Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / Статья по казахскому языку

Статья по казахскому языку

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

ДИАЛОГ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ

ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ



Какбаева Орынкуль Зарлыковна

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Мектеп-лицей» КММ

Қостанай облысы Лисаков қаласы




Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;... оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым- қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.

Оқушылардың тілін дамыту белгілі бір жүйемен үздіксіз жүргізіліп, оларды жүйелі сөйлеуге дағдыландыру кешенді жұмыстар мен жаттығулар негізінде ұйымдастырылса, оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы күтілетін білім нәтижелері оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын дамытуға негізделсе, онда оқушылардың тілін дамытудың, сөздік қорын байытудың нәтижесі мен мүмкіндігі арта түседі. Бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын  I сыныптан бастап қалыптастырса, онда оқушы келешекте қоғамдық-әлеуметтік ортада ойын еркін жеткізуге, әдеби нормада жүйелі, шебер сөйлеуге дағдыланады. Кіші жастағы балалардың, ең алдымен, ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру қажет. Себебі, олардың сөйлеу әрекеті мектеп табалдырығын аттағаннан бастап қалыптаса бастайды.

Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу әрекетін қалыптастыру мәселесінің зерттелу жайы қарастырылған. Ең алғаш баланың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруымыз қажет. Себебі, бала байланыстырып сөйлеуді үш тілдік ортада үйренеді: отбасы, балабақша, мектеп. Байланыстырып сөйлеу -белгілі бір ойды нақты түрде жеткізу және адамдардың өзара түсінісуі. Бастауыш мектепте ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру жұмысы төмендегідей мақсаттарды көздейді:

  1. Оқушылардың ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдау.

  2. Оқушыларды сөздерді мағыналарына қарай орынды қолдануға, ойын анық та түсінікті жеткізуге үйрету. Яғни, дұрыс сөйлеуге үйрету.

  3. Оқушыларға қазақ тілін сүюге, оның нәзік сөз байлығын қолдана білуге және оны сезініп, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Қоғамдағы қарым-қатынас ауызша сөйлеу немесе жазбаша тілдесу арқылы жүреді. Ауызша сөйлеу тілі — күнделікті тұрмыста қолданылатын, бетпе-бет көріп отырған екі немесе одан да көп адамдардың бір-бірімен сөйлесуі, пікір алысуы.

Диалогтік тілдесім барысында оқушылар жұп болып та, топ болып та, ұжым болып та бір-бірімен тілдік қарым-қатынасқа түседі. Бұл-диалогтік сөйлеудің өзіндік белгілері. Диалогтік оқыту амал-тәсілі оқушыларды сөйлеуге, белсенділікке, өзара пікір алысуға итермелейді.

Бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдылары мынадай технологиялар арқылы қалыптастыру ұтымды екені тәжірибе жүзінде дәлелденді. Атап өтетін болсақ, олар:

  1. Диалогтік оқыту технологиясы;

  2. Ойын технологиясы;

  3. Пікірталас технологиясы.

Диалогтік оқыту технологиясы — оқушылар мен мұғалімнің шешімді бірге іздеуін, оқыту процесінде өзара белсенді тілдік қатынаста болуын, бір-бірінің пікірін, ойын, көзқарасын сыйлауды, құрметтеуді қажет ететін жаңа инновациялық амал-тәсіл.

Іскерлік ойындар — оқушылардың сөйлеу қабілеттерін жетілдіретін, дамытататын тиімді тәсіл. Сабақ барысында іскерлік ойындарды қолдану арқылы оқушыларға сөйлеу үлгілері, сөйлесудің әдеби нормалары меңгертіледі.

Ауызекі сөйлеу диалогінің стилистикасы өте бай, себебі, ол мәселе эмоциямен, экспрессиямен байланысты: диалогтің осы түрінің (ауызекі стиль) стиларалық екенімен байланысты. Бастауыш сынып оқушыларына сәлемдесу, әңгімелесу, үлкендермен және жолдастарымен сөйлесу кезінде сыпайы, анық, таза, дәл және мәдениетті сөйлеуді меңгерту қажет. Әңгімелесушілердің ізетпен, бір-біріне құрметпен, көңілге келер сөздерді ауызға алмай, тәрбие шеңберінен шықпай сөйлесуі әдептіліктіктің белгісі болса, тыңдаушының сөзді бөлмей, ынта қойып, аяғына дейін тыңдай білуі де — мәдениеттілік.

Балаларды сөйлеу мәдениетіне төселдіруді әсіресе мектеп жағдайында қолға алу үшін мұғалімге төмендегідей жұмыстарды жүргізуге болады:

1. Оқушылардың жеке дыбыстарды, буындарды, сөздерді, фонетикалық, лексикалық жағынан дұрыс жаза айта алуына, қазақ тілінің грамматикасын саналы меңгерумен қатар практика жүзінде қолдана білуіне ерекше қамқорлық жасау қажет;

2. Мұғалімдер өз сыныбындағы оқушылардың ана тілімен қатар, орыс тіліндегі белсенді сөздік қорының шамасын біліп, олардың екі тілде дұрыс сөйлей алуына көңіл бөлуі тиіс;

3. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу — оқу-тәрбие процесінде көзделетін негізгі міндеттердің бірі. Өйткені сөйлеу мәдениеті — мәдениеттіліктің басты белгісі. Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу түрлі әдістер арқылы жүзеге асып отырады. Мысалы, оларды өз ана тілін қадір тұтып, құрметтей білуге тәрбиелеу — сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудің бір элементі.

Сабақ-оқытудың барлық кезеңінде мұғалім мен баланың бірлесіп істейтін тиімді әдістерінің жүйесі. Мұғалім оқытудың әдістері мен тәсілдерін шебер меңгеруі арқылы, қазақ тілін оқытуда оқушыларға тиянақты, сапалы білім беруге болады. Өзімнің тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым-баланы субьект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның басты оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету. Мен жасаған сабақтарда туған тіл болып есептелмейтін орыс тілі мен шет тілдерін қолданатын коммуникативті-әрекеттік әдісті сабақта қолдану жүзеге асырылған. Сабақтың тақырыбы менің проблемалық тақырыбыммен тығыз байланысты. «Қазақ тілі сабағында әңгімелесу мен ауызекі сөйлеуді дамыту».

Сабақ жүргізудегі негізгі әдістің материалдары мыналар:

ерекше ұйымдастыруды қамтамасыз ететін — жоғарғы интенсивті сабақ-ойындар, ұжымдағы жұмыс түрін қолдану (сөйлесу ойыны);

өткен сабақ материалдарын бекіту мен сөйлесуге ынта беретін көрнекті құралдың есту мен көру түрін қолдануға ерекше мән беру.

Осы сабақты жасауда мен көптеген коммуникативті бағыт беретін оқулықтар мен оқу құралдарына сүйендім. Тілді үйрету ісінде оқушы тілін дамыту жұмыстарын ұйымдастырғанда, жаттығулардың атқаратын қызметі зор, сондықтан әрбір сабақ мыналардан тұрады:

-сабақ жөніндегі сөздіктен, фонетика жаттығуынан, қайталау жаттығуынан, грамматикалық түсіндірмеден, лексикограмматикалық жаттығудан, оқитын және аударылатын мәтіннен, сөйлесу жаттығуынан, оқытушының бақылауы мен оқушылардың өз-өздерін тексеруге арналған «өзіңді тексер» жаттығуынан. «Мына жағдайларды ойын түрінде көрсетіңіз» жаттығуын орындау барысында, оқушылар бұны қолданумен грамматикатүрлерін меңгеріп, жаттығады. Түрлі жағдайларды ойнау жаттығуын орындауда (бұл өте қажет) тірек ретінде сабақ бойынша сөздік, сабақтың грамматикалық кестесі қолданылады. Оларды үнемі өзімен бірге ұстаулары қажет. Сабақта үнемі сөйлесулер қолданылады. Бұл жаттығуларды қолдану лексикограмматикалық материалдарды белсенді түрде бекітуге арналады және сөйлесетін адамдармен жай ғана «сөйлесу» емес, сонымен қатар дағдыларын автоматтандыруға көмектеседі. Сабақта тілдік, даярлық, сөйлесу жаттығулары беріледі. Сөйлеу жаттығулары тілдік жаттығуларда меңгерген тілдік материалды керек кезінде айтылған ойға байланысты оқушы орынды қолдана алатын болуын көздейді. Ол қарым-қатынас жасауға бағытталады. Сұраққа дұрыс жауап беру, сұрақ қоя білу, сөйлем үлгілерін дұрыс пайдалана білу. Мен «Жаңа технологиялар бойынша ойын элементтерін қолдану арқылы оқушыларды ауызекі сөйлеуге үйрету» мәселесі бойынша жұмыс істеймін.

Тіл үш салаға бөлінеді:

а) лексикалық;

ә) грамматикалық;

б) фонетикалық.

Олар бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан сөзді жекелей үйретуге болмайды. Белгілі бір тілді үйрену үшін тілдің өзін емес, қоршаған ортаны сол арқылы үйрену керек.

Диалогты сөйлесуді құру барысында оқушы сөйлемді қалай құру жөнінде емес, не туралы айтатындығы жөнінде ойлануы керек, мысалы:

Аудару:

1. Сенің атың кім?                                              1. Меня зовут…

2. Сенің жасың нешеде?                                     2. Мне…лет.

3. Сен қай сыныпта оқисың?                             3. Я учусь в…классе.

4. Сенің досың бар ма?                                      4. У меня есть друг.

5. Оның аты кім?                                                5. Его зовут… .

Әр ойынның өз реті, жөні бар. Сондықтан, әрбір сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын сабақ мазмұнына, тіпті сабақты пысықтау, қорытындылау кезінде де ойын элементінің мәні зор. Себебі бала ойнап отырып бірнеше сөзді өзінің сөздік қорына жинап отырады. Мысалы, «Пирамида» ойыны:

1.Ойынның шарты бойынша берілген сөйлемге әр оқушы бір сөзден қосып, толықтырып отыруы керек. Бірақ, сөйлемнің мағынасы өзгермеу керек. Сөйлемге сөз қосып, толықтыра алмаған оқушы жеңіледі.

Кітап.

Менде кітап.

Менде кітап бар.

Менде жақсы кітап бар.

Менде қызық, жақсы кітап бар.

2.Ойынның шарты: суреттегі заттың атын ата, мінездеме бер.

3. Қазақ тілін үйренуде рөлдік ойындардың пайдасы зор. Ойын — оқушылардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де, бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп сөйлеседі. Оқушылар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұкият тыңдап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал мұғалім тек бағыттаушы болады. Оқушылар өздеріне лайықты рөлді өзі таңдап алған жөн. Сонда ғана олардың ойыны да, тілі де нанымды және сенімді шығады. Оқушы өзін рөлде неғұрлым еркін сезінетін болса, ол соғұрлым қызыға ойнайтын болады. Рөлдік ойындар арқылы оқушылардың тілі жаттығып, сөздерді еске сақтап қалуға мүмкіндік береді. «Дәмханада» рөлдік іскерлік ойынында «даяшы» мен «дәмханаға келушінің» рөлдері ойналады. Алдымен оқушыларға көмекші сөздер жазылған карточкалар беріледі. «Даяшы» рөліндегі оқушының карточкасында: ас мәзірі, нені қалайсыз, қою, сұйық тамақ, сусын, таңдаңыз, ас дәмді болсын, келіп тұрыңыз,қызмет көрсетуге ризамын. «Келуші» рөліндегі оқушының карточкасындағы сөздер: қанша тұрады, бұл қай сусын, рақмет, тағы келемін, шайды ұнатамын. Оқушылар берілген жағдаятты ойнап, тілін жаттықтырады. Бұл әдісті қолданғанда тек дамыту емес, сонымен қатар этикет ережелері де қамтылады.

4. Блок-сызбалар сабақта оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттырады, балалардың тез ойлау, жазу, ойын жеткізе білу қабілеттерін дамытады.  Мұндай ойындар кез келген оқу процесінде оқушыларды жаттықтыруда, олардың игеру қабілетін арттыруда ұтымды рөл атқарады.  Осындай ойындық жағдайда ғана қарым-қатынастық, тілдік қатынастар ерекше маңызға ие болады. Рөлдік ойындар ғана үйренушінің сөздік қорын молайта түсіп, өз бетінше тілді үйренуге үлкен септігін тигізеді.

Оқушылардың қызығушылықтарын ояту үшін мен өз сабақтарымда мынадай жұмыс түрлерін  қолданғанды жөн көремін: жұмбақтар, сөзжұмбақтар, ребустар. Ұйымдастыру кезеңін диалог ретінде құрамын:

Бүгін кім кезекші?

Мен бүгін кезекшімін.

—  Бүгін кім жоқ?

Бүгін Айша жоқ, қалғандары бәрі бар.

Бүгін ауа райы қандай?

Бүгін ауа райы жылы.

Неше градус?

Он сегіз градус нөлден жоғары.

Далада жел бар ма?

Далада жел бар. Жел жылы және қатты емес.

Бүгін неше сабақ болады?

Бүгін бес сабақ болады.

Ұйымдастыру кезеңін алғашқы аптада өзім жүргіземін, ал содан кейінгі аптадан бастап балалар өздері мұғалімнің рөлін атқарады. Кезекшіге өзі сұрақ қояды.

Ал, мысалы мәтінмен жұмыс жүргізу кезеңінде біріншіден мәтінді оқиды, сөздік жұмыс жасайды, аударады, содан кейін әр сөйлемге сұрақ қояды. Мысалы: Біз екінші сыныпта оқимыз. Сыныпта жиырма екі оқушы бар. Сынып оқушылары тату. Жазғы демалыста біз жақсы демалдық. Балалардың қоятын сұрақтары:

Екінші сыныпта кім оқиды ?      — Біз нешінші сыныпта оқимыз ?

-Сыныпта неше оқушы бар ?        — Сыныпта жиырма екі оқушы бар ма ?

Сынып оқушылары қандай ?     — Сынып оқушылары тату ма ?

Жазғы демалыста қалай демалдық ?

Өздері бірнеше жауаптарын айтады.

Қазақ тілін қарым-қатынастық мақсатта оқыту — өте маңызды мәселе. Өйткені, бүгінгі таңда қазақ тілін іс жүзінде, күнделікті тұрмыс-тіршілікте пайдалану қажеттілігі туып отыр. Қазіргі кезде, әсіресе, кіші жастағы оқушылардың ауызша сөйлеуі жақсы дамыса, ол жазбаша сөйлеуге тез төселеді, соңында ауызша сөйлеудің дәл, дұрыс, жүйелі дамуына әсер етеді. Бастауыш сынып оқушыларының диалогтік және монологтік сөйлеу дағдыларына көп көңіл бөлу керек деп ойлаймын.

 

 

 Қолданған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті, № 7-8-2005ж.

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті, № 3-4-1999ж

  3. Казахский язык и литература в русской школе, №5, №1-2003 г

  4. Қазақ тілі мен әдебиеті, № 2-2007ж.

  5. Қазақ тілі мен әдебиеті, № 5-2004ж.


Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 02.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров13
Номер материала ДБ-311549
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх