Инфоурок / Другое / Статьи / Статья на тему «Мұқағали- мәңгілік жыр»
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Статья на тему «Мұқағали- мәңгілік жыр»

библиотека
материалов

«Мұқағали- мәңгілік жыр» атты жыр мүшәйрасы өз деңгейінде өтті.

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976) қазақ поэзиясының лирик, мұзбалақ ақыны өз заманында лайық бағасын ала алмаса да, өзінен кейінгі ұрпаққа мәртебесі биік болып қала бермек. Ақиық ақын бүгінгі күнде тірі болғанда 85 жасқа толып, туылған күнің тойлар едік. Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанында дүниеге келген. Балалық шағы соғыспен тұспа- тұс келгендіктен Мұқағали өлеңді он- он бір жасынан жаза бастаған. Жастайынан зерек, өлең жазуға жүйрік ақынның әрбір өлеңі тілге орамды, жаттап алуға жеңіл. Сондықтан да, оның поэзиясы әлі күнге дейін ауыздан- ауызға тарап халықтың сүйіспеншілігінен ажыраған емес. Қара өлеңмен халқына өшпес мұра қалдырған Мұқағали Мақатаевтың туылған күнің оқырман халқы жылда атаусыз қалдырмайды. Сөзім дәлелді болу үшін, биыл, яғни 2016 жылдың 9 ақпанында М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған, тақырыбы «Мұқағали- мәңгілік жыр» атты облыс көлемінде өткізілген жыр мүшәйрасы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ұйымдастырылып өткізілді. Іс- шараны ұйымдастырушылар: Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет), Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы және Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледж ұжымдары.

Іс-шараның мақсаты: техникалық және кәсіптік білім алушылар арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау, жастарды шығармашылыққа баулу, талантты , ізденімпаз оқушылардың жетістіктерін қоғамға танымал ету,таланттарын, дарындарын, өлеңге деген құштарлықтарын арттыру, өлең сөзінің құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түсінуге баулу. Жастар арасында шығармашыл және талантты жазба ақындарды қолдау және мадақтау,озық шығармаларын көпшілікке тарату. Жыр мүшәйрасының әділ-қазылар алқасына төрелік етіп қорытынды жасаған: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Боранбаев Болат Елтайұлы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы институтының қазақ тілі және әдебиет кафедрасының аға оқытушысы Исмайлова Гүлнар Қасымханқызы және Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Өнер» бөлімінің меңгерушісі Үмбетова Баян Тұрсынбекқызы. Іс – шараның ашылу салтанатын Қызылорда облыстық білім басқармасының «Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет)» кәсіптік білім бөлімінің меңгерушісі Дүрманов Бағдаулет Дербісәліұлы ашып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Іс- шара екі кезеңнен тұрды.

І кезең «Менің пірім- Мұқағали» М.Мақатаевтың өлеңдерін жатқа айту.

ІІ кезең «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап...» сайысқа қатысушы өз төл туындысынан М.Мақатаевқа арнау өлеңін оқыды. Жыр мүшәйрасына қатысушылар М.Мақатаевтың әнін де, шумақтаған өлеңдерін де, М.Мақатаевтың өмірінен алынған үзінділері де қойылды. Сайысқа қатысушылардың барлығы да жоғары деңгейде жан- жақты ізденіп дайындалған. М. Мақатаевтың өмірінен бейнебаяндар көрсетілді. Оқыған өлеңдері жүректі тербеп, көрермендер үлкен әсерде болды. Іс- шараға жалпы облыс көлеміндегі 25 колледжден білім алушылар қатысты. Мүшәйраның шешуші сәтінде жоғарыда аты аталып кеткен қазылар алқасы қорытындылап, жеңімпаздарды анықтап, оларды марапаттады. І орын жеңімпазы - «Қазақ гуманитарлық заң және техникалық» колледжінің білім алушысы Қалабай Айзат,

ІІ орын жеңімпаздар- «Арал индустриалды- техникалық» колледж білім алушылары Ғалымжанов Ақбай мен Зиноллаев Медет, ІІІ орын жеңімпаздары- Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжінің білім алушысы Сағынаева Арайлым және «Шиелі индустриалды- аграрлық» колледж білім алушысы Дәулетхан Ізбасқан.

Қызылорда облысының білім басқармасы Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) дипломдарымен және барлық қатысқандарды алғыс хаттармен марапаттады.

Іс –шараның қорытынды кезеңінде, көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжінің әдіскері Альмердинова Ұлбосын Мүсілімқызы қорытынды жасады. Ол өз сөзінде: М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған жыр мүшәйрасы өте сәтті және қызықты, жоғары деңгейде өткендігі, қара өлеңмен халқына өшпес мұра қалдырған және поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, ауқымды тақырыптарды қамтитының, оның туған жерге, ана мен балаға, өмір мен өлімге, адамдар тағдырына, ақын мен ақындыққа, соғыс тауқыметіне және т.б тақырыптағы лирикалық өлеңдері қайталанбас ұлттық сипатта берілгендігін атап өтті.Сондықтан, Мұқағали Мақатаевтың заты өлгенмен, аты өлмейді дей келе, оған бүгінгі жас шығармашыл және талантты жазба ақындармен өткізіліп отырған жыр мүшәйрасы сбеп екендігің тілге тиек ете келе талантты жастарға шығармашылық табыс тілей отырып, заманауи білікті азамат болып қалыптасуына үлкен үлес қоса берулеріңе тілек білдірді. Сөзінің соңында, өз төл туындысынан төрт қатар өлең шумағын тарту етті.

Бірде сырын ақтарып ақ қайыңға,

Аласұрып кей кезде ала таңда.

Жан дүниесін жайып салған бар адамға,

Мұқағали қайталанбас дара тұлға –дей келе ақиық ақынға арнау да, өлең де, эссе де, естеліктер де әлі талай жазыла береді. Мұқағали ақынның жырлары-тіршілік тамырындай мәңгі жырлар. Жүрегі бар адамның сезімін селт еткізетіндей жырлары болашақ ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталады.


Ұлбосын АЛЬМЕРДИНОВА

Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда»

колледж әдіскері




























Тақырыбы: «Мұқағали –мәңгілік жыр» атты жыр мүшәйрасы.









Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 85 жыл толуына байланысты Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында колледж аралық білім алушылар арасында өткізілген жыр мүшәйрасы жайлы басылым бетіне шыққан мақала.





Дайындаған колледж әдіскері Альмердинова Ұ.М.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-033170

Похожие материалы