Инфоурок Другое СтатьиСтатья о уровневом обучении учеников

Статья о уровневом обучении учеников

Скачать материал

 

 

 

 

Педагогика

Белсенбаев Самидин Турсынханович

№169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектеп, Ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары

Жаңақорған кенті, Қызылорда облысы, Қазақстан

Оқушыларға білім берудегі деңгейлеп оқытудың тиімділігі

 

Қазіргі білім берудегі басты ерекшелік оқушыларға еркін білім беру, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін мектептің алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа педагогикалық технологияларын қолданумен қатар, олардың жеке тұлғалық дамуына мектеп ортасында қолайлы жағдай жасау. Мектептің педагогикалық құрылымында негізгі құндылық  - оқушы және оның жеке тұлғасы болып табылады [1].

Білім беру мазмұны жаңа белестерге озық біліктермен, жаңа ақпараттарды қабылдау қабілетінің дамуымен ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламасының нақтылануымен байланысты.

Ақпарат дәстүрлі әдістері: ауызша және жазбаша, телефон  және радио байланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде.

Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім, тәрбие беру әрбір ұстаздың басты міндеті. Бүгінгі мектептің алдында оқушыларды деңгейлеп оқыту арқылы, оқушының оқу әрекетін қалыптастыру, олардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын ояту болып табылады.

Педагогика ғылымының докторы Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша сабақ тақырыптарына деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. Өйткені қазіргі оқушының бойынан жаңа процестерін талап етуде. Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика саласында оқытудың деңгейлік жүйесі оқушыларға ғылым негізін меңгертудің негізгі тиімді жолы болып табылады.

Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатыны. Сондай-ақ бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыны жаңаша оқытудың, жаңа оқу әдістерін, жаңа мазмұнды қажет етеді.

Оқытудың жаңа технологиясының бірі – жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады. Оқушыларды деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі, оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік-теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін әлеуметтік-психологиялық танымал, сұранымын ескеру талап етіледі. Сондықтан да тиімді дәрежеге жету үшін оқушының білім мен деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру қажет.

Мектеп оқушыларының білім деңгейінің көрсеткішін төмендегідей бағалауға болады: 1 деңгей (төмен) эпизодтық. Білімді жаңа жағдайға көшіру мұғалім көмегімен жүзеге асырылады; 2 деңгей түсініктерді жүйелеу деңгейі. 70 пайызы ғылыми ұғымдарды саналы түрде анықтайды; 3 деңгей (жоғары) бастапқы ғылыми ұғымға өту деңгейі деп белгілейді [2].

Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар оқушылардың ойлауына, тапсырманы орындауда жауапты өзі іздестіреді, оны шешуде ақыл-ойы дамиды, ойлауына жан-жақты әсер етеді деп түйіндейді. Бірінші деңгей тапсырмалары жаттап алуға лайықты, алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілетін өңін өзгетпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік береді, екінші деңгей тапсырмалары материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар, үшінші деңгей танымды-іздену түрдегі заңдылықтар шығару қорытынды жұмыстарын меңгереді.

Деңгейлік тапсырмалар ауқымы өте кең. Оқулықтағы жаттығулар,  деңгейлік тапсырмалар құрамындағы сөзжұмбақтар, тестік сұрақтар, іскерлік ойындар мен тренингтер жүйесін қамтиды. Бұл оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы, әрі оқу бағдарламасы олардың жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі.

Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы әртүрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыралатыны тексеріледі. Өз бетімен жұмыс орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі  мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді.

Бірінші деңгей тапсырмаларды білімнің мимималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшелігіне сай болады. Сынып бағдарламасына байланысты жұмыстарын орындайды. Жоғары сыныптарда есінде қалатындай бағытта меңгеріп, тыңдап, түсініп оқу, аударып, жаза алады.

Екінші деңгей сынып бағдарламасына сай тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі. Оқушы өз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқушының сөйлеуі, түсінуі, қабылдауы, жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері әлдеқайда жоғары болады. Оқушылардың логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен, ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайда пайдаланумен сипатталады.

Төртінші деңгей дарынды, іздемпаз, қабілеті жоғары, креативті оқушыларға арналады. Оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді, оқушы өз мақсатын қояды, әдістерін іздейді, нәтижеге жетеді. Жазба жұмыстарын орындайды.

Қорыта айтқанда, деңгейлеп оқыту оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігінде жүзеге асыра отырып, әр оқушының даму деңгейімен оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді.

Әдебиеттер

1. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз: ТарМу, 2003.

2. Қараев Ж. Деңгейлік оқыту технологиясы. Алматы, 2002.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья о уровневом обучении учеников"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Корреспондент

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 960 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.05.2016 462
    • DOCX 15.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Белсенбаев Самидин Турсынханович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 537
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Практика гештальт-терапии: техники и инструменты

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 311 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 65 человек

Мини-курс

Библиотечная трансформация: от классики до современности с акцентом на эффективное общение и организацию событий

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Основы творческой фотографии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 224 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек