Инфоурок Классному руководителю СтатьиСтатья "Орыс мектептеріңде мемлекеттік тілді оқыту проблемалары және оны шешу жолдары"

Статья "Орыс мектептеріңде мемлекеттік тілді оқыту проблемалары және оны шешу жолдары"

Скачать материал

Ақмола облысы

Сандықтау ауданы

«Дорогинка негізгі мектебі»ММ

 

 

 

 

 

 

 

Баяндама:

«Орыс мектептеріңде мемлекеттік тілді оқыту проблемалары және оны шешу жолдары»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: Исқақова Д.Қ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дорогинка с.

2010 ж.

 

Ұлттық тіл - әр халықтың өзіне тән ой – санасын, парасатын, бүкіл болмыс – тіршілігі мен сезім – түйсігін ұрпақтан – ұрпаққа жеткізетін күре тамыр. Онсыз халық аты бар, заты жоқ тобыр. Ол арқылы мемлекеттің мәдениет дербестігі, экономикалық саяси егемендігі сөз жүзінде емес, іс жүзінде болуы тиіс. Бұл біздің тәуелсіз Қазақстанға өте қажет.

Қазіргі уақытта тәуелсіздіктің арқасында халқымыздың дәстүрі, тарихы, мәдениеті қайта жаңғырып, жана жол тапты. Қазақ тілі – Қазақстанның мемлекеттік тілі. Біріншіден, қазақ  халқының салт-дәстүрі мен тұрмысын, әдет-ғұрпын, мәдениетін, тарихын, білуге жол ашты, екіншіден, көпұлтты халықтың қарым - қатынасындағы өндірістік әрі тұрмыстық қажеттілікті іске асыруға, халықтардың достық қарым-қатынасын күшейтудің құралына айналды.

Мемлекетіміздің кез келген оқу орнында қазақ тілі ана тілі және мемлекеттік тіл ретінде оқытылады. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін оқыту әдістері ана тілін оқытудан өзгеше. Ол өзге тіл есебінде жүргізіледі. Орыс тілдегі мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсаты оқушылардың қарым-қатынас біліктілігін, яғни тілдік және танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету екендігі Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында көрсетілген.

Қазақ тілі – оқушыға ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, жұмысында, күнделікті өмірінде қажетіне жарайтындай білім бере алатын аса білікті пәндердің бірі. Осы үлкен міндетті жүзеге асыру мектептің, оқушылардың қызметіне тікелей байланысты және мемлекеттік тілдің қолданылу аясына, қабылданған заңдардың сөз жүзінде емес, іс жүзінде орындалуына да байланысты. Қазақ тілі оқыту барысында оқушылардың пікір айту, ауызша, жазбаша сауатты сөйлеу, қоғамның өзге өкілдерімен дұрыс қарым-қатынас жасау, яғни әрбір адамға керекті коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру мәселелерін шешуге міндетіміз. Тілді мазмуңсыз, мағынасыз меңгеру мүмкін емес. Тіл арқылы қазақ халқының тарихы, әдебиеті, мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрі, әдет - ғұрпы, болмысы танылады. Осы мақсатқа жетсек қана Қазақстанның саналы азаматын тәрбиелейміз.

 Қазір заман ағымына қарай білімнің күші бағаланып, оқу ағартудың, оның ішінде, білімді адамның беделі өсіп келеді. Ал оқу ағарту жүйесі – ұлттық мәдениет, ұлттық сананың рухани даму көрсеткіші. Сондықтан қазір бұл саланың алдында дамудың ұлттық үлгісін (моделін) жасау міндеті тұр.

Мемлекеттің көп ұлты жағдайында тілдерді жетік меңгеру ғылым мен техниканың жетістіктері меңгеруге, отандық  және әлемдік мәдениетті үйренуге кең жол ашады.Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің ұлтаралық, байланыстығына, халықтар достығын нығайтуға,қазақстандық қоғамның әлеуметтік-саяси бірлігіне әсері зор.  Қазіргі таңда қойылған міндеттердің орындалуы мемлекеттік тілді үйретудің ары қарайғы жетілдіруін талап етеді.

Мемлекеттік тілді үйренуде жақсы жетістіктерге жету үшін мұғалім қазіргі тандағы ғылым негіздерімен қарулануы керек, екіншіден, сапасы, мазмұнды бағдарлама мен оқулықтар қажет.

Орыс мектебінде мемлекеттік тілді үйретуде мектеп практикасынан біз нені байқаймыз? Жалпы білім беру мектебін бітіруші пән бойынша үздік баларға иә, бірнеше мың сөз біледі, сөздіктер мен оқулықтарды қолданады, теледидар мен радио бойынша хабарларды тыңдайды, бірақ қазақ тілінде емін-еркін сөйлей алмайды, әңгіме жүргізе алмайды, мәтіндерді аудара алмайды. Мектептер мен жоғары оқу орындарында белгілі бір білім көлемін беріп қана  қоймай, ең бастысы сөйлей білуге үйрету керек.

 Қазақ тілі оқулықтарында грамматика мен әдебиет бөлінбеген, барлығы бір оқулықта біріктірілген. Бағдарламаның құрамында логикалық жүйе, технология жоқ.. Оқулықтар әдістемелік жағынан сауатсыз құрылған,  өйткені сабақтар бір белгілі тақырыптарға, модульдік блоктарға бөлінбеген. Оқулықтарда белсенді  сөздік қорын меңгеру жолдары, механизмдері, нормалары көрсетілмеген, оны бекіту  үшін жаттығулар мен тапсырмалар аз кіргізілген. Активтік сөздер берілген тақырыптарға сәйкес келмейді. Қорытынды, талдау жасайтын, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту жаттығулары, тапсырмалары аз, оқулықтар 80%-ы танымдық әрекеттерге байланысты құралған, тілдік функциясын оқулық орындамайды. Мәтінге берілген тапсырмалар  оқушыларды сөйлеуге жетелемейді. Оқулықтарға керексіз мәліметтер мен қызықсыз материалдар кіргізілген, оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытпайды. Қазақ тілі оқулықтарының негізгі мақсаты – қазақ тіліндегі дыбыстар мен әріптерден, үндестік заңынан, сөз табиғатынан теориялық білім беру және дағды қалыптастыру. Ал қазіргі оқулықтардың авторлары бұл мақсаттан мүлдем алшақ.. Осындай не оқулық емес, не хрестоматия емес оқулықтармен мұғалімдер жұмыс жасайды.

Мәтіндердің көлемі жас ерекшеліктеріне сай емес, үлкен көлемді әр параграфқа берілген мәтіндер арасында байланыс жоқтың қасы, тапсырмалар біртектес, дұрыс сұрыпталмаған, оқушыларға өте қиын тиеді, сөздік жұмыс жүргізуге уақыт өте аз берілген. әр мәтінге кемінде 20 жаңа сөз, ал тақырып бойынша берілген қосымша мәтіндерге тағы да жаңа сөздер беріледі.

Бұл көптеген қиыншылыққа әкеліп соқтырады, оқушыны жалықтырады. Ол мұнша сөзді бір сабақта меңгере алмайды, мұғалімнің уақытын ұтымды пайдалануына кедергі жасайды.

Қазақ тілін орыс сыныптарында дұрыс әрі тиімді оқыту  үшін оны мынадай  үш бағытта ұйымдастырып  жүргізу  керек .

Практикалық  сабақтың сапалылығы,  оның әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру мәселелері жан жақты түрде іске асқанда ғана оқыту және үйрету мәселесін  дұрыс жолға  қоюға болады.

 Қазақ тілін үйренуге деген оқушылардың  ықыласын, қызығушылығын арттыруда  түрлі  көрнекіліктерді пайдалану, әсіресе, магнит таспасы, фонохрестоматиялар, оқытудың бірнеше формаларын пайдалану,  оқытушының сабақ өтудегі шығармашылық  әдіс-тәсілдерінің  үлкен мәні бар. Орыс, қазақ аудиторияларында сабақ беретін оқытушы, ең алдымен, екі тілді - қазақ , орыс тілдірінің грамматикалық  құрылысын, лексикалық  дыбыстық жүйесінің айырмашылығын, ұқсастығын, әсерін жақсы білуге тиіс. Мұндай ерекшеліктерді білмей тұрып сабақ беру өте қиынға түседі.

Сондықтан да орыс тілді мектептерде сабақ беретін оқытушылар міндетті түрде екі тілдегі айырмашылықтар мен кейбір ұқсастықтарды білуі қажет. Күнделікті жұмысымызда алдымыздан шығып жүргендіктен екі тілдегі өзгешеліктер мен ұқсастықтар қандай деген мәселеге тоқтала кеткен орынды.

      Оқушыларға қазақ тілін оқыту ұстаздан аса шеберлікті, көп ізденуді, тиянақты білімді қажет етеді.

Үлгерімі төмен деңгейдегі оқушыларға тіл үйретудің өзіндік қиындықтары мен проблемалары жеткілікті.

Үлгерімі төмен оқушының сөздік қоры таяз болғандықтан оның ауызекі сөйлеуі дамуында қиындықтар туындайды.

Біріншіден, оқушы алғашқы сабақтарынан бастап түсініп оқитын болу керек. Түсініп оқу дегеніміз баланың оқыған әрбір сөзін белгілі затпен байланыстыра алуы, оқығанына мағына бере білуі, оқыған сөздерінің бір-бірімен байланысын және өзара қатынасын түсіне білуі, сондай-ақ шағын мәтіндерді өз деңгейлеріне сай құрастыра білуі, осы әрекеттердің барлығы жүзеге асқан жағдайда ғана оқушының қазақ тіліне деген қызығушылығы ояна түседі.

Оқушыны түсініп оқуға бейімдеудің алғашқы жолы алдын-ала, баланың қандай актив сөздерді білетіндігін және қолдану шеберлігін анықтау. Яғни, белгілі бір мөлшерде жаңа сөздерді меңгеріп, ауызекі дұрыс сөйлеуге, сауатты дұрыс жазуға дағдылануы тиіс. Актив сөздерді пайдаланып үлгерімі төмен оқушы сөз тіркестерін және сөйлемдерді құрай білуге бейімделеді.

Оқушының есте сақтау қабілетін дамыту үшін жаңа сөздерді, бұрыннан таныс сөздер мен түрлі дамыту жұмыстары арқылы байланыстырып, күнделікті қайталап отыру керек. Төмен деңгейдегі оқушыны оқыту барысында қабылдаудың тұтастық заңдылықтары мен даралық ерекшеліктерің дұрыс байланыстыру арқылы білім сапасын арттыруды жүзеге асыруға болады.

Бүгінгі күні бәріміз жақсы білеміз, оқушыларды оқытудың сапасын жетілдіру жолдарының бірі – білім беруді саралау.оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілі пәні бойынша осы тұрғыда қандай іс-шаралар іске асырылып жатыр.

Мемлекеттік тіліміз қарқынды даму үстінде болса да тіл мәселесі айналасындағы мәселелер аз емес. Қазіргі таңда туындап жатқан қиындықтарды жеңудің қандай жолдары бар. Мектептегі мәселе, бағдарлама, оқулықтар жөнінде бәріңіздің де хабарыңыз бар. Дәл осы сәтте, алда келе жатқан Бірыңғай Ұлттық тестілеу құрамына мемлекеттік тілден сынақ өткізу табалдырығында тұрғанымызда оқушылардың қазақ тілінен білімдерін ұлғайтуға, сөйлеу тілінің аясын кеңейтуге мүмкіндік туғызатын бірден-бір жол – ол мектепте қазақ тілінен арнайы немесе таңдаулы курс өткізу керек.

Қазіргі мектепте оқу тәрбие жұмысын түгелдей қайта құру жұмысы жүріп жатыр. Қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдердің міндеті – алдында отырған әр оқушысының  психикалық – физиологиялық даму және қалыптасу ерекшелігін білумен бірге мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасының негіздерін де білу қажеттігі туып отыр. Педагог  кадрларды қазіргі заман талаптарына  сай дайындау, әрі мамандығын үздіксіз жетілдіру – мұғалімнің шеберлігінің басты белгісі – оның психологиялық жоғарғы әзірлігі болып табылады.

Психология, педагогика, әдістемені жетік білген шебер мұғалімдер оқытуда көп қателік жібермейді.

Сондықтан ана тілінен сабақ беретін мұғалім – біріншіден, психолог  болу керек.                          

К.У. Ушинский өзінің Ана тілі  оқулығын  жасауда баланың психикасын жете  білуіне мән бергені соншалық,, ол өзінің дидактикалық пікірлерін, сол кезде жаңа  дамып келе жатқан психология ғылымның жетістіктеріне негіздей отырып жасаған.

Д.Ушинскийдің осындай пікіріне сүйенген қазақтың тұнғыш педагогы Ы.Алтынсарин өзінің  жазған Хрестоматиясында баланың жас ерекшелігі мен өзіндік ерекшелігін ескере отырып былай  деген;Мұғалімнің жұмысы – балалар. Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса,онда оқытушы олардың көкейіне  қондыра алмағын үшін өзін-өзі  кінәлауға тиіс.

Қазақ тілі мұғалімінің, яғни, менің  міндетім мәдениетті түрде білімімен, іскерлігімен қазақ тілінің мемлекеттік тіл жететіндей  тиімді (оптималды) жол іздеу.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья "Орыс мектептеріңде мемлекеттік тілді оқыту проблемалары және оны шешу жолдары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 297 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.04.2016 2117
    • DOCX 48 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Искакова Дарья Кадиржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Искакова Дарья Кадиржановна
    Искакова Дарья Кадиржановна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2224
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 769 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 834 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 94 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 120 человек

Мини-курс

Воспитание будущего поколения: от педагогики до игровых технологий

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития и воспитания детей: особенности и подходы

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов