Инфоурок Иностранные языки СтатьиСтатья "Оқыту үдерісінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасының алатын орны"

Статья "Оқыту үдерісінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасының алатын орны"

Скачать материал

hello_html_m2da30a33.gifhello_html_m7633003d.gifhello_html_6e909c54.gifhello_html_21bc0d5f.gifhello_html_21bc0d5f.gifhello_html_3f3353d.gifhello_html_3f3353d.gifhello_html_4ef7ccec.gifhello_html_m7633003d.gifhello_html_m7633003d.gifhello_html_77c1f5bb.gifhello_html_18cfae9.gifhello_html_m6cf31661.gifhello_html_m228bb1a6.gifОқыту үдерісінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасының алатын орны


«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» оқушылардың шығармашылық  әрекетін қамтамасыз етуде алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау әдісі оқушының еркін сөйлеуіне, өз пікірін айтуға, достарының ойын тыңдауға, жағдаяттарды шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.

Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген-білгенін талдап салыстырып, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, өз бетімен және топпен, жұппен бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден – бір тиімді технология.

Сын тұрғысынан ойлау жобасының негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір-түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. “Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

Бұл жоба оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.


Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар

орындалуы шарт:


1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;

2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;

3) әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

4) үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;

5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;

6) оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.

Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі. «Не істеу керектігін» нақты жағдайда көрсетпей, мұғалімнің шеберлігі арқылы оқушының өзінің шығармашылық ойлауын, білімге қызығушылығын ояту, шешім қабылдауға  үйрету, жауапкершілігін арттыру.


СТО мен дәстүрлі сабақтарды салыстырсақ:


Дәстүрлі сабақтарда

СТО сабақтарда

Оқушы бірден жұмысқа кірісіп кетпейді

Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады

Белсенділік орташа, мұғалімнің көмегін керек етеді

Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері, белсенділіктері басым

Шығармашылығы бірқалыпты, ынта-ықыластарын білдіре қоймайды

Шығармашылық қабілеттері артады, топтағы әр оқушының жауапкершілігі басым

Мұғалім тақырыпты түсіндіреді

Мұғалім тақырыпқа қызықтырып бағыттайды

Мұғалім сабақты қорыту үшін жалпы сұрақтарды қояды

Мұғалім оқушылардың ойларын қорытуға бағыттайды. Оқушылар өз тұжырымдама-сын жасайды


Сын тұрғысынан ойлау жобасының нәтижесінде оқушылар:

сенімділікпен жұмыс жасайды;

бар ынтасымен оқуға беріледі;

бір-бірінің ойын тыңдайды, құрметтейді.

Сонда олар:

мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?

осы ақпаратты үйрене отырып мен қорытынды жасай аламын ба?

маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

Аталмыш жобаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі.

І кезеңі. Қызығушылықты ояту

ІІ кезеңі. Мағынаны тану

ІІІ кезеңі. Ой толғаныс

І. Қызығушылықты ояту. Бұл үйрену үрдісі болып табылады. Үйрену процесі - бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Бұл кезеңде мұғалім бұрынғы білетін білімдерін жаңа материалмен ұштастыруға жағдай жасайды. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Сабақтың мазмұнына сай алынған стратегиялар арқылы оқушылардың ойы шыңдалып, ашылады. Сабаққа белсенділігі, ынта-жігері артады. Бұл кезеңде мұғалім жаңа ақпаратпен таныстырады. Тақырып бойынша жұмыс жасауға итермелейді. Таңдап алынған стратегияларға байланысты өз бетімен білім алуға көмектеседі. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтастыру», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» т. б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) тиімді.

ІІ. Мағынаны тану (түсіне білу). Мағынаны тану кезеңі - негізгі кезең, сондықтан оқылып жатқан материалдың қажеттілігін түсіндіреді. Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі - INSERT. Бұл стратегия бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.

III. Ой толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Ой толғаныс – тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту. Бұл бағдарламаның қорытынды үшінші кезеңінде үйренгенін саралап, салмақтап ой елегінен өткізеді, білімді бекітеді. Оқушылар осы кезеңде өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады, өз шығармашылықтарын көрсете алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмасады, ой түйістіреді. Өзіне және сыныптастарына сын көзбен қарайды. Өздерін бағалайды. Оқып, білгендерін таразылайды.

Кезеңнің мақсаты:
- қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара-қатынасын ашу;
- оқылған материалды талдау және қорытындылау;
- тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау;
- мағынаны тану кезеңінде білімге сүйене отырып, бұрын және сабақ барысында не үйренгенін салыстырады;
- қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған мақсатты іске асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін іріктеп алады;
- өзіне қойған сұрақтарға мағыналы жауап алғандарын бағалайды;
- алған білімдерін өмірмен байланыстырады, қорытынды нәтиже шығарады, өз бетімен жаңа идеяларды ойластырады;
- әртүрлі кезеңдегі ақпараттардың өзара қатынасын сипаттайтын кестелер толтырады;
- түйін сөздерге қайта оралады;
- рефлексивті сұрақтарға жауап береді;
- пікір алмасады;
- шығармашылық жұмыс жазады (эссе) және т. б.

СТО дамыту сабақтарының мақсаты біреу нақты сабаққа байланысты. Міндеттері үш түрлі болады. Олар: мазмұнға байланысты, СТО-ды дамытуға байланысты, топпен жұмысқа байланысты. Сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрғанымен, ондағы қолданылатын стратегиялар ауыса береді. Ал, кейбір стратегиялар кезеңге нақты арналған. Сол себептен, орынымен пайдаланған ұтымдырақ болады. Сабақ кезеңдеріне байланысты қолданылатын стратегиялар:

Сабақ кезеңдері

Қолдануға тиімді әдіс - тәсілдері



Қызығушылықты ояту

«Кластер», «Миға шабуыл», «БББ кестесі», «Тірек сөздер», «Т кестесі», «Көрнекілік», «Қарама – қарсы элементтер» және т. б.









Мағынаны тану

«РАФТ», «БББ кестесі», «Джиксо», «Кубизм», «INSERT», «Болжау кестесі», «Үш қадамды сұхбат», «Талдау картасы», «Блум таксономия», «Көп деңгейлі сұрақтар», «Т кестесі», «Пікір-талас», « Аквариум», «Жұпта, топта талқылау», «Венн диаграммасы», «Екі түрлі түсініктеме күнделігі», «Семантикалық карта», «Геометриялық фигуралар» және т.б.



Ой толғаныс


«Еркін жазу», «Түйін сөз», «Эссе», «РАФТ», «Синквейн», «Концептуалды кесте», «Венн диаграммасы», «БББ кестесі», «Фишбоун», «Топтастыру», «Бір айналым сұхбат», «Құндылық сызығы», «Негізгі идеяны суреттеу»

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасын пайдаланудың тиімділігі


RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан тұрады.
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жазу мен оқу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында қолданып жүрген стратегиялардың мүмкіншіліктеріне тоқталайын:


«Топтастыру» немесе «Кластер» стратегиясы

Топтастыру немесе кластер стратегиясы ойды жинақтау, ми қыртысында сәулеленген ойларды топтастыру, ассоциациялау. Бұл стратегия топпен де, жұппен де орындалуға тиімді және сабақтың әр кезеңінде де тиімді. Оқушылар кластер құрастыру арқылы тақырыптың мәнін ашады, тақырып туралы жан-жақты мәліметті қамтуға үйренеді, негізгі ұғымдар мен түсініктерге мән береді. Сабақта белгілі бір нысан немесе тақырып аясында ой өрбіткенде оның сан түрлі ерекшелігі мен қасиетін топтастыруға мүмкіндік туады.

қазақтың

АБАЙ

кемеңгер ақыны

философ сыншы

сазгер аудармашы

лирик прозашы

данышпан

БББ кестесі.

Бұл тәсілді Донна Огл ойлап тапқан. Бұл тәсіл оқушылар өз бетінше жұмыс жасауда тиімді. Бұл жұмысты кесте үлгісінде пайдалануға болады. Сабақта оқушылар берілген кестені толтырып, тақырып бойынша ой қозғап, өзінің бұрынғы білімін еске түсіріп, сабақ соңында жаңа ақпаратпен толықтырады.


Білеміз

(біз не білеміз?)

Білгіміз келеді

(біз не білгіміз келеді?)

Білдік (біз не білдік және білуге не қалды?)

Көксерек – қасқыр

Қасқыр – түз тағысы

Қасқыр – ұлиды

Қасқыр – қауіпті аң

Қасқыр қанша жыл өмір сүреді? Қолға ұстап, асырауға бола ма? Қасқыр мен адам арасында достық бола ма?

Қасқырды қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды.


«Көп деңгейлі сұрақ» стратегиясы.

«Жіңішке» немесе тура сұрақтар. «Жіңішке сұрақтар» - бір мағыналы, бір сөзді, «фактілі» жауаптар күтілетін сұрақтар. Мұндай сұрақтар қандай да бір фразаны немесе фактіні еске түсіру үшін қойылады. Сұрақтардың жауаптары мәтіннің ішінде кездеседі, оқушыдан оны жаттап алып, айтып беру талап етіледі. 

«Жуан» сұрақтар – ойлауды, қосымша білімді тартатын, талдай білуді талап ететін сұрақтар.

Өзгертуді талап ететін сұрақтар жауап берушіден мағлұматты басқа формада жеткізуді күтеді. Мұндай сұрақ қою кезінде оқушы ойланатын жағдайды елестетіп көріністі суреттеп берулері керек. Яғни, оқушылар ойша елестеткен кейіптерді талқылайды. Олар ең алдымен елестету тәжірибесін жинайды, содан кейін сөйлеу арқылы басқаларды өз қабылдауымен таныстырады.

Интерпретациялау-сұрақтары оқушыларды идеялар мен фактілер, анықтамалар мен құндылықтар арасындағы байланыстарды табуға үйретеді. 

Сұрақ-тіркеме  оқушыларға мәселені шешуге немесе келесі мәселенің логикасы мен себептерін зерттеуге мүмкіндік береді.

Сұрақ-баға оқушыларға жақсы, жаман деген сияқты қорытынды шешім қабылдатады.





«Жуан» және «жіңішке» сұрақтар үлгісі:

Жіңішке сұрақтар


Жуан сұрақтар

кім ...? не...? қашан...?

... болуы мүмкін? ... болады?

... қалай аталады?

... болды ма...?

... келісесіз бе?

... дұрыс па?


неге сендер ... ойлайсыңдар?

түсініктеме беріңдер?

неліктен, үш түсінік беріңдер...?

неліктен, түсіндіріңдер...?

неліктен, сіз солай ойлайсыз ...?

айырмашылығы неде ...?

не боларын, болжап көріңдер ...?

әйтпесе, не ...? не болады ... болса?


«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясы.

Мәтінді оқу барысында оқушы дәптер бетінің сол жағына мәтінде өздеріне әсер еткен үзінділерді, берілген оқиғаларды жазады. Ал парақтың оң жағына сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.). Әр оқушы мәтінмен танысып, дәптерлеріне жазбаша тапсырманы толтырып біткен соң бірінші жұппен, одан кейін топпен талқылау ұйымдастырылады. Топ ішінен өз жұмыстарын бір-бірден шығып қорғайды. Бұл әдістің көмегімен оқушылардың сөздік қоры молаяды, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге тырысады. Осындай жұмыстар арқылы, ең әуелі, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасып, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады, оқулықпен жұмыс істеуге, бір-біріне жүйелі сұрақ қоя білуге дағдыланады.

Шегіртке мен құмырсқа істеріне байланысты «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясын пайдалану үлгісі:


Үзінді

(мәтінде қатты әсер еткен тұстар, үзінділер)

Түсініктеме

(сол әсер еткен үзінділер жайлы пікірлер)

1. Шырылдауық шегіртке,

Ыршып жүріп ән салған.

Көгалды қуып гөлайттап,

Қызықпен жүріп жазды алған...

2. Сауықшыл сорлы бүкшиді,

Тым-ақ қиын іс болды.

Секіру қайда, сүрініп,

Қабағын қайғы жабады.

Саламда жатып дән жиған,

Құмырсқаны іздеп табады.

3. Жаз өтерін білмеп пе ең?

Жаның үшін еш шаруа

Ала жаздай қылмап па ең?...

... Ала жаздай ән салсаң,

Селкілде де, билей бер!

1. Шегіртке пайдасыз іспен айналысып, ала жаздай ән айтып, би билеумен жүріп, жаз артынан қыс келетінін ойламаған.



2. Шегіртке уақытын босқа өткізбей, құмырсқа сияқты еңбек етіп, қысқа дайындалу керек еді.







3. «Қыстың қамын жаз ойла» деген мақалды еске түсіреді.


Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады.
Жұмыс аяқталған соң, қорыту сұрақтарын қоюға да болады.
Мысалы:
1. Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
2. Автор оқырманды қалай қызықтырды?
3. Кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз?
Бұл әдіс те оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді. Ақпараттарды өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге машықтанады. Сондай-ақ, әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.

«Миға шабуыл» стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінеді. Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөлмейді және бағаланбайды. Іс-тәжірибеден байқағанда, бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы:

- ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды;

- жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады);

- барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы;

- белгіленген уақыт сақталуы тиіс.

Үлгі: Сурет қандай мағына береді?

Картинки по запросу мать с ребенком силуэт



«ДЖИКСО» стратегиясы — ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: алдымен, сынып 4 топқа бөлініп отырады – бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды. Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің

1 – бөлігін бірлер, 2 — бөлігін екілер, 3 — бөлігін үшіншілер, 4,5- бөліктерін — бесінші және төртінші топқа бөлінетін оқушылар алады. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді. ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.


INSERT немесе түртіп алу стратегиясы. Бұл әдіс мәтінмен танысқанда өте тиімді. Оқырмандар қолдарына қарындаш алып, «V»- білемін, « - » — білмеймін немесе білгеніме сәйкес келмеді, « + » — мен үшін жаңа білім (ақпарат), « ? » – мені таң қалдырды немесе тереңірек білгім келеді, зерттегім келеді (түсінбедім, сұрағым бар) — деген белгілерді қойып отырып оқу тапсырылады, оқушылар мәтіннің мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады. Бұл әдісті оқушылардың жеке немесе ұжымдық жұмыс барысында қолданалуға болады.

Іс-әрекет:

1. Түртіп алу кестесін тақтаға немесе қағаз бетіне жазғызу. Мәтінді оқу үшін уақыт беру керек.

2. Оқып болған соң, түртіп алу кестесін алдыңғы қойған белгілеріне сәйкес, өз беттерімен толтырады.

3. Кестелерін жұпта талқылайды.

4. Кестені топтарында талқылдайды. Топтың жалпы кестесіне не еңгізу керектігін таңдайды.

5. Топтың жалпы кестесін толтырады. Мәтіннің барлық даулы жақтарын анықтайды, сұрақтарға жауап іздейді. Не сәйкес келеді, егер сәйкес келмесе неге? Алғашқы жазған тізімдерімен салыстырады. Тізімдегі айқындалмаған пікірталастар пен қалған сұрақтар әрі қарай іздену үшін қалады.

Осы тәсіл оқушылардың назарын оқылатын тақырыпқа аударуға, сабақ жоспарын жасауға мүмкіндік береді.

Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығынан үлгі:

V

-

+

?

Ыбырай Алтынсарин

ұлы ұстаз, жазушы,

ағартушы. Ол қазақ балаларына арнап мектеп ашқан.

Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып, атасы Балғожа бидің тәрбиесінде болған.

«Қазақ хрестоматиясы» деген оқулықтың авторы. Орыс жазушыларының әңгімелерін қазақ тіліне аударған.

1889 жылы ауыр науқастан қайтыс болған.

Отбасы, балалары туралы білгім келеді.


«Кубизм» стратегиясы – тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын ойын арқылы оқыту әдісі. Кубтың алты жағына жазылған тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты немесе объектіні жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады. Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды. Бұл стратегияны қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тиімді қолдануға болады.

«Өткен шақ» тақырыбы бойынша үлгілер:

1. Суретте. Өткен шақ дегеніміз не? Оның түрлері.

2. Салыстыр. Жедел өткен шақ пен бұрынғы өткен шақтың жасалу жолын салыстырып көрсет.

3. Ойыңмен байланыстыр. «Келу» етістігін жедел және өткен шақта жікте.

4. Зертте. Ауыспалы өткен шақтың жасалу жолына тоқтал

5. Қолдан. Етістіктерді қолдана отырып, өткен шақта «Менің жазғы демалысым» тақырыбына шағын әңгіме жаз.

6. Талқыла. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, сөз құрамына қарай талдау.


«Алтын күз» тақырыбы бойынша тапсырма:

1. Суретте. Күз мезгілін суреттеп береді.

2. Салыстыр. Басқа жыл мезгілімен салыстырады.

3. Ойыңмен байланыстыр. Неге алтын күз деп аталады?

4. Пайымдау. Күз мезгіліндегі табиғат өзгерістері мен адамдардың тұрмыс-тіршілігі.

5. Қолдан. «Күзгі көрініс» тақырыбына шағын әңгіме жазыңдар.

6. Талқыла. Күз мезгіліне байланысты білетін мақал-мәтелдердің мағынасын аш.




Күз мезгілін суретте
















Синквейн немесе бес жолды өлең стратегиясы - образдық тіл дамуында тез арада нәтиже алуға мүмкіндік беретін тиімді тәсіл. Синквейн күрделі ақпаратты, оқушылардың түсінік және сөздік қорларын бағалау сапасын синтездеуге тиімді.

Синквейнді жасаудың ережесі:

  • Бірінші жолы - синквейн тақырыбы, сөз туралы болатын объект немесе затты білдіретін бір сөзден тұрады.

  • Екінші жолы - екі сын есім, жоғарыдағы зат есімнің сынын, объекттің түрін және құрамын білдіреді.

  • Үшінші жолы - объекттің сипатты әрекеттерін көрсететін үш етістіктен немесе көсемшеден тұрады.

  • Төртінші жолы - суреттелген зат немесе объектіге синквейннің авторының жеке көзқарасын білдіретін төрт сөзден тұратын фраза.

  • Бесінші жолы - зат немесе объектінің мәнін сипаттайын бір сөз – түйін (кейде синоним болады).


Үлгі:

1. Ана

2. Ардақты, қымбатты.

3. Мәпелейді, тәрбиелейді, аялайды

4. Ағайын – алтау, ана – біреу.

5. Шеше

RAFT стратегиясы – оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды. Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. РАФТ оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс- қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.

Мысалы: Мен қазақтың қара домбырасымын. Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. Мен әр қазақтың төрінде ілулі тұрамын. Мен адамның көңіл – күйін шектерім арқылы жеткіземін...

Еркін жазу.

Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырып, топта талқылап, ең жақсы деп танылған шығарма, эссе, өлеңді ортаға шығып оқуға болады. Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.

Оқушының «Ана» тақырыбына жазған эссе үлгісі:

«Ана» сөзін естігенде, елең етпейтін жүрек, нәзіктікті сезбейтін жан жоқ шығар деп ойлаймын. Ананың балаға деген махаббаты, сезімі, мейірімі жүз шақырым жерден-ақ сезіліп тұрады ғой. Ананың қасиеттілігі сонша – тіпті қайсар мінезді ұлы күш иелері, батырлар, қатігез басшылардың өзі аналардың алдында бас иген. Дүние есігін ашқан сәттен бастап, өміріңде қандай жағдай болмасын, қуаныш-қайғыда да саған қуат беріп, демеп тұратын жалғыз ғана күш иесі сол – ана махаббаты. Сондықтан біз анамызды әрқашан ардақтап, құрметтеп өтетін ұрпақпыз.

Болжау.

Мәтінді оқу барысында қолданылатын әдіс. Мәтін мазмұны арқылы баланы қиялдату, ойын, сыни көзқарасын дамыту, проблемалық мәселе туғызу үшін тиімді әдіс. Мәтін тыңдалады, сол тақырып төңірегінде болжам, неліктен олай аталған. Оқушылар мәтінді

4 бөлікке бөліп оқиды, әр бөлімге талдау жасайды, топтың ішінде әр бөлімге пікір айтылады. Әңгіменің соңы қалай аяқталуы мүмкін деген бағытта әңгіме жазылады, сосын соның ішінен ең жақсысы оқылады.

Терминдер арқылы болжау:

1. Термин беріледі

2. Осы сөздер төңірегінде не ойлайсыз, қандай әңгіме құралады деп ойлайсыз? Деген сұрақтар қойылады.

3. Әркім, бірінші, жеке ойланады, содан кейін жұпта немесе топта әркімнің ойын тыңдап, талқылайды. Болжау кесте толтырылады.

4. Мәтін оқылады, не болды кестесі толтырылады, сұрақтар қойылады, екі топқа бөлінеді, пікір сайыс басталады, бес дәлел айтылады.

Болжау кестесі


Шын мәнінде не болады деп ойласыз?

Оған сізде қандай дәлел бар?

Не болды?







Венн диаграммасы.

«Венн диаграммасы» оқушыларды сабақ барысында өз ойларын қорытып шығаруға, екі объекттің айырмашылығы мен ұқсастығын салыстыра алуға үйретеді, тіл байлықтары мен сөздік қорларын байытатын тиімді әдістің бірі. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.


Жеке қасиеттері Ортақ қасиеттері Жеке қасиеттері



Блум токсономиясы

Токсономия (грекше. taxis – орналасу, құрылыс, тәртіп және nomos –заң).

Такосономия – олардың иерархиясын (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.

Ойлау деңгейі

Сұрақтар үлгілері

Пайдаланылатын етістіктер

Білу

Не? Кім? Қашан? Қалай? Атап көрсет. Ережесі қандай?

еске түсіру, анықтау, қайталау, атау, әңгімелеу, ұсыну, табу

Түсіну

Не білдің? Неліктен? ... басқаша қалай түсіндіруге болады? ... бұл үлгі боп табыла ма? Мен мұны өз сөзіммен сипаттай алам ба?

қайта қарастыру, сейкестендіру, талқылау, қайта қарау, түсіндіру, әңгімелеу, айқындау, сөйлемді аяқтау, өз сөзіңмен айту

Қолдану

Бұл қалай пайдаланады? Бұл немен байланысты? ... қандай жағдайларда?

көрсету, тағайындау, орындау, суреттеу, қолдану, пайдалану, айналысу

Талдау

Неге? Қалай? ... себебі не болып табылады? ... себебі қандай? ... бір-бірімен қалай үйлеседі?

ажырату, саралау, үміт арту, даулау, жатқызу, салыстыру, тәжірибеден өткізу, қарама-қарсы қою, зерделеу

Жинақтау

... құрастыруға бола ма? Қандай бөліктерден құралған? Құрылысы қандай? ... қалай байланыстыруға болады?

құрастыру, жоспарлау, жинақтау, ұйымдастыру, тұжырымдау, оқыту, әзірлеу, дамыту, қайта анықтау, ұсыну, жасау, баламасын табу, бөліктерден құрау, жүйелеу, зерттеу, жасап беру

Бағалау

Бұл жақсы ма және неліктен? Бұл қисынды ма және не себепті?

тиянақтау, жорамалдау, бағалау, таңдау, баға қою, анықтау, санау, өлшеу, айыптау, салыстыру, қайта қарастыру, сұрыптау



Блум токсономия бойынша деңгей тапсырмаларына мысалдар:

Білу

1. Мақал дегеніміз не?

2. Мақал-мәтелдерде даналық ой қалай айтылады?

3. Мақал-мәтелдердің тақырыптары қандай?

Түсіну

1. Неліктен мақал-мәтелдер халық мұрасы болып саналады?

2. Не себепті мақал-мәтелдердің өзгеріп отырады?

Қолдану

Мақал-мәтелдерді пайдаланып, диалог құрыңдар.

Талдау

Мақал мен мәтелдің ұқсастықтары мен айырмашылығы неде?

Жинақтау

Мақал-мәтелдер туралы түсініктеріңді тірек сызба арқылы көрсетіңдер.

Бағалау

Мақал-мәтелдердің өмірдегі маңызы.


Фишбоун.

«Фишбоун» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «балықтың қаңқасы» деген мағынаны береді. Бұл тәсілді пайдалану үшін оқушыларға мәселе тұғызу керек. оқушылар балықтың басына сол мәселені, қабырғаларына сұрақтар мен жауаптарын, ал құйрығына қорытынды идеяны жазып, пысықтайды.

Үлгі:



Бастауыш



Баяндауыш



Толықтауыш



Анықтауыш



Пысықтауыш



Сөйлем мүшелерінен жай және құрмалас сөйлем құрастырылады



Сөйлем мүшелері









Кім? Не?

Не істеді?

Кімді? Нені?

Қандай? Қай?

Қайда? Қашан?



Геометриялық фигуралар стратегиясы – бұл стратегияның құралдары геометриялық пішіндер. Мақсаты: оқушының сөздік қорын, әдеби, мәдени сөйлеу тілін, күрделі ойлау қабілетін дамыту. Себебі бала оқылып отырған мәтіннің кейіпкерлерінің мінез-құлқына, сипаттама бере отырып қорытынды жасайды. Кейіпкерлерді түрлі фигуралардың сипатына қарай ұқсастығын табады. Жұмыс жұпта немесе топта орындалады.






Қорытындылай келе, белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой-толғау, суреттей алу, еске түсіру, болжау оқушыны да, жаңа бір әлемнің жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырады. Бұрынғы қолданылған оқыту әдістерінде мұғалім басты орын алып оқушы тек тыңдаушы ғана болса, қазіргі сын тұрғысынан шыңдалған ойлаудың арқасында оқушы білім негіздерімен толығып, болашақты ойлауға құлшыныс алады. Сондықтан сын тұрғысынан ойлау — өте күрделі маңызды құбылыс.
























Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья "Оқыту үдерісінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасының алатын орны""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-перинатолог

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 264 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.03.2016 5813
    • DOCX 95.1 кбайт
    • 36 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алдабергенова Айгуль Турсынбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6491
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Испанский язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации

Учитель испанского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Английский язык для IT-специалистов

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 149 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 66 человек

Курс профессиональной переподготовки

Китайский язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации

Учитель китайского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 158 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 227 человек

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психосемантика и социальная психология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе