады. Бүгінде еліміздің білім беру саласының дамуына жаңа мүмкіндік берудің жолдары жан-жақты қарастырылуда. Өйткені бүгінгі білім жүйесі мектепке ойшыл, зерттеуші, жаңашыл, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалімді қажет етеді. Осы қажеттілік барысында деңгейлі бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының табысты нәтижесін атап көрсетуге болады.

«Бағдарламаның мақсаты –мұғалімдерге мектеп жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті білім мен дағдыларды беру болып табылады...» делінген, яғни 3 ай біліктілігін арттырған мұғалімнің педагогикалық қоржыны толып, ынтымақтастықта жұмыс жүргізеді, табысқа жетудің сан қырларын қарастырады, соның жолында ізденеді.

Бүгінгі таңда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына қарасты Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының деңгейлі бағдарламасы бойынша үш деңгейде мұғалімдерді дайындауда. Бұл деңгейлі курстан өткен мұғалімдер халықаралық білім беру жүйесімен танысады, сондықтан өз мектептерінің сапасын көтеруге қызмет жасайды. Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне өз мектептерін жеткізу жолында еңбек етеді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Егеменді елдің, келер ұрпақтың болашағы, келешегі білімде жатыр, ол үшін білімді, білікті ұстаздар керек...» деген сөздері мектептегі әр ұстазға үлкен жауапкершілікті жүктейді.

Деңгейлі курсты сәтті аяқтап, мектебіне оралған мұғалімнің мақсаты – бағдарламаның негізгі идеялары мен модульдерді ықпалдастыра отырып, мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесіне өзгеріс енгізу. Бұл бағытта мұғалімдер мектепішілік, аудандық, қалалық, облыстық деңгейде әр түрлі тақырыптарда коучингтер өткізіп, бірнеше мұғалімдерге тәлімгерлік жасап білім беру саласына өзгеріс жасауға ықпал етуде. Өз жұмысы туралы рефлексия жасап, мониторинг жүргізу арқылы жұмыстарын қорытындылап отырады. Яғни өткізген тақырыптары бойынша әдістер мен тәсілдерді бірнеше мұғалім сабақтарында пайдаланды, ол сабақ туралы оқушының, ата-ананың пікірін де біледі. Мұғалімдер арасында өткізілген түрлі тақырыптардағы коучингтер бұған дейін өз жұмысын өзі жеке атқарып жүрген әріптестердің арасында ынтымақтастық орнатып, педагогикалық ұжымның ахуалын жақсартып келеді. Алған білімдерінің нәтижесінде мұғалімдер өз жұмыстарын жүйелеп, бір арнаға келтіруге мүмкіндік алады, сонымен бірге бүкіл білім жүйесінің өзгеруіне өзіндік ықпал етеді.

Деңгейлі курсқа дейін пікір алмасу үшін мұғалімдер бір-бірінің сабақтарына қатысуы аз болғанын жасырмауымыз керек. Пән мұғалімдері сәтсіз тәжірибелерімен бөлісе алмады, әріптестер арасында сенімді қарым-қатынас болмады, мұғалім өзінің жеке дамуы үшін ғана қызмет ететін тәрізді болды.Деңгейлі курс осы ұстаздардың басын қосып, үздіксіз кәсіби дамуға, теориялық және практикалық кәсіби құзыреттілігі терең мұғалімдерді бірлесе, сенімді жұмыс істеуге үйретті.

Деңгейлі курстың мектеп мұғалімдеріне берген тағы бір жетістігі – кәсіби желілік қоғамдастықта жұмыс істеуге бағыттады. Мұғалімдер мен оқушыларды өздері қызықтыратын тақырыптарда бір мақсатқа жұмылдыратын желілердің болуы мұғалім мен оқушыларды жетістікке жетелейді, пікір алмасуға мүмкіндік береді. Бұл қоғамдастық біздің уақытымызды үнемдейді, өзара тәжірибе алмасу үшін тиімді, интернет арқылы кез-келген жерден қатысуға мүмкіндік бар. Сұрақ қоясың, жауап аласың, пікіріңді білдіресің, басқаның да пікірін біле аласың. Бұл жерде ақпараттық-коммуникациялық технологияның өзіндік орны бар.

Бүгінгі таңда біздің еліміз мектептерді интерактивті тақталармен жабдықтап, интернет жүйесіне оқу кабинеттерінің барлығын қосуға мүмкіндік жасауда. Мұғалімдер желілік қоғамдастық арқылы өз мектептерінің даму бағдарламаларына енгізген оң өзгерістері мен жұмыстың бағыты жайлы ой бөліседі. Күтілетін нәтижесі туралы болжамды біле отырып, басқалармен ой бөліседі.Мұғалімдер көшбасшы болып қоймай, мұғалімдер арасынан да көшбасшылар дайындап, бірлесе отырып басқа мұғалімдерге ой салуы керек.

Негізгі идея – әрбір оқушыға әріптес ретінде қарап, оның тұлғалық қасиетін жан-жақты дамыту, толыққанды азамат болып шығуына, алған білімін өмірде қолдана білуіне ықпал ету. Міне, осы кезде оқушының өзін-өзі бағалауы қандай деңгейде, білімде, өмірде өзін қай орынға қояды, қай салада шебермін деп бағалайды, қай мамандықты қалайды, қай салада өзін басқаға мойындата алады, міне осы қажеттіліктер келіп шығады.

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулін қазақстандық мектептерге енгізудің қажеттілігі байқалуда. Себебі, өзін-өзі бағалап, сыныптасына баға беріп, топтың мүшелерін дұрыс бағалап үйренген оқушы болашақта өзінің іс-әрекеттеріне толық жауап бере білетін азамат болып шығары сөзсіз. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артты, шығармашылық қабілеттері және сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамуда. Оқушылардың пікірі бойынша: неғұрлым оқушыны көбірек жұмыс жасатудың жолдарын қарастырған сабақтарды оқушылар өздері жоғары бағалайды. Бұл жолда алған білімдерін қолданудың түрлі әдістерін сабақ барысында қарастыру нәтижелі болмақ. Оқушылардың өз ойын ашық айтуға, дәлелдеуге мүмкіндік беру, сабақта еркін болуды назарда ұстау қажет. Жұмыс жасау барысында жеке, жұптық, топтық жұмыстың қыр-сырын меңгеруге және топты түрлі деңгейде қайта құрып, сабақ соңында топтардың жұмысын талдап отыруға, оқушылардың ұсыныс-пікірлерін жауапсыз қалдырмауға тырысу - сабақтың сәтті шығуының нәтижесі. Сабақты талдау мен бағалаудың өзіндік ерекшелігі бар, мұнда оқушы үйлесімді жұмыс жүргізіп, өзара және өзін-өзі бағалайды. Өзін-өзі бағалау және топтағы бағалау қасындағы сыныптасын басқа қырынан тануға жетелейді. Ұжымдық ынтымақтастығы артады, бір-біріне сенім білдіреді, бір-бірінің пікірін бағалай біледі.

Сабақты оқушылармен топқа бөліп өткізгенде үлгерімі төмен оқушылар алға басуына кедергі келтіреді, өздеріне ерекше көңіл бөлуді қажет етеді, топтың басқа белсенді мүшелері керісінше оларды үнемі ортаға тартып қатардан қалдырмауға тырысып, жетектеп отырады. Пән бойынша топтық жұмыстың тиімді жағы - оқушылардың өзін-өзі бағалауы, достарының пікірін тыңдай білуі, сондай-ақ сынып болып толықтай нәтижеге жетуге ұмтылуы, нәтижеге жету жолында кедергілермен өздерінің күресуі.

Деңгейлі курстың нәтижесінде ата-аналардың пікірі де өзгерді. Өйткені, өз балалары оқу үдерісінде өзін-өзі бағалай отырып, жеткен жетістіктерін және алға қойған мақсаттарын нақты айқындай білгенін көрді. Ата-ана да өз тарапынан баласына қолдау көрсету керек екендігін сезінді. Сөйтіп, ата-ана, оқушы, мұғалім бірлескен жағдайда ғана жетістіктерге жете алатынын түсінді.Яғни, тәрбиенің үш тағаны: мектеп, ұстаз, ата-ана арасында үндестік болатыны белгілі. Осы үндестік сәтті болғанда ғана нәтижелі болмақ. Сондықтан оқушы үшін жетістікке бала, ата-ана, ұстаз бірлесе ынтымақтастықта жұмыс жасамақ.

Деңгейлі бағдарламаны оқыған барлық мұғалімдер сабақтарында жеті модульді ықпалдастыра орынды қолдануды қарастырады және бұл модульдардың философиясын сақтай отырып, педагогикалық іс-тәжірибесін құнды әдіс-тәсілдермен толықтырады. Өзінің құнды деп тапқан іс-тәжірибесімен желілік қоғамдастық арқылы пікір алмасады, сөйтіп басқа әріптестерімен тығыз қарым-қатынас орнатады. Сондай-ақ сабақ берудегі әдісін де, сабақтың құрылымын да, оның мақсатына да басқа көзқараспен қарай бастады.Мұғалімдерде бұған дейін ашық сабақтар өткізу, аудандық, облыстық семинарлар кезінде қобалжу, толқу сезімі басым болса, қазіргі кезде жаңа әдіс-тәсілдерді жиі қолдану нәтижесінде өзіне деген сенім басым бола түседі. Оған дәлел мұғалімдердің сабақтар мен коучингтерді өткізуі.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.А. Әлімов. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері Алматы.2013.

2.К.Ж.Бұзаубақова.Жаңа педагогикалық технология.Оқулық.Тараз.ТарМУ.2003.

3.Ж.Cманқұлова, Ф.Саметова. Оқудың иновациялық әдістері оқу әдістемелік құрал. Алматы. 2014.

4.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы.Мұғалімге арналған нұсқаулық .Бірінші (ілгері) деңгей.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья на тему Деңгейлік бағдарлама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 697 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.06.2016 1073
    • DOCX 17.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бейсенова Минаим Бимахановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бейсенова Минаим Бимахановна
    Бейсенова Минаим Бимахановна
    • На сайте: 7 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5652
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Методика подготовки к ЕГЭ по биологии в соответствии с новой структурой и содержанием КИМ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 140 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 392 человека

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 325 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 137 человек

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн и визуальная коммуникация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 14 регионов
Сейчас в эфире

Совместимость современных ценностей и классической поэзии

Перейти к трансляции