Инфоурок Другое СтатьиСтатья на тему "Инклюзивті білім беру"

Статья на тему "Инклюзивті білім беру"

Скачать материал

Инклюзивті білім беру – өмір қажеттілігі

26 Желтоқсан 2013, 14:51 Қарап шығу: 2151 Түсiнiктер: 0

Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.

http://baq.kz/foto/434_982dc3a7cffc4eb3352e15aa7b3cceb1.jpg

Мәселен, Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» Заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының  дамуы  үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту» қажеттілігі айрықша деп атап көрсетілген. Осыған байланысты қоғам алдына оқушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мiндеттер қойылып отыр. Отанымыздың әрбiр болашақ азаматын жан-жақты тәрбиелеп, бiлiм беру арқылы дамыту ең жауапты iс. Қазіргі таңда  балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өзгелермен теңдей білім алуына барлық жағдай жасалуда. Сонымен қатар  елімізде инклюзивті білім беруді дамыту дұрыс жолға қойылған.
Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың  оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi-сегiз жастан анық байқалады. Ата-аналары көмекші не арнайы мектептер мен мектеп-интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен коррекциялық-түзету сыныптарына кемтар балаларын бергісі келмеген жағдайда  жалпы білім алатын мектептерде ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуына толық құқылары бар. Жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн. Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы (психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед) мұғалімдер болмаған жағдайда, тәрбиешілерді, бастауыш кластың мұғалімдерін, қазақ тілі мұғалімдерін арнайы курстарға жіберіп оқытуға болады. Аудандық білім беру бөлімдері облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының мамандарын шақыртып, келісім-шарт негізінде арнайы курстарды жергілікті жерде де  ұйымдастыруларына болады. Егерде мектептерде кемтар балалар аз болған жағдайда, мұғалімге жұмыс жасаған сағатына қарай ақша төленеді. Бұл екінші жағынан тәрбиеші, бастауыш кластардың және қазақ тілі мұғалімдеріне уақытша болса да қосымша табыс табудың көзі ашылады. Егер бала көмекші бағдарламаны толық игерген болса, оған арнайы куәлік беріледі, ал игермесе, анықтама ғана алады. Егер ата-анасы баласын арнайы мектеп- интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектепте мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша, инклюзивті оқытуға міндетті. Тоғыз класты бітірген соң арнайы куәлік беріліп, кәсіптік лицейлерге жіберіледі.
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткеніндей, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді; оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді; адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру мақсатында,  типтік арнайы білім бағдарламасы жасалды. Онда балалардың мұқтаждықтары ескеріліп, білім алуларын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдістері қарастырылған. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады. Өйткені, олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді. 
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Астанада «Инклюзивті білім беру саясатын жүзеге асыру» атты халықаралық конференция өтті. Оған ЮНЕСКО Кластерлік бюросы, Қазақстандағы балалар қоры және 48 халықаралық конференция нұсқауларын жүзеге асыру мақсатында Сорос қоры үлкен қолдау көрсетті. «Барлығына арналған оқыту» атты халықаралық бағдарламаның бір бөлігі ретінде, инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья на тему "Инклюзивті білім беру""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по волейболу

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 033 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2017 808
    • DOCX 177.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Адильбекова Алия Шахизадаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Адильбекова Алия Шахизадаевна
    Адильбекова Алия Шахизадаевна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13607
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой