Инфоурок / Другое / Статьи / Статья на тему "Үшөлшемді оқыту жүйесі"

Статья на тему "Үшөлшемді оқыту жүйесі"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебі

hello_html_m35321d9f.jpg

















Пән сапасын арттырудағы үшөлшемді оқыту жүйесінің мәні









Ибрагим Бегімхан Керімханұлы, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

















Бесқарағай ауылы / 2016

ҮӘЖ педагогикалық технологиясының талабы бойынша жаңа тақырыпты меңгеру үдерісі үш кезеңнен немесе екі негізгі бөлімнен тұрады: синектикалық және нәтижеге бағытталған бөлімдерден. Әр кезеңнiң мақсаты “шағын мақсат”, оның нәтижесi “аралық нәтиже”-деп қарастырылады. Кез келген даму үдерісі аралық нәтижелер алып отыру арқылы жүзеге асады. Әр келесі аралық нәтиже оның алдында қол жеткен аралық нәтижеден жоғары болуы шарт. Американдық педагог-психолог ғалым Бенджамин Блум мұндай алты аралық нәтижелерге жеткізетін шағын мақсаттардың алтауын атайды. Олар шағын мақсаттар таксономиясы, немесе аралық мақсаттар иерархиясы, яғни тізбегі – деп аталады. Айталық, кез келген тақырыпты меңгерту мақсаты – тақырыпты толық меңгертуді көздейтін болса – онда түбегейлі нәтиже ең соңғы алтыншы нәтижеге тең болу керек. Мысалы: 1-шағын мақсат «Танып-білу» тапсырмаларын орындап, алғашқы аралық нәтижені алу болса, келесі 2-шағын мақсат: “Түсінуге” бағытталған тапсырмалар беріледі. Оның аралық нәтижесі = нәтиже 2. Сол сияқты: 3) “Қолдану” = нәтиже 3; 4)“Анализ-талдау” = нәтиже 4;

5) “Синтез-жинақтау” = нәтиже 5; 6)«Рефлексия» немесе «тақырыптың мазмұнына баға беру” = нәтиже 6. Сонымен, тақырыпты меңгертудiң мақсатын анықтау үшін түбегейлi нәтиже ретінде 6- нәтижені болжау қажет.


ҮӘЖ технологиясының 1-бөлімІ.

(Синектикалық бөлім. Ол екі кезеңнен тұрады)

Синектикалық бөлімнің І кезеңі (5-7 минут): а) ұйымдастыру; б) үй жұмыстарын тексеру: алдыңғы сабақта өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап келу дәрежесі тексеріледі. Үздік оқушылар сабақтың басында өз дәптерлері бойынша басқа оқушыларды тексереді, немесе оқушылар бір-бірімен дәптерлерін ауыстырып, мұғалім айтып тұрған жауаптармен салыстырып, плюс немесе минус белгілерін қояды. Плюс белгісі қойылған тапсырмалардың санын мұғалімге айтады. Мұңалім оларды тақтада үнемі ілулі тұратын “ашық журналға” тіркейді. Соңынан оларды, қолы босаған сәттерде, алдыңғы өткен сабақтың соңында сыныпта жинаған балл санына қосып, дәстүрлі түрдегі сынып журналына тиісті бағасын қояды; в) жаңа тақырыпқа байланысты проблемалық жағдаяттар туғызуға бағытталған тапсырмалар жиынтығы беріледі. Олар өткенді пысықтау арқылы жаңа тақырыпты меңгеруге үйден дайындалып келуге арналған жұмыс дәптеріндегі «Көпір» тапсырмалары (үйде орындап келуге берілген болатын). Мұның тиімділігі неде? Біріншіден, уақыт үнемделеді, өйткені дәстүрлі оқыту бойынша оқушылар жаңа тақырыпқа өтуге негіз болатын бұрын өтіп кеткен материалдардан алынған тапсырмалардың жауабын білмесе, мұғалім өзі түсіндіріп, уақыт жоғалтатын еді. Екіншіден, егер мұғалім жүйелі түрде мұндай тапсырмалардың орындалуын оқушылардан үнемі талап етіп отыратын болса, онда олардың барлығы, соның ішінде үлгерімі нашар оқушыға дейін дайындалып келуге мәжбүр болады. Нәтижесінде әрбір оқушының белсенділігі мен жауапкершілігі артады. Бұл кезеңде қолдануға тиімді әдістерді төменде берілген ойын түріндегі интербелсенді әдістер ішінен таңдап алуға болады.

Синетикалық бөлімнің ІІ-кезеңі (20-25 минут) – туындаған проблеманы шешу үшін оқушының жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеруіне бағытталған кезең:

а) мұғалім сабақты, әдеттегідей, өзі түсіндіруден бастамайды. Ол, шамамен, 10 минуттық өзіндік топтық жұмыс ұйымдастырады. Топтық жұмыс барысында түрлі интербелсенді әдістер немесе зерттеушілік әдіс арқылы тақырыпты оқушыларға өз бетімен меңгерту жұмыстары ұйымдастырылады. Зерттеушілік әдіс қадамдарының (тәсілдерінің) орындалу реті Б.Блумның «Толық меңгерту» теориясындағы аралық мақсаттардың (1.білу, 2.түсіну, 3.қолдану, 4.талдау, 5.жинақтау, 6.баға беру, яғни рефлексия жасау) орындалу ретімен сәйкес келеді.

Бірақ, біздің ғылыми-зерттеу жұмыстарымызда дәлелденгендей, аралық мақсаттар реті ауыстырылып жүзеге асырылады: 1.білу, 2.түсіну, 3.талдау, 4.жинақтау, 5.қолдану, 6.баға беру. Бұған негіздеме: алдымен мақсаттар тізбегіндегі алғашқы төрт қадам арқылы тақырыптың теориялық бөлімін меңгерту. Мұғалім оқушылардың өз бетімен жасаған танымдық қызметін басқарып, жетелеп отырады. Мысалы, 1.білу мақсатына сәйкес Не? Қашан? Қай жылы? Қайда? ...құрылымы қандай? Аяқта, формуланы жаз, т.с.с. Мысалы, сұрақ: Ұлы Отан соғысы қашан басталды? Жауап:1941 жылы. 2. «Түсіну» мақсатына жету үшін берілетін сұрақтар түрі: Неге? Неліктен? Себебі? түсіндір, бірнеше тәсілмен шеш, тексер т с.с. Бұл сұрақтар «Білу»-дегі жауаптарға қойылады. Мысалы: Соғыстың 1941 жылы басталуының себебі неде? Жауабы:.............. Осындай бірнеше жауаптар енді талдану керек. 3. «Талдау» максатына жету үшін соңғы жауаптардың ішінен салыстыруға келетін ұғымдарды іріктеп алып, тапсырма шартына: аталған ұғымдарды: 1) салыстыр, 2) айырмашылығы неде? 3) ұқсастығын тап. 4) тақырыптың басты идеясын бөліп шығар,- деген тапсырмалар міндетті түрде берілу керек. Немесе: салыстыр, айырмашылығы неде? ұқсастығын тап, -деген үш тапсырманы Венн диаграммасы арқылы қамтып кетуге болады. Онда «тақырыптың басты идеясын бөліп шығар»,- деген тапсырма «талдаудың» төртінші емес, енді екінші тапсырмасы болып қалады. 4. «Жинақтау» мақсатына жету үшін оқушының соңғы тапсырма бойынша бөліп шығарған тақырыптың басты идеясынан: қорытынды шығар, анықтама бер, классификация жаса, сөзжұмбақ, кесте толтыр, немесе тірек-сызба сыз сияқты т.б. тапсырмалар беріледі. Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгертуге арналған мұндай жетелеуші сұрақтардың жауабын оқушылар оқулықтан іздейді. Немеcе, ІІ кезеңнің бұл сәтінде қолдануға тиімді әдістерді төменде берілген ойын түріндегі интербелсенді әдістер ішінен таңдап алуға болады;

б) сабақтың келесі 10 шақты минутында мұғалім оқушыларға алғашқы төрт қадам бойынша меңгерілген теориялық білімдерін ортаға салғызып талдатады. Қажет болса, қосымша фактілер беріп, көмектеседі, түсіндіреді. Оқушылардың өздеріне күш салып, бір-бірінен туындайтын тығыз байланыстағы сұрақтарға жауап алу арқылы диалог жүргізеді. «Жинақтау» тапсырмаларын орындату нәтижесінде әр топтағы оқушыларға қортынды шығартады. Бұл жағдайда әр оқушы тақырыптың теориялық бөлігін толық меңгеріп, олардың білім сапасының түрі, Ю.К.Бабанский [7] бойынша,«толық» және «дұрыс» деген көрсеткіштерге сәйкес келеді, -деп есептеледі. Баға әзірге қойылмайды. ІІ кезеңнің бұл сәтінде қолдануға тиімді әдістерді төменде берілген ойын түріндегі интербелсенді әдістер ішінен таңдап алуға болады;

в) (5 минут): Оқушылардың жоғарыда меңгерген теориялық білімдерін практикада бекіту жұмыстары жүргізіледі. Б.Блумның мақсаттар таксономиясындағы «Қолдану» (оқулықпен жұмыс) және «Баға беру» мақсаттарына сәйкес соңғы екі практикалық қадам орындалады. Эссе жазылады. Топтық жұмыс барысында жаңа тақырып бойынша алған білім, біліктілігін қолдана отырып, күнделікті өмірде кездесетін проблемалық жағдаяттарды шешуге арналған тапсырмалар талданады. Оқушылардың өзіндік ой-пікірлері тыңдалады. Мұндай тапсырмалардың шарттары: «Сен қалай ойлайсың? ....жағдайда не істер едің?» т.с.с сияқты сөз тіркестерінен басталу керек.

ІІ кезеңнің бұл сәтінде қолдануға тиімді әдістерді ойын түріндегі интербелсенді әдістер ішінен таңдап алуға болады.


ҮӘЖ технологиясының 2-бөлімІ.

(нәтижеге бағытталған бөлім)

немесе ІІІ-кері байланыс кезеңі:

Жалпы алғанда, дәстүрлі оқытуда да, барлық белгілі педагогикалық технологиялар бойынша да (соның ішінде: сыни тұрғысынан оқу мен жазу стратегияларын қолдану барысында да) топтық жұмыста көрсеткен белсенділігі үшін сабақтың соңында тек бірнеше ғана оқушы бағаланады. Жаңа тақырып бойынша әр оқушыны бағалау мүмкіндігі болмайтындығынан, мұндай сабақтарды технологияландырылған сабақтар деуге болмайды. Осыған байланысты жауабын күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі: әр оқушының қол жеткізген оқу нәтижесін әділ өлшейтін сенімді бағалау құралы қажет және оны білім беру жүйесінің барлық сатыларына енгізу керек. Ол – критериалды бағалау жүйесі. Критериалды бағалау жүйесі ҮӘЖ технологиясының нәтижеге бағытталған бағалау бөлімінде (ІІІ-кезеңде) қолданыс табады. Жоғарыдағы ІІ кезеңде теория боынша меңгерілген білімдік және практикада бекітілген біліктілік тапсырмалары төмендегі критерийлер бойынша үш деңгейге іріктелініп, оқушылардың жеке жұмыс жасау барысында қайтадан біртіндеп орындатылады, жиналған тиісті баллдарын мониторингке тіркетеді.

Бағалау критерийлері мазмұнның күрделілік дәрежесіне тікелей бағынышты және тапсырмалардың күрделілігіне сәйкес квалиметриялық амал (сапаны өлшеу амалы) негізінде қойылған баға ғана білім сапасының нағыз әділ көрсеткіші бола алады: егер оқушы үш деңгей тапсырмаларын біртіндеп толық және дұрыс орындаса «өте жақсы», алғашқы екі деңгей тапсырмаларын ғана дұрыс орындаса – «жақсы», тек бірінші деңгей тапсырмаларымен шектелсе – «қанағаттандырарлық» деп бағаланады (төмендегі 2-кестеге назар аударыңыз):

2-кесте

Әр пән бойынша оқушының оқу жетістігін өлшейтін бағалау критерийлері


Критерийлер

Оқу жетістіктерінің ең жоғарғы өлшемі

1-деңгей

Білімі: тек ақпараттық сипаттағы мазмұнды «біледі», қайтадан айтып бере алады.

Біліктілігі: үлгі бойынша «қолданады».

5 балл, немесе

«сынақтан өтті»

2-деңгей

Білімі: а) ақпараттың себеп-салдарын «түсінеді», б) «талдау» жұмыстарын жасай алады.

Біліктілігі: өзгертілген жағдайда «қолданады».

+4 балл = 9балл

3-деңгей

Білімі: алған білімін «жинақтай» алады.

Біліктілігі: Рефлексия жасай біледі-эссе жазу арқылы. Өмірде кездесетін проблемалық жағдаяттарды шеше алады

+3 балл = 12 балл

Барлығы


12 балл


Баллды бағаға айналдыру шкаласы:

  • 11-12 балл – багасы «5» (92%-100%);

  • 7-10 балл - «4» (58%-83%);

  • 5-6 балл - «3» (42%-50%);

  • 5 баллдан төмен – «сынан өтпеді» (ешқашан «2» қойылмайды, себебі әр оқушы сынақтан өтуге міндетті).

Үшінші (кері байланыс) кезеңнің өзі үш деңгейлік тапсырмалардан тұрады. Олар екінші кезеңнің топтық жұмысы барысында меңгерілген тапсырмалар. Әр меңгеру деңгейінің талаптарына сай іріктелінген және сәйкесінше, әр тапсырманың өлшем бірлігі анықталған. Оларды біртіндеп орындау арқылы әр оқушы тақырып бойынша алған білім, біліктілігін дәлелдеп, қабілетіне қарай тереңдетеді және қалыптасқан құзіреттілік деңгейін 12-ұпайлық рейтинг жүйесімен (балл жинату арқылы) әділ бағалайды.

1-ші деңгей – оқушылық (өнімсіз – репродуктивтік деңгей: мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті көлемін қамтиды). Бұл деңгейде оқушылар репродуктивтік әрекеттер жасайды:

  • екінші кезеңде қарастырылған ұғымдарды, түсініктерді, аксиомаларды, даталарды, т.б. фактілер, ақпараттарды білу талап етіледі. Қойылатын сұрақтар түрі: не? қашан? қайда? қалай? ... құрылымы қандай?, аяқта, толықтырып жаз. т.с.с. Демек, бұл деңгейде оқушының теориялық тапсырмаларды орындау барысында оның тек ақпараттық мәні бар білімі анықталады;

  • екінші кезеңдегі бекіту тапсырмаларының үлгісі бойынша берілген практикалық тапсырмаларды орындау арқылы біліктілігі анықталады. Жұмысты барлық оқушы міндетті түрде 1-ші деңгей тапсырмаларын орындаудан бастайды. 1-ші деңгейге баға бірден қойылмайды, «сынақтан өтті», «сынақтан өтпеді» деп бағаланады. «Сынақтан өтпеді» деген ұғымның екіліктен айырмашылығы, сынақты қайтадан тапсыруға болады. 1-ші деңгейдің барлық тапсырмасы дұрыс орындалған жағдайда сынақ тапсырылған болып саналады.

Тәжірибе дәлелдегендей, «сынақ» арқылы үлгерімі төмен оқушылар мемлекеттік

стандарттың ең аз қажетті көлемін меңгеріп, екіліксіз оқуға кепілдік (мүмкіндік) алады. Бір мәрте міндетті деңгейден өткен соң, олар алға ұмтылады, бойларында оқуға ынта, өз күшіне сенімдік пайда болады. 1-ші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік өлшемі – «қанағаттандырарлық»: 5 балл = «сынақтан өтті» = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгейлерді меңгере алмаса. Бұл деңгейде оқушының білім сапасының түрі «дұрыс», «толық» деген анықтауышпен бағаланады.

2-ші деңгейде оқушылардан: а) 1-ші деңгейде меңгерген ақпараттық білімдерінің (оқушының 1-деңгейде берген әр жауабының) себеп-салдарын анықтайтын тапсырмаларды орындау талап етіледі: оларды сыни тұрғыдан ұғыну, оқу материалын талдау іскерлігі, білімді салыстыру арқылы мәтіннің негізгі ойын бөліп шығару әрекеттері бағаланады. Тапсырмаларда қолданылатын сұрақтар түрі: бірінші деңгейдегі тапсырмаларға оқушының берген жауаптарына: неге? неліктен? себебі?, түсіндір, бірнеше тәсілмен шеш, тексер, салыстыр, талда классификация жаса, т.б. сұрақтар қойылады. б) Оқушының танымдық қызметіне оқу материалын өзгерту, түрлі жағдайда қолдана білуі (екінші деңгейде қалыптасатын біліктілігі) бағаланады. 2-ші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік өлшемі – «жақсы»: алғашқы жинаған 5 баллға + 4 балл = 9 балл = «4» журналға қойылады, егер келесі деңгейді меңгере алмаса. Бұл жағдайда оқушының білім сапасына 1-деңгейдегі «дұрыс» пен «толық»-қа «әрекеттілік» пен «тереңділік» сияқты білім сапасының түрлері қосылады.

3-ші деңгейде оқушылар танымдық-ізденушілік сипаттағы, білімнің қорытындылауына бағытталған тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалар түрі: өз шешіміңді тап, алгоритм жаса, жүйеле, анықтама, қорытынды шығар, т.б. 3-ші деңгейде: алғашқы екі деңгейде жинаған 9 баллға + 3 балл =12 балл = «5» журналға қойылады. Оқушының білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», «әрекеттілік» пен «тереңділік»-ке «жүйелілік» пен «саналылық» қосылып, барлығының жиынтығы «берік» білім болып саналады. Нәтижесінде, үш деңгейдің тапсырмаларын біртіндеп орындау барысында оқушылар зерттеушілік әдіс арқылы тақырыпты толық меңгереді. 3-ші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік өлшемі – «өте жақсы» = «құзырлылыққа» (меңгерген тақырып аясындағы).

4-ші деңгейдің тапсырмалары оқушылардан зерттеу әдістерін пайдаланып, білімдерін қалыптан тыс (стандарттан жоғары) шығармашылық жағдайында өз бетімен қолдана білуін талап етеді (олимпиадалық тапсырмалар, реферат жазу, ғылыми жобалар қорғау, т.б.). Олар стандарттан жоғары болғандықтан, өздері бөлек 12 балдық жүйемен бағаланады. Бұл жағдайда оқушы мұғалімнің көмегінсіз өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға айналады. Демек, мектеп түлектерінің әрқайсысы барлық пәннен екіліксіз оқуға (1-деңгейдің сынағынан міндетті түрде өткізу арқылы) және жеке басының қабілетіне сәйкес, «жоқ» дегенде, бір бағытта «өмір бойы білім ала алатын тұлғаға» айналуына кепілдік бар.

Сабақ соңында мұғалім әр деңгей тапсырмасының дұрыстығын тексергеннен кейін, тақтада ілініп тұрған «Ашық журналға «+» белгісін оқушылардың өздеріне қойғызып отырады.

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-084872
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>