Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Обществознание / Статьи / Статья, на тему: "Толеранттық тәрбие отбасынан басталады"

Статья, на тему: "Толеранттық тәрбие отбасынан басталады"

  • Обществознание

Поделитесь материалом с коллегами:

ТОЛЕРАНТТЫҚ ТӘРБИЕ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ


В статье рассматривается ключевая роль семьи в воспитании толерантности, миролюбия, уважения к правам человека.


In the articles such points as key role of family in developing tolerance, kindness, developing tolerance rights respect are discussed


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында - «Бала тәрбиелеу - болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек.«Бар жақсылық балаларға» ұраны барлық ата-ана үшін қағидаға айналуы қажет» деп айтқан.

Жас ұрпақтың тәрбиесіне қойылатын жаңа заман талабы - адамгершілік құндылықтарды қастерлейтін, өз Отанын сүйіп және құрметтейтін, өзара қарым-қатынас жасай білетін, өзін - өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын, жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қоғам талаптарымен үйлестіре білетін әлеуметтенген тұлғаны қалыптастыру үшін оңтайлы тәрбие үрдісін ұйымдастыруға, соның негізінде жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына баса назар аудару. [1]

Астанада өткен Қазақстан халқының Ассамблеясының 15-ші сессиясында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қоғамда білім беру жүйесі мен тәрбие арқылы азаматтық сәйкестендіру, толеранттылықты дамыту қажеттілігі жайында сөз айтып республикамыздың мектептеріне толеранттылық негіздері атты курстар енгізуді ұсынды.

«Толеранттық» деген атауы халықаралық термин сөз болғанымен, мазмұн-мағынасы қазақтың төл сөзі — кәдімгі төзімділік дегеннің баламасы. Ол қарапайым тұрмыста көршінің көршіге деген төзімділігінен бастап, кең ауқымда мәдениеттер арасындағы, діни конфессиялар арасындағы, ұлттар, ұлыстар, тілдер арасындағы өзара төзімділікті, ымыраласуды білдіреді. Толеранттық яғни өзінен өзгенің айырмашылықтарын мойындау, сыйлау; өзінен өзге сенімдегі, көзқарастағы, мінез-құлықтағы басқаның құқын мойындау арқылы қақтығыстардың шешімін табу мүмкіндігін іздестіруге апаратын адамның күнделікті тұрмыста басшылыққа алып отыратын өнегелік жүріс-тұрыс ережесі [2]. Көбіне толеранттық ретінде өзгелердің кемшілігіне кешіріммен қарау, төзе білу, басқаны қабылдай білу түсініледі.

Толеранттылыққа тәрбиелеу ең бірінші отбасынан басталады. Отбасы жас ұрпақтарды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан - тәрбиелік орта. Отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болып қалыптаспауы мұғалімдерді де, ата-аналарды да ойландыратын ортақ мәселелер. Қазіргі ғалымдар отбасындағы қарым-қатынасты ерлі зайыптылар арасындағы қарым-қатынас, орта буын мен аға буын арасындағы қарым-қатынас, әке-шеше мен бала арасындағы қарым-қатынас, ынтымақтастық қарым қатынас деп қарастырады [3].

Толеранттылық мәселесін зерттеп жүрген ғалымдар қатарына Ю.М.Политова, В.Г.Палаткина, Е.Ю.Клепцова, Н.М.Лебедева, Ф.М.Малхозова, А.В.Мудрик, Р.Р.Валитова, В.А.Лекторский, В.С.Кукушин, В.А.Перовскийлерді атауға болады.

Отбасындағы толеранттылықты зерттеуге көп көңіл бөлген ғалымдар Л.В.Байбородова, О.С.Ковалева, М.И.Рожков, М.А.Ковальчук, Т.А.Куликова, М.А.Коренева және т.б.

Толеранттылықтың жекелеген аспектілері қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне де арқау болды: Г.К.Искакова, М.А.Кучерова, П.И.Мамедова, Б.А.Тұрғынбаева, Ж.Наурызбай, К.Сүюнова, Қ.Қожахметова, Қ.Бөлеев т.б. толеранттылықты қалыптастырудың жалпы мәселелерін қарастырса, С.Әмірғазин еңбектерінде дінаралық толеранттылық мәселелерінің әр жақтары ашылған. Г.А.Уманов ұлтаралық қатынастар педагогикасының теориялық негіздерін қарастырды.

Әрбір ата-ана өз балаларының тұңғыш тәрбиешілері. Бала- ата –ананың адамгершілік өмірінің айнасы. Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бірін – бірі қадірлеуінен, олардың өзара бірлігі мен түсінушілігінен, ата- ана мен балалар арасындағы мейрімді, қарым- қатынастың қатынасуынан, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді толып жатқан жазылмаған заңдылықтар арқылы көрініс табады. Баланың жаны мен тәні таза, рухани бай, дені сау етіп өсірумен бірге еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа, адалдыққа, жинақылыққа баулып өсіріу шарт. Осы тамаша қасиеттердің бәрін ата - ана бойынан тауып, соған еліктеп өссе және әрбір ата - ана баласының жүрегіне жол тауып, оның өміріндегі шынайы досына айналса, тер төккен еңбегінің жанғаны. Ал мектеп баланы болашаққа дайындап, келешек өмірін қай бағытпен жүрсе дұрыс екенін, өзідерінің керекті, бейім мамандық таңдауға жол, бағыт беретін ұя. Отбасынан кейінгі, үйміз мектеп осы мектепте, отбасының тәрбие бағыт беріп келген жерінен бастап, сол тәлім –тәрбиені, бағыт беруші [4]. Мектеп пен отбасы арасында саналы да тәрбиелі бала тәрбиелеу үшін өте тығыз байланыста болуы керек. Бірлік арқылы біз көздеген мақсатымызға жетеміз. Және де адамға тән жақсы қасиеттердің бәрі бойына алған саналы ұрпақ тәрбиелеп шығарамыз. Жақсы әке –шеше болуда қандай да бір әрекет түрінде қателіктер, сенімсіздіктер, сәтсіздіктер , жеңілістер сонымен қатар жеңістер де болуы мүмкін. Отбасындағы тәрбие сол өмірдің өзі болып табылады . Және де біздің жүріс –тұрысымыз, тіпті біздің балаға деген сеніміміздің өзі де күрделі , бірқалыпсыз, кейде қарама –қайшылықта болып келеді .

Қ.Мұқытова «Отбасынтану курсы бойынша дәрістер жинағы» атты еңбегінде қазіргі отбасындағы қатынастардың төмендегідей түрлері белгіленген. Ынтымақтастық – идеалды қатынас түрі, бір бірін түсіну, көмек көрсетумен сипатталады. Паритет – тең қатынас бір-біріне зиян келтірмейді. Жарыс – бір-бірінен асып түсуді көздейді. Конкуренция – билікке таласу. Антагонизм – өшігу, үнемі кек алуға ұмтылу, конфрантация – түсінбеушілік деген ұғымды білдіреді. Ең жақсы қатынас түрі – ынтымақтастық.

Ынтымақтастық толеранттылыққа тәрбиелеудің ең қолайлы қатынас түрі болып саналады. Сондықтан толеранттылыққа тәрбиелеу әрбір отбасында өз бастауын алуы бүгінде басты мәселеге айналуы тиіс[6] .

Балалар бір –біріне қаншалықты ұқсамайтын болса , әке мен шеше де бір –біріне соншалқыты ұқсас емес. Баламен қарым –қатынас та терең индивидуалды және бір –біріне ұқсамайтын болып келеді .Педагог ата-ананы қайта тәрбиелей алмайды, бірақ ата-анамен бала арасындағы өзара қатынасқа әсер ете алады және де арнайы жұмыс негізінде баланың өзгелерге деген қатынасын түзетуге болады .

Отбасы балаға адамдармен өзара әрекеттесуге қатысты маңызды тәжірибе береді, мұнда ол қарым-қатынас жасауға, басқаларды тыңдауға және олардың көзқарастарын сыйлауға, туған туысқандарына шыдамдылықпен қарауға үйренеді. Ата-ана – толеранттылықтың үлгісі бола білу керек. Толерантты мінез-құлықтың тәжірибесін меңгеру кезінде ата-анамен туыстардың берген үлгілері үлкен мәнге ие. Ең негізгісі бұл бала бойында толеранттылықтың қалыптасуына отбасындағы қарым-қатынас, ата-аналар мен туысқандар арасындағы әрекет жасау стилі жатады. Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, отбасында оқушыларды толеранттылыққа тәрбиелеудің қажеттілігі бүгінгі күнде шешімін қажет ететін өзекті мәселелердің бірі екенін дәлелдеп отыр

Сондықтан толеранттылыққа тәрбиелеу әрбір отбасында өз бастауын алуы бүгінде басты мәселеге айналуы тиіс.


Әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім берудегі дамыту Тұжырымдамасы\

2.    Тишков В.А. О толерантности / Толерантность и согласие. - М., 1997. -С.19.

3. Лекторский В.А. О толерантности, плюрализме и критицизме // Вопросы философии. - 1997. - №11.

  1. «Тәрбие құралы» №1. 2006

  2. Локк Д. Басқу туралы екі трактат./ауд. Иманбаев М.Ө.,

ред.:Нұрышева Ғ.Ж., Ғабитов Г.Х. Зерде қоғамдық қоры; Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы. –Алматы.:Раритет,2004.





Автор
Дата добавления 20.03.2016
Раздел Обществознание
Подраздел Статьи
Просмотров124
Номер материала ДВ-540527
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх