Инфоурок / Другое / Статьи / Статья на тему "Күй өнерінің өңірге қарай ерекшеліктері"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Статья на тему "Күй өнерінің өңірге қарай ерекшеліктері"

библиотека
материалов

Мусалиева Т.С.


Саран қаласы

«№1 балалар өнер мектебі» КМҚК

оқытушысы



Күй өнерінің өңірге қарай ерекшеліктері

Музыка қазақ өмірінде туғаннан бастап өлгенге дейінгі адамның айырылмас жан серігі.

Дүние жүзі әлемінде халықтың өміріндегі, жеке адамның тұрмысындағы азды-көп із қалдырған уақиғалардың бірталайы ән мен күйден орын алған. Күйлерде адам қайғысымен қуаныш сезімінің сондай нәзік нюанстері беріледі: баланың дүниеге келгендегі қуанышы; жақын адамнан айрылғандығы қайғы; сүйген жігітіне қосыла алмай, басқа біреуге еріксіз кетіп баражатқан қыздың қасіреті; музыкалық портрет және табиғатқа масаттану тағы басқалар.

Құрманғазы, Сейтек, Дина сияқты халық композиторларының шығармаларында туған елінің арманы мен мүддесі байқалады.Олардың күйлерінде – халық басындағы қайғы-қасіреті, жауы мен ымыраға келмеушілік, әділетсіздікке қарсы наразылық, жарқын болашаққа деген үміт, зорлық-зомбылықтан азат өмірді аңсағандық сезіледі. Мұндағы әлеуметтік бағыттың болуы олардың творчествосына ерекше маңыз береді.

Күйлердің көпшілігі программалы. Олардың әр түрлі аңыз, ертегі нақтылы уақиғалар негізінде жасалғанын аңғару қиын емес. Музыкалық образдардың сипатын айқын суреттеп, талдап қорытылған эпикалық құрылыспен өткірленген музыка драматургиясы олардың симфонизмін анықтайды.

Қазақтың халық аспапты творчествосында ең көп өріс алғаны домбыра музыкасы. Батыс Қазақстандық және Шығыс Қазақстандық домбыра өнерінің ерекшеліктерін байқап көрейік.

Бұлардың бір-бірінен айырмашылықтары – тақырыптарында, нақтылы көріністің мазмұнын аша білу тәсілінде және орындаушылық үлгісінде.

Батыс Қазақстанның күйшілік дәстүріне – рельефтік, қарқындылық және тереңділік, музыкалық образдардағы қалайда скульптура жасағандай монументтілік, олардағы симфониялық белгінің барын анықтаушылық қасиеті тән. Күй әуендерінің линеарлық ұмтылғыштығына бейім құрылады. Өлшемі мен ырғағы көпшілігінде ұстамды. Олар қол қоспасының бірыңғай сілтеуімен орындалады.

Шығыс Қазақстанның күйлері – лирикалық жағымен, ән музыкасына жақындығымен және камералық үнімен ерекшеленеді. Өздерінің сипаты жағынан философиялық, кейде иллюстрациялық түрде болып келеді. Әуендері әсем, сондай нәзік. Ырғақ өлшемі оралымды (ол жиі ауысып, жиі ассиметрияланады). Күйшілерінің орындаушылық шеберліктері сыпайы, олар шертіп қағу тәсілін көбірек пайдаланады.

Сондықтан да Батыс Қазақстанда күйшілік өнері дамып, көбірек тараған да , ал Шығыс Қазақстанда әншілік өнері басым (бірақ «аспапты» Батыс Қазақстан әнімен, «әнші» Шығыс Қазақстанның күйлерінің өзіндік ерекшеліктері бар және қазақтың музыкалық творчествосында маңызды орын алады).

Қобыз күйлері домбыра күйлеріне қарағанда онша көп тарай қоймаған. Ұзақ уақыт бойы қобыз жыршылар (тек эпикалық шығармаларды орындаушылар) мен бақсылардың (бәлгер, тәуіптер) қолындағы құрал есебінде қолданылды. Бақсылар қобызды – «киелі» аспап, оның үні – «жын шайтандарды» қуу үшін жаралған деп есептеген.

Қобызға арналып шыққан күйлердің сақталып қалғандары санаулы-ақ. Олардың негізгі бөлігі – Ықыластың шығармалары.

Ал сыбызғыға арналған шығармалар оданда аз. Бақташының қолданатын аспабы ретінде ел арасында онша көп тарай қоймаған. Сыбызғыға қарапайым әуен, мақамдар ғана ойналатын. Жинаққа енгізіліп отырған сыбызғы күйлері осы айтқанымызды толығымен дәлелдейді.Солардың ішінен бесеу ғана музыкалық аспаппен ойнауға келерлік.

Халықтың аспапты музыка шығармаларына неше түрлі музыкалық образдар жасалған. Алайда домбыра шығармасының музыкалық драматургиясында олардың өзгешеліктері мен дамуын көрсететін өзіне тән ерекшелігі бар. Әрбір күйде, негізінде белгілі бір образ бейнеленгенмен, олардың сырының ашылуы сан қырлы. Домбыра күйлерінің, көбіне, монотақырыптық болып келетіндігі осыдан.Шығарманың негізі – бір ғана тақырып. Бір жағдайда, ол тыңдаушысына , көпшілік күйлерде кездесетіндей кіріспеден-ақ бірден түсінікті болатын болса, ал екінші бір жағдайда, жәй, біртіндеп қалыптасады. Ол тақырып анықталған соң күйдің формасында тұтастық беретін шығарманың негізгі өзегіне (кейде оның рефрені) айналады.

Күйдің бастаулары да өзгеше: домбырашылар аспаптың бұрауын келтіре отырып, тыңдаушыларын дайындап, олардың назарын өздеріне аударады. Шығарма төменгі регистрден басталады.

Астыңғы шек ашық, мелодия үстіңгі шекте құрылады да , бос шектен секундалық айналымдар пайда болады.Мелодия біртіндеп дамып кульминацияға жетеді (шығарманың шыңы). Бұл – сондай күш беріп, музыкалық дамуды қыздыра түсетін күйдің драматургиялық түйіні. Ондай жағдай мелодиялық диапазонның кеңейуінен (көбінесе квинт-децимаға дейін) барып шығады. Жоғары позициядағы мелодия бірінші дауыста, үстіңгі бос шектің фонында (екінші дауыста өтетін остинато тәрізді мелодия драматизмді күшейтеді). Кульминациядан кейін әуен біртіндеп қалыбына түсіп, өзінің бастапқы түріне келеді.

Шығыс Қазақстанның кейбір күйлерінің кульминациясының да өзгешелігі бар. Бірінші бөлімінің ортаңғы кезінде драматургиялық акцент араласып келеді де, шығарманың жалпы дыбысы әлсірегендей болады. Домбыра күйлері негізінде, репризасымен күрделі екі бөлімді формада шығарылған. Ол форма көбінесе рондомен (мұндай жағдайда негізгі тақырып әр түрлі әшекейленіп, бір ойды да мытатын рефрен есебінде) араласып келеді.

Үш бөлімді күрделі форма сирегірек кездеседі.

Кейде күйлердің құрылысы, тіпті өзгеше болады. Олардың даму принципі шығарманың формасына байланысты. Шығыс Қазақстан күйлерінде көп нұсқалық (варианттылық) принципі сақталады.

Күйлердің мазмұнының байлығы лад ерекшеліктерімен терең байланысты. Халық композиторларының кейбір шығармаларында ладтар өте құбылмалы, ықшамды келеді. Адам сезім-күйінің өте бір нәзәінюанстерін түгел бере алатын, ладтардың полифониясы жасалғандай болады.

Күйлердің әртүрлі бөліктеріндегі ладтардың бір-бірімен плагальдық байланыста келуі де жиі ұшырайды (мысалы, эолийкалық – a-moll-дорийкалық d-moll). Бұл байланыстылықтар ауысу кезеңдерін жеңілдетіп қана қоймай, сонымен бірге музыкалық ойдың еркін дамуына мүмкіндік береді. Мұнымен тональдық бөлімдердің кварталық арақатысы да байланысты.

Қазақтың аспапты пьесалары қос үнді келеді. Олардың қос үнді болуы әр-түрлі. Батыс Қазақстан күйлеріне қосүнділік шығарманың басынан аяғына дейін сақталады. Мелодиялық желі алғашында төменгі дауыспен, одан кейін бірде жоғары, бірде төменгі үнмен кезектеседі. Шығарманың өн бойында екі дауыс бірін-бірі сүйемелдеп, толықтырып отырады.

Сол сияқты Шығыс Қазақстан күйлерінің мелодиялық дамуында осындай жағдай байқалады. Дегенмен, оларда қос дауыстылықтан жеке дауыстылыққа ауысып кетушілік басымырақ. Сондықтан Шығыс Қазақстанның күйлері ән әуендеріне жақындау (кейде речитативті түрде де көрінеді).

Шығыс Қазақстан күйлерінің Батыс Қазақстан күйлерінен айырмашылығы: онда тақырып алғашқы рет жоғары дауыста өтеді де, сонан соң оны не бірінші, не екінші дауыс іліп ала жөнеледі. Олардың бірі «вокалдық» партияны орындаса, ал басқасы кейде, музыкалық мазмұнға қосыла отырып, сүйемелдеуші партияның ролін атқарады. Сол себепті де Шығыс Қазақстан күйлерінде мордент, форшлаг сияқты мелизмдер жиі кездеседі.

Қазақ күйлерінің екі дауыстылығына қарамастан мұнда гормониялық сипаттар анық сезіледі. Олар көпшілігінде ұстамды немесе қатарласа келе жатқан екінші дауыста, келесі мелодиялық суретпен белгіленеді.

Домбыраның өзі сырт құрылысы жағынан екі түрлі. Батыс Қазақстанның домбырасы Шығыс Қазақстан домбырасынан мойнының ұзындығы, пернелерінің көптігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар Шығыс Қазақстанның домбырасы, негізінде, әншілерге көмекші қызметін атқарады.





Қолданылған әдебиет:

  1. Қазақ халқының аспап музыкасы, Алматы, 1964


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-388943

Похожие материалы