Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Обществознание / Другие методич. материалы / Статья на тему: "Жаңа педагогикалық технологиялар жетістігі мен мазмұны"

Статья на тему: "Жаңа педагогикалық технологиялар жетістігі мен мазмұны"



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Обществознание

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Жаңа педагогикалық технологиялар

жетістігі мен мазмұны»


Шонкина Индира.

«Үшқоңыр аулындағы орта мектеп - гимназия мектепке дейінгі шағын

орталықпен » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің физика пәнінің мұғалімі.


Мен бүгінгі таңда «Үшқоңыр аулындағы мектеп гимназия мектепке дейінгі шағын орталықпен » коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымында физика пәнінің мұғалімі ретінде еңбек етіп келемін. Шәкірттерімнің алдында менің де ұстаз ретінде зор жауапкершілігім бар-ау деп пайымдаймын. Сондықтан менің өзіме қояр талабым алдыма қойған мақсатым жоғары болуы тиіс.

Сыныптағы балалардың бірі зерек те алғыр, енді біреуі баяу, біреулері шапшаң, тағы біреулері тым пысық. Ал менің бәріне беретін білімімнің мазмұны мен қоятын талабым бірдей де, олардың бұны қабылдауы түрліше болады.

Оқушылардың ішінде тез ойланып, есептерді тез шешетін, ширақ оқушылар бар еді. Мен сабақ түсіндіріп үлгергенімше, олар ұғып алады, мен тапсырма беріп болар-болмастан, олар орындап болады, сосын жан-жағындағыларына алаңдата бастайды. Менің беретін тапсырмаларымның күрделілік деңгейі өзге оқушылардың ойлануын қажет еткенімен бұлар үшін тым жеңіл, тым қарапайым болса керек, менің сабағымда жалыға бастайтын сезінгендеймін. Бұл ұзақ жалғасуға тиіс емес екенін сездім де, оқушылардың әрқайсысы бір-біріне ұқсамайтын тұлға екенін түсініп, сабақ беру әдістерімді өзгертіп, жаңашылдыққа ұмтылуға тырыса бастадым.

Белгілі педагог Ш.А. Амонавили: «Оқушылардың білімін арттыру пәнге қызықтыру үшін оқытуды жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң содан бастау керек» дейді. Алдымдағы шәкірттердің әрбірінің жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін зерттей келе, олармен дербес жұмыс жасауға мүмкіндік беретін, жаңа технологияларды пайдалана бастадым.

Бүгінде білім берудің әдіс-тәсілдерінің 50-ден астам түрі бар. Оқыту тәрбие үрдісінде қолданылып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар: дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л. Зенкова, Д.Эльконин, В.Давыдов, В. Репин, В.Левин), оза отырып оқыту (С.Лысенкова), іс-әрекетті бағалау (Ш. Амонашвили), тірек және тірек конспектілері арқылы оқыту (В. Шаталов), модульдік оқыту технологиясы (Ж. Жанпейсова), деңгеилеп саралап оқыту, шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі және т.б. Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты – оқушының жеке басының дара және дербес ерекшелігін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру. Сол технологияның барлығы да тиімді пайдаланылса білім сапасының артуына, оқушының жан-жақты дамуына әсер ететіні сөзсіз. Бүгінде дидактиканың " нені оқытамыз?" "не үшін оқытамыз ?" деген сұрақтары мен бірге " қалай тиімді оқытамыз?" мәселесі ғалым-әдіскерлерді, ұстаздарды толғандыруда.

Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда М. Жанпейсованың "Модулдік оқыту технологиясының" маңызы зор.

Модул 3 бөлімнен тұрады: кіріспе бөлім; сөйлеу бөлімі; қорытынды бөлім. Сөйлеу бөлімінде ойындар кеңінен пайдаланылады. 1,2 сабақтарда оқушылар тақырыпты көру, оқу, сөйлеу арқылы меңгеріп, 3,4 сабақтарда ойын арқылы қай деңгейде меңгеретіндігі анықталады. Оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды. Қорытынды бөлімде оқушылардың шығармашылық жұмысы тыңдалады. Сонымен қатар алған білімдерін тексеру мақсатында сынақ, тест жұмыстары жүргізіледі. Бұл технологияның ерекшелігі зор оқушы білімді жеке-жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады, өзін-өзі дамытуға, бірін-бірі оқытуға, кітаппен жұмыс істеуге үйренеді, қосымша әдебиеттен білім алуға баулу арқылы дарынды балалармен жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік болады. Оқушы білімін бағалау балл жүйесімен анықталады.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы бойынша оқушының білімді өздігінен сапалы түрде меңгеруіне ерекше мән берілген. Оқу іс-әрекетінің негізгі түрі оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы болып табылады.Өзіндік жұмыс оқушылар білімін жетілдірудің қайнар көзі, олардың рухани бай жеке тұлға болып қалыптасудың негізгі бір шарты.

Саралап оқыту оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Бұл технологияның басты мақсаты әрбір оқушының өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгере отырып:

  1. Әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.

  2. Түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылған: ең төменісі (минималдық базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей.Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген саралап оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін жеке тұлғаның даму ерекшеліктеріне (есте сақтау қабілетінің ерекшелікгеріне, ойлауқабылетіне, зейін ерекшеліктеріне өз эмоцияасы басқара білуіне) және пән бойынша білімді игеру деңгейіне назар аударып, көңілін бөлу керек.

Бұл технологияның тиімділігі сол жаңа тақырыпты оқкшылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс. Сондықтан мұндай сабақтарда оқушылардың ынтасын белсенділігін арттыру үшін оларға мәселелік сұрақтар қойылып отыруы тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясынжүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені ол оқушылардың ойлауын, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

Білім сапасының диалогсыз және мида талқыға түспейтін жаттамды түрде жүргізілуі баланың танымын байытпайды. Сол себепті сабақ барысында мұғалім оқушыға проблема тудыратын сұрақтар қойып сол проблеманы оқушы өзінше шешіп, содан кейін барып мұғалім қорытындыласа ғана оқушының ойында ұзақ сақталадыдеп есептеймін. Мұғалім әрқашан сабағында көрнекі құралдар немесе қосымша әдебиеттерді мақсатта пайдалана отырып, оқушыларға мүмкіндігінше білім түрлерін кеңірек беруге ұмтылған жөн.

Үшінші мыңжылдық адамын қалыптастыру - дүниежүзілік, соның ішінде қазақстандық білім беру жүйесінің алдындағы жауапты міндет. Ендеше оқытудың жаңа технологиясын тиімді пайдалана отырып дұрыс түсіндіру, оның бағытын нақты анықтап, жүзеге асыру - басты мақсаттарымыздың бірі.


Резюме.

В данной статье рассматриваются занимательная методика и преминение новой технологий на уроки физики средней школы.


Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. «Менің педагогикалық идеям». Алматы. Қазақстан мұғалімі республикалық газеті. 2008ж, 5-наурыз.

  2. «Педагогикалық жаңа технологиялар - сабақта». Тұрашева.Н. Алматы. Қазақстан мектебі. 2/2010ж.

  3. М.Жұмабаев.т Педагогика. Алматы. Ана тілі. 1992ж.







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 01.02.2016
Раздел Обществознание
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров93
Номер материала ДВ-400914
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх