Инфоурок Логопедия, Дефектология СтатьиСтатья на тему "Зондовый логопедический массаж языка для детей"

Статья на тему "Зондовый логопедический массаж языка для детей"

Скачать материал

Логопедиялық жұмыстарда массаждық зондтарды қолдану

Әр түрлі тіл кемістіктерін түзету кезінде қолданылатын бірден-бір емдік логопедиялық массаждың бірі   Е.В.Новикованың әдісі бойынша зондпен массаж жасау болып табылады.

Е.В.Новикова тілге, ерінге, бетке, жақ сүйектеріне, жұмсақ таңдайға арналған ерекше массаж түрлерін және зондтар жинағын жарыққа шығарған. Осы зондтар көмегімен бұлшықеттерді қозғалту, оларға қысым түсіру, ығыстыру, үйкеу сияқты әр түрлі қимыл-қозғалыстар жасайды. Бұл әдіс өзінің құндылығының арқасында куәлік қағазына ие болды және комплиментарлы медицинаның халықаралық тізіліміне енгізілді.

Бұл әдіс өте қарапайым және тиімді болып табылады. Ол мақсатқа сәйкестендіре ықпал етіп, артикуляциялық мүшенің жарамсыздығын қарқындата және қалпына келтіре отырып  мүмкіндік береді. Дыбыстаудың тұрақтылығы жылдам өтеді.

Массаж жасау үшін 12 арнайы зонд түрлері жасалынған, олардың әрқайсысы белгілі бір топқа, яғни тіл бұлшықетіне, бетке, жаққа, ерінге, жұмсақ таңдайға әсерін тигізеді.

№ 1 « Шаңышқы тәріздес » зонд тілдің, жақтың, беттің, жұмсақ таңдайдың бұлшекеттеріне массаж жасауға қолданамыз. Ол лұқсу рефлексін анықтау шегіне  және бұны жеңілдету үшін қажет.

Зонд бұлшықеттерді шаншу үшін арналған. Мұндай ықпал етудің нәтижесінде бұлшықеттер белсенді жиырылады.

Зондпен шаншу кезінде қысқа, жиі, жеңіл қимылдар жасалады, шаншулардың арасы бір-бірінен алшақ болмауы керек.

Қарқынды әсер алу үшін таптауды бұру арқылы жүзеге асады : яғни, алдымен зондты белгілі бір жерге қойып, 4-6 секунд аралығында қайталап оны оңға, солға, артқа бұрамыз. Айтылмыш тәсілдың тағы бір нұсқасы : зондты бұлшықетке қойып, сағат тілімен (немесе сағат тіліне қарсы) бағытта , зондты қимылдату қажет. 5 секунд бойына қысым түсіру керек. Зондты қойған орыннан қозғалтпау тиіс.

№ 2 « Сегіздік » зонды тілдің бұлшықетіне, жаққа, бетке, ерінге массаж жасауға арналған. Бұлшықеттерге батыра басып үйкеуге арналған құрал : ол үшін  ілмекті бұлшықетке қойып ( тереңдетіп батыру) 6 рет жоғары-төмен үйкей қозғалыс жасаймыз. Зондты басқан орнынан қозғалтпау керек. Содан соң зондты жылжытып, басқа аумақты да үйкейміз. Зондымыз етке батырылып, орнында айналып, бұлшықеттердің белсенді жұмыс жасауына септігін тигізеді.

№ 3, 4, 5.  Үлкенді, ортаңғы, кішілі « Шаналар » зондтары тілдің бұлшықеттерін, жақты, бетті, ерінді, жұмсақ таңдайды әр түрлі бағытта жылжи отырып, белсендіреді. 

Зондтың ұштары кез келген жағымен жұмыс істеуге икемді етіп жасалған. Егер де бір жағымен екі нүктелі жылжымалы үйкеліс жасалса, ал екінші жағынан үш нүктелі жылжымалы үйкеліс жасауға болады. Массаж жасау барысында зондтың жоғарғы бөлігімен де бұлшықеттерді басуға болады.

« Шаналар » зондымен біркелкі массаждар жасалғанымен, бірақ массаж жасайтын ауқымда қарқындылығы әр түрлі болады. Сонымен қоса,  № 5 зондының (келесі бетімен) бұрылмалы және секірмелі қимылдар жасалады.

№ 6 « Балта » зонды ауқымды жерді алып және қарқынды ықпал жасай отыра, тілдің бұлшықетіне, жаққа, бетке, ерінге, жұмсақ таңдайға массаж жасауға пайдаланады.

Бұл зонд екі қимыл жасауға арналған : бұлшықетті қатты басу және бұлшықетпен жылжыту.

Бұлшықетті басу арқылы оның тонусының тартылғанын, қимылының белсенділік қабілетін байқаймыз. Басу дәрежесі бұлшықеттің тонусына байланысты : тонус төмен болса, сол ғұрым басу қарқынды болады. Басу қимылы жиірек, ал арақашықтығы қысқа болады. Басу қимылы 5 секунд жасалады.

Жылжыту әдісі бұлшықетке икемділік пен беріктілік беріп, бұлшықеттің ширығуын жояды.

№ 7 « Айқастырылған табан » зонды бұлшықеттерге әсерін тигізіп, тілдің жоғары көтерілуін қамтамасыз ете отырып, жақ сүйектеріне, бетке, ерінге, ортаңғы және тілдің тамырларына массаж жасауда қолданамыз. Бұлшықеттің белгілі жерлеріне ғана жаттығу жасау керек : тілдің үстін басып және кері ығыстыру және  мәжбүрлеп тілді жиыру.

« Айқастырылған табан » зондымен 30 секунд ішінде тілдің бұлшықетін жиыруға болады. Оның көмегімен мына қимылдар жасалады :

-                     Басып шаншу қимылдары, қимыл уақыты - 5 секунд.

-                     Секірмелі алға-артқа қайтармалы қимылдар. 5-6 қимыл жасап болған соң , орнын ауыстырып жалғастырамыз.

-                     Шеңберді бойлай оңға-солға басу әдісі ( бұлшықетті зонды арқылы бұрау ) . Қимыл уақыты – 5 секунд.

-                     Бұл зонд Г, К, Х және Ш, Ж, Щ, Ч, Р дыбыстарын қоюға қолайлы.

№ 8 « Итермелеуші » зонды жақ бұлшықетіне , бетке, ерінге, жұмсақ таңдайға массаж жасауға қатысады. Ұзынан бойы, көлденең, әр түрлі артикуляциялық жаттығуларды жасауға мүмкіндік береді , яғни жиырылған бұлшықеттерге әсер етеді және қозғалғыштығы мен иілгіштігін қалпына келтіреді.

Зондтың ұшында ілмегі болады. Басу кезінде бұлшықеттер тартылып, зондты алғанда алғанды бұлшықеттің ширығуы босаңсиды. Қимыл уақыты – 5 секунд.

Қарқынды әсер алу үшін сору әдісі бойынша : зондты белгілі бір орынға қойып, сағат тілінің бағытымен 5 секундқа дейін бұрып , ұстап тұру керек. Қысым түсіру дәрежесі бұлшықетке тікелей байланысты.

№ 9 « Қысқыштар » зонды  бет бұлшықеттеріне, ерінге, жақ сүйектеріне, тілге массаж жасауға қатысады, ұзынан бойы, көлденең тіл бұлшықеттеріне әсерін береді және олардың қозғалғыштығын, иілгіштігін, іске қосылуын қалыпқа келтіреді. Бұлар әр түрлі артикуляциялық қимылдар жасауға септігін тигізеді. Әсіресе тілдің бүйірлерін тілдің артқы жағын ию кезінде тамырына қарай және керісінше орау , сондай-ақ тілді оңға-солға бұру , тілді қатайту үшін аузымыздан алдыға қарай шығару керек, сондай-ақ тілдің ұшын ғана басып қоймай, тілдің ортаңғы жағын да басуға болады.

№ 10 « Тартқыш » зонды  тіласты желбезекке массаж жасауға және оны созуға арналған. Егер де бала тілін жоғарыға көтере алмаса, бұл зондпен тіласты желбезектердің күйін көруге болады. Қысқа тіласты желбезекті хирург-тіс дәрігерінде кесіп тастайды.

Зондты тілдің астына қоямыз. Содан соң тіласты желбезекті көріп және оның дыбыс айту кезінде не себепті көтерілмейтіндігін анықтап ( қысқа жүген немесе тілдің жансызданған бұлшықетінің құрылымы ) зондты ақырындап көтереміз.

№ 11 « Аққу » зонды  бетке, жақ сүйектеріне және жұмсақ таңдайға массаж жасауға арналған. Қозғалысын және иілгіштігін қалыпқа келтіре, түрлі артикуляциялық қимылдарды қолдануға және сілекейдің ағуын жоюға мүмкіндік береді.

№ 12 « Сырғымалы » зонды  бетке, ерінге, жақ сүйектеріне, тілге, қолға массаж жасауға қатысады.

Ұзынан бойы, көлденең орналасқан бұлшықеттерге әсер береді, қозғалысын, иілгіштігін, іске қосылуын қалыпқа келтіреді.

Бұл зондының екі жақты жұмыс жасаушы беті болады. Барлық массаж жасайтын жаттығуларды алдымен бір жағымен , содан соң екінші жағымен жасаймыз.

Әр түрлі қозғалыс жасау, дыбыстарды айту кездерінде тілдің бұлшықеттері иілгіш, қозғалғыш және іске жылдам қосылу сияқты белгілерімен қабілетті болуы тиіс. Егер бұлшықеттерде мұндай ерекшелік болмаса, онда баланың сөзі түсініксіз, мыңғырлап естіледі немесе мүлдем сөйлемейді.

Логопедтің міндеті – зақымданған бұлшықеттерге жан кіргізіп, жұмыс жасауға мәжбүрлеу және дыбысты айту бұзылыстарын қалыпқа келтіру болып табылады. Зондпен массаж жасау кезінде түрлі  дірілдеген немесе әлсіз бұлшықеттерді дұрыстайды.

Түрлі үйлесімділігіне байланысты тілге, жақ сүйектеріне, ерінге, бетке, жұмсақ таңдайға жеке-жеке массаж жасаймыз. Зақымдалған бұлшықеттердің құрылысын ақырындап қамти бастайды.

Артикуляциялық ағзаларға жасалатын  массаж белгілі бір сызба бойынша жүргізіледі және бірте-бірте  жүктемені ұлғайтады ( қарапайым тапсырмадан қиынына дейін ).

Зондпен жасалатын массажға кіріспес бұрын , тілге қолмен жасалатын массаждың 15-30 қабылдауында болуымыз керек. Бұл бұлшықеттердің босаңсуына мүмкіндік береді және дайындықтың келесі түрінде пайдаға жарайды, яғни қарқындырақ түріне ықпал етеді.

Әрбір массаждың қабылдауында түрлі массаж жаттығулары қосылып отырады :

·        қолымызбен тілге жасалатын 1-2  жаттығулар түрі ;

·        жақ сүйектеріне жасалатын 1-2 жаттығулар түрі ;

·        бетке жасалатын 1-2 жаттығулар түрі ;

·        ауыз жырығының айналасындағы бұлшықеттерге жасалатын 1-2 жаттығулар түрі.

Келесі қабылдауында « Тіл бұлшықетіне зондпен массаж жасау » кешенінен жаттығулар қосылады, ал соңғы кезеңіне « Жұмсақ таңдайға жасалатын массаж » түрлері енгізіледі.

Тапсырмалар 30 рет орындалады. Балалардың тынығуы үшін әр жаттығудан соң  5 рет үзіліс беріледі.

Бұл массаждың ұзақтығы 30 минутқа дейін созылады.

Осылайша, артикуляциялық аппараттарда кездесетін патологиялық көрсеткіштердің әлсіреу , сөйлеу бұлшықетінің қимылдау мүмкіндігінің кеңейтілу және олардың дыбысталуына қосу мақсатында массаж түрлері жүргізіледі. Бұдан бөлек, сөйлеу аппаратын жандандыру үшін артикуляциялық қимыл жаттығуларын қолданылады.

Артикуляциялық қимыл жаттығуларын массаждан соң 20-30 минут өткеннен кейін жасауға кеңес береміз .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья на тему "Зондовый логопедический массаж языка для детей""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 150 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.11.2016 4045
    • DOCX 91.2 кбайт
    • 42 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сариева Арайлым Әмірханқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сариева Арайлым Әмірханқызы
    Сариева Арайлым Әмірханқызы
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4748
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Государственное и муниципальное управление в образовании

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 467 человек

Курс повышения квалификации

Основы организации и проведения турниров, соревнований и спортивно-массовых мероприятий

108 ч.

2070 руб. 1240 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Мини-курс

Вероятность и статистика: формирование общеучебных умений и навыков

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Самоповреждающее поведение у подростков: профилактика и методы работы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов