Инфоурок Другое СтатьиСтатья на тему "Жаңа инновация"

Статья на тему "Жаңа инновация"

Скачать материал

Жаңа инновациялық әдістермен білім беру.

 

«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз

көтеріп отырғанда ғана мұғалім;

оқуды, ізденуді тоқтатысымен

оның мүмкіншілігі де жойылады»

К.Д.Ушинский

 

ХХІ ғасыр –қатаң бәсеке ғасыры. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында «ХХІ ғасырда білім дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық . Біз болашақтың жоғарғы технологиялық  және ғылыми ауқымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиіспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсізбіз инновациялық экономика құра алмаймыз» деген болатын. Қашан да білімді ұрпақ –болашағымыздың кепілі . Егеменді еліміздің тағдыры-жас ұрпақтың  тағдыры –бүгінгі ұстаздардың қолында.

         Қазіргі оқу орына шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған , жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет . Ол бір мезгілді әрі педогог , әрі пеинолог және оқу-үздігін ұйымдастырушы техноло бола білуі тиіс. Сонымен қатар, оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.

         Қазіргі  заман талабына сай бәсекеге қабілетті тұлғаны оқыту мен тәрбиелеуде еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде  сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуде педогог мамандарымыздың білімі, біліктіліктері жоғарғы деңгейде болуы үшін компьютерлік сауатты, инновациялық оқыту негізінде білім беруді ақпараттандыруда ақпараттық технологияларды өздігінен меңгере қолдану, берген білім нәтижесі жоғарғы деңгейден көріне білу жағдайында болуы шарт. Оқыту процесінде ақпараттық технологияларды қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп, жүйелеуді талап етеді. Осының барлығын жүзеге асыруда педагог мамандардың өзіндік ізденісі, шеберлігі өз ісіне аса берілген ұстаз ретінде қалыптасуының маңызы аса зор.

         Жаңа ақпараттық технологияларға қазіргі кезде таратылып жүрген электрондық оқулықтар, слайдтар,  ДVД технологиясы, интерактивті тақта мен проекторлар негізінде бейне оқыту жүйелерін көрсете отырып, ақпараттық технология негіздерін ұтымды қолдана білу, интернет, электронды пошта арқылы ақпараттармен қамтамасыз ету ақпараттандыру жағдайындағы инновациялық оқытудың негіздері.

         Қазіргі дамыған елдер инновациялық идеяларымен дүние жүзін жаулап, байып келеді. Ал, инновация дегеніміз не? Бүгінгі күні өмірімізге дендеп еніп қолданысы кеңейе бастаған  «инновация» термині ауызекі тілде ғана емес, қоғамдық қарым-қатынаста кеңінен қанат жайып келеді. Енді осы сөздің түп –төркініне үңіліп көрейік .

         «Инновация» ағылшын тілінен аударғанда «Жаңалық , жаңашылдың, жаңалық енгізу, өзгеріс» деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз . Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері , түрлері мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енегізуді білдіреді. Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогикалық маңызды екі проблемасы құрайды . Олар озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін тәжірибеге енгізу проблемасы. Яғни, инновациялық процестің нәтижесі теория мен тәжірибенің тоғысуында пайда болатын теориялық және тәжірибелік жаңалықтарды қолдануға енгізуі тиіс.

         Еліміздің ертеңі бүгінгі біздің оқушыларымыз болып табылады. «Жас баланың миы, ақ қағаз тәрізді . Оған не жазсаң , сол болады» , деп ұлы ақынымыз Мағжан Жұмабаев айтқандай, баланы қалай тәрбиелеймін, қалай білім беремін десең де өз еркін . Бала-тату отбасында , жанашыр жандардың аялы алақанында сүйіспеншілікпен ер жетуі керек. Нәтижесінде бала мейірімді , төзімді, сыпайы, көргенді,  кез-келген жағдайдан жол таба білетін , елінің ертеңгі сенімін ақтар азамат болары сөзсіз , сонымен қатар қазіргі заман талабына сай жаңа инновациялық технология әдісімен білім алса, «Көзі ашық, көкірегі ояю» азамат болары сөзсіз.

         Адамзат қоғамы аса жылдам қарқынмен дамып келе жатқан кезде өркениет көшінен дамып келе жатқан кезде өркениет көшінен қалмай, ғылымы мен білім беру жүйесі озық елдердің , Ыбырайша айтқанда, «Өнер-білім бар жұрттардың» қатарында болатынымыз сөзсіз.

         Жоғарыда айтып кеткендей , «инновация»-педагогикалық жүйедегі жаңалық , оқу-тәрбие үрдесін жандандыру, нәтижесін жақсарту деген ұғймды білдіреді.

         Оқытушы –тек сабақ беруші ғана емес, ізденімпаз, жаңашыл, үнемі өз білімін жетілдіріп, сапалы білім берудің жолдарын іздестіріп отыратын тұлға .

         Оқытушы –үйрететін адам болумен бірге үйренуші де. Үйрене білу-мұғалімнің басты қасиеті. Ол өз пәнінің зерттеушісі болуы керек. Сабақты бір сарынмен бере бермей, білім үрдесінің  тиімді жолдарын қарастырп, сабақ жоспарларына шығармашылық тұрғыдан қарап, жаңа технологияларды сабақтарында кеңінен пайдаланған жөн.

         Оқушылардың қабілеттерін арттыруға жаңа технологияның кейбір элементтерін пайдалану жолдарын іздестіріп , елеулі әдістемелік жұмыстар атқару-біздің басты міндетіміз. Білімді терең игеру үшін оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, еркін сөйлеуге , ойын ашық айтуға үйрету, ой-өрісін кеңейту-оқытудың ең басты мақсаты . Әрбір оқушыны өз мүмкіндігіне қарай білім, дағды алатындай етіп саралап оқыту дұрыс.

         Қазіргі сабақтың негізгі өзегі мына кезеңдерден тұрады:

1)    Ұйымдастырушылық (оқушылардың сабаққа дайындығы , тәртібі);

2)    Мақсаттылық –сабақ және оның жеке кезеңдерінің мақсатын қою.

3)    Ынталандырушылық- оқу материалының алатын мамандығы бойынша маңыздылығын анықтау;

4)    Коммуникативтілік –оқытушының оқушылармен қарым-қатынасы;

5)    Мазмұндық – оқылатын, бекітілетін, қайталанатын , өз бетімен жұмыстар, т.с.с. материалдарды таңдау;

6)    Техналогиялық –сабақ типіне , берілген тақырыбына қарай тиімді оқыту түрін, әдісі ментәсілдерін таңдау;

7)    Бақылау-белсенділікке ынталандыру, танымдық қызығушылығын дамыту;

8)    Аналитикалық (талдау) –сабақты қорытындылау, сабақтағы оқушылар іс-әрекетін талдау, сабақты ұйымдастырубойынша өз әрекетінің нәтижесін талдау.

 

Сабақтың сапасыздығына әсер ететін жағдайларға мыналар жатады:

1.     Оқытушының сабаққа дайындығының әлсіздігі;

2.     Өткізілген сабақтарына талдау жасамауы;

3.     Ұсынылған оқу әдістерімен оқушылардың жұмыс істей алмауы (дағдыларының жоқтығы);

4.     Оқу әдістерінің бір тектілігі;

5.     Оқытушының әсерсіз баяндауы, тіл байлығының жұтаңдығы;

6.     Көрнекі құралдардың жеткіліксіздігі;

7.     Сабақ тақырыбынан алмақ сұрақтармен

Әуестеліп , сабақ мақсатынан ауытқу .

         Жаңашыл педагогтар оқушылардың көкірек көзін ашатын, зердесіне зеректік , біліміне біліктілік қосатын оқу -әдістемелік технологиялар ұсынуда.

         Педагогикалық технологияға алған анықтама бергендердің бірі-орыс ғалымы В.П.Беспалько,Б.Т.Лихачев «Педагогикалық технологияны оқу үрдесіне, белгілі бір мақсат көздей отырып, әсер ететін әрі педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің жүйесі ретінде көрсетеді, оның үнемі өзгеріп отыратындығын айтады»

         Педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасалады. Барлық инновациялық технологияны меңгеріп, оны сабаққа барлығын бірдей қолдану мүмкін емес, сондықтан оқытушы өзіне ұнаған , дұрыс нәтиже беретін технологияны білім деңгейіне қарай өзгертіп, жаңартып пайдаланатын болса, сабақтың нәтижелілігі тиімді болмақ.

         Оқушының іс-әрекетін белсендіру негізіндегі педагогикалық технологиялар қатарына ойын түріндегі технологияны , проблемалық оқыту технологиясын және В.Ф. Шаталовтың тірек сызбалар, тірек конспектісі және модельдеу арқылы оқыту технологисын жатқызуға болады.

         Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруға және басқаруға арналған педогогикалық технологияларға: миға шабуыл, технологиясы, компьютерлік оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы негіз бола алады.

         Сондай-ақ  әр оқытушының өзінің сабақ өткізу барысында жеке әдіс-тәсілдері болуы қажет.

         Жаңа инновациялық технологияны меңгерудің төмендегідей жолдарына көңіл бөлу, оқытушы үшін сабақтың дұрыс нәтижесіне жетудің алға шарты болмақ: жаңа инновациялық технологияны насихаттайтын нұсқаулар, әдістемелер, ақпараттарды жинақтап , кеңінен танысу; жоспар құру, картотека жасау; оқу бағдарламасын, күнтізбелік –тақырыптық жоспар жасағанда жаңа инновациялық технологияны қолдануға болатын тақырыпттарды іріктеу; жаңа инновациялық технологияны пайдаланып жазып, семенарлар өткізу, баспа беттерінде мақалалар жариялау; жаңа инновациялық технологияны сабақта кейбір қажетті элементтерін кіргізуден бастау керек.

         Қандай да бала болмасын техникаға, жаңа прогрессивтік құрылымға үнемі қызығушылығы болып, одан әрі қарай білсем деген ниеті туындайды, ынта-жігері артады.

         Ақпараттық технологияларды қолданудың мүмкіндіктерін , оның болашағы мен дамуы, тиімділігі жайында сөз қозғай келе , білім беруде компьютерлік және жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану жолдарын қарастырып, әр оқытушы өз пәні бойынша инновациялық технологиялар қолданысын ақпараттық технология арқылы сапалы білім нәтижесін ұйымдастыру қажет.

         Енді өзімнің дәріс беретін шет тілі пәні бойынша өтілген іс-шараларымның біріне тоқтала кеткенді жөн көрдім.

         Осы оқу жылының қазан айында шет тілі  пәнінен апталық болып өтті. Бұл пән апталығы жаңа технологиялық әдіс-тәсілдермен өтілді . Апталық мамандықтар бойынша оқушылардың пәндік білімі мен біліктілігін, тапқырлығын , шеберлігін бағалаумақсатында өткізілді.

         Апталықтың тақырыбы: «The Best of the Best»

         «Білікті бірді жығар –білімді мыңды жығар»

Өтілген күні : 15.02.2016ж

Өтілген орны: Ғаламтор дәрісханасы

         Мақсаты:

1)    Білімділік: Студенттердің алған білімдерін тексеру мақсатында,лексикалық және грамматикалық, ауызша сөзге икемділіктерін жетілдіру, білімдерін бекіту, сөздік қорларын тексере отырып, алған білімдеріне баға беру.

2)    Дамытушылық : Сөздік қорларын және тіл байлықтарын дамыту. Оқытудың жаңа технологияларын пайдалану арқылы студенттердің ағылшын тіліне деген қызығыушылығын арттыру, дұрыс сөйлеуге төселдіру.

3)    Тәрбиелік: Қазіргі заман талабына сай білімді бәсекеге қабілетті , көп тілді ұрпақ тәрбиелеу; Сөйлеу  мәдениетін қалыптастыру; Өмірмен байланыстыра отырып, шетел тілін сүюге , өз тілін құрметтеуге баулу.

Пән апталығының түрі: Сайыс, ойын сабақ .

Пән апталығының әдіс-тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, сұрақ –жауап, әңгімелесу , жазу әдісінің элементтері, логикалық ойлау, миға шабул жасау , компьютер, интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу, фотоапарат, ойын әдістері.

Пән аралық байланыс: Қазақ тілі , орыс тілі

Көрнекілігі : Сөзжұмбақ , плакаттар, таратпа материалдар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, кітап бұрышы, компьютер, фотоапарат, ойын әдістері, интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу.

 

Күтілетін нәтиже:

1)    Оқуға деген ынтасының артуы;

2)    Оқушының жан-жақтылығы;

3)    Бірігіп топпен жұмыс жасауға қалыптасуы;

4)    Өз жетістіктерін дұрыс бағалай білуі;

5)    Тілдерін қалыптастыру, сөздік қорларын дамыту;

 

Пән апталығының барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Апталықтың мақсатымен таныстыру.

2) Командаларды таныстыру.

3) Әділ қазылар мүшелерін таныстыру.

ІІ. Негізгі кезеңі

Ойынның шарттарымен таныстыру.

1)    Екі топ өз-топтарын таныстырады. (ағыл. тілінде)

2)    Сұрақ –жауап

3)    Плакатқа салынып әкелінген еркін тақырыптарын қорғау. «Менің қалам»

4)    Мақал –мәтелдермен жұмыс

5)    Инноворд. (таратпа материал)

6)    Берілген сөздерден сөйлем құрау. (грамматика)

7)    Сөзжұмбақ

8)    Бағалау және марапаттау.

Бұл апталық І-ІІ курс студенттері арасында өтілді. Сайыс 8 бөлімнен тұрады. Студенттер ағылшын тілінде ауызша сөре икемділігін, жазу әдістерінің элементтерін қолданды, жәнеде тез ойлап, шапнаң жаза білді, логикалық ойлау, миға шабуыл жасау стратегияларында қолданды, интерактивті тақтамен, компьютермен еркін жұмыс жүргізетіндіктерін көрсете білді. Сайыс соңында әділ қазылар алқасы екі топқа баға беріп , тиесілі орындарын атап , марапаттады.

         Жазуға технология әдістері әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатын , шығармашылықпен жұмыс істеуіне,қорытынды жасай алуына , сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, яғни білім сапасын арттырады.

         Жаңа оқыту технологияларын дәріс беруде тиімді қолдану оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймай, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға әсерін тигізеді.

         Жаңа әдіс-тәсілдерді; мән –мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық.

         Сөзімді қорыта келе, «Бүгінгі жас ертеңгі азамат, біздің болашағымыз ұлт болып ұйып, ел болып еңсемізді тіктеген кезде қолға алар ісіміздің бірі де, бірегейі да жас ұрпақ . Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологияға байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасымызатап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп елбасының сөзімен аяқтағым келіп отыр.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.     «Қазақстан мектебі» журналы.2009ж №9,10

2.     «Қазақстан кәсіпкері» журналы.2009ж №9

     Ғылыми-әдістемелік журналы

3.     Оқыту-тәрбиелеу технологиясы. №1,2,3. 2010ж

4.     Педагогика мәселелері.

Педагогикалық ғылыми-теориялық журнал. №3,4,13,14.2009ж Алматы қаласы.

5.     Қазақстан Республикасының «білім туралы» заңы.

6.     «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2007ж

7.     Қазақстан Республикасының техникалық кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья на тему "Жаңа инновация""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Логист

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 600 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.04.2016 619
    • DOCX 56.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Альмердинова Улбосин Мусилимовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3114
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов

Мини-курс

Основы психологии личности: от нарциссизма к творчеству

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 17 регионов

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе