Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Статьи / Статья на тему Заманауи білім беру

Статья на тему Заманауи білім беру


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Заманауи білім беру мен тәрбиелеудегі инновациялық

технологиялардың маңызы


Бейсенова М.Б., Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Маңғыстау гуманитарлық колледжінің

жоғары санатты анатомия, биология пәндерінің

оқытушысы, І деңгей


«Біз Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім

орталығына айналдыруымыз қажет»

Н.Ә. НАЗАРБАЕВ



Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс» - деп айтқандай, колледж студенттері-болашақ педагогтер терең білімді, озық ойлы және өз мамандығын жетік меңгерген болуы қажет.

Қазіргі таңда қоғам талабына сай тәрбие мен білім алу және студенттердің оқу орнында жүріп инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі де маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Әрбір студенттің қабілетіне қарай білім алуы, оның дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиеленуі үшін жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет.

Болашақ құзыретті мамандарды өсіріп, дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі. Жаңа заман маманы ертеңгі еліміздің болашағы, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.

Инновациялық педагогикалық технологиялар білім ғылым саласында қаншалықты маңызды болса, тәрбие бағытында да заманауи технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Кәсіби құзыретті маман болып қалыптасу және даму үшін студенттер заманауи білім беру мен тәрбиелеудегі технологияларды сауатты үйренуі керек.

Заманауи технологиялар балаға білім мен тәрбие беруді саналы, сапалы етіп қызығушылықтары мен өміршеңділігін арттырады. Инновациялық технологиялар – заманауи әлеуметтік-мәдени жағдайда баланың тұлғалық дамуында динамикалық өзгерістер есебінен позитивті нәтиже жетуге бағытталған тәрбиелеу құралдарының, оқыту тәсілдері мен әдістерінің жүйесі. Заманауи тәрбие технологиясы – тәрбие мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін оқыту формаларының, әдістерінің, жолдарының, тәсілдерінің және тәрбие құралдарының жиынтығы.

Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында ізгі қасиеттер қалыптасқан, дүниетанымы мол, көшбасшылық қасиеттерді меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Тәрбиенің жаңа моделі қоғам өміріндегі ережелер мен салт-дәстүрлерге сәйкес жеке тұлғаның сана-сезімін, адамгершілік қасиеттерін дамытуға, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, сонымен бірге қарым-қатынас этикасы мен мәдениетті қалыптастыруға жағдай жасайды.

Педагогтарының негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. ХХI ғасырда білім мен ғылымды жаңа инновациялық технология бағытында дамыту.

Президент Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан -2050" стратегиялық жолдауында «Біз білім – ғылым - инновациялар үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз, біріншіден, бұл -уақыт, қазір инновация заманы, инновация ғасыры" деп атап көрсеткен болатын.

Біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңі-ақпараттық кезеңге толықтай көшіп келеді, бұл кезең, компютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагог қызметінің барлық саласына кірігіп,оның табиғи ортасына айналып отыр.

Заманауи технологиялардың басты міндеті - баланың танымдық әрекетін жандандыра отырып, педагогтың кәсіби қызметін жаңғырту арқылы алға қойған мақсатқа толықтай жету.Технологиямен жұмыс жүргізу оқып меңгерумен қатар тәжірибеде қолдану, шығармашылық бағытта дамыту және нәтиже арқылы іске асырылады.

Оқытушы ретінде менің де алға қойған мақсатым:

  • студенттерге тәрбие мен білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілетін арттыру;

  • ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін идеялық жағынан ғылыми негізде өмірмен байланысты ұйымдастырып, оқушының қызығуын, білім құштарлығын таныту;

  • әрбір ұйымдастырылған іс -әрекетте студенттерді ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы дағдыландыру.

Кез келген оқыту технологиясы терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, студенттердің жан дүниесін терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.













Автор
Дата добавления 27.06.2016
Раздел Биология
Подраздел Статьи
Просмотров190
Номер материала ДБ-133033
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх