Мұқағали-мәңгілік
жыр
Мұқағали
жырларынан әр ұрпақ өзінің сырын, мұңын, жанының жаңғырығын, дертінің дауасын
табады.
Әділ
Ахмет.
Қазақ қазақ
болғалы ұрпақ жадында өзіне-өзі сөзден ескерткіш сомдаған біртуар ұлылар бар.
Данышпан абыз Жамбыл, отты жұлдыз Махамбет, Құлагер Ілияс, жұлдыз Сұлтанмахмұт
сияқты тұлғаларымыздың асыл ой, жауһар сезімге суарылған жырлары қазақ халқының
рухани әлемін байтқан үстіне байыта түсті.
Солардан кейінгі
қара өлеңніңкөшін алға сүйреген биігіміздің бірі әрі бірегейі Мұқағали екендігі
шындық.
9
ақпан күні Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) және Көпсалалы
«Ұлағат Қызылорда» колледжі ұйымдастыруымен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық
кітапханада ақиық ақынның 85 жылдығына арналған «Мұқағали-мәңгілік жыр» атты
жыр мүшәйрасы өтті.
Мақсаты техникалық және кәсіптік
білім алушылар арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау. Білім
алушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант,
табиғи дарындарын анықтау поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің
құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.
Шығармашыл және талантты жазба ақындарды қолдау және мадақтау мақсатында
ұйымдастырылды.
Мүшәйраға төрелік жасаған қазылар құрамында әділқазы
төрағасы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің
«Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының аға оқытушысы,
филология ғылымдарының кандидаты Боранбаев Болат Елтайұлы , «Өрлеу
біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы институтының қазақ тілі және
әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Исмайлова Гүлнар Қасымханқызы, Ә.Тәжібаев
атындағы облыстық кітапхананың «Өнер» бөлімінің меңгерушісі Үмбетова Баян
Тұрсынбекқызы болды.
Байқау екі кезеңнен тұрды бірінші
кезең «Менің
пірім-Мұқағали» М.Мақатаев өлеңдерінен жатқа оқу.
ІІ кезең: «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап...»
қатысушы өз төл туындысынан М.Мақатаевқа арнау өлеңін оқиды.
Жыр мүшәйрасына 21 оқу орнынан 38 білім алушы қатысты. Олар
ақын рухы-ұлт рухының ұрпағының ажырамас бөлшегі екендігін тағы да дәлелдей
түскендей. Байқау қорытындысы бойынша, өнерін ерекше шабытпен көрсете білген,
тыңдарман жүрегін баураған Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің
білім алушысы І орын , ІІ орын Арал индустриалды-техникалық колледжінің білім
алушысы, ІІІ орынды Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжінің білім алушылары
иеленді. Жүлделі орын алған білім алушылар арнайы Қызылорда облыстық оқу орталығының
(әдістемелік кабинет) дипломдарымен марапатталды. Ал қалған қатысушыларға Алғыс
хаттар табысталды. Осындай үлкен, маңызы зор іс-шараға белсен қатысқан білм
алушыларға биікке самғауда қанаттарын еш талмасын.
Жазылар естеліктер
нешелеген,
Көрерміз оның бәрін пешенеден.
Әйтеуір, білетінім бір - ақ нәрсе,
Көшеді өлең немесе өшеді өлең,- дейді ақиық ақын
Мұқағали Мақатаев.
Ақиық ақынға арнау, өлең де, эссе де, естеліктер
де әлі жазыла берер. Мұқағалидың өзі айтпақшы: өлең көше ме, өше ме - мәселе
сонда! Мұқағали ақынның жырлары – тіршілік тамырындай мәңгі жырлар. Жүрегі бар
адамның сезімін селт еткізетіндей жырлары болашақ ұрпақтың жүрегінде мәңгі
сақталады..
Райхан
Барпаяқова
Көпсалалы
«Ұлағат Қызылорда»
колледжінің
оқытушысы
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.