Инфоурок Химия СтатьиСтатья по химии на тему "Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері негізінде оқушылардың белсенділігін арттыру

Статья по химии на тему "Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері негізінде оқушылардың белсенділігін арттыру

Скачать материал

Мукатова Дамет Мукаметхановна, жоғары санатты химия,биология пәні мұғалімі, Семей қаласы, «№21ЖОББМ» КММ,ШҚО

 

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері негізінде оқушылардың белсенділігін    арттыру жолдары

Оқушылардың танымдық қызметін белсендірудің білім сапасын арттыруда маңызы зор. Ойлау қабілетін дамыту, байқағаштығын арттыру, сабақтағы белсенді іс – әрекетін ұйымдастыру мақсатында ЖПТ қолдану тиімді. Сондықтан мұғалім оқушының білім алуын ұйымдастыруда сабақ үрдісін оқушының белсенділігін арттыратындай, өз іс-әрекетін зерделей алатындай етіп құрып, оқушының ойлау қабілетін бір мәселені шешуге бағыттай алған жөн. Ол үшін әр мұғалім сабақ үрдісінде түрлі технологияларды тиімді қолдана алуы керек. ЖПТ-ның түрлері өте көп.

Соның ішінде ұжымдық оқыту технологиясы оқушылардың белсенділігін, пәнге қызығушылығын арттыруда үлкен рөл атқарады.

Іс жүзінде дәстүрлі оқыту кезінде оқушылар бір-бірінен көмекті өте сирек сұрайды. Ал ұжымдық,топтық оқыту кезінде өзгеше. Оның тиімділігі сол, біріншіден, сабақ үстінде  тақырып бойынша барлық оқушының білімін бағалауға, тексреуге мүмкіндік бар; екіншіден, бір-біріне көмектесе отырып, жұмыс жүргізуге дағдыланады; үшіншіден, бірінің білмегенін екіншісі толықтырып, көпшіл болуға тәрбиеленеді; төртіншіден, сабақтың әрбір минутын тиімді пайдалану нәтижесінде үй тапсырмасын орындауға аз уақыт кетеді.

Мұғалім өзінің іс-тәжірибесіне, әдістемелік шеберлігіне қарай оқушыларды әртүрлі етіп топтауға болады, ол жаңа технологияға негіздеп, екі түрлі әдіспен бөле алады.

1 әдіс

Егер сыныптағы барлық оқушыға бірдей білім беру стандарты деңгейінде пәнді меңгерту көзделсе, онда топтың құрамына үлгерімі әртүрлі оқушыларды біріктірген жөн (яғни әр топқа 4-5 оқушыдан).Олардың өзара қарым-қатынастары да ескеріледі. Әр топтың бір жақсы оқитын оқушысы мұғалімге көмекші болып сайланады. Көмекшілерге топтың білімін тексеру мен бақылау, түрлі ұйымдастыру жұмыстары, топ мүшелеріне қосымша түсінік беру міндеттері жүктеледі. Ол тобындағыларға тақырыпты түсіндіре білуі керек. Сондықтан алдын ала ақыл-кеңес беріледі. Мұның өзі көмекшінің оқушылар алдындағы беделін көтеріп, оның сабақты одан әрі терең меңгере түсуіне ықпал етеді. Оларға тексеруге, сабақ сұрауға, бағалауға мүмкіндік беріледі. Көмекшінің орындаған жұмысын мұғалім ,топтағы оқушы жұмысын көмекші бағалайды. Олар сабақ соңынан қорытынды пікірін ауызша немесе жазбаша түрде мұғалімге тапсырады.

 

 

 

 

Мұғалім «5» немесе «2» алған оқушылардың білімінің сол бағаға сәйкестігін нақтылау үшін қосымша сұрақтар қоюына болады. Содан кейін  ғана журналға қояды. Бұл әдіс оқушыларды өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа тәрбиелеп, нашар оқитын оқушылардың білімін көтеруге көмектеседі.

2 әдіс.

Қазіргі ЖТП негізі – деңгейлік саралап оқыту үшін шығармашылық қабілеті жоғары оқшыларды оқыту мен тәрбиелеу ісін дұрыс жолға қоя білу. Жұмыс мазмұны оқушылардың танымдық, байқағыштық, елестету, ойлау қабілеттерін жетілдіру негізінде құрастырылады. Өзіндік жұмыс түрлерін өзгерте отырып, оқушылардың білімін тексеру,үйрету жолдары іске асырылады. Барлық оқушыларға берілген бірдей тапсырма болуы  мүмкін.

Сыныптағы оқушыларды белсенділігіне қарай дамыта оқытқанда білім, таным деңгейіне, қабілетіне, ынтасына қарай топқа бөлуге болады. Олардың бір топтан екінші топқа орын ауыстыруына, үздіксіз алға ұмтылына  ықпал еткен орынды.

1 топ. «Дарынды оқушылар»

Бұл топтағы оқушылар әр деңгейлік оқытуда іс-әрекеттерді өз бетімен орындай алатындай дәрежеге және тез ойлай білуге дағдыланған. Оқушылар теориялық материалдарға жалпылама талдау жасай отырып, өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізеді. Оқу материалындағы фактілерді түсіндіріп, сараптама жасап, қолдана біледі.

2 топ. «Үздік оқуышылар».

Толық бағдарлама бойынша білімі бар, барлық анықтаманы біледі. Мағынасын түсінеді. Дарындыларға ұқсас, айырмашылығы өз бетінше жаңа тұжырым жасай алмайды.

3 топ. «Жақсы оқитындар»

Бағдарламаға сәйкес білімі бар, бірақ үнемі дәлелдеп, қортындылап, мысал келтіре алмайды.

4 топ. «Орташа оқитындар»

Кең түсіндіруді, дәлелдеуді қажет етпейтін сұрақтарға жауап береді. Оқулықтағы мәтінді оқып айта алады. Білім стандарты негізінде білім беріледі.

Бұл топтау түрінің әдісінің екінші түрін оқытуда ЖПТ-ны пайдаланған кезде оқушылардың қабілеттеріне қарай топтап, дарынды балалармен жұмыс жүргізгенде қолданған тиімді.

Ойын элементтерін енгізу мақсатында әр командаға ат қойып, топтың жетекшісін сайлауға болады.

Білім, таным деңгейіне сәйкес топтап жүргізу тәсілінде оқушылар топтық жарысқа бейімделеді, әр топ өзімен қатарлас топтан қалып қоймау үшін үнемі дайындық үстінде жүреді.

Бүгінгі шәкірт – ертеңгі маман. Ендеше қоғам талабына сәйкес мұғалімнің негізгі мақсаты – оқушының білімінінің сапасын көтеру. Ол үшін мұғалімнің

 

 

 

 

алдында сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру, қабілетін дамыту міндeттері тұрады. Демек, мұғалім бір ғана әдіспен шектелмей, шығармашылығын шыңдап, озық іс-тәжірибелерді пайдалануы керек.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья по химии на тему "Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері негізінде оқушылардың белсенділігін арттыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 169 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.11.2016 367
    • DOCX 17.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мукатова Дамет Мукаметхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мукатова Дамет Мукаметхановна
    Мукатова Дамет Мукаметхановна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3756
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 58 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по химии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 658 человек

Курс повышения квалификации

Современные образовательные технологии в преподавании химии с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 379 человек

Мини-курс

Теория и практика инвестиций в контексте устойчивого развития

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология учебной среды и развития детей: от диагностики к коррекции

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Искусство в контексте современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе