804229
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5 480 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1 400 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 60%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до 28 февраля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

Инфоурок / Информатика / Статьи / Статья на тему " Модульдік технологияны пайдаланып оқытуға арналған әдістемелік әзірлеме"

Статья на тему " Модульдік технологияны пайдаланып оқытуға арналған әдістемелік әзірлеме"


Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 184 курса профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

hello_html_m79ff17f4.png

ЖАМБЫЛ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ



БЕКІТІЛДІ

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

_________ Ж.Р.Орынбаева

«____»_________ 2008ж.


3706002 - «Есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығы



Модульдік технологияны пайдаланып оқытуға арналған әдістемелік әзірлеме




Бағдарламалау және ЕТЦӘК

отырысында қарастырылды

Хаттама №___

______”_________2008ж


ЦӘК төрағасы ___________ Тулепбергенов Р.А.





Дайындаған: Бекмолдаева Қ.Б.





Тараз 2008ж


КІРІСПЕ


Оқыту, тәрбиелеу және дамыту сапасын арттыру –мемлекеттік «Білім беру» бағдарламасын жүзеге асыру бағыттарының бірі болып табылады.

Қазіргі заман талабына сай жан – жақты, білімді , саналы , өз бетімен ойлай білуге талпынатын, өзінің көз қарасы, ой – тұжырымы бар бала тәрбиелеу – ұстаз алдындағы үлгі іс. Бұл істі кез – келген пән сабақтарында жетілдіруге болады. Оқушының алатын негізгі білімдерінің сапасы оқыту дәрежесіне тәуелді.Сондықтан әрбір ұстаз - өз ісінің шебері, яғни жан – жақты ізденгіш жаңашыл болуы тиіс. Оқушының білімге ықыласы мен қызығуын арттыру мақсатында сабақ құрылымы мен әдіс тәсілдерін өзгертіп отыруы қажет.

Менің «Алгоритмдеу және бағдарламалау негізі» пәнімді оқытуда М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясын пайдалануға болады және қазіргі заман талабына сай технология деп санауға болады. Бұл технология бойынша баланы бір тұлға деп қарап , оны оқытушымен тең әріптестік қалыпта ұстап, білім алу арқылы дамуын, танымдық қабілетін дамытуға, шығармашылық ізденісін тереңдетуге, сөздік қорын дамытуға және дарынды баламен жүйелік жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Модульдік оқыту технологиясы бойынша модуль- қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын, біршама дербес бөлігі. Оқу модулі үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу және қорытынды бөлімдерінен тұрады.

Оқу модулінің құрылымы:


Кіріспе бөлімі

(Модульге,тақырыпқа енгізу)

hello_html_ff974f3.gif


Сөйлесу бөлімі

(оқушының танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)

hello_html_ff974f3.gif


Қорытынды бөлім

(бақылау)


  1. Оқу модулінің кіріспе бөлімі. Бұл бөлім – кіріспе – қызықтырушылық кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар бағдарламаның осы тарауын неге және не үшін оқып – үйренулері керек, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түсінуі қажет.

Мұғалім оқу модульінің жалпы құрылымымен және мазмұнымен таныстырады.


Кіріспе бөлімін тараудағы тақырыптарды сзба тірек түрінде түсіндіру, электронды оқу құралдарын пайдалу, мультимедиа, презентациялау арқылы баяндауға болады.

  1. Оқу модулінің сөйлесу бөлімі. Оқу модулінің тарауды тұтас оқып – үйренудің екінші –танымдық кезеңін іске асыру болып табылады. Сөйлесу бөлімін дайындау 5 әрекет қадамнан тұрады:

    1. Модульдік сөйлесу бөліміндегі материалдың негізгі мазмұнын белгілеу;

    2. Оқу материалын біртұтас, жинақы, өсу бағытымен беру;

    3. Тақырып бойынша жеңілдетілген деңгейдегі және білім стандартының талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау;

    4. Оқушылардың пәнге қызығушылығын дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материал дайындау;

    5. Осы бөліктің барлық сабақтарында өзара сөйлесуді қамтамасыз ету.

Сөйлесу бөлімінің жұмысы төмендегідей негізгі қағидаларды есепке ала отырып құрылады:

  1. Оқу материалын біртұтас беру қағидасы.

  2. «Өсу» бағытымен оқып – үйрену қағидасы.

Өзара қатынасқа және сөйлесуге құрылған оқыту оқу процесінде белсенді формаларды қолдану арқылы іске асырылады. Олар: топтық немесе жеке топтқық; жұптық; ұжымдық. Оқытудың бұл формалары жалпы немесе құрылымдық деп аталады. Бұдан басқа нақты немесе арнайы формалары да бар: семинар; оқу конференциялары; диспут; топтық пікірталас және т.б.


  1. Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі

Бұл бөлім тарауды немесе тақырыпты оқытудың тұтас циклін аяқтайтын, соңғы бөлімі. Осы бөлімде оқушылар өз қызыметін талдайды – яғни, баға алады, соңында әр оқушының танымдық қызметінің жалпы оқу нәтижесін анықтайды.

Оқу бөлімінің қорытынды бөліміне бақылаудың бірнеше түрлерін енгізеді: 1. Міндетті – тестілеу; 2. Мұғалімнің өз таңдауы бойынша – сынақ, бақылау жұмысы, диктант, шығармашылық жұмыстар жүргізуіне болады.


Мен өзім сабақ беретін бағдарламалау пәнін оқытуда модульдік оқыту технологиясын пайдалануды қарастырайын. Мысалы, «Алгоритмдеу және бағдарламалау негізі» пәнін тараулар бойынша бінеше модульдерге бөліп қарастыруға болады. Әрбір модульді оқытуды үш бөлім бойынша жіктейтін болсақ теориялық мәліметтерді беру, яғни лекция сабақтарды кіріспе бөлімі, аралас,практика-зертханалық сабақтарды сөйлесу бөлімі, тараудың соңғы сабағын қорытынды бөлімі деп қарастыруға болады.

Оқытудың бұл технологиясы оқу материалдарын таңдау, жазу, көру, айту арқылы қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық зерттеушілік сипаттағы тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.

«Алгоритмдеу және бағдарламалау негізі» пәні бойынша «Паскаль тілінің басқару операторлары» тарауын модульдік тәсілмен оқытуды көрсетейін.

Тарауға 14 сағат берілген. Келесі кестеден осы сағаттардың модуль бойынша жіктелуін көре аласыздар.








































Тармақталуды басқару операторлары

Кіріспе

бөлімі














6

1-лекция сабақ (2 сағ)

1.Түрі,мақсаты, міндеттерімен танысу.

2.Паскаль тілінің тармақталуды басқару операторлары туралы түсініктер беру.

3.Шартсыз өту операторы.

4.Белгіні сипаттау.

5.Логикалық амалдар.

6. Логикалық өрнек және оның мәні.

7. Логикалық операциялар мәндерінің кестесі.

8.Мысалдар қарастыру

2- аралас сабақ (2 сағ)

1. Шартты өту операторы

2. Шартты өту операторының толық және қысқаша жазылуы

3. Шартты өту операторының жалпы блок-схемасы

4. Шартты өту операторын пайдалануға арналған есептерге алгоритм және программа құру

3-аралас сабақ (2 сағ)

1.Таңдау операторы, ерекшелігі туралы түсіндіру

2.Таңдау операторының жазылуы мен орындалуы

3.Таңдау операторының жалпы блок-схемасы

4.Таңдау операторын пайдаланып шешуге арналған есептерге алгоритм және программа құру






Сөйлесу

бөлімі




6



4-практикалық сабақ (2 сағ)

1.Тақырыпты меңгеру, білім, іскерлік дағдыларын дамыту. «Инфо-домино» ойыны

2.Шартты өту операторын пайдалануға берілген деңгейлік есептерге алгоритм және бағдарлама құру

3. Қорытынды. Үйге тапсырма.

5- практикалық сабақ (2 сағ)

1. Білім, іскерлік дағдыларын пысықтау.

«Бейн-ринг» ойыны

2. Таңдау операторын пайдалануға берілген деңгейлік есептерге алгоритм және бағдарламасын құру.

3. Қорытынды. Үйге тапсырма.

6- зертханалық сабақ. (2 сағ)

1. Білім, іскерлік дағдыларын қорыту.

2. Деңгейлік тапсырмаларды компьютерде шешу, нәтижесін алу және талдау.



Қорытынды




2




7-сабақ

1. Деңгейлік тест

2. «Зерттеуші» шығармашылық ойыны




1 сабақ. Кіріспе бөлімі.


Сабақтың тақырыбы: Шартты өту операторы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды тармақталу алгоритмін бағдарламалауда қолданатын оператормен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық құрылымдық және алгоритмдік ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.

Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту

Оқыту әдісі: 1.Модульдік технология

2. Сөздік әдіс

3. Тірек сызба

4. Презентациялық

Сабақтың көрнекілігі: Схема, кесте, слайдтар, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Жаңа ұғымды меңгерту. Оқушыларға Паскаль тілінің операторларының жіктелуі бойынша (1-тірек сызба ) жай және күрделі операторларды еске түсіреміз.

hello_html_m3fa65934.gif


3. Басқару операторларының жіктелуін келесі тірек сызба бойынша түсіндіру.


hello_html_m625e5ec8.gif


4. Дәптермен жұмыс. Оқушылар схеманы дәптерге жазады.

5.Негізгі ұғымдар мен маңызды анықтамаларды слайдтар арқылы түсіндіре отырып, дәптерге түсіру ұсынылады.


Слайдтар

Слайд 1

hello_html_m453bba11.gif

Слайд 2

hello_html_m19ab0765.gif

Слайд 3

hello_html_4041faa3.gif

Слайд 4

hello_html_2148be14.gif

Слайд 5

hello_html_62779d15.gif

Кестелер

Шартты өту операторы

Тармақталуы бар процестерді ұйымдастыру үшін шартты операторлар пайдалынылады. Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына тәуелді басқарылады. Бұл операторлардың толық түрі алгоритмдік тілдегі тармақталу командасына сәйкес келеді.


егер шарт IF шарт THEN І–серия

онда І-серия ELSE ІІ-серия

әйтпесе ІІ-серия (оқылуы – иф, зен, элс).

бітті.

Жалпы түрде бұл оператордың форматы (жазылуы):


IF шарт (логикалық өрнек) THEN І – оператор ELSE ІІ - оператор


Мұндағы І және ІІ операторлардың өзі қарапайым немесе құрама оператор болуы мүмкін. Егер IF сөзінен кейінгі жазылған шарт сақталса (ақиқат болса), онда THEN (онда) сөзінен кейін жазылған операторлар сериясы орындалады, онда ІІ-серия операторлары орындалмайды.

IF сөзінен соң жазылатын шартты жазу үшін Паскаль тілінде өрнектерді салыстыру : =, >, >=, <, <=, <> белгілерін пайдаланады.

hello_html_m6971de76.gifЖалпы түрде шартты к1 к2 түрінде қарауға болады.

hello_html_m6971de76.gifМұнда - салыстыру белгілерінің бірі,

К1, к2 - тұрақты, айнымалы, тұрақты және айнымалы немесе өрнектер болуы мүмкін.

Бір мезгілде бір емес, бірнеше шартты, яғни құрама шартты жазу үшін логикалық амалдарды пайдалануға болады.

Кей жағдайларда шартты операторды басқаша былай да жазады:

IF - логикалық өрнек

THEN I – оператор

ELSE II – оператор

Бұл жазу операторлар бір жолға сыймай қалған жағдайда пайдаланылады.

Шартты операторда құрама команданы (операторды) пайдалануға болады:

IF - логикалық өрнек

BEGIN

І – оператор;

ІІ – оператор;

. . . . . . . . . . . .

п-1 – оператор

п – оператор

END

ELSE

BEGIN

Іоператор

ІІ – оператор

. . . . . . . . . . . .

п-1 – оператор

п – оператор

END.

1hello_html_35f8958f.gif-мысал. Y= 2*x-1, егер х<1

x*x+4, x>=1 функциясының мәнін есептеу керек.

Program man;

(* функция мәнін есептеу*)

Var x,y:real;

Begin

Write (‘x=’);

Readln (x);

If x<1 then y:=2*x-1 else y:=x*x-4;

Write (‘y=’,y:6:3);

End.

6. Дәптермен жұмыс. Кесте және слайд мәліметтерін дәптерге жазады.

7. Сабақты бекіту

Бекіту сұрақтары:

1) Құрама оператор деген не және оның құрамындағы операторлар немен шектеледі?

2) Шарт деген не?

3) Логикалық амалдарды атаңыз?

4) Логикалық өрнек деген не?


8. Қорытынды

9. Бағалау

10. Үй тапсырмасы.

1.Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков,Г.Мадиярова

Информатика және есептеуіш техника негіздері , 76-88 беттер

2.y=sign(x) функциясының мәнін есептейтін программа құрастыр. y(x)=hello_html_m7247dd0c.gif












4- сабақ. Модульдік технологияның сөйлесу бөлімі


Сабақтың тақырыбы: Тармақталу алгоритміне бағдарламалар құру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шартты өту операторын пайдаланып бағдарлама құру дағдысын қалыптастыру

Дамытушылық: Алгоритм мен бағдарлама құру кезінде шартты дұрыс қоюға үйрету.

Тәрбиелік: Ақпараттық мәдениетке және ұқыптылыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Оқыту әдісі: Ізденіс, проблемалық, зерттеушілік

Сабақтың типі: практикалық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, плакаттар, «Инфо-домино» үлестірмелі қағаздары, деңгейлік тапсырмалар жазылған корточкалар.

Сабақ барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды топтарға бөлу керек.Әр топта 5-6 оқушыдан болуы керек.


II. Өткен тақырып бойынша білімді тексеру үшін дидактикалық домино ұсынылады. Доминоның көлемі ортасынан тік сызықпен бөлінген 5х10 см төртбұрышты қатты қағаздан тұрады. Оның оң жағына сұрақ жазылса, ал сол бөлігіне жауап жазылады. Бірінші үлестірме бетшенің сол жағы бос , оң бөлігіне сұрақ жазылады. Әр топ өзінің үлестірме беттерін араластырып, доминоны сұрақтың сәйкес жауаптары бойынша құрайды. Сұрақтың жауабы сәйкес келген жағдайда ғана домино ойыны дұрыс ойналады. Егер қандай да бір үлестірме қалып қойса, онда топ мүшелері бір жерден қате жібергенін білуге болады. Домино тізбегі:












1 топ







Айнымалыларды сипаттау: n-натурал, i- бүтін, Х-рационал, z- нақты сандар




Var I,n:integer; x,z:real;





X айнымалысын енгізу





Read(x);





X айнымалысын 5 санымен салыстыру






x<5, x=5, x>5




Шартты өту операторының толық жазылуы






If <шарт> then 1-оператор else 2-оператор




x>10 және x<100




(x>10) and (x<100)







2-топ







Енгізу операторы



Read(x)




x>10 немесе x<100






(x>10) or (x<100)




Логикалық амалдар






<, >, =,<=, >=, <>





Шығару операторы






Writeln(y);




БҮТІН ТИПТІ СИПАТТАУ






Var x::integer;









3 топ








Y=x*x функциясын есептеу программасы





Var x,y:real;






Жақшаны аш



Begin





x-ті енгіх



Read(x);






Y-ті есепте


Y:=sqr(x);






Функцияның мәнін экранға шығар



Writeln(y);







Домино сұрақтарын деңгей бойынша күрделендіруге болады.


III. Шартты өту операторын пайдалануға берілген деңгейлік есептерге алгоритм және бағдарлама құру.

Деңгейлік есептерге шешу алгоритмінің блок-схемасын, бағдарламасын және бағдарламаны компьютерде орындап көрсетуді топ болып орындайды.

Әр топқа тапсырмалар карточка арқылы беріледі. Топ мүшелерінен біреуі блок-схеманы, екіншісі бағдарламаны тақтаға орындап көрсетеді, ал үшінші оқушы компьютерде орындап көрсетеді.

1 деңгей тапсырмалары


1-топқа. А және В сандары берілген. Екі санның үлкенін табуға программа жаз.

2-топқа. С және D сандары берілген. Екі санның кішісін табуға программа жаз.

3-топқа. С және D сандары берілген. Екі санның кішісін квадраттауға программа жаз.


2 деңгей тапсырмалары

Функцияны есептеудің программасын құр


1-топқа. hello_html_413e5c16.gif


2-топқаhello_html_m406ded34.gif


3-топқа z=hello_html_23d78ea4.gif


3 деңгей тапсырмалары

Функцияны есептеудің программасын құр


1-топқа. hello_html_c617306.gif


2-топқа.hello_html_m75ff4b74.gif

3-топқа .hello_html_m11fa5590.gif


IV. Ой қорыту. Топтар бір-біріне 2 сұрақ қояды


V. Бағалау. Бағалау парағының нәтижесі арқылы журналға баға қойылады.


VI. Үй тапсырмасы

1-6 сұрақ, 6-7 есеп 44-45 бет
























7-сабақ. Қорытынды бөлім


Сабақтың тақырыбы: Тармақталу алгоритмін бағдарламалау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Модуль бойынша алған білімді тексеру.

Дамытушылық: Оқушының ой өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Ақпараттық мәдениетке және интерактивті құралдарға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: қорытынды сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Activote тестілеуші құралы

Сабақ барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларға Activote тестілеуші құралы таратылып беріледі. Әрбір құралды тіркеу керек, сонан соң оқушылар базасына қажетті топтың тізімін алып, тізім бойынша әр оқушыға тестілеуші құралды бекіту қажет.


II. Шығармашылық кезең.

  1. Дұрыс жазылған операторды тап.

Интерактивті тақтаны екі бөлікке бөліп, сол бөлігіне дұрыс жазылған операторларды, ал оң бөлігіне қате жазылған операторларды жинау керек.


1.Дұрыс жазылған операторларды табу.

а)write('Сіз қай топта оқисыз? ');

б)Case m of

1: Write(' Қызыл');

2: Write('Көк');

с) real('2ПВТ-07-1');

д) Read(a,b,c);

е) read('Cіздің атыңыз?');

ф) f x

ж) begin

з) beqin

л) if x


2.Берілген программалардағы қателерді табу.

Program kate1;

Var a,b:integer;

begin

read(a,b,c);

writeln((a+b+c)/3);

end.


Program kate2;

Const B=2.5;

Var a,b,c:real;

Begin

read(a,c);

writeln(a*c>b);

end.


Program kate3;

Var a:integer;B:integer;

begin

read(a);

d:=odd(a) and b>a;

writeln(d);

end.



3.Дұрыс тізбегін құру.

функция> writeln(y);

read(x); Writeln(‘y=’,y);

write(y); if

функция> <шарт>

write(‘х-ті енгіз’); else

readln(x); then



4. Егер пернетақтадан 1,5 және -0,8 сандары енгізілсе, программаның орындалу нәтижесі қандай болады?

Program rez;

Var x:real; t: boolean;

Begin

Read(x);

t:=x

Read(x);

t:=t and (x

writeln(t);

End.


5. Программаны жалғастыр.

Үшбұрыштың a,b,c қабырғалары берілген.Үшбұрыш ауданын Герон формуласы бойынша есептейтін программаны аяқта

Program audan;

Var a,b,c,p,s:real;

Begin

Writeln('a,b,c');

Readln(a,b,c);

...

III. Тест тапсыру кезеңі.

Бұл кезең деңгей бойынша құрастырылған тест тапсырмалары

ActivStudio программасы арқылы іске қосылатын интерактивті тақта мен

Activote тестілеуші құралы арқылы интерактивті түрде орындалады.

Флипфарт парақтары автоматты түрде ауыстырылып келесі тест тапсырмасына өтіп отырады.

1-ші деңгей тапсырмалары үшін әр сұраққа 10 секунд,

2-ші деңгей тапсырмалары үшін әр сұраққа 15 секунд,

3-ші деңгей тапсырмалары үшін 25 секунд уақыт беріледі.

Әр деңгей тапсырмаларының нәтижесі MSEXCEL офистік ортасына жіберіліп, баспаға шығарылады.

1 –деңгей тест тапсырмалары

1. Программалардағы тұракты мән

А)Константа B)Айнымалы C)Массив D)Өрнек Е) Шама


2. Әр түрлi мән қабылдайтын объект

А)Айнымалы B)Константа C)Массив D)Өрнек Е)Шама


3.Компьютерге түсiнiктi тiлде жазылған алгоритм

А)Программа B)Шама C)Өрнек D)Айнымалы Е)Массив


4.Тармақталу алгоритміне қолданылатын оператор

А)IF B)GOTO C)FOR D)While Е)Repeat


5.Сандық тұрақтылардың атаулары

А)Бүтiн, нақты.

B)рацианал, символ.

C)Бүтiн, бөлшек.

D)Нақты, бөлшек.

Е)Айнымалы нақты.


6.Алгоритмнiң қасиеттер саны

А)4 B)5 C)3 D)2 Е)7


7.Алгоритмнiң схемалы түрi

А)Блок-схема.

B)Сызықты.

C)Тармақты.

D)Табиғи.

Е)Циклдық.


8.IF операторында қолданылатын қызметші сөздер

А) Then, else

B)Begin, end

C) Goto

D)case, of

E)close, end;


9.Енгiзу операторы

А)Read B) Case C)Write D)Writeln Е)if


10.Шартсыз өту операторы

А)GOTO B)END C)BEGIN D)END Е)LABEL

2-деңгей тест тапсырмалары


1.Турбо Паскальда тұрақтыны сипаттау форматы

А)Const <тұрақты аты> = <тұрақты мәні>;

B)Const <тұрақты аты> := <тұрақты мәні>;

C)Const тұрақты аты ; тұрақты мәні.

D)Const тұрақты аты : тұрақты мәні.

E)Const тұрақты аты .. тұрақты мәні.


2. Егер Integer- типтi сан Real-типтi санға көбейтiлсе, нәтижесiнiң типi

А)real B)string C)integer D)char E)boolean


3.Write мен WriteLn операторларының негiзгi айырмашылығы

А)WriteLn нәтиженi экранға шығарғаннан кейiн курсорды жаңа жолға орналастырады.

B)Write тек 1 операнды болуы мумкiн;

C)Write көрсеткiштi келесi жолға сiлтеп жiбередi;

D)WriteLn тек жазба типтес операндтармен жұмыс iстейдi;

E) тек жазылуында


4. Жай операторлар

A)Меншiктеу, процедураны шакыру, өту, бос оператор;

B)NOT, OR, XOR, AND;

C)Begin мен End аралығындағы кез-келген операторлар;

D) for, if, goto

E) қайталау операторлары


5.IF операторы программада орындайтын әрекет

A)Тармакталу құрылымын программалайды;

B)Бiрнеше мүмкiн жағдайдың бiреуiн таңдап алады;

C)Бiрнеше операторлардан кұрылған цикл ұйымдастырылады;

D)Алдын ала белгiсiз рет кайталанатын цикл ұйымдастырылады;

E) сызықты алгоритмді программалаqды


6. CASE операторы программада орындайтын әрекет

A)Бiрнеше мүмкiн жағдайдың бiреуiн таңдап алады;

B)Тармакталу құрылымын програмалайды;

C)Бiрнеше операторлардан кұрылған цикл ұйымдастырылады;

D)Алдын ала белгiсiз рет кайталанатын цикл ұйымдастырылады;

E) сызықты алгоритмді программалаqды.


7. GOTO операторы программада орындайтын әрекет

A)Операторлар орындалу ретiн өзгертедi;

B)Алдын ала белгiсiз рет кайталанатын цикл ұйымдастырылады;

C)Алдын ала белгiсiз рет кайталанатын цикл ұйымдастырылады;

D)Айнымалының атауын қайта-қайта жазбауға мумкiндiк бередi;

E) Оператордың орындау қызметін тоқтатады.


8. 13 DIV 3 нәтижесі

А)4 B)3 C)5 D)2 E)1


9. 11 MOD 5 нәтижесі

А)1 B)3 C)7 D)4 E)2


10. 45 mod 15 нәтижесi

А)0 B)3 C)7 D)4 E)2


3-деңгей тест тапсырмалары

1. .Егер х=1, онда у-ке 2 мәнiн меншiкте, ал егер х=2 тең болса у-ке 1 мәнiн меншiкте командасының жазылуы

A)if x=1 then y:=2 else if x=2 then y:=1;

B)if x=1 then y:=2 if x=2 then z:=1;

C)if x=1 then y:=2 else y:=5;

D)if x=1 then y:=1 else y:=2;

E) if x=2 then y:=1 else y:<>2;


2. Егер х=1, онда у-ке 2 мәнiн меншiкте, әйтпесе у-ке 1 мәнiн меншiкте командасының жазылуы

A)if x=1 then y:=2 else y:=1;

B)if x=1 then y:=2 if x=2 then y:=1;

C)if x=1 then y:=2 else if x=2 then y:=1;

D) if x=1 then y:=1 else y:=2;

E) if x=2 then y:=1 else y:=2;

3. 14 және 7 сандарын экранға шығаратын операторлар

A)Number:= 7; write(2*number); writeln(number) ;

B)Number:= 7; number:=2*number; writeln(number);

C)Number:= 7; writeln(number); number:=number;

D)Number:= 7; number:=number+1; writeln(number);

E)Write (14,7);


4. 14 санын экранға шығаратын операторлар

A)Number:= 7; number:=2*number; writeln(number) ;

B)Number:= 7; write(2*number); writeln(number);

C)Number:= 7; writeln(number); number:=number+1;

D)Number:= 7; number:=number+1; writeln(number);

E) Write (14);


5. 7 санын экранға шығаратын операторлар

A)Number:= 7; writeln(number); number:=number+1;

B)Number:= 7; write(2*number); writeln(number);

C)Number:= 7; number:=number+1; writeln(number);

D)Number:= 7; number:=2*number; writeln(number);

E) Write (7);

6. -3 мәнiн баспаға шығаратын оператор

A)WriteLn( 17 div(-5));

B)WriteLn( 17 div 5, 17 mod 5);

C)WriteLn(-17 div 5, -17 mod 5);

D)WriteLn(-17 div (-5));

E) Write (7);

7. Баспаға –3, -2 мәндерiн шығаратын оператор

A)WriteLn(-17 div 5, -17 mod 5);

B)WriteLn( 17 div(-5));

C)WriteLn( 17 div 5, 17 mod 5);

D)WriteLn(-17 div (-5));

E) Write (7);

8. Төмендегi операторлар орындалғаннан кейiн А-ның мәнi :a:= 3; if a<4 then begin a:=a+2; a:=a+3 end

a)a = 8

b)a = 5

c)a = 6

d)a = 3

e)а=4


9. Егер А=0.5, В = -1.7 болса, төмендегi шартты оператор орындалғаннан кейiн А мен В-ның мәнi IF A

a)A=0.5; B=0.5;

b)A=-1.7; B=-1.7;

c)A=-1.7; B=0.5;

d)A=0.5; B=-1.7;

e)A=0; B=0;


10. m:=25; n:=m+1; m:=n-25; write(m,n); Экранға шығатын мәндер

a)1,26

b)25,26

c)0,26

d)26,1

e) 1,1


IV. Бағалау кезеңі.

Тест нәтижелері және шығармашылық кезең бойынша қорытынды баға қойылады.

  1. Үйге тапсырма. 1.Қайталау. 2. 3 санның үлкенін табуға алгоритм құр және бағдарламасын жаз.



24


Общая информация

Номер материала: ДБ-036754



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Табличный процессор MS Excel в профессиональной деятельности учителя математики»
Курс повышения квалификации «Внедрение системы компьютерной математики в процесс обучения математике в старших классах в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация работы по формированию медиаграмотности и повышению уровня информационных компетенций всех участников образовательного процесса»
Курс «Фирменный стиль» (Corel Draw, Photoshop)
Курс «Оператор персонального компьютера»
Курс «3D Studio MAX»
Курс «WEB-ВЕРСТКА (HTML, CSS)»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс профессиональной переподготовки «Информационные технологии в профессиональной деятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО»
Курс профессиональной переподготовки «Управление в сфере информационных технологий в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика обучения информатике в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания дисциплины «Информационные технологии» в условиях реализации ФГОС СПО по ТОП-50»
Курс повышение квалификации «Применение интерактивных образовательных платформ на примере платформы Moodle»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.