Инфоурок / История / Конспекты / Статья на тему «Тарих пәнінде танымдық, ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы»
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Статья на тему «Тарих пәнінде танымдық, ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы»




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Тақырыбы:
«Тарих пәнінде танымдық, ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы»

Бүгінгі тарихты оқытудағы басты мақсат - дүниежүзілік дамудағы адамзаттың орны ерекше екендігін, ол жасаған бүкіләлемдік құндылықтарды білетін, оларды Қазақстанның дамуы үшін пайдалануға ынталы, жан - жақты жетілген, өзінің тарихи тамырларын, қоғамдағы орнын түсінетін белсенді азаматтарды қалыптастыру. Осындай міндеттерді жүзеге асыруда тарихшы мұғалімдердің атқаратын орны ерекше.
Тарих пәнін оқыту, ұрпақтар бойына дарыту көп ізденістерді, сан түрлі әдістемелік тәсілдерді қажет етеді. Ізденетін мұғалімдер болса ғасырлар қойнауында тұнып жатқан бай шежірелер баршылық. Оны талмай ізденудің, жан - жақты талдаудың нәтижесінде күнделікті баспасөз құралдарынан табуға болады. Қазақ атамыз «Мың естігеннен бір көрген артық»дейді, бұл оқушы есінде ұзақ сақталар еді. Жиырма бірінші ғасыр мұғалімі, оның ішіндегі Тәуелсіз, зайырлы Қазақстанның тарих пәні мұғалімі жан жақты, білімді, өз ісін өте жақсы білетін ұлттық идеологиямен сусындаған азаматтар болуға тиісті. Ендеше бұл көп ізденісті, талмай еңбектенуді қажет етеді. Шәкірттерімнің танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін жиірек қолданып жүрген сабақтарымның бірі ойын сабақ. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдылықты үйрету мен қатар, мәдениетті сөйлесуге, ептілікке, тапқырлыққа баулиды және бұл сабақта балалардың белсенділігі артады, бір - бірімен бәсекеге түсу арқылы оқуға, көп білуге ынтасы өседі. Ол тәрбиеге де, оқу ісіне де зор ықпалын тигізері сөзсіз.

Ойын технологиясының тиімділігі
Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірбиесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар. Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындағын. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни саяси маңыз берілген. Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс құбылыс. Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Ал мұғалімнің міндеті балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады. Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады. Сабақ процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуге болады. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды.

Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни оқушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қарастыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылық, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі - танымдық, тарихи ойындар. Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мүғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады. Сабақтарда танымдық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, қорытындылау сабақтарында да пайдалануға болады. Ойындар оқушылардың ойөрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмүнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.

Ойын арқылы оқушы нені меңгереді
1 Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді
4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
8. Оқушылар үшін қауіпсіз.
9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.
10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.
11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.
12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата – аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді. Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс - тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған. Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі мектепте ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін өздік технология ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады.
Тарих сабағында танымдық, қазақтың ұлттық ойындарының пайдаланылуы

Ұлттық ойындарды оқу мен тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі. Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен тұлғалық қатынасын(этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт - дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына сіңіру арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілікғ қонақжайлық, мейірімділік, т. б сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым - қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой - өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды. Соның нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындап отыр. Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт - дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді. Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т. б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің халықтық педагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс - тәсілдер құралы сөз жоқ, еңбек болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде ұрпақтан - ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл - ой, эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді. Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады.

Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс - әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Теңге алу», «Аударыспақ», «Орамал тастау», «Көкпар», «Асық», «Сиқырлы қоржын»т. б. балалардың еңбекке деген қарым - қатынасы мен қабілеттерін арттырады.

Ойын дегеніміз - адамның ақыл - ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В. И. Сухомолинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл - ой тәрбиесі болмайды» дейді. Демек, шәкірттің ақыл - ойы, парасаты ұлттық салт - сананы сіңіру арқылы дами түседі. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, «Бәйге», «Көкпар», «Теңге алу», «Көш», «Қарлы кесек», «Кім жылдам?» секілді танымдық, ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойын үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Оқушылардың ойын арқылы қызығушылығын туғызу тек қана тарихқа қызығушылықты туғызып қоймай, оқушылардың өмір тәжірибелерін кеңейтуіне, дүниені танып білу қабілеттерін жетілдіре түсуіне, тарихты басқа пәндермен байланыстыра қарауға үйретеді тәрбиелейді. Ендеше тарих сабағын танымдық, ұлттық ойындар арқылы сабақтастырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді.
Ойын технологиясын қолдану арқылы тарих сабағында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру

Еңбек, ойын және оқу ерте кезден ақ адам тіршілігінің негізгі үш тірегі болып есептелінген. Ол балалар үшін кәмелетке келгенше жүріп өтетін өмір сатысы. Ойын технологиясы балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігі мен шығармашылығының қалыптасуына жолды кең ашатын табиғи құбылыс. Атақты педагогтар В. И. Сухомолинский, Н. К. Крупская, К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко ойынның балалардың ой өрісін дамытуда, дүниетанымын қалыптастыруда практикалық маңызы зор екенін атап көрсеткен. Қазақ халқының ұлттық ойындарының педагогикадағы ролі туралы алғашқы пікірлерін айтқан Д. А, Диваев, М. О. Әуезов. Ойын арқылы оқыту технологиясы бастауыш сыныптарда кеңінен қолданылады. Әр мұғалім технологиясының нәтижесін дұрыс болуы үшін мынадай жағдайларды ескеруі қажет:
1. Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын ала жете түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау.
2. Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын ала әзірлеу.
3. Сыныптағы оқушылардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне, сөздік қорына сәйкес келуі.
4. Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету.
5. Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің оқушылардың ынтасын тартып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы. Тарих пәнін оқып үйрету барысында ойындардың алатын орны ерекше. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат - ойын әрекеттері арқылы оқушылардың ойын жүйелеп, өткен материалды бекітуге негізделсе, хронологиялық тапсырмалар, терминдер мен даталарды есте сақтауға үйретеді. Теориялық білімін практикамен байланыстыруға мүмкіндік береді.

Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
«Адам ұрпағымен мың жасайды» дегендей, басты мақсатымыз ұрпақ тәрбиесі. Білім беру тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі. Сондықтан тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Жолдауындағы «Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз», - деген сөзін басшылыққа ала отырып, оқушының өзіне сенімін арттырып, өз бетімен жұмыс жасауына, шығармашылығын одан әрі арттыруына бағыт беру керек. Осы мақсатта «Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі» тақырыбындағы өткізген сабағыма тоқталып өтейін.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 13 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-075294
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 13 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>