Инфоурок Школьному психологу СтатьиСтатья на тему "Отбасы тәрбиесі түрлері"

Статья на тему "Отбасы тәрбиесі түрлері"

Скачать материал

Отбасы тәрбиесінің стилі және оның бала тұлғасының дамуына ықпалы

Отбасы тәрбиесінің стилі және оның бала тұлғасының дамуына ықпалы

Отбасы әлеуметтік институт болғандықтан, сөзсіз, қоғамның ықпалында болады. Отбасының өзгеруінің заңдылығы жалпы қоғамда болып жатқан өзгерістермен бағыттас. Сондықтан қазіргі кездегі отбасының жағдайын түсіну  үшін  және  оның дамуының болашағын  бағалау үшін бүкіл  ХХ  ғасыр  бойы қоғамдық өмір мен бұқара санасында болған түбегейлі өзгерістерді ескеру керек.

Отбасы – адам баласының өсіп - өнер алтын ұясы.  Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын – тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.

Ата - аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр.Кейінгі  кезде  бір    отбасында  баламен  бірге   болмай-ақ  жақсы  ата-ана  болуға  болады  деген  пікір  танымал  болып  кетті.  Бұдан  бұрын  мүлдем қабылданбаған  бұл  пікір  ХХ  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  отбасы  институтының  басынан  кешкен  дағдарыстан  туындап  отыр.

Дағдарыс  некелердің  тұрақсыз  бола  бастауымен  сипатталады:  ажырасқан  жұбайлардың  саны  тоқтаусыз  өсуде;  бала  туу  азайып,  көптеген  отбасында  бала  саны  аз  және  саналы  түрде  баласыздықты  қабылдайды;   толық  емес  отбасыларында  тәрбиеленетін  балалар  мен  жетімдер  саны  өсуде.  Некеге  тұрудың  өзі  заманның  сәні  болмай  қалды:  көптеген  елдердің  жастары  арасындағы  құндылықтыры  иерархиясында  отбасы  тек   қана  төртінші    орында  тұр.  Егер  де  бұрындағы  отбасысы   жоқ  адам  бақытсыз  немесе  толыққанды  емес  болып  саналса,  қазіргі  кезде  жалғыздық   көбінесе  қалыпты  жағдай  ретінде,   тіпті  кейде  тартымды  өмірлік  жасалымдай  қабылданады.  Азаматтық  некелер  көбейіп  келеді:  отбасылық  жұптардың  үштен  бірі  бүгінде  некелік  одақтың  осы  түрін  қалаған.

Отбасы  институтының  дағдарысын  не  туғызғаны  түсінікті:  діннен,  мемлекеттен,  армиядан,  білімнен,  нарықтан.   Ерте  дамыған  әлеуметтік  институттардың  ең  ежелгі  -  отбасы  терең  транцформациялану  үрдісіне   еңген  болып  шықты  және  заманауи  қоғамда  болып  жатқан  сол  экономикалық,  саяси,  құқықтық  өзгерістерді  көрсетеді.

Бастапқыда  отбасы  адамның  өмірі  мен  қызметін  ұйымдастыру  бойынша  негізгі  функцияларды  жинақтаған.  Дәстүрлі  қоғамда,  жетілдіру  үрдісінде  басқа  әлеуметтік  институттардың  отбасылық  қызметтерді  өзіне  «тартып  алуы»  байқалды,  себебі,  ХХ  ғасырдың  басынан  әр  түрлі  әлеуметтік  институттар,  бұрын-соңды   отбасыға  ғана  тән  болған  фунциялары  жинақтап    орындайтын  болды:  мектептер  мен  балабақшалар  -  білім  мен   тәрбие  функцияларын;  полиция  мен  әскер  -  қорғау  мен  қорғаныс  функцияларын;  қызмет  көрсету  саласы  тамақтандыру,   бос  уақытты  ұйымдастыруды   қарастырды.       

Кейінірек,  біртіндеп,  функциялардың  бірқатарынан  босай  отырып,  оларды  басқа  әлеуметтік  институттармен  бөлісе  келе,  отбасы  өзі  ғана  жүзеге  асыра  алатын  немесе  өзінде  ғана  жүргізілетін  арнайы  қызмет түрін  бөлек   алып  қарастыру  мүмкін  еместігін  фактісіне  келіп  тірелді.

Соған  қарамастан,   тіпті  мейрамханадағы  ең  қымбат  кешкі  астың  өзі   аспаздық  шеберлікпен  ғана  емес,  жақындарына  деген   ерекше  сүйіспеншілікпен  дайындаған  анасының  тәтті  тоқаштары  мен  бәліштері  кешкі  отбасылық  дастархан  басындағы  жылылықты,  ықыласты,   жайлылықты  алмастыра  алмайды,  толық  бақытты  отбасындағы  тәрбие  сапасы  бойынша  ең  тамаша  мектеппен  де алмастырылуы  мүмкін  емес.

Өмір  сүрудің   тәсілі  болуын  тоқтатып,  отбасы  балалардың  да,  ересектердің  де  эмоцияналдық  қолдау   табатын  көздерінің  ең  жақсысы  болып  қала  береді:  тек    қана осы  отбасында  ғана   жақсы  көру  және   сүйікті  болудың,  қамқорлық  жасау  және  қамқорлықта   болудың  талаптары  қанағаттандырылады.

Отбасы  келесі  жағдайларға  байланысты  баланы  тәрбиелеудің  тиімді  ортасы  болып  табылады:

ü Отбасы құрамы  оның  барлық   мүшелерінің  үнемі  және  қажетті  байланыста  болуын  қамтамасыз  етеді  -  бала әр  түрлі  жастағы,  әр  жыныстағы,  алуан  түрлі мамандық  иелерімен  қарым-қытынаста  болуын  мүмкіндігін  алады;

ü Бала  тәрбиесіне  махаббат  дәнекерімен  байланған  ата-аналар  басшылық   жасайды,  олар баласына  еліктеуге  тұрарлық  мінез-құлық  үлгілерін  береді;

ü Отбасының  береке-бірлігі,  барлық  мүшелерінің  мақсаттарының  бірлігі,  балаға  өзінің  қорғалғандығын  сездіріді,  моральдық,  адамгершілік,    және  рухани   құндылықтыр  жүйесін  нық  түсінуге  және   қабылдауға  мүмкіндік  береді.

ü Отбасы  мүшелерінің  арасындағы  экономикалық  байланыстардың  бар  болғандығы  баланың  эмоциялық  қажеттілігін  қанағаттандырады;

ü Барлық  отбасы  мүшелерінің  құқығының  сыйластығында  негізделген  өзаралық  қарым-қатынас,  балаға  өзін,  өз  күшіне  және  өзінің  қабілеттілігін  қанағаттандырады;

ü Барлық  отбасы  мүшелерінің  құқығының  сыйластығында  негізделген  өзаралық   қарым-қатынас,  балаға  өзінің  күшіне  және  өзінің  қабілеттілігіне  сенімді  етіп  сезінуге мүмкіндік  береді,  сонымен  бірге  әлеуметтену  үрдісіне  (бала-бақша,  мектеп,  институт   сияқты  т.б)  отбасынан  тыс қоғамдастықтарға  кіргенде  және  жаңа  дағдыларға  машықтану  жолында  ешқандай  қорқыныш  пен  үрей   көрмейтіндей  етіп  үйретеді. 

Сондықтан,  жақсы  ата-ана  болам  дегендерге   махаббат  сезімін,  жұбайына  деген  байланысты  нығайту  ең  маңызды  міндеттер   болып  табылады.  Отбасылық  құндылықтар  мен  дәстүрлерге  аса  құнттаған   көзқараспен  қарау  керек.  Дүниеге  сеніммен,  келешекке  оңтайлы  көзқараспен,  өзаралық  ахуал,  ынтымақтастық  жайлаған  дұрыс отбасы құру  білу  керек.  Елу  жылдам  астам  отбасылық   өзара  қатынастықтардың  заңдылықтырын  зерттеген  Вирджиния  Сатир  осындай  отбасының  мінездемесін  береді.  Дұрыс  отбасы:

1.     Отбасының  әр  мүшесі  басқа  мүшелерімен  тең  қабылданары.

2.     Жайдарылық, адалдық,  сенімділікке  қолдау  көрсетіліп,   осы  қасиеттер  орнатылады.

3.     Айла- қулық  және  «жақсылық  үшін  өтірікке»  келмей,  сөгістен  қорықпай-  отбасының  әр  мүшесі  өз  сезімін  ашық  түрде  айта  алатын  қалып-  конгруэнтты  қарым-қатынас   жасау.

4.     Отбасы  мүшелері  бір-біріне  қолдау  көрсетеді. 

5.     Отбасының  әр  мүшесінде  өз  отбасысы  үшін  өз  жауапкершілігі  бар.

6.     Отбасы  мүшелері  демалыстарын  бірге  өткізгенді  жақсы  көреді:  олар  үшін  бір-бірі  үшін  қуанып,  барлығы  бірге  қуаныштарын  бөлісу  өте  маңызды.

7.     Дәстүрлер  мен  салт-жоралар  сақталады,  сыйға  бөленеді.

8.     Отбасының  әр  мүшесінің  ерекшеліктері  мен  бірегейлігі  қабылданады.

9.     Отбасының  әр  мүшесінің  сезімдері  қабылданады  да  талқыланады-  әрқайсысы  өзінің  жанына  батқанын  ашық  айта  алады,  оны  мұқият    тыңдап   түсінетініне ол  сенімді  болады.

Ата-ананың  педагогикалық  мәдениеті  дегеніміз  не?  Бұл  сұраққа  жауап  беру  жоғарыда  берілген  «Жақсы  ата-ана  деген  кім?»  деген  сұрақтың  кеңейтілген  түрі  болып  келеді.  Себебі,  тек  қана  педагогикалық  мәдениеті  жоғары  деңгейде  қалыптасқан  ата-ана  ғана  жақсы  ата-ана  бола  алады.  Демек,  тіпті  төменде  келтірілген  мәтін  сізге  тым  теориялық  мазмұнда  болып  көрінсе  де,  педагогикада   дайындалған  бұл  түсінікке  мұқият  назар  аудару  қажет.

Дәл  осылай   ата-аналардың  педагогикалық  мәдениеті  деп  олардың  педагогикалық  мақсатталуы  мен  бағытының  деңгейін  атаймыз,  бұлар  келесі  мәселені  қамтиды:

Ø Ата-аналардың  тәрбиеші  ретіндегі  кемелденуі;

Ø Олардың  педагогика  мен  даму  психологиясы  саласындағы  теориялық  білім  деңгейі;

Ø Ата-аналардың  тәрбиелік  қызметтің  алуан  түріндегі  меңгерген  тәжиребелік  қызметтің  дағдылары  мен  білімі  мен  іскерлігінің  сапасы  және  саны;

Ата-аналардың  педагогикалық  мәдениеттің  деңгейі  олардың  әдемі  сөйлесуінен  емес,  тәрбие  үрдісіндегі  нақты  әрекеттерінен  байқауы  қажет.  Мысалы,  достардың  ортасында  отырып  денелік  жазалау  дұрыс  еместігі  туралы  әңгіме қозғап,  ал  үйге  келе  сала  «қызыңқырағандықтың»  арқасында  баласының  күнделігіндегі  күткен  бестің  орнына  басқа  баға  көргені  үшін  таяқтың  астына  алатын  жағдайларда  кездеседі.

Ата-аналардың  тәрбиелік  қызметі  көп  қырлы  болып  келеді.  Ғалымдар  оны  бес  түрде    қарастырады:     

1)  Мақсат  қоя  білу  қызметі;   2)Ұйымдастырушылық  қызметі; 2)Коммуникативтілік  қызмет;  4)Сараптау-  бағалау,  болжаушылық.

Мақсатты  тұжырымдау  қызметі,  бәрінен    бұрын,  ата-аналардың  тәрбие  мақсатын  анықтай  білуімен,  балаға  әсер  етудің  түрлері  мен  үлгілерін  таңдай  білумен  жүзеге  асырылады.  Ата-аналардың  тәрбиелеу  қызметі,  жалпы  айтқанда,  бүгінгі  күннің  талап  етуімен  қойылған  стратегиялық,  жедел  мақсаттарға  бөлінетін  педагогикалық  міндеттері  үнемі  шешу  үрдісі  болып  табылады.  Оған  ата-аналардың  өзінің  тәрбиелеу  қызметінің  жоспарын  құрастыруы  да  кіреді.

Ата-аналардың  ұйымдастырушылық  қызметі  отбасында  әртүрлі  педагогикалық  үлгілер  мен  баланы  тәрбиелеудің  тиімді  әдістерін  пайдалану  арқылы  тәрбиелік  қызметті  ұйымдастырумен  айқындалады. 

Коммуникативттік  қызмет  ата-аналар  және  балалар,  отбасының  басқа  мүшелері  және  қоршаған  адамдар арасындағы   үйлесімді  қарым-қатынасты  тағайындаумен,  сыйластық  пен  өзара  түсіністік  ахуалының  болуымен  мазмұндалады.

Сараптау-бағалау  қызметі  ата-аналарға  отбасылық  тәрбиеге  берудің  моделін  зерттеуге,  балаға  әсер  етудің  таңдаған  үлгілері  мен  әдістерінің  дұрыстығын  зерделеуге,  отбасылық  тәрбиедегі  регрессивті  беталыстарды  түзетүдің  бағыттарын  белгілеуге  мүмкіндік  береді.

Болжаушылық  қызметті  баланың  тұлғасына  тәрбиелік  ықпал  етудің  ұзақ  мерзімі  жобаларын  дайындауға,  дамудың  әртүрлі  нұсқаларын  болжауға  мүмкіндік  тұғызады.

Әр түрлі  ата-аналар,  әрине,   педагогикалық  мәдениеттің  әр  деңгейінде  болады.  Ана-аналардың  педагогикалық  мәдениеті  деп   өздігінен  баламен  педагогикалық  әрекеттесу  білімі,  біліктілігі  мен  дағдыларына  негізделген  отбасындағы  тәрбие  үрдісін  тиімді  ұйымдастыруға  ата-аналардың  дайындық    дәрежесі    (жоғары,  орта  және  төмен),  баланың  жеке  тұлғалық  дамуын  түсінуге  және  оны  заманауи  қоғамның  мәдениеті  мен  дәстүрлеріне  тартуға  дайындығы  саналады. 

Отбасының  педагогикалық  мәдениетінің  деңгейі  кеңейтілген  отбасыларымен   байланысына  (ата-әжелер  және  туысқандар  отбасыларымен  байланыс),  отбасылық  тәрбие  дәстүрлерінің  генетикалық  беріктігіне,  ата-аналардың  жәке  қасиеттеріне,  олардың   кәсіптік  қызметі  саласына,  өмірлік  тәжіриебенің  молдығына  байланысты  болады.

Ата-аналар  педагогикалық  мәдениеттің  деңгейі  келесідей  жағдайлармен  анықталады:

А)  ата-аналардың баланы  тәрбиелеуге дайындығы  (баланы  тәрбиелеу  мен  дамытуға  адамгершілік  жауапкершілікте болуы;    педагогикалық  білімі  мен  дағдыларының  болуы  және  оларды  тәжірибеде  пайдалануы;  өзінің  және балаларының өмірін  педагогикалық  мақсатты түрде  ұйымдастыра  білу; балалардың  іс-әрекетін  педагогикалық  сауаттылықпен  сарапаттай  білу).

Б) тәрбие  үрдісін  жүзеге  асыруды  қалау  (тәрбие  бойынша  қызметтің  белсенділігі  мен  жүйелілігі  және  ол  туралы  білім; тәрбиенің  басқа  институттарымен  үнемі  байланыс).

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья на тему "Отбасы тәрбиесі түрлері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

PR-менеджер

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 042 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.05.2016 2458
    • DOCX 19.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жумиева Гулсим Гариполлакызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жумиева Гулсим Гариполлакызы
    Жумиева Гулсим Гариполлакызы
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20391
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Психодинамический подход в консультировании

72 ч. — 180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1184 человека из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 563 человека

Курс повышения квалификации

Основы медицинской психологии в деятельности педагога-психолога

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 155 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 156 человек

Мини-курс

Социальные и правовые аспекты эпохи Просвещения: влияние на образование сегодня

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные методы обучения и игровые практики для детей с ОВЗ

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 90 человек