Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Статья на тему участник Великой Отечественой войны

Статья на тему участник Великой Отечественой войны

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Атамның есімі ұмыт қалмаса деймін.

Менің атам Байкалов Далабай 1905 жылы туылған. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан деп айта аламын. Өйткені 1937 жылы қиын кезеңде сотты болып Сібірде (вальшик) ағаш кестік деп айтқанын өз құлағыммен естігемін. Жапондар соғыс ашты деп біз сияқты адамдардан көпшілігі орыс ұлтынан әскер жасақтап - жабдықтап Қиыр Шығысқа әкелді.

Сол келген жеріміз Хасан көлі болатын деп еске алатын. Қиыр Шығыста жүргенде тамақ жоқ Сібірдің батбақ бақаларын сапердің күрегіне салып, аузына аулаған саршұнақ майын құйып пісіріп жедік деген еді. Енді ойласам ол екінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы кезеңі екен. Шекара күзетінде жүргенде Герман соғыс ашыпты дегенді естігенде орыс балалары жылап, бір алапаттың боларын сезгендер үндемей қарсы алдық жаманат хабарды –деп еске алатын.

Содан атам майданға 1941 жылдан 1945 жылға дейін бастан аяқ қатысып, тек 1948 жылы ғана оралдық деген.Осы деректі әпкем, атамның үлкен қызы Дариға да растайды .Мен баламын ғой... ол кезде соғыс 1945 жылы бітті, 3 жыл қайда жүрдің? – деп сұрайтынмын. Қайтарда 3 жыл бойы штрафбат ретінде жаяу қайттық. Жол бойы қалаларға тоқтап жұмыс істетті дейтін.

Үйге келген дос- жаран сол кездегі аталардың шашын алып беретін парикмахерлік шеберлігі де,бастан қан алатын емшілігі де болатын атамның. Әңгімелесіп, шай ішіп еске алып отырған аталардың біразы Серғазы ата, Қалиақпер ата, Нуриман ата, Күлжікеш ата, Кәсен, Домақ аталардың көздерін көріп әңгімелерін естіп отыратынмын. Сондағы естігенім атам «штраф» батальонда болдық. Көбіміз өзіміздің не себепті айыпталғанымызды білмедікте. Алғаш 1941 ж соғыс басталғанда енді Жапонмен соғыспайтын болдық дегенді командирлеріміз айтты.Батысқа поезбен Орал қаласына әкелді.Германмен соғысатын болдық деген хабарды командірімізден естідік –деп отыратын атам.

Жуындырып, әскери киім беріп ,поезбен майдан даласына аттандырды.5 адамға бір қару, ал енді айыптарыңды қанмен жуып өтеңдер деп майданға кіргізді.

Содан Ржев майданында Рокоссовский қолбасының бұйрығымен жүрдік.Кенсбергті азат етуге қатыстым,Гамбург қаласында алдық, Берлинге дейін жеттік. Майданда екі рет жараландым. Бір рет ауыр жараланып госпитальда ұзақ емделіп, майданға жарамайды деген анықтама берілді. Бірақ мен штрафбаттың адамымын сондықтан үйге жібермеді. Риддер қаласында комбинатта 9-ай металлург болдым. Жұмыс ауыр. Барлығы қолмен атқарылады. Жарам асқынды. Қолым мүлдем жарамсыз болып қалды. Жанымдағы жаралы солдаттардан «айыпты» күнде шығын. Ақыры бүйткенше майданға барып өлейік деп майданға сұрана бердік.

1942 жылы екінші рет соғысқа аттандым. Содан Берлинге дейін жеттік дейтін. Атамның сауаты бар. Орысша таза сөйлейтін, баспаша жазатын, арабшаға жақсы еді..Командирлерінің аты жөнін ұмытпай айтатын. Немістерді көрдің бе, қаласына кірдің бе? деп сұрақ қоя беретінмін бала кезімде. Берлинге кіргізбеді, бірақ жанында 1 ай тұрдық, тып – тыныш 1 ай соғыс болған жоқ. Берлин көк, сұр, қызыл кірпіштен қаланған қала екен. Сонда неміс халқының тұрмыс деңгейі өте жоғары екенін көріп таңқалғандарын айтатын. Жас солдаттар анау – мынау тауып алған дүниелерін алып кеткенге жинастырып жүргенде, біз сияқты қазақтар үйге аман жетсек деп қана ойлайтынбыз. Соған қарамастан атам еш марапатсыз майданнан аман есен оралыпты......

Келгеннен кейін совхоз – колхозда еңбек етіп зейнетке шықты. Зейнеткерлікке шыққанда да тек отырмайтын. Ағаштан, қайыстан түйін түйген шебер еді. Бүкіл совхоз – колхоздың қарасы да төресі де атамның қолынан шыққан доға, шана, кәшауаны,ат әбзелдерін тұтынды. Жасаған екі домбыраны да біз ұстап, домбыраны содан үйрендік.

Соңғы рет жасаған домбырасын құдасы Дюсенов Тұрысбек аттай қалап алған еді. Атам өте домбырашы болды. Күй шерткенде, күйдің кімдікі, шығу тарихын бәрін айтып отыратын. Мынау Раздықтың кұйі «Сал күрең» деп т.б. «Қоңыр қаз», «Көк бұқа», «Аңшының зары» деген күйлер шертетін. Осы күнде ойласам соның айтқанын, шерткенін, біріне де көңіл қойып тыңдамаппын. Балалық қой. Атам ауылға, айналасына сыйлы, ақылды, ұстамды, біз үшін дана еді, бүкіл ауыл үлкендері «Дәке» деп құрметтеп, жастар «дәдә» деп силайтын. Тіпті орыс көршілері Никитин Семен Константинович, Егоров Михаил, Пркал «Байкалыч» т.б.қалжыңдасып, әңгімелесіп отыратын.

Атам 1987 жылы қыркүйек айында 82 жасында қайтыс болды. «Қырық жыл қырғын болсада ажалды өледі» дегендей екі бірдей соғысқа қатысып 2 рет ауыр, бірнеше рет жеңіл жарамен аман есен оралды. Екі қолының шынтағынан тиген оқтың іздерін көрдім,үнемі өзін – өзі шөппен емдейтін. Үнемі дәрілік өсімдіктерді ұқыптап жинап, кептіріп, түшкірсекте, жөтелсекте ыстық суға бықтырып ішкізетін.

Әкемнің қан қысымы көтерілгенін біліп оған емдік шөп, жемісті жегізіп, ішкізіп отыратын.Тауға қарақат, жидек, мойыл тергелі барғанда, ағаштың бір бұтағын сындыртпайтын. Тіпті саңырауқұлақты,рауғашты бәкісімен түбінен кесіп алатын, жұлдырмайтын. Бұл да тірі, жаны ауырады, обал болады дейтін, ауаны тазартады деп үй маңайына ағаш отырғыздырды.Біздің бала кезімізде отырғызған қарағай әлі күнге дейін үйдің орнында өсіп тұр.Сол ағашты көрген сайын атам есіме түседі.Әкем Камалбекке ас беріп құран бағыштаған кезде ауыл ақсақалдары ұстазым Қайдаров Құмарғали аға, Бутабаев Нурланбек т.б.атамның да ел құрметіне лайық болғанын немерелері сендер ұмытпауға тиіссіңдер деп еске алған еді.Атамның жеңістің 20-30-40 жылдығына орай алған медалдары бар. Жеңістің 50

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай авторы Жәнібек Қызырдың кітабінен көптеген жерлес майдангерлерді көріп отырып менің атамның ерлігіде, еңбегіде ұмыт қалмаса екен деймін. Әжем Шолпан мен бірге 8 бала тәрбиелеп өсіріп жеткізді. Артында қалған немере, шөбере, шөпшектері қазір әр салада жұмыс істеп оқу оқып жатыр. Соларда майдангер аталарының болғанын жеңіске үлес қосқанын білсе деген тілекпен еске алып отырмын.



Байкалов Далабайдың немересі:

Солдатово орта мектебінің

тарих пәні мұғалімі Сергазина К.К.

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-429912
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>